Атамекен. Ел. Халық



Атамекен. Халық, Ел туралы мақал-мәтелдер топтамасы

  1. Қалыптан шықсаң да, халықтан шықпа.

 

  1. Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас. Қанша жақсы болса да, Жалғыз жігіт би болмас.

 

  1. Қанша тұлпар десе де, Мініп болмас жалсызды. Қанша білгіш десе де, Халық сүймес малсызды.

 

  1. Қара жерді жамандама, қайтып сонда барарсың. Қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың.

 

  1. Қараша үйден ханша шығады.

 

  1. Қараша үйде сұңқар бар ораздыға кездесер.

 

  1. Қараңғы үйде қабан күркірейді.

 

  1. Қардың басын қар алар, Ханның басын хан алар.


 

  1. Қарға тамырлы қазақ.

 

  1. Қарны аштан назары аш жаман.

 

  1. Қарын тойса, қарта боқ сасиды.

 

  1. Қары бар жерде қаһар бар, Кен бар жерде шаһар бар.

 

  1. Қасықтап алғанмен, көл таусылмайды, Қанша ұры алғанмен, ел таусылмайды.

 

  1. Қаузанып шығар үйің болса, ордадағы, Қоғамшыл қарияң болса, қорғандағы.

 

  1. Қатты жерге қақ тұрар, ынтымақты елде бақ тұрар.

 

  1. Қатты қыста қамысты сағала, Басыңа пана, малыңа қора.

 

  1. Қатардан аспақ бар, Халықтан аспақ жоқ.

 

  1. Қараша хан тұсында, қатын ер тұсында.

 

  1. Қашпақ-қумақ—ерге сын, Көшпек-қонбақ—елге сын.

 

  1. Қойлы бай—қорлы бай, Жылқылы бай—сылдыр бай.

 

  1. Қойлы бай—қорлы бай, Сиырлы—сары май.

 

  1. Қойды кәрі-құртаң бүлдіреді, Елді сұлтан бүлдіреді.


 

  1. Қашқан жаудан құтылады, Көшкен жұттан құтылады.

 

  1. Би болатын жігіттің етек-жеңі кең болар, Қошқар болар қозының маңдай алды дөң болар.

 

  1. Қуыс үйден құр шықпа.

 

  1. Құдайға қарсы болма.

 

  1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

 

  1. Құл—құл емес, кім жаман туса, сол—құл.

 

  1. Құлдың діңкесін «бәрекелді» құртады.

 

  1. Құлды «құл» десе өлгісі келеді, Биді «құл» десе күлкісі келеді.

 

  1. Құл жиылып бас болмас, Құм жиылып тас болмас.

 

  1. Құлда құдірет жоқ.

 

  1. Құлды жіберсең еркіне, Күнде тышар бөркіңе.

 

  1. Құлмен жеген құйқа құстырмай қоймайды.

 

  1. Құл құтырса, құдыққа қармақ салады, Күң құтырса, көтіне бармақ салады.

 

  1. Құрастырып айтса, құлдыкі жөн, Біріктіріп айтса, бидікі жөн.

 

  1. Қыңыр көшіп бай болмас, Қисық сөйлеп би болмас.

 

  1. Қысқа жіп күрмеуге келмейді.


 

  1. Қырық кісі бір жақ, Қыңыр кісі бір жақ.

 

  1. Қыс киімін жаз киіп, жарлы қайдан байысын.

Қысы-жазы жұмыс қып, жалғыз мая

қайтіп қайысын?

 

  1. Қонысқа қарай мал өсер, ырысқа қарай ұл өсер.

 

  1. Қонысы ауған ел оңбас, Өрісі ауған мал оңбас.

 

  1. Қопалы жерге қонбаңыз, қора өртенсе, үй кетер. Жар басына қонбаңыз, дауыл тұрса, күй кетер.

 

  1. Қорқақтың бәрі Құдайшыл.

 

  1. Қырықтың бірі—Қыдыр, Мыңның бірі—Машайық.

 

  1. Қызығы жоқ өмірден ұйқыда көрген түс артық.

 

  1. Менде болсын,

Менде болмаса да, елде болсын.

 

  1. Мал басқа бітеді, қына тасқа бітеді.

 

  1. Нағашым бай, қайным бай, Жарлы қылар қай Құдай!

 

  1. Миға ерген дене азбайды, Милыға ерген ел азбайды.

 

  1. Мыңның түсін білгенше, Бірдің атын біл.


 

  1. Мың кісі салған көпірді бір кісі бұза алады, Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады.

 

  1. Мал қайыры жоқ байдан

Күш қайыры бар жарлы артық.

 

  1. Мыңын жемей, бай өледі, Бірін жемей, жарлы өледі.

 

  1. Мың қосшыдан—бір басшы.

 

  1. Бай—теңіз, оны жей алмаған доңыз.

 

  1. Опасызда отан жоқ.

 

  1. Орнында бар оңалар, орнында жоқ жоғалар.

 

  1. Орыс бар жерде қоныс бар.

 

  1. Орыс ойына келгенін істейді.

 

  1. Ортақ өгізден оңаша бұзауым артық.

 

  1. Отан от басынан басталады.

 

  1. Отансыз да бір, опасыз да бір.

 

  1. Отан оттан да ыстық.

 

  1. Отансыз ұл—ормансыз бұлбұл.

 

  1. Отты шұқылаған өшірер, Қоңсыны шұқылаған көшірер. Отты қаузаған өшірер, Қоңсыны қаузаған көшірер.

 

  1. Отау үй—оңаша бас.


 

  1. Отырса, от басында, Көшсе, жүк қасында.

 

  1. Өз елімнің басы болмасам да, Сайының тасы болайын.

 

  1. Өз еліңнен шет жерде Шуақсыз болар көктем де.

 

  1. Өз жұртын танымаған Кісі еліне би бола алмас.

 

  1. Өз елім—алтын бесік, Жат елдің түбі тесік.

 

  1. Өз айыбын өзі білген жігіт би болуға жарайды.

 

  1. Өз елімнің басымын,

Басы болмасам, сайының тасымын.

 

  1. Өз халқының қарғысына қалған, Өзге халықтың алғысын алмас.

 

  1. Өзгеге ұл болғанша, Өз еліңе құл бол.

 

  1. Өз елімнің иті де қадірлі.

 

  1. Өзі жарымағанның сарқытын ішпе.

 

  1. Өзім үшін туыппын, Жұртым үшін өліппін.

 

  1. Өзбек—өз ағам, Сарт—садағам.

 

  1. Өлсең, көрің кең болсын.


 

  1. Өлі—тірінің азығы, Бала—атаның қазығы.

 

  1. Өкпеден тиген жел жаман, Елінен безген ер жаман.

 

  1. Өлген сарттың қойнында наны бар.

 

  1. Өле жегенше, бөле же.

 

  1. Өрісі жуық от оттайды, Ауылы жуық ас ішеді.

 

  1. Пайдасыз мың теңгеден Пайдалы бір теңге артық.

 

  1. Патша болсам, май жер едім.

 

  1. Патша залым болса, жұрт тозады, Патша ғалым болса, жұрт озады.

 

  1. Патшаның баласын басып өтпе, Өзі болған жігітке тәсіп етпе.

 

  1. Пәлен жерде пайда бар, Өз еліңдей қайда бар!

 

  1. Сабан бол, шөп бол, Шамаң келсе, көп бол.

 

  1. Салт атты, сабау қамшылы.

 

  1. Сақалды құл жарытпас.

 

  1. Сатып алмай, құл болмас, Өзіңнен тумай, ұл болмас.

 

  1. Саудагер—қасық, ел—теңіз.


 

  1. Саяқ жүрсең, таяқ жерсің.

 

  1. Сегізбін деме, тоғызға жолығарсың, Тоғызбын деме, доңызға жолығарсың.

 

  1. Сексенде сегіз байлық, сегіз жарлылық.

 

  1. Семіз—көркем, Бай—шешен.

 

  1. Сорлы қатын алса, таң қысқарады.

 

  1. Сұлтан сүйегін қорламас.

 

  1. Тамам кедей жиылып, Құдай берген байша жоқ, Тамам жұлдыз жиылып, аспандағы айша жоқ.

 

  1. Таста тамыр жоқ, Төреде бауыр жоқ.

 

  1. Тау белгісі тас болар, Бай белгісі ас болар.

 

  1. Азған елдің белгісі—біріне-бірі қас болар.

 

  1. Тар қоныстан кең шиыр артық.

 

  1. Тастаған таяқ сорлыға тиеді.

 

  1. Тауық құсқа ұшу жоқ, Там үйліге көшу жоқ.

 

  1. Тәңірім берейін деген құлының айдап

салар жолына, Бермеймін деген құлының іздесе,

таптырмайды пұлына.

 

  1. Темір отта, адам жоқшылықта шыңдалады.


 

  1. Темір байлық—тозбас байлық.

 

  1. Тозған елді там жинар.

 

  1. Тозар елдің жанжалы бітпес, Озар елдің арманы бітпес.

 

  1. Төбелеске бергісіз араша бар, Ағайынға бергісіз жанашыр бар.

 

  1. Төреге ерген ерін арқалайды.

 

  1. Төремен ойнасаң, басың кетеді, Итпен ойнасаң, саның кетеді.

 

  1. Туған жерге туың тік!

 

  1. Туған жердің қадірін Шетте жүрсең білерсің.

 

  1. Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ.

 

  1. Туырлықсыз тұл үйге ту байлаған не керек? Туысы жоқ жалғызға топқа шапқан не керек?

 

  1. Түркімен төрін бермес, Төрін берсе де, өрін бермес.

 

  1. У ішсең, руыңмен,

Ат сатсаң, ауылыңмен.

 

  1. ұлығың кәпір болса да, әмірін тұт.

 

  1. ұлықсыз жұрт—бассыз дене.

 

  1. ұры—қасық, ел—теңіз.


 

  1. Үйде неше жансың, Бір-біріңе меймансың.

 

  1. Үй менікі демеңіз, Үй артында кісі бар.

 

  1. Үйі жоқтың күйі жоқ.

 

  1. Үйде озған түзде озар.

 

  1. Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзар.

 

  1. Үйде туысы көпке

Түзде дұшпаны тимейді.

 

  1. Үйің үй-ақ екен,

Әттең, ішінде бала болса.

 

  1. Үйдегі кедейліктен базардағы кедейлік жаман.

 

  1. Үйдің жылы-суығы қыс түскенде білінер, Адамның алыс-жуығы басыңа іс түскенде білінер.

 

  1. Үлгісізден би қойсаң, өсиеті болмайды Қайырсыздан хан қойсаң, қасиеті болмайды.

 

  1. Үлкен үйдегілер күлсе, Кіші үйдегілер езу тартады.

 

  1. Үлкен үйден дәметпегеннің Құдайдан үміті жоқ.

 

  1. Халық алмас қамал болмас.

 

  1. Халық қартаймайды.

 

  1. Халық сөзі—қаһарлы.

 

  1. Халық—қапысыз сыншы.


 

  1. Халық ұйғарса, Хан түйесін сояр.

 

  1. Халқын алдаған би оңбас, Қатыны салақ үй оңбас.

 

  1. Халық қабылдамағанды қаулымен орыңдау қиын.

 

  1. Хан әділдік қылмаса, Хан мәнінен айырылар. Би әділдік қылмаса, Иманынан айырылар. Мал бетіне қараған

Жан жарынан айырылар.

 

  1. Хан екі айтса, қара болады, Қара екі айтса, қатын болады.

 

  1. Хан—қазық,

Қараша—азық.

 

  1. Хан—қарақшы, Халық—сарапшы.

 

  1. Хан қарау болса, Халық ұры болады.

 

  1. Хан қарашасыз болмас, дау арашасыз болмас.

 

  1. Хан қасында уәзір білгіш болса, Қара жерден кеме жүргізеді.

 

  1. Хан жарлығынан қатын жарлығы күшті.

 

  1. Хан—шаңырақ, Халық—уық.

 

  1. Ханда қырық кісінің ақылы бар.


 

  1. Ханды Құдай ұрайын десе, қарашысымен

қас болар, Байды Құдай ұрайын десе, дәулетіне мас болар.

 

  1. Ханның ісі қарашаға да түсер.

 

  1. Ханның қасында болғанша, Судың басында бол.

 

  1. Шайтан менен жын басқа, Бәйбіше менен күң басқа.

 

  1. Шекара берік болмай, Басыңда ерік болмайды.

 

  1. Шетте жүрсең, тарығарсың, Туған елді сағынарсың.

 

  1. Шеткі үй көшсе,

Ортадағы үй шеткі үй болады.

 

  1. Шын би сөзіңді бағады, Сұм би көзіңді бағады.

 

  1. ынтымақ—елдің ырысы.

 

  1. ынтымақты елге ешкім жетпес, ынтымақ кетсе, өкініші бітпес.

 

  1. Ішілмеген ас умен тең,

Кісі кірмеген үй көрмен тең.

Беттер:
1 2 3

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: атамекен, ел, халық