Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Талап)

Әр дәулет саған даяр етсең талап,
Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қаттар,
«Жүргенде жөрем ...» бар ғой бұрыннан-ақ!
«Жалғызбын, жаралымын» деп қорғалмай,
Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.
Әрбірі талаппенен тауып жатыр,
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап.
Өзіңде етіп еңбек тапқан мал жоқ,
Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?
«Зат болмас сатып алмай ...» дегендейін,
Қиын ғой жұрт болуың қолға ьқарап.
Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.
Көз салып осыларға ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?
Бақ келмес іздеп сені, жатсаң қарап.
«Нұр жауар талаптыға» деген қаттар,
«Жүргенде жөрем ...» бар ғой бұрыннан-ақ!
«Жалғызбын, жаралымын» деп қорғалмай,
Сал құлаш бір өзіңді жүзге балап.
Әрбірі талаппенен тауып жатыр,
Дүниеде неше өнерлі көрсең санап.
Өзіңде етіп еңбек тапқан мал жоқ,
Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?
«Зат болмас сатып алмай ...» дегендейін,
Қиын ғой жұрт болуың қолға ьқарап.
Бұлайша кетіп кейін тұрғаныңа,
Дос күліп, дұшпандарың жүр табалап.
Көз салып осыларға ойланатын,
Біздерде жігер, намыс бар ма, қазақ?
Автор: ZHARAR | 2 891 | 31.08.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Балалықты сағыну)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Жәмила қыз)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Жаз)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Менің жайым)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Ақыл)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Уай, жаным)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Ой)

Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Талап