«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді

«Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді казакша «Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді на казахском языке

2017 жылдың 25 қаңтар күні сағат: 21:45-те және 23:00-де «Kazsport» телеарнасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауының жағылуы мен эстафетасын «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасында көрсетеді.

«Қазақстан» ТРК» АҚ – Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ресми түрдегі ақпарат серіктесі. Телерадиокорпорацияның құрамына кіретін «Kazsport» республикалық спорттық телеарнасы Универсиаданың бас таратушысы және Универсиада Эстафета Алауының ресми таратушысы.

«Kazsport» телеарнасы Универсиадаға дайындық кезінен, Алаудың жағылу сәтінен хабар таратуды бастайды. Универсиаданың Алауы 25 қаңтар күні Назарбаев Университетінде (Астана қ.) жағылады.

Эстафета Алауы Қазақстанның облыс орталықтарындағы ірі ЖОО өтеді. Әр қалада өзінің алауы жағылып, Эстафета ұйымдастырылады.

Универсиада алауын алып жүру мәртебесі үздік спортшыларға, FISU өкілдеріне, үздік студенттерге тапсыралады. 100 алау ұстаушының әрқайсысы 200 метрдей жүгіріп өтеді. Маршрутта Қазақстанның тарихи жерлері, білім беру ордалары мен спорттық нысандар бар.

Алау Эстафетасы туралы толығырақ «Kazsport» телеарнасында күніне екі рет шығатын күнделіктерден көруге болады. «Универсиада-2017. Алау Эстафетасы. Күнделік» бағдарламасымен https://kaztrk.kz/ru/a/17975 сілтемесі бойынша танысуға болады. Сонымен қатар, Алау Эстафетасын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіретін барлық ақпарат көздері таратады. Республикалық телеарна, радиомен қатар трансляцияны «Қазақстан» ТРК» АҚ құрамындағы 14 аймақтық филиалдар да көрсетеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының сайттағы сілтемесі https://kaztrk.kz/kz/a/17975.

2017 жылдың 29 қаңтарында Универсиаданың басталуы қарсаңында 16 облыста жағылған Алау Алматыда қосылады. Бұл – Қазақстан жастары мен халқының бірігуін білдіреді.

*PR құқында




KZ » Қазақша Жаңалықтар жинағы, Kazsport, Универсиада, Эстафетасы, Қазақстан, телеарнасы, Универсиаданың, көрсетеді, Эстафета, жылдың, Күнделік, қысқы, Дүниежүзілік, Алауының, қаңтар, өтеді, Қазақстанның, Алауы, телерадиокорпорациясының, таратушысы, Kazsport, Универсиада, Эстафетасы, Қазақстан, телеарнасы, Универсиаданың, көрсетеді, Эстафета, жылдың, Күнделік, қысқы, Дүниежүзілік, Алауының, қаңтар, өтеді, Қазақстанның, Алауы, телерадиокорпорациясының, таратушысы, «Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді, «Kazsport» телеарнасы Алматыдағы Универсиаданың алау эстафетасын көрсетеді