» » » Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есек)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есек)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есек) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есек) на казахском языке
Қырық-елу қос бір жерден
Қайтқан екен керуендер.
Мал айдап барып әр елден
Сауда қылып жүргендер.
Алтын артқан бір есек
Соларменен келеді.
Ол жай жүрсе, жұрт та жай,
Ол желсе, жұрт желеді.
Тамам қостың байлары
Маңайынан кетпейді.
Қошемет қылып бәрлері
Шомын да жөндеп ерттейді.
Ортаға алып әлгіні
Бәрі бірдей сыйлайды.
Бірі сүйіп құлақтан,
Бірі жүнін сыйпайды.
Сылап-сыйпап, қадірлеп,
Беретұғын жем де артық.
Есер шіркін есіріп,
Болып алды тым тантық.
Көш бойы жұрт қасында,
Өзгеменен жұмыс жоқ.
Атты теуіп, адамды
Тістесе де сөгіс жоқ.
"Құдай аман сақта,- деп -
Жарда, суда!"- бата алған.
Еркелетіп ат қойып,
"Жаппарқұл мырза" аталған.
Алтын үсте жүргенде,
Сол қадірмен көп жүрген.
Өз ойында көк есек
Өзгеше тудым деп жүрген.
Алтынды бір күн бай алды,
Есектен жұрт та түңілді.
"Жаппарқұл" аты жоғалды,
Боқ тасуға жегілді.
Қарасаңшы бойыңа,
Ұзын құлақ қалпың ғой.
Жұрт ергені соңыңа -
Үстіндегі алтын ғой.

Автор: ZHARAR | 13 803 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қойсын ба мыс жебедей жұрт наласы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қойсын ба мыс жебедей жұрт наласы)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Хикая)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Хикая)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Бұлбұл мен есек)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Бұлбұл мен есек)
Өлең: Абай Құнанбаев (Бойы бұлғаң)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Бойы бұлғаң)
Өлең: Абай Құнанбаев (Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?)
Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Немере інісі өлгенде айтқаны)
Өлең: Абай Құнанбаев (Есек пен бұлбұл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Есек пен бұлбұл)
Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Бақа мен өгіз)
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕСЕК)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕСЕК)
Қазақша мақал - мәтел: Есек
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Есек
Қазақша өлең: Крылов Иван (Піл мен қанден) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Крылов Иван (Піл мен қанден) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Крылов Иван Андреевич (Есек пен бұлбұл) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Қазтуған Сүйінішұлы (Алаң да алаң, алаң жұрт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қазтуған Сүйінішұлы (Алаң да алаң, алаң жұрт)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)

KZ / Өлеңдер жинағы, стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері, есек туралы өлеңдер, стихи абая кунанбаева на казахском языке Қазақша өлең: Абай Құнанбаев казакша олен абай кунанбаев стихи абая кунанбаева на казахском языке абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері скачать абай құнанбаев өлеңдері, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Есек) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке