Жәрдемақы өседі: Тоқаев маңызды заңға қол қойды
Осылайша қазақстандық ардагерлерге төленетін жәрдемақының мөлшері ұлғайып, олар бірқатар салықтан босатылды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ардагерлер туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Ардагерлер туралы","Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға қол қойды.
Заңға сәйкес, ардагерлердің санаты кеңейтілді:
Жәрдемақы қаншаға өсті
Социалистік Еңбек ерлері, оның ішінде ҰОС қатысушыларын ескере отырып, үш дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің иегерлеріне тағайындалатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері "Қазақстанның Еңбек Ері" алатын жәрдемақы мөлшерімен теңестірілді. Яғни, жәрдемақы 138,63 АЕК-ке (2020 жылы 385114 теңге) дейін артты.
Сонымен қатар, 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-тегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 334 теңге) дейін өсті.
Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдардың ардагерлері ретінде танылатын жаңадан қосылған әскери қызметшілерге 4,8 АЕК (2020 жылы 13 334 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Президент, сондай-ақ, Салық кодексіне түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, ардагерлер бірқатар салық пен міндетті төлемдерден босатылды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?