Тарих | Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы

 Тарих | Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………….........3-5 бет
I – тарау Түрік қағанатының қоғамдық - саяси құрылысы.
1.1 Түркі халықтарының жазбаша ескерткіші............................... 6-9 бет
1.2 Түрік қағанатының құрылуы және территориясы...................9-18 бет
1.3 Көне түрік қағандығының мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі..........................................18-27 бет.
II – тарау Түрік қағанатының саяси тарихы
2.1. Түрік қағанатының эфталиттерді талқандауы...........................27-31 бет
2.2. Түрік қағандығының Византиямен соғысы............................31-35 бет
2.3. Түріктердің Иранға жорығы. .................................................... 35-41 бет
2.3. Түрік империясының құлдырауы және құлауы....................41-46 бет
2.4. Батыс және Шығыс Түрік қағандығы.....................................46-53 бет
Қорытынды……………………………………………...………… 54-56 бет
Қолданылған әдебиеттер.................................................................57-60 бет

Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, тіпті олардың кейбіреулерін кіріптар қылып қойды. Түрік державасының геосаяси орнының өзін “Түркі мемлекетінің құрылыуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір дәрежеде бетбұрыс кезең болды өйткені сол кезге дейін орта теңіз мәдениеті мен Қиыр Шығыс мәдениеті, бір – бірінің дүниеде бар екенін білсе де, басы қосылмаған еді” – деп Лев Гумилев дәл анықтап көрсеткендей, Түркі қағанатының басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасындағы транзиттік функциясы мықты болды. Өз кезегінде Түркі қағанатының саяси дамуы көрші мемлекеттермен тайпаларға ықпал етіп, әлсіздерін өздеріне бағындырып отырды.
Түркі әлемінің тарихтың қай белесінде де сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі трансформацияға түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.
Мәселенің өңделуі. Диплом жұмысының негізінен VI ғасырдың ортасы – VIII ғасырдың басындағы Көне түрік империясының саяси тарихы, саяси - құқықтық қатынасы, сонымен қатар Түркі қағанаттырының қоғамдық – саяси құрылысы, басқару жүйесі зерттеліп, Түркі империясының эфталиттерге, Византияға, Иарнға жүргізген жорықтары мен қатар империяның сыртқы қарым – қатынасы жеткізіледі.
Түркі державасының геосаяси орнынын анықтап, басқа мемлекеттермен қарым – қатынасындағы Батыс пен Шығыс арасынадағы транзиттік функциясы атап көрсетіледі. Уақыт өткен сайын тарих зерттеліп, зерделеніп, жаңа деректермен толықтырылып тұрады. Сондықтан да дерек көздері жаңа өзгерістерге лайықты еңбектерден алынды. Көне түркілердің тарих сахнасындағы орны мен маңызы туралы мәселелер Президентіміз Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы, И.Тасмағамбетовтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған «Байырғы түркі мәдениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда оқыған «Елдік пен ерліктің ерекше ескерткіші» деген тақырыптағы баяндамасында жан-жақты талдаулар жасалып, сындарлы ойлар айтылған. Алып мемлекеттің құрылуы және территориясы туралы Л.Гумилевтің «Көне түріктері», Қ.Салғариннің «Түріктер, жужандар», С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтановтың «Казахстан: летопись трех тысячелетии» атты еңбектерінен алынып сараланды. Түрік қағанатының саяси тарихы, яғни көрші мемлекеттер мен қарым-қатынасы, Иранға жорығы, Византиямен соғысы К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы», Х.Абдрахманның «Түркілер тарихы мен тағдыры», А.Н.Шмидтің «Орта Азия мен Иран тарихы жөніндегі материалдар» атты еңбектері дерек көзі ретінде қолданылды. Сондай-ақ көне түркі империясына қатысты зерттеулер мен толғамдар баспасөз деректерінен алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Көне Түркі мемлекеттерінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды. Жұмыстың мақсаты көне Түркі империясы мен Екінші Түрік империясының саяси тарихын зерттеп, далалық империяның ел басқарудағы, сыртқы қарым – қатынасындағы ерекшеліктері қаралды. Түркі империясының сыртқы қарым – қатынастарын зерттей отырып, геосаяси орнын анықтау, сонымен қатар көне түркі қағанатының саяси тарихын жан – жақты қарастыру. Жалпы диплом жұмысы оқиға соңынан түсіп, түрколог ғалымдардың көне түркі империясының саяси тарихына қатысты қос мағыналы және қарама – қарсы түсініктерін сараптай отырып, шынай баға беру болып табылады.
Зерттеу деректері. Ғалымдардың, тарихшылардың ғылыми еңбектері, жеке зерттеулері мен монографиялары, ғылыми көпшілік еңбектер, қоғамдық –саяси, ғылыми- көпшілік және арнайы басылымдар сондай – ақ интернет пен оқу әдістемелік және басқа да құжаттар болып табылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес ғылыми-танымдық әдістер қолданылды: тарихи, салыстырмалы түсіндіру және т.б.
Тәжірибелік құндылығы. Дилом жұмысының маңызы, оның тың мәліметтері мен ой тұжырымдары жаңаша көзқарасты қалыптастыруға себебін тигізеді және студенттер үшін білімділік қажеттіліктерін ары қарай дамытады. Осы жұмыстағы ой – тұжырымдар тарихи айғақтар және пайымдаулар ежелгі “ Қазақстан тарихы” пәндерін оқытуда қажетті дерек болып табылады.
Зертеу міндеті. Көне түркі империясының саяси тарихына қатысты мәселелерді ашып көрсету.
Зерттеу объектісі. «Өткенді білмей, қазіргінің мәнін және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес» -деп М.Горький айтып кеткендей бүгінгі таңдағы түркі халықтарының түп-тамыры болып табылаты көне түркі қағанатының саяси тарихы негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың байқап көрілуі. Дипломдық жұмыс “ Қазақстан тарихы” пәнінің семинар сабағынада талқыланды және негізгі нәтижелері жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік – гуманитарлық және географиялық, т.б. ғылымдар бойынша VIII - IX студенттердің ғылыми конференциясында баянадалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты мен міндеттері, методологиялық негізі дәйектелген. Жұмыстың бірінші тарауы, “ Түркі қағанатының қоғамдық саяси құрылысы” деп аталады. Бұл жерде көне түркі қағандығының құрылуы, террториясы, мемлекеттік басқару және құқықтық жүйесі қарастырылады. Далалық империяның ел басқару жүйесіндегі, әскери қүрылымындағы ерекшеліктері толық көрсетіледі.
Жұмыстың келесі екінші тарауы “ Түркі қағанатының саяси тарихы” деп аталады. Бұл жерде түрік қағанатының сыртқы қарым –қатынасы қарастырылып, ежелгі түріктердің қысқа уақыт ішіндегі әлемдік дәрежедегі, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орнатып, қағанаттың сыртқы қарым – қатынасында дүние жүзілік саяси процестерге белсенді қатысқаны көрсетіледі.
Қорытындысында империяның әлемдік империялар дәрежесінде болған ірі мемлекет екенін қарастыра отырып, қазіргі таңдағы түркітану ғылымындағы көзқарастар мен ой – тұжырымдар баяндалады.
I – Тарау.
Түркі қағанатының қоғамдық – саяси құрылысы.
1.1 Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші.
Түркілердің тарихы VII – VIII ғасырларда жазылған Орхон – Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескертікштер – бір замандарда түркілер мекендеген Енисей өзенінің маңайынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан олар Орхон – Енисей жазуы деп аталып кеткен Ескерткіштер VII – VIII ғасырлардағы түркі тайпаларының іргелі елі Түркі қағандығының тұсында тасқа қашалған Білге қаған ( хан ), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
Орхон – Енисей құлпытастарын алғаш Г. Спасский зерттесе, 1889 жылы орыс ғалымы Н. М. Ядоинцев Монғолия жерінен оның жаңа нұсқасын тауып ғалымдар назарына іліктерді. Ескерткіш жазуын белгілі Дания ғалымы В. Томсен оқып, 1893 неміс тіліне аударды. Академик В.В.Радлов басқарған Ресей археологиялық экспедициясы 1894 жылы бұл жазба ескерткіштерді орыс тіліне аударды. [1 ]
Ескерткіш тестері Түркі қағандығы дәуірінде қолданылған түркі және Қытай жазуларымен екі тілде тас бетіне ойылып жазылған.
Бұл мұралар сол ежелгі дәуірдегі Еуразияның шетсіз – шексіз кең даласын жайлаған түркі халықтарының шаруашылық, қоғамдық - әлеуметтік, саяси және мәдени тіршілігі мен өмір салтын жан – жақты сипаттап көрсетеді. Сол тарихи кезеңнің тынысы, түркі халықтары өміріндегі ірілі – уақты оқиғалар, сол дәуірдің көрнекті мемлекет қайраткерлерінің тарихи істері белгілі бір белгілі бір дәрежеде баяндалған. Осы жағынан алғанда, Орхон – Енисей жазба ескерткіштері ішінен ерекше кезге түсетіндері ‘’ Күлтегін’’ , ‘’Білге қаған’’ ( 785 ) және ‘’ Тоныкөк ‘’ ( шамамен 726) жырлары. Бұл жырларды бірінші Түрік қағанатының 630 жыл күйреуімен , екінші Шығыс түркі қағанатының құрылуымен байланысты оқиғалар,Білге қаған, Елтеріс қағанның кеңесші – ақылгөй Тоныкөк пен Күлтегін батырдың ерліктері сөз болады.
Жырларда атап көрсетілгендей, ежелгі Түрік қағанаты негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі мемлекет. Ол рулық – тайпалық құрылымы жағынан бодундар, (он- оқ бодун) ретінде, әлеуметтік жағынан қаған – бектер, әскери – тайпалық ақсүйектер, қара халықтан тұратын қауым, ал әскери басқарылу құрылымы жүйесі жағынан ел деп сипатталады.
Орхон – Енисей жазуларындағы басқа көңіл аударатын мәселе халық – тайпаларының тағдырының әрқилы болғандығы. [2] Әлбетте, олардың тағдыры өздерімен көршілес елдермен және өз ағайындарының тағдырымен тығыз байланысты еді. Сол жаугершілік дәуірдегі түркі халықтарының тіршілігі әсте жайбарақат емес – ті себебі, олар өздерінің алыс – жақын көршілерімен, кейде өздерінің туыстас тайпалармен жанжалдасып, жауласып отырған. Ежелгі Түркілер ат құлағында ойнаған жауынгер ел болған, жауласудан қорықпаған, олжа табу үшін, т.б себептермен алыс жақын көршілеріне, қарсы жорыққа шығып, жиі соғысып жүрген. ‘’ Тоныкөк’’ жырында: ‘’ Асусыз Алтай тауынан асып, өткелсіз Ертіс өзенінен өтіп, түркештерге шабуыл жасап, қағанын тұтқынға түсірдік, шадын өлтірдік’’ – дейді.
Үздіксіз жүргізілген соғыстар, сырттан болған шапқыншылық, алым -–салықтың ауыртпалығы, ішкі қайшылықтар мен тақ үшін қақтығыстар түркі елінің берекесін кетіріп, қатты әлсіреткен. Оның нәтижесі туралы жырда: ‘’ Түркі халқы қырылды, әлсіреді, жойылды. Түркі халқы жерінде тіршілік қалмады’’ – делінген. Бұл түркі халықтарының ішкі қайшылықтары ушығып, ел басына қара бұлт төнген кезі. Түркі кезінде Қытай империясының жансыздарының зымиян әрекеттері бел алды, олар түрік халықтарын бір – біріне айдап салды, ағайындарды – ағалар мен інілерді, халық пен бектерді өзара ұрыстырды, елде алауыздық пен сатқындық етек алған. Соның нәтижесінде түркі мемлекеттерінің берекесі кетіп, күйреп, ол патшалық құрушы қағанның басын жалмаған. Жырда Бірінші түрік қағанатының күйреуі (630 ж) оның басты себептері негізінен дұрыс баяндалған.
Әрине VI ғасырдың ортасында дүниеге келген Бірінші түрік қағанатының құрылуы, дамуы мен күйреуі осы жыр жазылған уақыт ( шамамен 731 ж ) тұрғысынан алғанда атам заманда болып өткен оқиға болатынды. Дегенмен, Түркі қоғамы мен мемлекетінің қоғамдық – саяси мәселелерін баяндауда аталған жырларда шындықтан ауытқымауға, нақтылы тарихи көзқарас шеңберіне шықпауға ұмтылыс бары байқалады. Түркілер жайлаған орасан зор аймақта жауласумен қатар достасу, алыс – беріс, сауда, т. б. Сияқты қоғамдық – әлеуметтік, саяси қарым – қатынастар тоқтамай жүріп отырған. Өмір өзінің қалыпты арнасына түсіп елдің экономикалық және саяси қуатының артуы күшейген. Осыған байланысты жырда: ‘’ Еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды’’ делінеді. [ 3 ]
Аталған жырлардағы тағы бір маңызды мәселе: ел көсемі – қағанның қолбасшының, ақылгөй – кеңесшінің, бектер мен қара халықтың өзара қарым – қатынасы орынды көтеріледі.Сондықтан жазбаларда әміршінің ақылды саясаты мен билігі, ел басшысына деген халықтың көңіл – күйі, құрметі, т.б. туралы көп айтылады. Қаған: ‘’ Түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым’’ – дейді. Әрине қай дәуірде болсын, елді өз билігіне бағындыру, көндіру үшін басшыға деген сенім, бедел қажет.
Орхон – Енисей жазуларына қарағанда, түркі халықтары алыс- жақын көршілермен – елдермен, мемлекеттермен әртүрлі қатынастарда болғандығы, олар сол дәуір шеңберінде қарым – қатынастардың маңызды талаптары мен принциптерін жүзеге асыра білгендігі және оларды белгілі – бір деңгейде ұстай білгендігі байқалады. [ 4 ] Түркілердің сол замандағы әлемнің ең қуатты, күшті мемлекеттеріне өздерін сыйлата алатындығы айдан анық. Оны біз Күлтегін марқұм болғанда Түркі қағанатына әлемнің түкпір – түкпірінен көңіл айтушы өкіл, елшілердің келгенін, яки Қытайдан, табғаш, Қырғыз қағандығанан өкіл елшілердің келуінен көреміз.
Орхон – Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарай көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсекте, мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар - өздерін түркіміз деп есептеген VI Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген халықтың еншісі.
Әйгілі ғалым Л.Н Гумилев айтқандай, ұлы даладағы көшпенділер империясы көп ғасырлар бойы төңірегіндегі отырықшы елдердің қай – қайсысының да экономикалық – мәдени дамуына елеулі ықпал етіп, тарихында өшпес іздерін қалдырып отырған. Оны біз Орхон – Енисей жазбаларынан айқын көреміз. Ежелгі дәуір мұралары бізге сонысымен де құнды.
1.2. Түрік қағанатының құрылуы және территориясы.
VI ғасырдың ортасында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде әлемдегі аса ірі қуатты империялардың бірі Көне Түркі империясы құрылды. Сонымен қатар жаңа этникалық тип түркі тілдес халықтардың іргесі қаланды.
‘’ Түрік мемлекетінің құрылуы бүкіл адамзат тарихында белгілі бір кезеңде бетбұрыс дәуірі болды’’ деп жазды белгілі ғалым Л.Гумилев өзінің ‘’ Көне түріктер’’ деген іргелі зерттеуінде [ 5 ]. Көне түрік мемлекеті Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетін жалғастырушы ғана емес, сонымен қатар ол өз мәдениетін, мемлекеттік құрылысы мен идеологиясын жасады, әлемдік тарихта үлкен із қалдырды.
‘’ Түрік’’ сөзі (қытайша ‘’тукюе’’) б.д. VI ғасырында бірінші рет көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда Түркілер Монғолиядан және Қытайдың Солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы көшпелі империяның негізін қалады. [ 6 ]
Ұлы далада Түркі мемлекетінің, түркі тілінің қалыптасу дәуірінен дерек беретін Күлтегін ескерткішінде былай деп жазылды: “ Әлемнің көгінде аспан, төменінде қоңыр жер пайда болғанда, осы екеуінің, арасында адам баласы жаратылды. Адамзат баласының үстінен менің балаларым Бумын қаған мен Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, түркі заңдарын шығарып, оны бекітті”. Мұнда дүниенің төрт бұрышын түгел өзіне табындырған алғашқы Түркі қағандарының билік құрған уақытымен байланысты суреттеледі.
‘’ Түрік’ этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде Қытайдың Вэй княздігінің солтүстік өңірлеріне Солтүстік – батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. [ 7 ] Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуының өзек болған оқиғаларға байланысты.
Түркі қағанатына 552 – 744 жж негіз болған басты 4 тайпа: түркі( ашина), оғыз( теле),қыпшақ (сір) және қырғыз болатын. [ 8]
Түркі аңыздарымен Қытай тарихында Ашина Шығыс Түркістанда өмір сүрген кезде өздеріне жаңа бір этникалық топты қабылдап, жергілікті тұрғындармен араласып кетті деген деректер бар. III ғасырдың соңынан 460 жылға дейін аумақта ашиналармен бірге Иран (соғды) және Тохар
( индоеуропалық) тілдес тайпалар мекендейді. Олар белгі бір дәрежеде ашина тайпасының тілі мен мәдениетінің қалыптасуна әсер еткен. Бұл кездері соғдылар аумағы бүкіл Ұлы жібек жолы бойымен Қытайдың ішкі қалаларына дейінгі аралықты алып жатты. Олардың ішіндегі ең ірісі Қытай тарихында ‘’ теле’’ деген атпен белгілі болған ірі тайпалар бірлестігіне кірген оғыздардың тайпалық одағы еді. IV – V ғасырларда осы бірлестікке кірген көптеген тайпалар Еуразия даласының Батыс жағында да пайда болды. Олардың негізгі аумағы Жоңғария мен Хинган жоталары болған еді. Түркілердің мәдениеті мен мемлекетіне аса зор ықпал еткен түркі – соғды тілдерінің жақындасуы дәл осы кезден басталды. Демек түріктер Л.Гумилевтың атап көрсеткеніндей тайпалардың этникалық араласуы нәтижесінде V ғасырдың аяғында пайда болған . Келгіншілердің жергілікті халықпен біртуғандай ұласып кеткені сондай, арада жүз жыл өткеннен кейін,546 жылы олар көне түрік немесе түркіттер деп аталатын тұтас бір халық боып шыға келеді. Сөйтіп, Қытайлар Тумынь деп атаған ( түркі жазбасында Бумынь) империяның негізін қалаушы болып табылды.
Солтүстік Қытайда жаңа соғыс бұрқ етеді. Шығыс Вэй империясының билеушісі Гао – Хуань жужан ханы Анағуймен және Тоғон ханы Куалүймен одақтасып, Батыс Вэй империясына шабуыл жасап, бәсекеші – бақталасы Юйвынь Тайды қысады: алайда одақтастар шешуші жеңіске жете алмайды. Батыс Вэй императоры Вэнь – ди Ань Нопаньто деген біреуді достық қатынас жасау үшін түрік қағаны Бумынға жібереді [ 9 ].
545 жылы Түріктерге келген елші қуанышпен қарсы алынды.’’ Ордадағылар: бүгін бізге ұлы мемлекеттен елші келді, ұзамай біздің мемлекетіміз де өрге өрлейді’’ – деп бірін – бірі құттықтай бастайды.
Халқының көңіл күйіне бейімделген Бумынь өз алдияры – Жужан ханына адал еместігін танытып, Батыс Вэй астанасы Чаньанға жауап ретінде көп тарту таралғымен елшілерді аттандырады, сөйтіп өз мырзасының жауымен одақ құрады.........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі