Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 Педагогика | МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І ТАРАУ. ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мәні мен мазмұны................................5
1.2. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару – педагогикалық мәселе.........................................................19
ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың формалары және әдістері...............................................23
2.2 Қазіргі мектептегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың тиімді жолдары..................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................36
ПЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................37
ҚОСЫМШАЛАР ................................................................................................38

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі жаңашыл қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіндігін толық атқара алатын және жоғары дене қабілетін меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.
Осы орайда педагогика саласында жаңаша жұмыс жасау, жас ұрпаққа білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы педагогикалық жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, қолданылатын іс-әрекеттердің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала – ертеңгі дарынды әрі білімді жастарымыз. Жаңа инновациялық-технологиялық жүйелерді үздік қолданып, пайдалана білетін тұлғаны оқытып-тәрбиелеу тек педагог кадрлардың ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің аса маңызды міндетіне айналып отыр.
Біз келешек ұрпаққа білім беру ісін дұрыс жолға қоя білсек, тәуелсіз еліміздің алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылуына аз да болса үлес қосқан болар едік. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті сабақ үстінде ұйымдастырылып, сабаққа өзбетінше үйде даярлау үстінде жүреді. Әрбір оқушы өзінің оқып жүрген сабақ пәндерінің өзінің өмірі үшін қажет екендігін толық түсінген кезде ғана пән тақырыптарын танып білуге ұмтылады. Қоғам мүшелері толық әрі жан-жақты сауатты әрі білгір де білімді болуы толық жүзеге асқан кезде ғана Отанымыз көршілес елдермен де халықаралық қатынастарға терезесі тең жағдайда қарым-қатынасқа түсе алады. Жан-жақты кемелденген жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық дамытуда өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра алады.
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесіне педагогтердің, психологтердің, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әр түрлі пікірлер айтылған . Біреулері танымдық белсенділікті іс-әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырады.
Оқушылардың «оқу-танымдық белсенділігі» мәселесі терең педагогикалық зерттеулер пәні болып табылып, онымен М.А. Данилов, Р.Г. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосқан болса, «оқу-танымдық іс-әрекет» мәселесі көптеген педагогтардың назарынан тыс қалмағанымен, дербес ізденіс мәселесі болып қарастырылмаған. Дегенмен, бірқатар педагог-зерттеушілер оқушылардың қызығушылығының қайнар көзі олардың танымдық мәселелердің мазмұнын анықтауға бар зейіні және ынтасымен толық түрде назар аударуында екендігін анықтаған (С.Л. Рубинштейн, Н.А. Менчинская, И.Я. Лернер). Осы жерде классикалық зерттеу үлгісіне айналып кеткен Титченардың зерттеу-тәжірибесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл зерттеу-тәжірибе нәтижесінде оқушылардың танымдық қызығушылығы мен оқыту үрдісіне тікелей қатысы бар оқушылардың назар аудару сәтінің үш сатысы анықталған.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің жеке-жеке әр пәнге арналғандығынан бұл құбылыс оқушыларды әрбір пәннің әлеміне енгізеді, олардың құндылықтарын айқындап ашады, оқушыларды осы аталған құндылықтарды түсінуіне жағдай жасайды, адамзат жинақтаған білім қорының қол жететін, маңызы зор құндылық екендігін түсініп, сезіну басталады. Осы жағдайдан келіп жасөспірімдердің таным қызығушылығы арта түседі.
Оқу-танымдық іс-әрекет қоғам дамуы, ғылыми-техникалық үрдіс пен халықтардың рухани дамуы талаптарына сәйкес келетін білімді адамдарды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса-қабат оқу-танымдық іс-әрекет оқушы үшін объективті қиыншылықтарға толы күрделі үрдіс. Осы қиыншылық мұғалімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқаруды да күрделендіреді.
Оқу-танымдық іс-әрекет үрдісі ой еңбегі мен күш-қуатының баршама шығындалуын қажет етеді, ал оны жүзеге асыру әрбір оқушының қолынан келе беретін нәрсе емес, өйткені, интеллектуалдық іс-әрекетке барлық оқушылар бірдей жақсы дәрежеде даяр бола бермейді. Сондықтан оқу-танымдық іс-әрекет барысында тек қана білім қоры жинақталып қана қоймай, ұзаққа созылған зейін аудару, ақыл-ой күшін, ерік күшін жұмсау, ең маңызды нәрсеге назар аудару сияқты күрделі үрдіс те жүзеге асырылады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің нәтижелері еңбек іс-әрекетінің нәтижесі сияқты нақты көрініс таба алмайды. Мұғалімнің өз жауабына қойған бағасына қанағаттанбаған оқушы «Мен оқыдым-ғой»,– деп наразылығын білдіреді. «Мен оқыдым, мен білемін», – деген сенімі оның жетістігі аз болғанымен, көп уақыт пен күш бөлген еңбегінің нәтижесінде болып отыр. Оқушының үлкен еңбегі мен оны мұғалімнің бағалауының арасындағы мұндай сәйкессіздік оқушы үшін қосымша қиыншылық туындатады. Оқушының ұмтылыстары мен іскерліктері арасындағы сәйкессіздік көп жағдайда оның оқуға деген кері қатынасын қалыптастырады, тіпті оқушы мектепке келуге де ынтасыз болады.
Оқу-танымдық іс-әрекеттің барысын күрделі әрі қызықсыз ететін осындай қиыншылықтар оқыту үрдісінің ішкі мазмұны мен сыртқы сипатының арасындағы сәйккестікті туындатуды қажет ететіндігін айқын көрсетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушының жеке тұлғасының оқу-танымдық іс-әрекетін басқарудың мәні мен мазмұнын, ерекшеліктерін және әдіс-тәсілдерінің қыр-сырын ашу; оның білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау және қазіргі мектептегі оқытудың жаңа әдістері мен оқушыларды жаңа материалды меңгеруге мотивациялаудың қажеттілігі мен оның әдіс-тәсілдерін сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару ұғымына жан-жақты түсінік беру.
- Оқу-танымдық іс-әрекетін басқару міндеттерін анықтау.
- Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін мотивациялау арқылы басқару жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың практикалық мәні:
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару бірнеше факторларға тәуелді болады. Олардың ішіндегі ең негізгісінің бірі мұғалімнің өз пәнін мектеп оқушылары үшін қаншалықты қызғылықты етіп ұсына алғандығы. Өйткені, педагог ғалымдар атап көрсеткендей, қызығушылық – қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік сияқты барлық психикалық үдерістер мен қызметтерге оң ықпал етеді. Курс жұмысы шеңберінде оқушылардың меңгеруге міндетті пәндерді өз қызығушылығымен тез танып білуіне мүмкіндік беретін жолдар мен тәсілдер қарастырылады.
Курстық жұмыстың теориялық мәні:
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті оның білім алуының негізгі әрі ең маңызды факторы. Оқу-танымдық іс-әрекет оқушының сабақ үстінде және үй тапсырмасын орындауы кезінде жасалатын негізгі психологиялық-педагогикалық үрдісі. Оқу-танымдық іс-әрекеттің сыныптағы жоғарғы қарқыны сабақтың жоғарғы ұйымдастырылу деңгейіне, тақырыптың қызықтылығына, меңгерілетін жаңа материалдың өзіне керектігін оқушының өзінің түсініп, саналы түрде қабылдауына көбіне-көп тәуелді болдаы.
І ТАРАУ. ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Оқу-танымдық іс-әрекетінің мәні мен мазмұны
Оқытудың немесе методологиялық негізі философия болып саналады. Гносеология – танымдық теориясы. Диалектика заңдылықтары жатады. Философиялық ілімге сүйене отырып (дидактика) оқытуды, оқу-танымдық үрдістің бір бөлігі деп есептейді.
Сонымен, танып-білу – бұл адамның сана-сезімінде қоршаған дүниенің бейнелену үрдісі. Ғылыми тану өзара бірлікте болатын нақтылы-сезімдік және абстрактілік түрде өтеді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда таным бірнеше сатыға бөлінеді:
1-саты – нақты пайымдау, сезім мүшелері және түйсік арқылы айнала қоршаған орта дүниелерін тану; сезімсіз біз ешнәрсені де тани алмаймыз;
2-саты – абстрактілік ойлау, бұл кезде танудың алғашқы сатысында алынған жаңа материалдар адамның ми қызметі арқылы оның санасында өңделеді, қорытындыланады, тұжырымдалады, синтезделеді, бір жүйеге келтіріледі.
3-саты – тәжірибелік. Адам айнала қоршаған ортаны ой тұжырымы арқылы ғана танып қоймай, зерттік тәжірибелер кезінде алынған мәліметтердің ақиқаттығына көз жеткізеді. Танымның бұл сатысында адамның барлық танымдық қызметтері «жұмыс істейді».
Ал, мектеп оқушыларының таным үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
- таным үрдісінің ғылымдағы объектісі белгісіз құбылыстар. Ал оқушылар ғалымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі. Оқушгыларды оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын өтпейді. Олар ғылымның ақиқат ашылған жаңалықтарын игереді. Ол білімдер кездейсоқтықтардан тазартылған, жүйеленген, сенімді. Әрине, мұғалім оқушыларды ғылымдағы таластармен таныстырады. Сонымен оқушыларды ғылыми ізденістерге ынталандырады.
Оқушылардың таным үрдісі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің, ұстаздардың көмегімен әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер негізі іріктеліп алынады.
- Мектептегі таным үрдісі тек білім берушілік сипатта ғана емес, сонымен қатар, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады.
- Білімді игеру барысында оқушылардың ақыл-ой қабілеттері дамиды, олардың көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.
- Оқушылардың таным үрдістері олардың жастарына қарай ұйымдастырылады.
Оқытуда таным үрдісінің әрбір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар үрдістер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда, оны дамытуды үлкен роль атқарады.
Демек, оқу үрдісінің сатылары, өзара байланысты тұтас, толық таным үрдісі екендігі табиғи заңдылық.
Оқытудың мақсаты тек оқушыларға білім, білік, дағды берумен ғана емес, сонымен қатар олардың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Осындай қасиеттердің бірі-танымдық қызығушылықты тұрақтандыруға бағытталған танымдық белсенділік, әрекет және ықылас арқылы білімді тиімді игеру болып табылады. Оқушылардың шығармашылық күштерінің, бейімділігін және қабілеттерін дамыту танымдық мағынасымен және қоғамдық маңыздылығы толтырылған, үздіксіз, жан-жақты әрекетті талап ететін күрделі жүйе. Бұл жүйеде маңызды орын танымдық қызығушылықтары беріледі. Танымдық қызығушылық барысында ықылас ерекше көрініс табады.
Танымдық ықылас жүйелі түрде бекітіліп және дамып, оқуға деген жағымды ынта негізін құрайды, оны біреулер «білімге деген құмарлық» деп қараса, басқалары «оқуға деген әуестік» деп топшылайды. Психолог мамандардың пікірінше, танымдық ықылас «ізденіс» сипатына ие болады. Оның әсерімен адамдар үнемі туындайтын сауалдарға жауаптарын өздері белсенді іздеп табады. Мұның барысында оқушының ізденістік әрекеті қызығушылықпен іске асырылып, оның эмоционалды көңіл-күйі көтеріліп, қуанышқа кенеледі.
Педагог және психологтардың арнайы зерттеулері айқындағандай, танымдық ықылас өзінің оңтайлы әсерін тек іс-әрекеттің жүйесіне және нәтижесіне тигізбей ғана, психикалық жүйелерге де әсер тигізеді: ойлау, қиялдау, есте сақтау, және танымдық ықылас ықпалымен ерекше белсенділік және бағыттылыққа ие болатын сезімдер. Танымдық ықылас-біз үшін оқушыларды оқытудың маңызды себебі. Оның ықпалы зор болып келеді. Танымдық ықылас ықпалымен, тіпті әлсіз оқушылардың да оқу жұмысы өте өнімді болады. Мұны Л.С.Славинаның зерттеулері дәлелдеген. Ол үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс атқаруда тек оқытушының тапсырмаларын орындауды талап ететін әдеттегідей оқу жағдайын, өзіне ойын немесе жарыс элементтерін енгізген жағдайға өзгертті. Мұның нәтижесінде оқытушыларды таң қалдырған құбылыс орын алды: үлгерімі төмен және жалқау оқушылар қалыптасқан жаңа оқу жағдайларының ықпалымен оқуға белсенділік, байқағыштық, түсінгіштік танытып, бұрын қиын болып көрінетін мәселелерді өздері шешетін дәрежеге жетті.
Танымдық ықылас ықпалымен, кез-келген оқу тапсырмаларын орындауда шығармашылық танытып, танымдық мәселені орындаудың тиімді, жаңа тәсілдерін іздейді. Олар оқытушыны сынып ішінде үнемі қолдап отырады: сабақтарда белсенділік танытады, күрделі қиын мәселелерді шешуге көмектеседі. Ал сыныптастарының ұжымы ішінде – білім алудың қосымша қайнары, қызықты және танымдық істердің бастаушылары болып табылады. Ықыласта интеллектуалдық жүйелер ерекше білдіріледі. Ықылас пәніне ұмтылыс сауал туғызады; оған жауап табу белсенді ойлау әрекетін білдіреді. Ықылас ықпалымен ой жылдам жұмыс атқарады. К.Д.Ушинский оқуға деген ықыласты «ойға толы ықылас» деп атайтын.
Танымдық ықылас оқушы тұлғасының бағалы тұрақты қасиеті ретінде қалыптастыру оқытушыдан жастан жасқа дейінгі қызығушылықтарының даму беталыстарын және оқушылардың жеке ұмтылыстары мен бейімділігін терең білуді талап етеді. Бірқатар зерттеулердің көрсетуінше, оқушылардың мүшелдік ерекшеліктерімен белгілі тәуелділікті болады. Бұл қызығушылықтың тұрақтылығы, мазмұнның тереңділігіне де байланысты болады.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қолдау және бекітудің психологиялық ынтасы жетістік болып табылады. Жетістікке жету барысында, оқушының жүзі қуанышпен, қанағаттанарлықпен ерекшеленеді. Жетістікке жету қуанышына бөленіп, оқушы басқа, одан да қиын істерді атқаруға дайын болады.
Оқушылардың төмендегі шарттар бойынша танымдық даму деңгейін анықтауға болады:
• ойлау әрекетінің маңызды шарты ретінде белгілі білім қорының болуы;
• тиімді танымдық жұмыс тәсілдерінің білім жүйесін қалыптастыру;
• игерілген тәсілді жаңа тапсырмаға аудара білу жиыны;
• анализ бен синтез тереңдігі мен толықтылығы;
• ой сапасының дамушылығы;
• жекеден жалпыға жылжу жылдамдығы;
• ойлау үнемділігі;
• интелектуалды белсенділік пен дербестік;
• ойлау әрекетінің жалпылануы;
• ойлаудың саналылығы;
• ойлау әрекетінің нұқалылығы;
• ойлай әрекетінің тұрақтылығы;
• ойлау дербестігі мен тараптардың көмегіне сүйену;
• оқушыларда оқуға жақсы қатынастың, танымдық мүдденің, үйренуге қажеттіліктің қалыптасуы.
Төменгі сынып оқушыларының оқуға, танымдық қызметіне деген мотивациясын арттыру үшін оқу үрдісі ерекше түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қазіргі кезде кез келген сабақ немесе сабақтар жүйесі мынадай нобай арқылы құрылады:
- мұғалім мақсаты құрастырады, бірақ бағаларды өлшеуішін түсіндірмейді;
- мұғалім алдына қойған мәселелерді қалыптасқан мақсаттардың элементі ретінде қарастырады;
- қалыптасқан мақсаттарға жету құралдары мен әдістерін мұғалім өзі таңдайды, яғни ол мақсатқа жетудің бірнеше әдісін ұсынады, сондықтан біз мақсатқа жетудің әдістерінің көпнұсқалығы туралы айтуымызға болады;
- жаңа тарсырманы меңгеріп, қорытындылау үшін оқушылар өз бетінше мұғалімнің ұсынған жаттығуларын орындайды;
- мұғалім орындалған жұмыстарды бағалап, оқушылардың білім деңгейін тексереді, ары қарай бұл цикл жалғаса береді.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқу - тәрбие үрдісі барысында білімді жинақтау болып табылады (дағдылар, шеберліктер). Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінді қажет болған жағдайда алған білімін (дағдыларын, шеберлігін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады. Алайда, азаматтық бүкіл өмірі бойы жиналған білімі мен ілімі соншалықты көп, терең. Сондықтан қазіргі оқыту үрдісінде оның бәрін оқушыларға жеткізу қиындап бара жатыр, тіпті мүмкін емес десе де болады. Ендеше оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, олардың оқуға деген ынтасын көтеру керек.
Біздің ойымызша, төменгі сынып оқушыларының танымдық мотивациясын арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай нобайы керек:
- мақсатты қоя алу ( мақсатты түсіндіру);
- мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі);
- нәтижені бағалай алу /32,34-36/.
Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын-орындалатын бөлу ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірбиесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылып, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екі талай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерекшеліктеріне, яғни ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні-жалпы білім жүйесінің тек қана бір бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ. Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесін негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретіні қозғаушы күш деп қарастырылады.
Түсініктерді қолдану үшін, адам, алдымен, білімнің негізін үйрену керек. Егер түсінік жоқ болса, адам әлемінің барлық түрлілігін тану керек, нәтижесінде ол еш нәрсені білмейді. Өйткені, түсініктер материалдық заттардың, құбылыстардың жалып қасиеттері мен қатынастарын нақты түрде қарастырады.
Біздіңше, төменгі сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып, көптеген жаттығуларды орындағаннан емес, оларды түсіну ғана болады. Танымдық қабілетті арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде төменгі сынып оқушыларының мотивациясын арттыруға көңіл бөлсе ғана олардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті, ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?