Курстық жұмыс: Тарих | Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы

Курстық жұмыс: Тарих  |  Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы казакша Курстық жұмыс: Тарих  |  Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе
1 Патшалық Ресей тұсындағы зерттеулер
1.1 Түркі руналық жазба ескерткіштерінің зерттелуі
1.2 Ежелгі түріктер тарихының жазба деректер негізінде зерттелуі
2 КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
2.1 Ежелгі түріктердің саяси және әлеуметтік-экономикалық тарихы мәселелерінің зерттелуі
2.2 Ежелгі түріктердің мәдени дамуына тарихшылар көзқарасы
3 Тәуелсіз Қазақстандағы түріктану мәселелері
3.1 Қазақстандағы түріктану ғылым саласының бағыттары мен сипаты
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ежелгі түріктер дәуірі немесе ежелгі түріктер заманы деген ұғым тарихи әдебиеттерде екі түрлі мағынада қолданылады. Саяси даму үрдісін білдіргенде VI-VIII ғасырларды қамтиды, яғни ежелгі түрік мемлекеттері заманын көрсетеді (тар мағынасында). Ал енді тарихи – этномәдени даму үрдісін білдіру үшін кең мағынада қолданылғанда V-X ғасырлар арасындағы мезгілді көрсетеді. Тарихи – хронологиялық жағынан алғанда бұл кезең ұлан байтақ территорияны мекендеген әр түрлі тайпалардың бәріне түсінікті ортақ тілдің, өзара жақын әдет-ғұрыптың, қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуымен сипатталады. Біздің зерттеу нысанымыз VI-VIII ғасырларда өмір сүрген ежелгі түріктердің тарихының зерттелу деңгейі болып табылады.
Батыс пен Шығыс арасын жалғастырушы дәнекер рөлін атқара жүріп ежелгі түріктер тамыры терең, айшықты дәстүр салты бар өзгеше дала мәдениетінің негізін салып, қоғамдық - әлеуметтік институттардың күрделі түрлерін, еншілік жүйесін, соғыс өнерін, елшілік үрдісін игере білді. Сол сияқты олардың көрші елдердің идеологиясына қарсы қоятын мұқият әзірленген дүниетанымы да болды. Бұл жөнінде зерттеушілер арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер, түрлі көзқарастар, болжамдар аз емес. Еуроцентристік көзқарасты жақтаған еуропалық, патшалық Ресей тұсындағы ғалымдар ежелгі түріктер ерекше діндар болмады, саудаға да бейім емес еді, сондықтан төл жазуының әліпбиін шығаруға құлықсыз болды. Қатаң даланың жыл мезгілдерінің ығына жығылып, көшіп-қонып жүріп табиғатқа тәуелділікке түскен көшпелілердің қоғамы – тарихы жоқ қоғам дейді.
Қазақстан тарихы Қазан революциясынан кейін де ұлы державалық шовинизмнің кеңестік үлгісі шеңберінде қалды. Оны моноцентризм теориясы, яғни өркениетті бір орталықтан, бұл жағдайда Ресейден бастау алуы тұтандырып отырды. Бұл идеологияның жетекшілері әуел бастан өркениетті – озық Русьті, Ресейді бетке ұстады. Алайда Оңтүстік Сібір мен Орталық Азияда ұзақ жылдар бойы жүргізілген археологиялық және палеографиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері көшпелілер «адамзаттың арамтамағы» деген үстірт түсініктің дәйексіздігін ашып, түріктер өркениетін мойындатты. Осыған байланысты екі ғасырдан астам уақыт бойы жүргізілген зерттеулердің қандай тапсырысқа немесе тенденцияларға негізделгендігін анықтап түсіндіру, бүгінгі түріктану ғылымының бағыттарын айшықтау өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Сонымен қатар, төрткүл дүниенің түпкір-түпкіріне тарап кеткен бүгінгі 160 млн. түрік түлдес халықтардың түп атасы – ежелгі түріктердің өмірі қанша күрделі болғанымен ол бабаларымыздың табиғат пен туған жерге деген сүйіспеншілігін, сауаттылық пен білікке ұмтылған құлшынысын, ел тұтастығын сақтауға деген талпынысын паш ететін тарихымыздың жарқын беттері болып табылады. Сондықтан да оны тұтас, әрі жан-жақты зерделеу заман талабынан туындаған мәселе.
Курс жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыс VI-VIII ғасырлар аралығында тарих төсіне шығып еуразияның алып мемлекетін құрған түркілердің осы уақыт аралығындғы тарихы туралы жазылған отандық және шетелдік зерттеулерді тарихнамалық тұрғыдан талдауға арналған.
Белгілі бір мәселелердің зерттелуіндегі тарихнамалық ой мен концепциялардың қалыптасуы ұзақ жолдан өтетіндігі белгілі. Ежелгі түріктер тарихының мәселелері шын мәнінде XIX ғасырдың аяғынан бастап зерттеле бастады. Сондықтан зерттелу нысаны ретінде XIX ғасырдың аяғынан бастап жарық көре бастаған еңбектерден бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер қамтылды.
Мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Ежелгі түріктер тарихы мәселесінің шетелдік және отандық тарихнамада зерттелуінің негізгі бағыттарын, сипаты мен мазмұнын, тарихи көзқарастар эволюциясының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау болып табылады. Мақсатқа байланысты алдымызға мынадай міндеттерді шешуді қойдық:
- ежелгі түріктер тарихының патшалық Ресей тұсындағы зерттелуін қарастыру;
- Кеңес Одағы дәуіріндегі түріктану ғылымының жетістіктері мен кемшіліктерін талдау;
- ежелгі түріктер тарихының тәуелсіз Қазақстандағы тарих ғылымында зерттелуінің бағыттары мен сипатын көрсету.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы әлі де толық зерттелмеген «тың» мәселе болып отыр. Бұған арналған тікелей зерттеулер жоқтың қасы деуге де болады. Ежелгі түріктер тарихының тарихнамасын, ежелгі түріктердің тарихын жазған ғалымдар көбінесе кіріспесінде тек тарихнамалық шолу түрінде қамтып өтеді.
Жалпы түркілер тарихын зерттеу В.В.Бартольдтың зерттеулері мен А.Н.Бернштамның археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне байланысты қойылып, тарихнамалық ой-пікірлерді қалыптасуының көш басында тұрды.
Белгілі шығыстанушы ғалым В.Бартольд «Түрік және моңғол халықтарының тарихына байланысты 12 лекциясының» алғашқысында, кейіннен «Шығармаларының» 9-томында жинақталған «Шығыстың Еуропа мен Ресейде зерттелу тарихы» атты шығармасында шығыс тарихының батыс ғылымында (Е.Шаванн, В.Томсен) және ресейлік ғылымында (В.Радлов) зерттелуінің бірқатар қорытындылары туралы тарихнамалық шолулар жасады [1;2].
Ал, В.Бартольдтың зерттеулеріне баға берген ғалымдар арасынан С.Г.Кляшторныйды атаймыз. В.Бартольдтың ежелгі түріктерге қатысты мақалаларын 1968 жылы «Шығармалардың» 5-томына топтастыруға қатысқан, оға алғысөз жазған С.Кляшторный ғалым еңбектерінің жоғары құндылығын атап өтіп, кейінгі зерттеушілердің де соған сүйенетіндігін көрсетеді [1,5-16].
Кеңес дәуірінде түріктер тарихына қатысты зерттеулерге баға беру партия ұйымдарының нұсқауларына сай берілді.
1960-1970 жылдардан бастап жазба деректер негізінде ерте ортағасырлық түріктер тарихының зерттелуі мәселенің тек тарихы ғана емес, тарихнамалық пікірлердің дамуының да кейбір қорытындылары туралы ой түюге мүмкіндік берді. Мәселенің зерттелуі, барысы туралы XX ғасырдың 20-30 жылдары орыс эмигранттарының арасында пайда болған, көшпелі халықтардың мәдениеті мен олардың әлемдік өркениетте алтын орны туралы қалыптасқан пікірлерге жаңа леп берген еуразиялықтар мектебінің кейінгі өкілі Л.Н.Гумилев «Көне түріктер» еңбегінде былайша ой түйеді: «Орыс зерттеушілері, әсіресе кеңестік кезеңде түркілер тарихының түп-тамыры туралы мәселені бірінші болып көтерді. Оның әлеуметтік институттарының ерекшелігі, көркем өнер туындыларының стилі мен әскери ісінің айрықша белгілері – бәрі-бәрі жеткілікті мөлшерде терең зерттелді» [3].
Л.Гумилев орыс шығыстанушы ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып көшпелілер тарихын жан-жақты зерттеудің тамаша үлгісін жасаған белгілі ғалым Г.Е.Грум-Грижмайлоның есімін атап өтеді. Л.Гумилев ғалымның көлемді зерттеуінің («Батыс Моңғолия және Урянхай өлкесі»), В.Бартольд тарапынан сынға ұшырағандықтан, тарихнамада ұзақ уақыт бойы өзіне лайықты бағасын ала алмағандығын түсіндіреді.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, қоғамдық ой-санада қалыптасқан өзгерістер нәтижесінде өткенге назар аударып, тарихи тамырымызды іздей бастаған тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы қалыптасып келе жатыр. Қазақстандық зерттеушілер Отандық тарихымыздың өркениеттік негіздері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Түркілер тарихының зерттелуін тарихнамалық тұрғыдан тұжырымдау заман талабынан туды.
Осы орайда VI-XII ғасырлардағы түркілердің тарихы мен мәдениеті туралы шетелдік зерттеушілердің пікірлері К.Л.Есмағамбетовтың еңбегінде талданды [4].
Ал, Л.Гумилевтің «Көне түріктер» атты іргелі еңбегінің құндылығын, оның ежелгі түріктерді еуразиялық тайпаларға жатқызатын концепциясын белгілі қазақ тарихшысы М.Қозыбаев айқындайды [5]. Тәуелсіз Қазақстандағы тарихшылар бағыттарын ажыратқан Т.Омарбековты да ерекше атап өту қажет [6].
Патшалық Ресей, одан кейін Кеңес Одағы тарихшыларының шовинистік көзқарастары туралы, оған қарсы Л.Гумилевтің, М.Қозыбаевтің және т.б. ежелгі түріктердің де өркениеті болған деген идеяларын саралауға С.С.Қалдыбаева өз мақаласында ұмтылыс жасайды [7].
Ресей түріктанушылары: Н.Ядринцев, С.Малов, Л.Гумилев, С.Кляшторныйдың көне түрік ескерткіштерін зерттеуге қосқан үлестері туралы Н.Е.Тажмұханова мақаласында сөз қозғалады [8].
К.Аманжоловтың «Түркі халықтарының тарихы» еңбегінің екінші рет толықтырылып шығарылған нұсқасының 1-томындағы үшінші тарауы Түркілер империясының мемлекеттерінің қысқаша тарихнамасына арналған [9,57-74]. Онда ол түрік руна жазуының ашылуынан басталған зерттеушілерге қысқаша тоқталып, қазіргі түріктану ғылыми саласының дамуында тарихшылар мен қоса филологтардың да рөлі зор деп атайды. Тарихи сабақтастық желісін келтірген ғалым Күлтегін т.б. ескерткіштердегі мәтіндерді бүгінгі ұтпаққа өсиет деп қабылдайды.
Мәселенің зерттелу деңгейін қарастыра келе, ежелгі түріктер тарихнамасының «тың» тақырып екендігі толыққанды зерттелінбегендігі туралы қорытындыға келеміз.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі мен әдістері. Методологиялық негізі етіп тарихилық, ғылыми танымдық, объективтілік принциптері алынды. Тарихнамалық талдау жүргізу барысында жалпы ғылыми индукциялық, дедукциялық, синхронды анализдеу, жүйелеу, тарихи салыстыру, синтездеу әдістері қолданылды.
Курс жұмысының деректік негізі. Қарастырылып отырған мәселеге қатысты деректерді екіге бөлеміз: тарихи деректер және тарихнамалық деректер. Тарихи деректерге, зерттеушілердің заттай деректері болып табылатын, археологиялық қазба нәтижесінде табылған нумизматикалық қор, қалашықтар, жерлеу орындары жатқызылып отыр. Тарихнамалық деректер ретінде эпитафиялардағы (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б.), қағаздағы руналар; қытай жылнамалары (Бейши, Чжоу шу, Бэй Ци шу, Суй шу, Сюань Цзанның «Да Тан Сиюйцзи» еңбегі); суреттемелік сипаттағы еңбектер (Н.Я.Ядринцев, В.В.Радлов, С.Е.Малов, П.Н.Мелиоранский,В.Томсен, Д.Клеменц, Е.Шаванн, Н.Я.Бичурин т.б.); ғылыми негізделген зерттеу жұмыстары (В.В.Бартольд, А.Н.Бернштам, Л.Н.Гумилев, С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов, Я.А.Шер, М.Қозыбаев, К.Аманжолов, Х.Әбжанов т.б.) қарастырылды.
Бұлардың ішінде Н.Ядринцев, В.Радлов [10], С. Малов [11], П.Мелиоранский [12], дат ғалымы, руна кілтін ашқан В.Томсен, Е.Шаванн сынды ғалымдар негізінен руналық жазбаларды ауларып жариялаумен айналысты. Ал, Н.Бичурин қытай хроникаларының материалдарына ауқымды тарихи – филологиялық түсініктемелер берді [13].
Бұл деректер фактілерінің барлығын салыстыра отырып жүйелеумен, ғылыми енгіздеумен келесі топтың өкілдері шұғылданды. Олардың да еңбектері әрине, әрқайсысы өз заманындағы мемлекет тарапынан қойылған талаптарды, әлеуметтік тапсырысты қанағаттандырып отырды. Мәселен В.Бартольд деректерді салыстырып объективті факті алу үшін жаңа әдістер керектігін айтса, А.Бернштам формациялық ілімді негізге ала отырып, археологиялық қазба материалдарын да кеңінен қолданды [14]. А.Бернштамның көзқарастары мен Я.А.Шердің ойлары сәйкес келеді [15]. Ежелгі түріктер еуразиялық халықтар деген идеяны Л.Гумилев [3], С.Кляшторный [16], Т.И.Султанов [17] сияқты ғалымдар ұсынады.
М.Қозыбаев, Т.Омарбеков, К.Аманжолов [9], Т.Ә.Төлебаев және де басқа жас ғалымдар тарихнама мәселелерінің жаңа теориялық – методологиялық негіздерін қалыптастыруда.
Курс жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Патшалық Ресей тұсындағы зерттеулер
1.1 Түркі руникалық жазба ескерткіштерінің зерттелуі
Түркітану ғылымы Сібір мен Моңғолиядағы көне түркі руникалық мұраларын тауып зерттеуден басталды. Зерттеу объектісі – руникалық жазбалар.
Руна жазуы ескерткіштерін алғаш рет 1721-1722 жылдары Сібірден Д.Г.Мессершмидт және Ф.И.Страленберг экспедициясы тапты. Орыс ғалымы Н.Я.Ядринцев 1889 жылы Солтүстік Моңғолия жерінен, Орхон өзені бойынан Білге қаған мен Күлтегінге арналған ескерткіштерді ағайынды Д.А. және Е.А.Клеменцтер 1897 жылы Селенга өзені бойынан Шығыс Түрік қағанатының қағандары Елтеріске, Білгеге кеңесші болған далагөй қария Тоныкөктің құрметіне қойылған ескерткішті табады.
Руна жазуы әліпбиінің сырын 1893 жылы дат ғалымы Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының профессоры Вильгельм Томсен (1842-1927) ашқан еді. Осы В.Томсен құпиясын ашқан әліпбиді пайдалана отырып, В.В.Радлов (1837-1918) Орхон ескерткіштерінің мазмұнын 1894 жылы орыс тілінде жариялады [10]. Ал Томсеннің өзі жасаған аударма неміс тілінде 1895 жылы жарыққа шыққан.
Содан бері көне руна жазуларын әр қырынан зерттеу жұмысы үздіксіз жүргізіліп келеді.
Руна жазуының VIII-IX ғасырларда қағазға жазылған нұсқаларын Шығыс Түркістанның XV ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археографиялық экспедициялар тапты. Көне түріктер тіліндегі қолжазбалар мен жеке басылымдардың неміс зерттеушілері А.Грюнведель мен А.Лекок тапқан үлкен жинағы Берлинде, неміс Ғылым Академиясында В.В.Радлов, С.Е.Малов, А.А.Дьяков, Д.А.Клеменц т.б. жинаған олжалар Петербургтағы азиаттық мұражайда, сэр А.Стейн тапқан қолжазбалар Париж ұлттық кітапханасында, біршама жақсы сақталған парақтар Стокгольм этнографиялық мұражайында және Анкарадағы этнографиялық мұражайда, жапон ғалымы С.Отали бастаған экспедиция тапқан олжалар Киотада сақтаулы тұр.
Әрине қандай да болмасын бір халықтың тарихы мен оның мәдениетін зерттеп білу үшін алдымен сол халықтың тілін білу шарт. Бірақ өкінішке орай, сол кездегі зерттеулер түркі халықтарының тілінде жазылмаған. 1893 жылы П.М.Мелиоранский Орхон жазбалары жайында жеке зерттеулерге бірінші болып түркі ханы Елтеріс немесе Құтлұғ династиясы кезіндегі тарихи, географиялық, этнографиялық жағдайларға және VII-VIII ғасырлардағы түркілердің ішкі тарихи ахуалына терең шолу жасайды [11].
Көшпенділердің жазу мәдениетінің тарихы сонау VII ғасырдың сына (руна) жазуынан бастау алатынын әлем тарихшылары бүгінде амалсыз мойындап отыр.
Орхон-Енисей жазбаларының мазмұны мен мағынасына қарап көшпенді халықтың өмірі үнемі дүрбелең жағдайда өткеніне көз жеткізсек те мәдениеті төмен болмаған. Бұл жазбалар өздерін түркіміз деп есептеген, VI ғасырда Қытай шекарасынан сонау Иран мен Византияға дейін созылып жатқан кең далаға өз билігін жүргізген жауынгер халықтың елшісі.
Орхон жазбалары түркілердің 630 жылдан бастап 680 жылға дейін жарты ғасыр бойы Қытай билеушісінің қол астында болғанын және жаңа хандардың билігінен құтылып аз уақыт болса да өздерінің батыстағы тегі бір туыстарын өзіне бағындырғанын баян етеді.
Жазбалардың Қытай қожалығының тұсында мәдениетті елдердегі сияқты аристократия өздерінің ежелгі артықшылықтарын сақтап қалу үшін қарапайым халыққа қарағанда жат жұрттың езгісіне көніп, өз халқының салт-дәстүріне опасыздық еткендері аңғарылады.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басында орхондық түркі жазба деректері тұтас бір тарихи-лингвистикалық зерттеулерді дүниеге әкелді. Солардың ішінде Күлтегін және Тоныкөк жазбасын зерттеген Ф.Хрит, Г.Е.Грумм-Гржимайло Түркі қағандарынан Ильтеріс – Құтлық қаған, Мочжо – Қапаған қаған, ал Могильян – Білге қаған екенін дәлелдеді.
И.Маркварт орхондық түркілерде қолданылған жыл санау жүйесінің дұрыс пайдаланылу жолын ұсынды. Ол түркілердің жыл санауында ондықтар бірліктердің алдында тұратынын (мысалы, бір отыз, дәлірек айтсақ, жиырмадан артық бір (немесе бірліктер ондықтардың алдында келетінін)) дәлелдейді. Бір қырық деген басқалар ойлағандай 41 емес, 31. Сөйтіп И.Маркварт бұрынғы дұрыс зерттелмеген хронологиялық қарама-қайшылық пен тиянақсыздықтың бәрін ығыстырып, бүкіл түркі тарихына қатысты оқиғалар қатаң хронологиялық тәртіппен белгіленді. И.Маркварт Иенчу өзенін – Сырдария, ал, Темір қақпа Байсит тауларындағы өткел-асу екенін деректермен дәлелдеп берді. Ал ғалым В.Мелиоранский түркі қағандығының көрші мемлекеттермен қарым-қатынасын зерттеп, көптеген мақалалар жазды. Ол бұрынғы Орхон жазулары туралы шыққан ғылыми еңбектерге өзгертулер енгізуді және бұл өзгертулерді қытай, араб деректерінде берілген фактілерге сүйене отырып дәлелдеді.
Әрине, қандай да бір халықтың тарихы мен оның мәдени өмірін зерттеп білу үшін алдымен сол халықтың тілін білу шарт. Бірақ, өкінішке орай, сол кездегі зерттеулер түркі халқының тілінде жазылмаған болатын. Түріктің көне заманнан қалған бірден-бір даңқты жазба туындысы – Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіші.
1.2 Ежелгі түріктер тарихының жазба деректер негізінде зерттелуі
Көне түріктер тарихы мен мәдениет мәселелерін зерттеудің патшалық Ресей тұсындағы келесі бір кезеңі жазба деректердің ғылыми айналымға енуі болды. XIX ғасырдың орта шенінде Н.Я. Бичуриннің қытай жазба ескерткіштерінің ертедегі Орта Азия халықтары туралы мәліметтері жинағын бастырып шығуы синологиядағы аса көрнекті құбылыс болды [13]. Үш томдық еңбекте қытай деректерінің Қазақстанды ертеде және орта ғасырларда мекендеушілердің хуннулардың (сюннулардың) , усундердің, кангюйлердің, яньцайлар мен түрік тайпаларының тарихы жөніндегі негізгі ақпарат жинақталған. Орталық және Ішкі Азияның ортағасырлық тарихын жасауға жол ашылған қытай деректерін басып шығару өз кезінде одан әрі жалғастырылды (Э.Бретшнейдер). Қытай және Византия деректерін салыстыру негізінде Э.Шаванн (1903) VI-VIII ғасырлардағы Жетісудың батыс түріктерінің тарихын зерттеді. Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия және Византия арасындағы өзара қатынастар мен мәдени алмасуды жеңілдету ісінде Батыс түріктерінің атқарған рөлін анықтады; Сюань Цзанның маршрутын тарихи-географиялық тұрғыдан түсіндріп берді. Сыма Цзянның «Тарихи жазбаларын» аударуды жүзеге асырып, оған ауқымды тарихи түсініктемелер жазды.
XIX ғасырдың екінші жартысы-XX ғасырдың басында грек және рим авторларының (Геродот, Ксенофонт, Полибий, Полиен, Прокопий Кесарийский) ертедегі Қазақстан мен Орта Азияның саяси және экономикалық, сондай-ақ экономикалық және мәдени тарихы мен тарихи географиясы жөнінде көптеген құнды материалдар бар бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылды.
Тарих ғылымының Орталық Азия халықтарының өткенін қатаң ғылыми тұрғыда зерттеуді көбінесе Ресейдегі ылым өкілдерінен күтуге құқығы бар еді. Өйткені олар үшін Қазақстан мен Орта Азия тарихының барысын анықтаудың таза теориялық мәні болып қана қойған жоқ. Петербургте аймақтың тарихы жөніндегі қолжазба деректердің аса бай жинағының шоғырландырылуы кездейсоқ емес еді.
Ежелгі түріктер түрлі мәдениеттер тоғысындағы алар орны туралы мәселе Г.Е.Грумм-Гржимайлоның « Батыс Моңғолия және Урянхай өлкесі» (1926) атты еңбегінің екінші томында баяндалады [18]. Зерттеуші алғашқылырдың бірі болып ежелгі түріктер тарихындағы Қытай мәдениеті мен оның әсері және салдары туралы мәселе көтерді. Оның еңбегі жарыққа шыққан күннен бастап В.В.Бартольд бастаған ғалымдар тарапынан сынға ұшырағандықтан, кейінгі сын – мақалаларында В.Бартольд бастапқы пікірлерінен бас тартқанымен, бұл еңбекке деген салқындық ұзақ уақыт бойы сақталып қалды. Сондықтан, В.В.Бартольдтың бағалауы бойынша, Қазақстан мен Орта Азияның ертедегі тарихы мен алдыңғы орта ғасырлары жөнінен ғылыми талаптарды қанағаттандыратын монографиялар XIX ғасырдың аяғына дейін болған жоқ делініп келді. Бұл кемшілікті өз заманында-ақ еңбектері теңдесі жоқ маңызға ие болған Ресейдің көрнекті академигі, шығыстанушы В.В.Бартольд(1860-1930) жоюға тырысты. Оның еңбектері отандық және дүниежүзілік шығыстануда......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар тарих жобалар, Курстық жұмыс: Тарих | Ежелгі түріктердің тарихының тарихнамасы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін