Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сапар шекті жыр-балам) » ZHARAR © 2017 | ерлан ахмет Сапар шекті жыр-балам өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Сапар шекті жыр-балам, сапар туралы өлеңдер, сапар туралы олен




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сапар шекті жыр-балам)

Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сапар шекті жыр-балам) казакша Қазақша өлең: Ерлан Ахмет (Сапар шекті жыр-балам) на казахском языке

Жүрші, жаным, қайтайық бір қыдырып,
тұрмайықшы тұсалғандай кідіріп.
Махаббаттың ұлылығы рас болса,
қалмақ емес жүректерде тығылып.

Сезімге кеп ұялаған ұятты
перделеген көңілімнен күй ақты.
Дөңгеленген дүниенің қызығын
екеумізге сыйлай салған сияқты.

Қиял, шіркін, көлбең-көлбең етеді,
арудайын желбіреген етегі.
Тағдырларды беріп ынтық жандарға,
бағымызды байламасаң не етеді?!

Шомылайық махаббаттың нұрына,
қалсын бәрі – жаласы да, мұңы да.
Жүрші, жаным, шақырады біздерді
шымылдығын судыратып шұғыла...

***

Ерте, әлде, біреуден кеш тая ма,
Бақыт, шіркін, уақытқа дес қоя ма?!
Нәпсісінен күйреген нәумездердің
талай шағын көрдім ғой, есте, аға.

Сақтай білген бабалар мұрағатын,
ұғына алар ұлылар ұлағатын.
Жалт-жұлт еткен жалғанда бақ дегенің –
рух күші екен шыңдарға шығаратын.

Қарай-қарай жан-жаққа жалыққанның,
есебі жоқ ес кетіп тарыққанның.
Мен – Алпамыс, Найманның Төртуылы
ауыздықтар талайын алыптардың.

Зымырайды, зырлайды құралай-күн,
жалаң аяқ, жалаң төс қуалаймын.
Құлап аққан тау-тастан Жеменейдей
дүркіреймін, бірақ та жыламаймын.

Өтіп барады күндерім алып-ұшып,
бұйрығына Уақыттың бағынысып.
Жаным – Зарлық, арманым – Мұңлықтайын,
кездесе алмай жүретін сағынысып.

Жорғалаған бұлттармен жарыстырып,
ауыздықпен намысты алыстырып,
өткен менен бүгінді табыстырып,
мен келемін – көк бөрі, барыс тұрық.

Бейнетімнен болсыншы бағым басым,
тірліктегі тынысым тарылмасын!
Жалғанда бұл жүрегім – лүпілінен,
жақ пен тілім тілектен жаңылмасын!

***

Асау толқын – менің албырт жастығым,
ақ маңдайын тасқа соғып, басылған.
Ақ шалыпты самайымды, рас бүгін,
ақ көбіктей жағалауда шашылған.

Бозбала сыр – айдын көлдің шалқары,
сұлулығы арнасынан артылған.
Азайыпты арманымның жауһары
қайран менің Аралымдай тартылған.

Жылдар өтіп, сұлулықтан әр тайған,
тұла бойдың күш-қуаты ортайған.
Мен өлсем де, жырым қалар қасқайып,
мың жасаған Алтайымдай қартайған.

***

Жоқ демегін!
Қызғаншақтар бар әлі,
солар үшін сыздайды ғой жүрегім.
Ондай жандар – көре алмаудан жаралы,
Жаратқаннан рахым сұрап жүремін...

Оңдырмаса оралмастай оралы,
Жаһаннамнан тапсын, лайым, бір емін!


***

Өмір барда өлім барын білгенмен,
қимайды екен бұл фәниді өр-кеудең.
Жолкөзері жер қойнына сіңгенмен,
көшті ілгері ақшомды бір күн-керуен.

Бекер жиып шашпақ үшін мал басын,
қашанғы адам өзін-өзі алдасын?!
Дүние – жалған,
Ғайып болар сағымдай,
ағатайым, біл дәнеме қалмасын.

Түгесілмес тіршіліктің михнаты,
нәпсі – жанның айықпас дерт, сырқаты.
Тәубе етемін, мәңгіліктің мұрасы –
ақындардың жазып кеткен жыр-хаты.

***

Тәуекелің – жел-қайық жүзсе кері
үміт оты жүз жанып, жүз сөнеді.
Жігеріңді құм қылар жалған тірлік
жарасына жаныңның тұз себеді.

Алтын арай күтетін таңдарыңда
аласұрып, тұншықса жан да мұңға,
қасіреттен қабырғаң қайысқанда,
қарғыс айтып қаларсың жан-жағыңа.

Сырқырайды сүйегің сатқындыққа,
сары уайым сорлатқан Бақ – құлдықта.
Жанашырлық жасауға жарамасаң,
жармасады жағаңа жат құлық та.

Барлығына жетеді құты көктің,
бір Аллаһның рахымын күтіп өткін!
Жерің – тыныш, еліңнің аманына,
иманына жүректің шүкір еткін!

***

«Сіз де біздей болғансыз,
біз де Сіздей болармыз».
Арманда, әлде армансыз,
бір мекенге барармыз.

Алтын нұрға зарығып,
Айды аңсайтын күн туар.
Үзіледі бар үміт,
есіміміз ұмытылар.

Көктем қайта оралар,
біз марқайған жерлерге.
Қайың ұлпа оранар,
мұз қонақтап көлдерге.

Мәңгілікке туғам жоқ,
мен де бір күн өлемін.
Ұрпағыма мұрам боп
қалатын сен, Өлеңім!

***

Тар жол тайғақ кешті мың,
көшкен сайын есті мұң.
Күншығыстан жалындап,
күнбатыста өшті күн.

Керуен соңы туған ай
жетті күнді қуалай.
Сиыспайды екеуі,
О, Жаратқан, бұ қалай?

Тербеліссіз өтпейміз,
талбесікте көктейміз.
Жарығымыз сөнгенде
Жер-бесікке беттейміз.

Таңданамыз несіне,
ертесі не, кеші не?
Ай мен Күндей алмасар
рухымыздың көші де.

***

Жүдеткен мені көп ойдың
бірі де бүгін қалмаған.
Жапырағындай тоғайдың
жегі құрт түсіп жалмаған.

Көңілде күпті көп үміт
тіршілік үшін тоналған.
Адалдық жігі сөгіліп,
ақ маржан сенім жоғалған...

***

Ай сәулесі ұрланып,
тінтіп жатыр бөлмемді.
Түгендейді сұрланып,
көрмеген мен көргенді.

Кеудеме кеп қонды да,
ұзақ тұрды…
Дір еттім…
Ұрлап алмақ болды ма,
жауһар жырын жүректің?!

Алсын, мейлі, күміс Ай,
адамға сыр бермеспін.
Ит-тірлігім, құрышы, әй,
соңыңнан бәрібір ермеспін!

***

Ақынды ұқпас зәлімнің
заты – жауы жанымның.
Сөзі Құран Кәрімнің –
ақ айнасы арымның.

Сеніп жүрген адамың
қалдырғанда ұятқа –
шалынады қадамың,
тас та батар тұяққа.

Дос көңілі арбалар,
пендешілік шырмаса.
Ақ сезімің алданар,
нақ сөзінде тұрмаса.

Жақсылыққа жол бастар
сәуле күтем таңымнан.
Аулақ жүрсін ол «достар»
жүрегім мен жанымнан!

***

Алалдықты жүрдім әркез қонақ қып,
жораласы жалғанның бұл тұрақсыз.
Алғаным жоқ ол үшін де қолақтық,
қалсам-дағы бастан олжа – шұнақсыз.

Кербезденіп түсе қоймас әркімге,
ақ айрандай ұйытпаса ниетін.
Арай шашпай қояды екен таң мүлде,
пейілінен ұнатпаса иесін.

Абайсызда болып қалып кінәлі,
содан бері ізін әбден суытты.
Ар алдында арқаладым күнәні,
ішкен асым – усойқыдай уытты.

Содан бері кері кетті тіршілік,
(Ажарынан алыстады адамдық).
Бес уақыт – Жаратқанға құлшылық,
бес уақыт – тілейтінім алалдық.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 43
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .