Атамекен. Ел. Халық



Атамекен. Ел. Халық туралы мақал-мәтелдер жинағы


  1. Абыройды ақ отау жапты.

 

  1. Алтын, күміс жауған жерден де Туып-өскен ел артық.

 

  1. Аспандағы бұлтқа қарама, Жердегі жұртқа қара.

 

  1. Айырылған ел азады, Қосылған ел озады.

 

  1. Айырылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен.

 

  1. Айырылсаң үйіріңнен, Қолың кетпес бүйіріңнен.

 

  1. Адассаң, еліңмен адас.

 

  1. Айдабол,

Ac ішерде пайда бол!

 

  1. Арқадағы ноғайды

Қой бақтырған Құдай-ды.

 

  1. Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің, Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің.


 

  1. Аздың атасы бір, Көптің батасы бір.

 

  1. Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол.

 

  1. Айдап салдан аз өлді, Көре келден көп өлді.

 

  1. Аздың ашпыз дегеніне нанба, Көптің тоқпыз дегеніне нанба.

 

  1. Азды көпке қосқан сауап.

 

  1. Ағайын бар болсаң, көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды.

 

  1. Ағайынның аты озғанша, Ауылдастың тайы озсын.

 

  1. Айырылмас қоңсыға ауыр сөз айтпа.

 

  1. Ақылды көршің—саяң, Ақымақ көрші—шаян.

 

  1. Ақылды көрші—төрің. Ақымақ көрші—көрің.

 

  1. Ақылға байлық—тозбас байлық.

 

  1. Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың.

 

  1. Ақылы асса, аға тұт, Әкімшілігі асса, пана тұт.

 

  1. Ақыры байдың баласы аштан өлер.


 

  1. Ақбөкенді жатыр деме, Көшпелі елді отыр деме.

 

  1. Алыстағы туыстан, жақындағы көрші артық.

 

  1. Аларманға алтау аз, Берерменге бесеу көп.

 

  1. Алдияр «алдияр» десең, далияр.

 

  1. Атаным сай, атым сай, қашсам, жаудан кетермін. Кетпенім сай, шотым сай, қазсам, суға жетермін.

 

  1. Алып, алтау жеп, жетеу болмайсың.

 

  1. Алпыс күн аспанға қарағанша, Алты көш те, айдын көлге жет.

 

  1. Аңдысқан ауыл болмас, Ерегескен ел болмас.

 

  1. Арлы болмай, абыройлы болмайсың.

 

  1. Артық байлық аздырар, Артық күлкі тоздырар.

 

  1. Арғымақ аттың баласы Аз оттап, көп жусайды, Азамат ердің баласы

Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

 

  1. Аспаннан киіз жауса да, Құлға ұлтарақ тимейді.

 

  1. Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар.

 

  1. Атасыз үй—батасыз, Анасыз үй—панасыз.


 

  1. Атасыздан би қойсаң, дәметпестен дәметер.

 

  1. Атадан алтау тусаң да, Басыңа түсер жалғыздық.

 

  1. Атадан бата алмай, үй болмас, Ордадан үлгі алмай, би болмас.

 

  1. Атаңның құлы айтса да, Әділдікке басыңды и.

 

  1. Атсыз үй болса да, Ассыз үй болмайды.

 

  1. Аспаннан шұға жауса да,

сорлыға ұлтарақ тимейді.

 

  1. Аштың ақылы—тамағында, Жаяудың ақылы—табанында.

 

  1. Аш адам ұрысқақ, арық адам тырысқақ.

 

  1. Ашыққан—ұры, ашынған шешен болады.

 

  1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, Тоқ бала ешнәрсені ойламайды.

 

  1. Ашқа тартқан кешке тартады.

 

  1. Аш құлақтан—тыныш құлақ.

 

  1. Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

 

  1. Ауылыңнан алғыр шықса, атың озады, Ауылыңнан жаман шықса, елің тозады.

 

  1. Ауыл болсаң, қауым бол.

 

  1. Ауылы араластың қойы қоралас.


 

  1. Ауылдасың жақсы болса, Ағайының не керек!

Алған жарың жаксы болса, Айт пен тойың не керек!

 

  1. Ауылы қарайластың шаруасы орайлас.

 

  1. Аузыңды бақсаң, би боларсың, Малыңды бақсаң, бай боларсың.

 

  1. Аяз би әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.

 

  1. Ауыз баққан бай болар.

 

  1. Әділ патша гүлстанға ұқсайды, Залым патша зымыстанға ұқсайды.

 

  1. Әділ би халқы үшін, Залым би құлқыны үшін.

 

  1. Әділетсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса, үй оңбас.

 

  1. Әдепсіз үйге кірме, Әкімсіз елде тұрма.

 

  1. Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді.

 

  1. Әкімнің көңілінде болсаң да, Көзінде болма.

 

  1. Әр ханның тұсында бір сұрқылтай.

 

  1. Әр елдің заңы басқа, Иттері қара қасқа.

 

  1. Әулекі би ат үстінен билік айтар.


 

  1. Байдың қатыны өлсе, төсегі жаңғырар, Кедейдің қатыны өлсе, басы қаңғырар.

 

  1. Байлық неге керек, адалдан мал жимасаң, Билік неге керек, әділ билік құрмасаң.

 

  1. Бейбітшілік—өмір тынысы, Байлық—ел ырысы.

 

  1. Байлық мұрат емес, Жарлылық ұят емес.

 

  1. Бай мен жарлы көрде теңеседі.

 

  1. Байдың жаманы—қарау, Жарлының жаманы—жалқау.

 

  1. Бай кедейленсе де, мақтанғанын қоймас.

 

  1. Баймын деп саспа, бимін деп таспа.

 

  1. Бай болған бақырып бола ма?

 

  1. Бай малына сыйынады, Кедей Тәңіріне сыйынады.

 

  1. Бай байға құяды, Сай сайға құяды.

 

  1. Бай барын бермес, Жоқ қарап тұрмас.

 

  1. Бай—бір жұттық, Батыр—бір оқтық.

 

  1. Бай болып көргенім жоқ, Жарлы болып өлгенім жоқ.


 

  1. Бай кісі балпаң келер, Жарлы кісі жалтаң келер.

 

  1. Бай жаманы байталын ат қылады, Би жаманы туысқанын жат қылады.

 

  1. Бай—жарлының бақташысы.

 

  1. Бар мақтанса табылады, Жоқ мақтанса шабылады.

 

  1. Бай мейірінен—күн мейірі.

 

  1. Бай—тамырлас, Би—құлақтас.

 

  1. Бай тойғанынан кекіреді, Кедей аштықтан секіреді.

 

  1. Байды Құдай атқаны—жабағы жүнін сатқаны.

 

  1. Байдың баласы жатық, малшысы қодаң.

 

  1. Байға жалынамын деп жарлының

тоқтылы қойлық зықысы шығыпты.

 

  1. Байды мал басады, Жарлыны бала басады.

 

  1. Байдың мыңының ішінде

Жарлының жалғыз тоқтысын қасқыр жейді.

 

  1. Байдың ісі пәрменменен, Жарлының ісі дәрменменен.

 

  1. Байдың малы ардақты, Жарлының жаны ардақты.


 

  1. Баймын деп мақтанба, Жарлылық бар. Көппін деп сұқтанба, Жалғыздық бар.

 

  1. Байдан жұғар, Балдан тамар.

 

  1. Байды Құдай ұрарында жортуыл бастайды, Жарлыны Құдай ұрарында қатынын тастайды.

 

  1. Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес.

 

  1. Барға мәзір, жоққа салауат.

 

  1. Барлық жарастырады, Жоқтық таластырады.

 

  1. Барлық-байлық не дегізбес, Жоқтық не жегізбес.

 

  1. Бастаушы болса, қостаушы табылар.

 

  1. Бар болсаң, «жоқпын» деме, Жоқ болсаң, «тоқпын» деме.

 

  1. Бар болсаң, паршаменен көтіңді сүрт, Жоқ болсаң, шекпеніңмен бетіңді сүрт.

 

  1. Баталы құл арымас, Батасыз құл жарымас.

 

  1. Баталы құлға бақ қонар.

 

  1. Батыр деген барақ ит, екі қатынның бірі табады. Би деген ақсарағат, ілуде бір қатын табады.


 

  1. Батыр болып, бай болсаң, патшадан нең кем? Жарлы болып, бек болсаң, келекеден нең кем?

 

  1. Бермесе де, бай жақсы, Жемесең де, май жақсы.

 

  1. Би жоқта құл жүреді жораға, Ит жоқта шошқа үреді қораға.

 

  1. Бидің айтқанын құл да айтады, Бірақ құлдың аузының дуасы жоқ.

 

  1. Бірінші байлық—денсаулық, Екінші байлық—ақ жаулық, Үшінші байлық—он саулық.

 

  1. Бай қасына көшіп бар, байымасаң, маған кел, Қу қасына көшіп бар, құрымасаң, маған кел.

 

  1. Бай қасына барып көр, бақыр болмасаң маған кел, Хан қасына барып көр, басың кетпесе маған кел.

 

  1. Бай мақтанса, май табылар, Жоқ мақтанса, не табылар?

 

  1. Байдың малын байғұс қызғанады.

 

  1. Бардың ісі пәрменмен, Жоқтың ісі дәрменмен.

 

  1. Бақа көлінде патша, Жігіт елінде патша.

 

  1. Балалы үйдің ұрлығы жатпайды.

 

  1. Бейбіт елде береке бар.

 

  1. Би болмасаң, болма, Би түскендей үй бол!


 

  1. Би болмасаң да, би түсетін үй бол.

 

  1. Бидің әділ сөзі, тентектің тезі.

 

  1. Би әділ болса, дауды тындырады, Залым болса, сөнген дауды жандырады.

 

  1. Би әділ болмаса, барған кісі сау болмайды.

 

  1. Би асылдан асыл болмас, Би асылмен жолдас болсаң,

Мұрадың, сірә да, хасыл қалмас.

 

  1. Би екеу болса,

Дау төртеу болады.

 

  1. Биді Құдай ұрарында жортуыл бастайды, Биені Құдай ұрарында құлын тастайды.

 

  1. Боқ жаман,

Бәрінен де жоқ жаман.

 

  1. Болар елдің баласы, бірін-бірі «батырым» дейді. Тозар елдің баласы, бірін-бірі «қатыным» дейді.

 

  1. Бөлшекте де, билік ет.

 

  1. Бүлінгеннен бүлдіргі алма.

 

  1. Бір аштықтың бір тоқтығы бар, Көп тоқтықтың бір аштығы бар.

 

  1. Бірлігі жоқ ел оңбайды, Тірлігі жоқ ер оңбайды.

 

  1. Бірлігі жоқ ел тозар, Бірлігі күшті ел озар.

 

  1. Бір жоқты бір жоқ табады.


 

  1. Бір кісі таққа мінсе, Қырық кісі атқа мінеді.

 

  1. Бір көрген—біліс, екі көрген—таныс.

 

  1. Бір күн қарны ашқаннан қырық күн ақыл сұрама.

 

  1. Бір тәуекел жазады мың қайғының жарасын. Бір жақсыға бітірер кем көңілдің сапасын.
  2. Біреумен сырлас, мыңмен кеңес.

 

  1. Бір де болса, бірегей болсын.

 

  1. Бірдің кесірі мыңға, Мыңның кесірі түменге.

 

  1. Бір кісі мың кісіге олжа салады.

 

  1. Бір құмалақ бір қарын майды шірітер.

 

  1. Далаға түнегенше, молаға түне.

 

  1. Дәулет есіктен кіреді, Бала бесіктен кіреді.

 

  1. Дәулет келерінде тойға келген қыздай, Кетерінде ұстаған мұздай.

 

  1. Досы көпті жау алмас, Ақылы көпті дау алмас.

 

  1. Екі тау бас қоспайды, Екі ел бас қосады.

 

  1. Екі кісі—бір кісінің тәңірі.

 

  1. Екінің бірі—егіздің сыңары.

 

3-299*


 

  1. Екі кісі қағысса, бір кісіге орын бар.

 

  1. Екінің бірі өлсе, бірі қалады, Жалғыздың бірі өлсе, кімі қалады?!

 

  1. Екі бай құда болса, араларында жорға жүреді, Екі жарлы құда болса, араларында дорба жүреді. Бай мен жарлы құда болса,

«қайдан құда болдық» деп,

зорға жүреді.

 

  1. Ел сыйлаған жақсыны есер ғана сыйламайды.

 

  1. Ел алғысын алсаң, елеулі боласың.

 

  1. Ел намысы—ер намысы.

 

  1. Елден ел кетсе, жұт, Елге ел қосылса, құт.

 

  1. Ел—ырыс, қыз—өріс.

 

  1. Ел басқарар жігіттің Етек-жеңі кең болар.

 

  1. Ел намысын қуғанның еңсесі биік.

 

  1. Ел көркі—мал, Өзен көркі—тал.

 

  1. Елде болса, ерніңе тиеді.

 

  1. Елге келген селебе, селебені елеме.

 

  1. Елде қырық түрлі кісі бар, сүйгеніңе сәлем бер.

 

  1. Елсіз ер болмайды, ерсіз ел болмайды.


 

  1. Ел қадірін елсізде білерсің, Ер қадірін әлсізде білерсің.

 

  1. Ел тамыры жерде, ер тамыры елде.

 

  1. Елдің атағын ер шығарады.

 

  1. Ел ағасыз болмас, Тон жағасыз болмас.

 

  1. Ел арасы жауықса,

Епті жігіт қалыңсыз қатын алады.

 

  1. Ел аузы—уәлі.
  2. Ел аузына қақпақ қоя алмайсың. Ел аралаған сыншы болады,

Тоғай аралаған үйші болады.

 

  1. Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас.

 

  1. Ел ебелек емес,

Ер көбелек емес.

 

  1. Ел-елдің түбі бір, Ер-ердің тілегі бір.

 

  1. Ел даусыз болмас, Жер жаусыз болмас.

 

  1. Ел іші—алтын бесік.

 

  1. Ел іші—береке, Көп ісі—мереке.

 

  1. Ел құлағы—елу.


 

  1. Ел қонысынан айырылса, Ер ырысынан айырылады.

 

  1. Ел қозғалса, жер көтермес ауыры бар, Жел қозғалса, қарлы боран дауылы бар.

 

  1. Ел ұлсыз болмас, Жер гүлсіз болмас.

 

  1. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар.

 

  1. Ел үшін еркек кіндік құрбандық.

 

  1. Елінен безген ер оңбас, Көлінен безген қаз оңбас.

 

  1. Елдің елдігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар.

 

  1. Еліңді дау басса, Үйіңді қарыз басады.

 

  1. Елдің көркі ерімен, Жердің көркі шөбімен.

 

  1. Елмен көрген еленбес.

 

  1. Елсіз көлге бақа айғыр,

Жесір қатынға жалшы айғыр.

 

  1. Елің еміренсе, сен тебірен.

 

  1. Елшіге өлім жоқ.

 

  1. Ерге дәулет бітерде, Қарға салса, қаз алар. Ерден дәулет кетерде, лашын салса да, аз алар.


 

  1. Елдің күші—селдің күші.

Беттер:
1 2 3

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: атамекен, ел, халық