Рамазанға 1 күн қалды
Сұрақ: Ораза айында тістің арасындағы қалған тамақты жеу оразаны бұза ма?
Жауап: Ауызда қалған тамақтың қалдығын жұтпаса, ораза бұзылмайды. Ораза ұстаған адам оны аузынан шығарып тастап, аузын тазалауы керек. Егер тістің арасындағы тамақ қалдығы бұршақтың мөлшеріндей болып, оны жұтса, ораза бұзылады. Ал одан кішкене болса, бұзылмайды.
Ибн Абидин Хашиясында: «Тістің арасында тұрып қалған бұршақтың мөлшеріндей етті жеп қойса, оразасының қазасын өтейді. Ал егер ноқаттың мөлшерінен аз болса, ол уақытта оразасы бұзылмайды. Тек қана аузынан шығарып, қайта жесе, оразасы бұзылып, қазасын ғана өтейді. Оған кәффарат міндетті болмайды» [1], – деген.
📚 «Әл-Муфассал» кітабында: «Қақырық, түкірікті жұтып қойса ораза бұзылмайды. Оларды жұтпай, түкіріп тастаған дұрыс. Сол сияқты тістің арасына тұрып қалған бұршақ мөлшерінен аз тамақты жұтып қою да оразаны бұзбайды» [2] делінген.
[1] «Хашия Ибн Абидин», 3/393.
[2] «Әл-Муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», 1/276.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?