Танымал маман Мессиді нағыз ақымақ деп атады

Танымал маман Мессиді нағыз ақымақ деп атады казакша Танымал маман Мессиді нағыз ақымақ деп атады на казахском языке

Мысырдың көне заттар ісінің бұрынғы министрі әрі танымал археолог Захи Хавасс Мессимен Гиза пирамидасын тамашалағаннан кейін оны нағыз ақымақ деп атады. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Месси маған нағыз ақымақ сияқты әсер қалдырды. Біздің кездесуіміздің басынан аяғына дейін ләм-мим деген жоқ. Тутанхамон басшылығы, пирамидалардың бойын көтерген фараондар туралы, ондағы жасырын өткелдер жайлы айтылған қызықты мәліметтеріме де ешқандай назар аудармастан, бетіме қарап отырды. Оны тек қана футбол қызықтырады десек те, бұл үлкен ақымақтық"- дейді АS басылымына сұхбат берген Хавасс.

Археолог Мессимен салыстырғанда Уилл Смиттің әлдеқайда зерделі екенін алға тартты.

"Мәселен, актёр Уилл Смит өзін зерделі етіп көрсетті. Ол көптеген қызықты сұрақтар қойып, археолог болмаса да, тарихтан да хабары барын барынша көрсетті", - деп мақтады Смитті ол.




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Хавасс, Мессимен, нағыз, ақымақ, туралы, археолог, порталы, көрсетті, Мысырдың, зерделі, сілтеме, хабарлайды, қызықты, жасап, сайтына, заттар, атады, ісінің, бұрынғы, министрі, месси, Хавасс, Мессимен, нағыз, ақымақ, туралы, археолог, порталы, көрсетті, Мысырдың, зерделі, сілтеме, хабарлайды, қызықты, жасап, сайтына, заттар, атады, ісінің, бұрынғы, министрі, Танымал маман Мессиді нағыз ақымақ деп атады, Танымал маман Мессиді нағыз ақымақ деп атады