Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ казакша Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ на казахском языке
Мазмұны
І. КІРІСПЕ.................................................................3-4
І ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ
1.1. Таным үрдістерін дамыту..........................................................................5-12
1.2. Танымдық қызығуды дамыту.................................................................12-15
1.3. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру.....................................................15-17
ІІ ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Танымдық белсенділікті дамыту-өзекті мәселе..................................18-22
2.2. Танымдық іс-әрекеттің теориялық тұғырлары.....................................22-27
2.3. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері.....................27-32
2.4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық аспектілері...................................33-35
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................36
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................37

І. КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан сырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Таным үрдістерін дамыту;
-Танымдық қызығуды дамыту;
-Танымдық белсенділікті;
-Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру;
-Танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері;
-Танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық аспектілері;
Курстық жұмыстың әдістері: Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- оқу-танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісінде мәселік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қаматамасыз ету, т.б.
І ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ
1.1. ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУ
Бүгінгі қоғам мұддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, улттық сана мен психологиясы қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу - басты міндеттердің бірі.
Халық педагогикасы мен психологиясын терең зерттеп жүрген С. Қалиев халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін беру, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде "сегіз қырлы, бір сырлы" жаны таза, дені сау адам қалыптастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. Қ. Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері жөнінде ой қозғаса, Б. Мұханова диссертациялық еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін этнопедагогикалық біліммен қаруландыру керектігіне тоқталады. Қ. Сарыбеков өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарга жіктеп көрсетсе, Ф. Жұмабековна жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы - өнер екендігін алға тартады. Р. Сыздық ауызша есептердің мазмұны қазақ халқының әр дәуірлеріндегі тұрмыстық жағдайлар мен аң аулау, кәсіпшілік істерімен байланысты екендігін зерттеу жұмыстарында баса көрсетеді.
Балалардың таным үрдістерін дамытуда баланың жас ерекшеліктеріне бай-ланысты іріктеліп алынған қазақ балалар фольклорын, ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, ұлтгық аспаптарды, қазақтың байырғы өлшем бірліктерін, т.б. қолданудың маңызы зор.
Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі - дидактикалық жолмен дамитын аса күрделі үрдіс. Түйсік - тікелей танымдық үрдіс. Адамның дүниені танып-білуінің жоғарғы сатысына жататын үрдістер: ойлау, қиял, ес түйсікке сүйене отырып дамиды.
Баланың ырықты зейінін қалыптастыру үшін зеиіндерін бір мақсатқа аударып, шоғырландыра білу керек. Ол үшін екі заттың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылыктарды табуда 3-4 жастағы балаларға 2-6 түрлі айырмашылығы бар сурет ұсынылса, 5-6 жастағы балаларға 8-12 түрлі айырмашылығы бар заттардың айырмашылықтарын табу ұсынылады және көп заттардың арасынан ұқсас екі затты табу, түстері немесе көлемдері бірдей заттарды табу сияқты бала қызыға орындайтын тапсырмалар ұсынылады. Сонымен бірге дыбыстық белгіле, сөз, ым-ишара, қимыл-козғалыс арқылы тапсырмалар беріп, оларды баяу, орташа, жылдам орындатса баланың ырықты зейіні дами түседі. "Бірдей екі көбелекті тап", "Қандай суреттің сыңары жоқ?", "Куыршақтың көлеңкесі кайсы?", т.б, ойындық тапсырмалар балалардың ырықты зейіндерін дамытуға септігін тигізеді. Қазақ этнопедагогикасындағы арнау-тілек өлеңдер (Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық т.б.), сұрамақтар ("Екі баланың кездесуі", "Түлкі, түлкі, түлкішек", т.б.), қызықтамалар ("Түйе, түйе, түйелер", "Қоян мен аңшы", тб.) және салт-дәстүрлердің қай түрін алсақ та, белгілі бір мазмұнға сай сюжетке негізделе құрылғандықтан бала зейінін еріксіз түрде аударады. Өнер туындысындағы халық шеберлерінің қолынан жасалған бұйымдар, ою-өрнектер, ұлттық аспаптар, халық әндері мен күйлері, сондай-ақ, ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындардың ішінде «Көрші», "Даусынан таны", "Ассалаумағалейкум, Қара-мырза", "СЫМСЫЗ телефон", "Біз де", "Бұғынай", т.б, ойындар баланың зейіндерін тұрақтандырып, зейін бөлу, зейін аудару қасиеттерін дамытады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда көру арқылы есте сақтау және есту арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, көру анализаторлары мен есту анализаторларының қызметін жетілдіру арқылы ес үрдісі де дами түседі. Балада жеті жастан бастап есте сақтау жоғары деңгейде дамиды. Бұл жаста балалар берілген материалдарды тез жаттап алады, көрген-білгендерін есте сақтап қалуға тырысады. Мұнда механикалық есте сақтаумен бірге мағыналық есте сақтау қабілеттері де дами түседі. Балалардың көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуда суреттер мен белгілер жиі пайдаланылады. Мысалы, балаларға бірнеше таныс және таныс емес заттың суреттері көрсетіліп, жиналыл алынады да, баладан не көргенін айтып беруді ұсынады. Немесе бала көрген суреттердің реті бойынша алдында жатқан суреттерді ретімен орналастырады. Қазақ халқының ой қабілетін жұмсап ойнайтын ұлттық ойындардың ішінен "Байқап қал", "Біз де", "Бұл кім'", "Жаңылма", әуендік ойындардың ішінен "Кай аспаптың үні'", "Жануарлардың дыбыстарын айнытпай сал", "Жануарлардың қылығын айнытпай сал", "Жануарлар калай үндейді?", т.6. ойындарды ойнатумен қатар ұлттық бұйымдардың, ұлттық тағамдардың, ұлттық аспаптардың бірнеше суреттерін көрсету арқылы есте сақтап айту ес үрдісін дамытады.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар балада байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы өте бай, бірақ ондағы бейнелер шындықтан өте ашақ жатады. Бала қиялын дамытуда ойдан әңгіме, ертегі құрастырып айту, басталған ертегі, әңгімелерді өзі ойымен аяқтау, бейнелерді әр түрлі заттар мен құбылыстарға теңеп айту бала қиялының жетілуіне септігін тигізеді. Қиялы жоғары деңгейде дамып келе жатқан бала қағаз бетіне тамған бір тамшы сияны немесе бояуды оның формасына қарап бірнеше заттарға ұқсатуы мүмкін. Қиялдың мазмұны мен көлемі баланын жас ерекшелігіне, білім тәжірибесіне, өскен ортасына, этностык ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Балалар фольклорындағы өтірік өлеңдер мен жұмбақтарды құрастырып айту, салт-дәстүрлер тақырыбында салынған суреттер арқылы әңгіме құрастыру, ұлттық аспаптарда ойналған әуендерді тыңдай отырып соған сай қимылдар көрсету, шеберлердің қимыл-әрекетін көрсету. Мысалы, "Ұршық иіріп отырған әже", "Киіз басып жатқан аналар", "Кесте тігіп отырған қыз", "Қамшы өріп отырған ер бала", "Сандық жасап жатқан ағаш шебері", т.б. Сонымен бірге жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындарды ойнату. «Ақ байпақ», "Қара сиыр", "Жаңылма", т.б. ойындар балалардың қызығулары мен қиялын дамытады.
Бала тілінің дамуы таным қабілеттерінің дамуымен қатар жүреді. Бала өз ойын сөз арқылы сыртқа шығарып, өз пікірін айтуды үйренеді. Бұл жастағы балалар алдымен диалог түрде сөйлеуге, яғни, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге дағдылана отырып монолог түрінде сөйлеуге үйренеді. Балаларға тек ғана балалар ауыз әдебиеті үлгілерін жаттатып ғана қоймай, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, саналы түрде ойлануына, сезіміне әсер ететін жақтарын қарастыру керек. Белгілі психолог М. Мүханов "Тіл – көлік, ой — жолаушы, әркімнің басы аялдама" деп түсіндіреді. Сол баланың өзгелермен тілдесіп, қарым-қатынас жасай білуін дамыту мақсатында Қазақ хандарымен, билерімен, батырларымен таныстыру, сөзбен ойналатын ұлттық ойындардың ішінен "Көршімен татусың ба?". "Асау мәстек", "Сен тұр, сен шық'", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Жануарлар қалай дыбыстайды?", т.б. ойындарды ойнатумен бірге халық өнері, өлке табиғаты, салт-дәстүрі туралы әңгімелесу, қойылым қою, табиғат құбылыстарына сипаттама беру, тыйым сөздер, бата-тілектер, бесік жырлары, тұсау кесу жырларының мағынасын түсіндіру, ықшамдалған түрлерін жатқа айтуға үйрету, жаңылтпаштар, санамақтар, қаламақтар, арнау-тілек өлеңдерді жылдам, орташа, жай және дауыстап, дауысты бәсеңдетіп, сыбырлап айтқызу бала тілін дамытып, сөздік қорларының молаюына көмектеседі.
Баланың ақыл-ойының дамуы қол және саусақ бұлшық еттерінің дамуымен тікелей байланысты. Саусақ бүлшық еттерін дамытуда саусақ ойыңдарын ойнатудың маңызы зор. Құрастырмалы ойыншықтарды, түрлі-түсті мазайкаларды, текшелерді кұрастыру, қағаз бетіне әр түрлі сызықтар, иректер, түзулер, үзік сызықтар жургізу, сурет салу, оларды бояу, салынған суреттердің үстін басып қайта салу, т.б. балалардың саусақ бұлшық еттерін дамытады. Қол және саусақ бұлшық еттерін дамытуда қазақтың байырғы өлшем бірліктері - құлаш, жарты құлаш, құшақ, уыс, қос уыс, шымшым, шөкім, қарыс, т.б. қолмен көрсету арқылы және аттарын атай отырып өлшеп көрсету балалардың қызығуын арттырып, саусақ булшық еттерін жетілдіре түсері анық. Сонымен бірге спорттық ойындардық ішінде "Білектесу", "Күш сынасу" тәрізді ойындар мен "Асық ату", "Бес тас", "Ханталапай" тәрізді табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар балалардың қол жане саусақ бұлшық еттерін дамыта түспек. Балардың таным үрдістерін дамыту мақсатында қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие жүмыстарына қолдану Астана қаласының бала-бақшаларында 2005 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына тиімді қолданудың иәтижесіңде балалардың зейіндерінің даму деңгейі соңғы екі жылдың ішінде 23-51 пайызға, көру есінің дамуы 44—88 пайызға, есту есінің дамуы 37—76 пайызға, тілдерінің дамуы 51-91 пайызға, соңдай-ақ саусақ бұлшық еттерінің дамуы да 51- 91 пайызға дамып жетілді.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 12 | 5.02.2019



Загрузка...

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар психология жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Психология | ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін