Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Антпенен тарқайды) » ZHARAR © 2017 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Антпенен тарқайды)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Антпенен тарқайды) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Антпенен тарқайды) на казахском языке

Антпенен тарқайды,
Жиылса кеңеске.
Ор қазып байқайды
Туа жау емеске.
Анттасып алқайды
Сен тентек демеске.
Кім анттан шалқайды
Амал жоқ жемеске.
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске.
Бас ыңғай қайқайды,
Амал жоқ өлмеске.
Ел састы, аңқайды,
Би тартты егеске.
Жұрттағы мал жайды
Ой қылар бермеске.
Өсімге қол жайды,
Тай алып серкешке.
Алмаса ол тайды,
Дап-дайын көрмеске.
Кедей би жантайды
Сауыр мен өркешке.
Саумаққа ол байды,
Кеңесер би кешке.
Қайғы қып болмайды,
Өкпелеп білмеске.
Сүйтсе де оңбайды,
Бұрынғы түсті еске.
Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.
Таласып тарқайды
Ақшадан төрт-беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 278
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .