Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды » ZHARAR © 2016 | Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды казакша жаналык, Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды қазақша жаңалық, свежие новости на казахском Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды, news Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды




  • »

Қазақстанда айына 1 млн теңге жалақы алатын қызметтер анықталды

2013 жылдың шілдесінде 4 338 вакансияның ішінде сыйақысы ең жоғарысы (жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарының 32%-ын құраған) сауда саласында екені белгілі болды.

Фото: ok-inform.ru
Фото: ok-inform.ru

Оған сәйкес, бас директор қызметі үшін айына бір миллион теңге және компания табысынан жылдық бонус ұсынылған, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстандағы HeadHunter компаниясына сілтеме жасап.

Аталмыш топ-менеджердің қызметіне сатылымдарды басқару, баға белгілеу жүйесін жасау міндеттері кіреді. Зерттелген аумақта жалақысы жоғары мамандықтар "Құрылыс және жылжымайтын мүлік" (500-ден 800 мыңға дейін) және "Өндіріс" салаларына тиесілі (3 мың мен 4 мың доллар арасында).

Ал ең төменгі жалақы ІТ-салада (15 мың теңгеге дейін) және банк құрылымында (18 мыңнан 35 мың теңгеге дейін) екен.

Көп жағдайда бұл тағлымдамадан, іс-тәжірибеден өтушілер мен студенттерге арналған ұсыныс деп есептеледі.

"Миллиондық вакансия – әрине, онлайн-рекрутменттің қазақстандық алаңы үшін ең жоғарғы жалақы емес. Мамандар ескеріп өткендей, әдетте, компаниялар "ең қымбат" жалақылар туралы жұртшылыққа жар сала бермейді, себебі олар көпшілік біле бермейтін "топтық" вакансиялар. Дәл сол себептерге байланысты біздің рейтингімізде банк пен құрылыс салалары жарияланған жалақылар деңгейінің құпиялылығымен және шектеулілігімен ерекшеленді", - деп атап өтті HeadHunter Қазақстан компаниясының маркетинг және PR директоры Марина Сакиева



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 894
Жаңалық айдары: Экономика және бизнес, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .