Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты » ZHARAR © 2016 | теңге, әкімі, облысының, айлығы, қанша, жалақы, құпия, жалақысы, халыққа, жазады, Бірақ, Ұлттық, басылым, олардың, төрағасы, әкімдердің, айлық, Қазақстан, төменгі, еліміздегі




  • »

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты

Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты казакша Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты на казахском языке

Министрлер мен әкімдердің жалақысы қанша? Бұл халыққа соншалықты құпия ма? Қазір жариялылық заманы десек те, айлығын жұрттан жасыратындар да, оны құпия қылмай еркін айтатындар да бар. Бірақ халыққа олардың қанша алатыны қашан да қызғылықты деп жазады "Айқын" басылымы.

"Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек салықты ұстағанда, қолына ай сайын 960 мың теңге жалақы алатынын мәлім етті. Министр, сондай-ақ, Қазақстанда шыққан «КИА» маркалы қызметтік көлік мініп жүргенін, сонымен қатар брифингке Қазақстанда тігілмеген костюм киіп келгенін айтты.

Қашан да халықтың алдында жүзі жарқын, салиқалы ойларымен салмақты пікір айтатын Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми үшін маңдай термен алатын еңбекақының жөні бөлек.

"Менің жалақым ешкімге құпия емес. 1 миллион 100 мың теңге жалақы аламын. Қолыма 900 мыңнан артық тиеді", - дейді Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.

Әрине басқа саланы басқаратын министрлер жалақысын жұртшылыққа жария ете қойған жоқ. Бірақ олардың да қанша алатынын осы аттары аталған министрлердің айлығына қарап шамалауға болады. Демек бұдан шығатын болжам, өзге министрлердің айлық көлемі осы деңгейлес", - деп жазады басылым.

Ал аймақты басқарып, президенттің жергілікті жердегі көзі мен құлағы болып отырған облыс әкімдерінің жалақысы қанша? Олар да миллион теңге ала ма? Осы орайда басылым әкімдердің айлық-жалақысына қатысты қолға түсірген деректерді ел назарына салды. Мәселен:

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айлығы - 636 974 теңге

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың айлығы - 716 866 теңге

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгіновтың айлығы - 742 527 теңге

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың айлығы -788 617 теңге

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айлығы - 924 431 теңге

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айлығы - 953 260 теңге

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айлығы 716 866 теңгеден 967 674 теңге аралығында

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың айлығы -716 867 теңгеден 967 674 теңге аралығында

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің еңбекақысы - 600 мың теңге шамасында

Ал Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айлық-жалақысы 863 мың теңгені құрайды екен. Бұл туралы облыстық "Диапазон" порталы хабарлады.

"Елімізде министрлерден де көп жалақы алатындар бар. Олар - Ұлттық компаниялар мен «Самұрық,-Қазынаның» басшылары. Сондай-ақ жоғары жалақы алатын лауазым қызмет иелерінің ішінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы да бар. Палата төрағасы Абылай Мырзахметовтың сөзінше, мекемедегі 7 төрағаның жалақысы жоғары", - деп жазған басылым халықты алаңдатып отырғаны еліміздегі ең төменгі жалақы екенін атап өтті.

Басылымның мәліметінше, Ұлттық статистиканың дерегіне жүгінсек, 2016 жылдың 1 қаңтарында белгіленген еліміздегі ең төменгі жалақы 22 859 теңге шамасында болып отыр.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 345
Жаңалық айдары: Саясат, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .