Қазақша өлең: Қазақпын

Қазақша өлең: Қазақпын казакша Қазақша өлең: Қазақпын на казахском языке

Ұлтың қандай?
Өрем биік өр мінезді қазақпын
Қар жастанып мұз төсеніп ғасырдың
Көргем талай мехнатын азаптың

Боданшылық?
Өткен қазір-азатпын
Саның қанша?
Жерім байтақ болғанмен
Әлі күнге сан жағынан азақпын

Ал тілің ше?
Ана тілім құрметті
Санама ой жүрегіме жыр екті
Бодандықта өзге елмен шатасып
Осы уайым жігерімді құм етті

Ал дініңше?
Мұсылманмын туғаннан
Өсиет пен ғибрат алдым құраннан
Кейбіреулер өзге дінмен шатасты
Ондайынан сақтай көрсін бір аллам

Салтың қандай?
Қазақы салт баяғы
Мыңғырған мал қолындағы таяғы
Қонақ келсе қазаны оттан түспейтін
Ақ пейілмен дастарханын жаяды

Бесік тойым алғаш бала туғанда
Белін буып анам жөргек жуғанда
Тұсау кесер ала жіппен өрнектеп
Тәй-тәй басып бала қаз-қаз тұрғанда

Мен – Қазақпын! Мойнымда көп міндетім
Ұлы Аллаға, Пайғамбарға құрметім
Піссіміллә исламға жол бастайтын
Мұсылманның бір белгісі – сүндетім

Мен – Қазақпын! Қазақпын деп мақтанам
Өзге жұртқа өктем ету жат маған
Өтседағы бастан талай зобалаң
Ата-салтым дәстүрімді сақтағам

Көк байрағым, көк-аспаным, көк белім
Елім – қазақ ол Отаным – оттегім
Әр қаласы әр ауылы шежіре
Тарихында сан ғасырлар өткенім


Елім жайлы айтатыным көп менің
Тыңдар болсаң айтып берем теп-тегін
Алдыңғы елдің қатарына қосылып
Қуаныштан жерде емес көктемін

Бастау алған сонау-сонау шақтардан
Тамырымыз басталады сақтардан
Ер мінезді ел патшасы - Томирис
Арқасында ұрпағымыз сақталған

Батыр жайлы ұрпақ бүгін жыр етер
Сақтар-батыр, сақтар-батыл жүректі ел
Әлемдегі шыншыл халық сақтар деп
Баға беріп құрметтеген гректер

Соғып өткен сан соғыстың дауылы
Қазағымның өткен күнде бар мұңы
Сақтарымның жалғасы бұл – Алашым
Түркі тектес тайпалардың қауымы

Туған олар қазағым деп арым деп
Арамдықпен таптатпаған тағын тек
Хандығыма бесжүз елу жыл толды
Алғашқы хан Керей мен әз-Жәнібек

Бірлігімнің бастамасы Ұлы іздің
Айта жүрер мақтанымыз бұл біздің
Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би
Біріктіріп басын қосқан үш жүздің

Батырларым Райымбекпен Қарасай
Бөгенбайлар, Наурызбай мен Қабанбай
Ұлан байтақ қазақ жерін қорғаған
Ерліктерін айтпай өтем қалай жәй

Біраз жылдар қалдық бірақ көш кейін
Егіні мол мал жайлаған төскейін
Екі ғасыр бодандықтан босамай
Құрамында болдық біздер Ресейдің

Бұл қазағым көріп талай азапты
Жүрегіне жігер отын маздатты
Қолдан жасап Голощекин жіберген
Ашаршылық азайтты ғой қазақты

Бірақ қазақ жойылмаған өлмеген
Жеңістерге жетті ақыл ойменен
Қазақ жайлы небір дастан шежіре
Ақындардан туды талай ойлы өлең



Өзгелерден қорғау үшін жерін тек
Соққан әркез жүректері елім деп
Алаш жұртым ардақтайтын – Ахмет
Тұрар, Сәкен, Ілияс, Мағжан, Бейімбет

Қазақ елін қорғаймын деп дауылдан
Тұлға болып есімі елге танылған
Қазағымның бір туары Мыржақып
Мұстафа мен Ғани, Әліби, Әлихан

Тоқаш, Ораз, Амангелді, Шәкәрім
Шоқан, Әлкей, Жүсіпбектер бар аты
Осылар ғой ұмытылмас ұлы есім
Тарихымда өшпей мәңгі қалатын

Содан бері айлар-жылдар тоғысты
Бұлар емес құрбандықтың соңғысы
Қайтпас қайсар қазағымды азайтқан
Қырық бірде Ұлы Отанның соғысы

Аңыз болып айтылып жүр дәл бүгін
Солар жайлы шырқалады ән бүгін
Тұлғалары ескерткішке айналған
Батыр қыздар Әлия мен Мәншүгім

Жеңіс туын желбіреткен – Рақымжан
Ел есінде қалды аты – батыржан
Қасым, Нұркен ерліктері өшпейтін
Батыр ұлдар Талғат пенен Бауыржан

Сағадаттар, Төлеген мен Мәліктер
Қойгелді мен Жабықбайлар батыр – ер
Жылдар жылжып өтсе дағы ұмытпай
Есімдерін есіне алып жатыр ел

Бұдан артық болады екен, нендей мұң
Деп тілейік бұған қайта келмейін
Сүлейменов Олжас бастап тоқтатқан
Аждаһасы – полигоны – Семейдің

Байқоңырдың жүгі ауыр салмақты
Талай-талай ұшқыштарды самғатты
Ерліктерін айтпай кетсем жөн болмас
Ғарышкерлер Тоқтар, Айдын, Талғатты

Желтоқсаным егеменім ерен күн
Қазағыма бақ-береке берген күн
Елбасымыз тұғырына тұрақтап
Айдынына қасқалдағым келген күн



Халқын сүйген жерін сүйген айбаттым
Желтоқсаным куә болып жайды атын
Халқымыздың қаһарманы батыры
Елі үшін құрбан болған Қайратым

Мәңгі өшпейтін алау отын маздатып
Оныңдағы өшпейтұғын жазды атын
Өлді бірақ өлмейтін із қалдырып
Қыз намысын таптатпаған Ләззәтім

Жігерленіп, намыстанып, рухтанып
Жастарым көп ойлайтұғын ұлт қамын
Желтоқсанның оқиғасын кейіннен
Ақтап шықты ұлтын сүйген Мұхтарым

Елбасымыз тілегімен басталған
Ақордадан орын тепті бас қалам
Күннен күнге құлпырады өзгеріп
Алматының сыңарындай Астанам

Елбасымыз бастап солай жол көшін
Бұл қазағым биіктерге өрлер шың
Қазақ елін бар әлемге паш етер
Мақтан етем Експоның көрмесін

Ертегі боп қалды бүгін өткенім
Қазақ елі болдық бүгін көп-көрім
Қазағымсыз Отанымсыз мен жалғыз
Онсыз менің ұрпағымда жоқ тегім

Мен қазақпын! - қазақ деген бір елмін
Қайта тудым қайта өстім түледім
Тыныштығын қазағымның еш уақыт
Өзге елдер бұзбасын деп тіледім

Мен – Қазақпын! Намыстымын өр ұлтпын
Өмірімде көп жеңілдім көп ұттым
Ел бірлігін сақтап қазір қазағым
Басын қосып отыр бүгін көп ұлттың

Мен – Қазақпын! Қазақ болып қалам мен
Рухымменен жан жарасын жазам мен
Кеше ғана бодандықтан құтылып
Теңдігімді мойындаған бар әлем

Мен – Қазақпын! Батырларым көп менің
Жерім байтақ көңілімде тоқ менің
Сол жерімді үлестіріп өзгеге
Таптатуға ешбір хақым жоқ менің!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, қазақпын өлеңі, казакпын олен казакша, стих на казахском мен казакпын, стих на казахском казакпын, стих на казахском я казах, казакпын казакша олен, қазақпын өлеңі, казакпын олен казакша, стих на казахском мен казакпын, стих на казахском казакпын, стих на казахском я казах, казакпын казакша олен, Қазақша өлең: Қазақпын, Қазақша өлең: Қазақпын қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке