Тарих | Моғол хандығының құрылуы

 Тарих | Моғол хандығының құрылуы

Мазмұны
Кіріспе..............................................................................3
І – тарау
1.1 Моғол хандығының құрылуы............................................................5
1.2 Территориясы мен халқы...................................................................6
ІІ – тарау
2.1 Моғолстанға Темірдің басып кіруі қарсаңында............................13
2.2 Моғолстанға жасалған жорықтары.................................................19
Қорытынды......................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер
Сілтеме

Кіріспе
Моғолстанның құрылуы өзі пайда болғаннан былай саяси және экономикалық жағынан алғанда біртұтас бола алмаған Шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдырауымен байланысты. Мауараннахрды жаулап алған монғолдар жергілікті отырықшы-егіншілік және қала дәстүрлерінің ықпалымен жағдайға бейімделіп, отырықшылыққа ауыса бастады . Жетісуда қалған монғолдар болса, олар мұнда елеулі дәрежеде түріктенсе де, негізінен көшпелі тұрмысты сақтап қалды, ол былай тұрсын жергілікті халықтың егіншілері мен жартылай көшпелілерінің біразы көшпелі тұрмысқа көше бастады.
Таусылмайтын феодалдық соғыстар мен тартыстар өлкені ауыр-шаруашылық күйзеліске ұшыратты, ал Мауараннахрды мекендеген хандардың оны осындай жағдайдан құтқармақ болған әрекеттері түріктердің көшпелі бөлігінің және түріктенген моңғол феодал үстем тобының наразылығын туғызды. ХІV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұрпағы мемлекеті дербес мемлекеттерге айналған батыс және шығыс бөліктерге б-лінді. Моғолстан атанған бұрынғы Шағатай ұрпағы мемлекетінің шығыс аймақтарының феодал шонжарлары 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді хан қойды. Мұнда XIV ғасырдың ортасында саяси өмірдегі басты рольді Мауараннахрдан бөліну жолындағы қозғалысты басқарған дуғлат тайпасының көсемдері атқара бастады. Дуғлаттар бұл кезде Жетісудағы ең ірі түрік тайпаларының бірі болатын және едәуір территорияны алып жататын.
Дуғлаттардың феодал үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы-егіншілік жерлеріне де иелік етті.
Мырза Мухаммед Хайдар дуғлат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған деп жазады. «Шағатай-хан өз мемлекетін [үлестерге] бөлгенде, ол Өртөбеге (Өрте-Бараққа), әмір Поладшының атасына, Маңлай Сүбені [облысын] берді... Оның шығыс шекарасы — Құсан, (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уәлаятының орналасқан; солтүстік шекарасы — Ыстықкөл, ал оңтүстігінде — Жарқан мен Сарыұйғыр.
1.1 Моғол хандығының құрылуы.
Әмір Поладшы билеген осы аталған бүкіл территория Маңлай Сүбе аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішінде ең үлкендері: Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Андижан, Ақсу, Атбасы, Құсан. Осы қалалардың ішінен әмір Поладшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды». Кейіннен бұл аудан Моғолстан билеушілері өкіметінің ауық-ауық тірек базасы ролін атқарды .
Дуғлат руынан шыққан әмірлердің XIII ғасырдың өзінде өрлеуі туралы мағлұматтарды «Та'рих-и Рашиди» авторы сөзсіз өсіріп айтқан; ол өз аталарының билікке деген дәмесін, ежелгі тайпаның басқа руларға қарағанда бас ру екендігін, хандарға дәстүрлі жақындығын негіздемек болған. Мұны В. В. Бартольдтің өзі-ақ Рашид ад-диннің дуғлаттар туралы айта келіп, осы тайпадан «ол ғасырда [XIII ғасыр] және қазір де сый-құрмет пен даңққа бөленген ешкім де мәлім емес» деп ескерткен пікірін негізге алып атап көрсетті. Алайда XIV ғасырдың екінші жартысында дуғлаттардың басқа түрік және түріктенген тайпаларға қарағанда саны мен әскери күші жағынан, деректемелерге қарағанда, шын мәнінде басым болғаны және дуғлаттан шыққан әмірдің хандықты құру жолындағы күресті басқарғаны күмән келтірмейді.
Дуғлаттардың үстем тобының басшысы әмір Поладшы Мауараннахрдан бөлектенген хандық құрмақ болып, өзінің басшылық жағдайын нығайтуға және феодалдық егестерді бәсеңдетуге үміттенді. Бұл егестер туралы деректемелер былай деп жазады: «Моғол ұлысы хансыз қалды, моғол халқында әркім өзіне бас болып, ұлыста тәртіпсіздік орнады», «әрбір моғол әмірі тәуелсіздік пен өз билігіне ұмтылып, қарсы әрекеттер мен егестердің жалауын көтерді».
Дуғлат көсемдері арқылы моғол шонжарлары Жетісу мен Шығыс Түркістанда өз билігін нығайтқанымен, көршілес Мауараннахр мен Ақ Орданың феодалдары сияқты қалыптасқан дәстүрді бұзуға және Шыңғыс әулетінен билікті тартып алуға батылы бармады. Поладшы таққа өзі қойған ханды отырғызбақ болып, Шағатай әулетінен Дуваханның немересі 18 жастағы Тоғылық-Темірді қалады: «Моғол тілінде '[шежіреде] әмір Поладшы-ханды он алты жасында... әкелді деп айтылады. Он сегіз жасында [Тоғылық-Темір] хан болды, жиырма төрт жасында мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді». Күрделі, саяси жағынан тұрақсыз жағдайда дәл осы хан феодал шонжарларға сүйене отырып, өзінің билігін күшейтті және моғол хандарының жаңа, едәуір орнықты әулетінің негізін салды.
Өздері қойған адамды хан етіп бекіте отырып, дуғлат әмірлері ел ішіндегі өз ықпалын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өз иелікіерін түрік әмірлерінің билік үшін шиеленіскен күресі жүріп жатқан Ферғана мен Мауараннахр тарапынан болатын шапқыншылықтан қорғауға, ол былай тұрсын көрші елдің ісіне араласуға тырысты .
1.2 Территориясы мен халқы
Жаңа мемлекет бұған дейін Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасқан атпен, яғни Моғұлстан («Моғолстан») деп атала бастады. Мырза Мухаммед-Хайдардың «Та'рих-и Рашидиіне» сәйкес Моғолстанның шекарасы төмендегідей болды: «...қазір Моғолстан деп аталатын территорияның ұзындығы мен көлденеңі [ұзақтығы] 7—8 айшылық жол. [Моғолстанның] шығыс шеті қалмақтардың жерімен шектеседі және Барскөл, Емел және Ертісті [өзіне қосады] . Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Бум мен Қаратал арқылы өтеді , батысында [Моғолстан] Түркістан және Ташкентпен шектеседі; оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі», яғни Моғолстанның едәуір бөлігін Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанның территориясы құрады. «(Оңтүстік шекараның) ұзындығы сауда керуенінің үш айшылық жолына жетеді және тоқсан күншілік асуы бар». Бұдан әрі Мұхаммед-Хайдар былай деп жалғастырады: «Моғолстанда көлемі жағынан Жейхұнға (Амудария) тең көптеген ірі өзендер бар, олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, Шұлық (Шу) және Нарын бар. Бұл өзендер Сейхұннан (Сырдария) бірде-бір кем емес. Осы өзендердің басым көпшілігі Моғолстан мен Өзбекстан (Шығыс Дешті Қыпшақ) арасына орналасқан және оларды бөліп тұрған Көкшетеңіз көліне құяды».
Моғолстанның шекарасы тұрақты болған емес, оның бір жарым ғасырлық өмір сүрген уақыты бойында өзгеріп отырды. Алғашқы хан Тоғылық-Темір мемлекетінің құрамына Моғолстанның өзі мен вассалдық иелік ретінде Шығыс Түркістанның бір бөлігі (дуғлат әмірі Поладшының үлесі Маңлай Сүбе) кірді. Кейіннен Шығыс Түркістан бірде Темір ұрпағының мемлекетіне кірді, немесе қайтадан Моғолстан билеушілерінің қол астына қарады; XV ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап Моғолстан хандары иеліктерінің құрамына Ташкент пен Сайрам енді, бірақ Жетісу тыс қалды. Моғолстанның ыдыраған кезінде XVI ғасырдың басында оның хандарының билігі тек Қашғариямен ғана шектелген еді.
Тарихи-географиялық «Моғолстан» термині, мемлекеттің өзінің аты сияқты «моғұл», «моғол» этнонимінен құралған; «монғол» сөзі Орта Азияда осылай жазылатын болған, айтылғанда да солай айтылса керек. XIV ғасырдың өзінде-ақ мұнда ауысқан моңғол рулары мен тайпалары жергілікті түрік халқымен сіңісіп кетті. Моғол тайпалары деректемелерде түрік тайпалары ретінде, өзінің негізінде шығуы жағынан автохтондық болып көрінеді. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның негізгі халқы мұнда Моғолстан өмір сүрген кезде түрік тілдес болды.
Моғолстан орта ғасырлық авторлардың тарихи шығармаларында мемлекеттің құрылу кезеңіне қарай «моғол» атты этникалық-саяси біртұтастыққа бірігудің ұзақ араласу және сіңісу процесінен өткен жергілікті түрік және түріктенген монғол тайпаларының мемлекеттік-саяси бірлестігі ретінде көрінеді. Деректемелер моғолдарға түрік атаулары да, монғол атаулары да бар ірі тайпаларды жатқызады, олар: дуғлаттар (дулаттар), қаңлылар (бекшіктер), керейіттер (керейлер), аргинуд (аргинут) баариндер, арлаттар, барластар, бұлғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар (мәселен, үйсіндер) деректемелерге енбеген, бірақ сол кезеңнің барлық әскери-саяси оқиғаларына қарамастан олардың мұнда одан әрі өмір сүргеніне ешбір күмән жоқ. [Орталық Азияның саяси картасында XIV ғасырдың ортасында Жетісуда орталығы бар Моғолстан мемлекетінің пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақ территориясында Ақ Орданың пайда болып, нығаюымен қатар Қазақстан тарихында маңызды оқиға болды.
«Та'рих-и Рашиди» бойынша Тоғылық-Темір дуғлаттардың феодал үстем тобының, сондай-ақ басқа тайпалар (оның әскербасылары қатарында керейіт, аргинуд, қаңлы тайпаларының әмірлері мен бектері аталады) ақсүйектерінің қолдауымен едәуір дәрежеде жағдайды қалыптастырып,.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!