Курстық жұмыс: Тарих | Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты

Курстық жұмыс: Тарих |  Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты казакша Курстық жұмыс: Тарих |  Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................2
І тарау. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдай шиеленістері
1.1 Бөкей хандығының құрылуы...........................................................4
1.2 ХІХ ғасырдың басындағы патшалық Ресейдің Кіші жүздегі саясаты......................12
ІІ тарау. Жәңгір хан саясаткер
2.1 Жәңгір ханның ішкі саясаты..........................................................23
2.2 Жәңгір ханның сыртқы саясаты...................................................29
Қорытынды.....................................................................................................31
Пайдаланылағн әдебиеттер..........................................................................32

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Ұлттық санамыз оянып, тарихымыздың тамыры тереңде жатқанын сезініп, халқымыз бастан өткізген белгілі кезеңдерде жаңа көзқараспен қарауға кез келді. Ал ұлттық сана ұлттық тұрмыстың көрінісі. ХVІІІ ғасырдың ортасынан қазақ тарихында отаршылдықтың дәуірі басталды. Қуатты екі елмен іргелес жатқан халық бұл жолға соқпай өтуі мүмкін де емес еді. Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал, әскери күш арқылы басқарып отырғандығын білеміз. Хан жеке монархиялық билік жүргізген.
Жұмыстың мақсаты: Менің мақсатым Жәңгір ханның ішкі және сыртқы саясатына сипаттам беру және оның мәнін ашу. Сонымен қатар сол замандағы қазақ халқының басына түскен аласапыранмен Ресей отарлау саясатын баяндау.
Жұмыстың міндеттері:
- Бөкей хандығының құрылуын баяндау.
- Жәңгір ханның таққа келуін, оның саясатын басқару жүйесіне талдау
жасау.
- Сол кездегі Ресей патшалығының жүргізген саясатына сипаттама беру.
- Жәңгір ханның және Орыстардың саясатынан нәтижемен
қорытындыларына зерттеу жүргізу.
Түйін: Айтылған мәліметтермен деректерді тұжырымдай келе біз Жәңгір ханның құрған мемлекеті Ресей патшалығында өзіндік монархиялық сипатта болғанын білеміз және де бұл хандықтың өзіндік басқару жүйесі болғанын білеміз. Жәңгір хан елді бір орталықтан қатал әскери күш арқылы басқарып отырғанын көреміз.
Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
Тарихнамасы: Халқымыздың оянған санасы енді бүгін өткен жолымызды шынайы көрсетуді талап етеді. Авторлар осынау талап-тілекке елгезектікпен үн қоса отырып қазақ халқының өткен тарихын ғылыми тұрғыдан объективті зерттеуге тырысты.
Кіші жүздің билік құрылымдарындағы қайшылықтарда ұлт-азаттық қозғалысының күрделігі де Ішкі Орданы (Бөкей ордасы) Ресей әкімшілігінің қайта бағындыруы да міне осыдан. ХVІІғасырдың екінші жартысында қазақ қоғамында біртұтас және орталықтандырылған билікпен мемлекет проблемасы өткір қойылды. Кіші жүздің өзінде де билік таласы асқына түсті. 1748 жылы қазан айында Орынбор әкімшілігінің жәрдемімен Нұралы сұлтанды хан атағына сайлау өткізілді. Сонымен бірге 1748 жылыдың аяғында Нұралы ханға жылына 600 сом мөлшерінде мемлекеттік аймақ тағайындалды. Нұралы Кіші жүздің өзінде әкесінің барлық иеліктерін сақтап қала алмады.
Нұралы ханның ішкі жағдайы да тұрақты болмады. Нұралының билігімен иелігі Жем мен Жайық арасында көшіп жүретін қазақтармен, байұлы және жетіру руларымен ғана шектелді. Бұл Кіші жүздің әр түрлі рулары арасында ашынған наразылық туғызды, соның өзіне Орынбордағы губернатор ауыстырылды. Жаңа губернатор О.В.Волков билігі әлсіз ханды қолдау қажет деп санады. Мұның өзі қазақ даласын, бейбіт отарлауға жәрдемдесетін еді. Кіші жүз үшін маңызды мәселелердің бірі ішкі жаққа, яғни Жайық пен Еділдің төменгі ағыстары аралығындағы кеңістікке көшіп бару туралы мәселе болды.
1756 жылы патша жарлығы шығып ол бойынша қазақтардың қыс кезінде өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына тиым салынды.патша әкімшілігін жеңілдіктер жасауға мәжбүр етуге басқа да әрекеттер жасалды. Мысал, Ералы сұлтан Бұхара мен Хиуадан Орынборға бара жатқан керуендерді ұстап алды.
І. ХІХ ғасырдың басындағы Кіші жүздегі саяси жағдайдың шиеленісуі
1.1 Бөкей хандығының құрылуы.
Нұралының ойлағаны кіші жүздің көшіп жүру үшін жер іздеу болды. Осыған байланысты алдын алаудаластық бойынша императрица Елизавета Петровна арнайы грамота арқылы Кіші жүздің ханы мен сұлтандарына 300 мың әскермен Жоңғария шегіне кіруге әзір түруды ұсынды.
Қазақ пен қарақалпақ халықтарының этникалық және мәдени орталығына қарамастан Кіші жүздің қазақ руларының жекелеген қауымдары мен Оңтүстіктегі көршілері арасында шиеленістер т.б. 1766 жылы Кіші жүз қазақтары бір бөлігінің сол түрікмен – жәуміттермен қатынастары шиеленісті, әскери қақтығыстарға нұралы, Есім, Ералы,Айшуақ хандар араласты. Кіші жүз қазақтары мен башқұрттар арасындағы қатынастар күрделі болды. Башқұрттардың Батырша басшылық еткен көтерілісі кезеңінде патша әкімшілігі бір халықты екіншісіне айдап салуды қолдады. Алайда Кіші жүзде ералы, Айшуақ Нұралы және олардың төңірегіндегілер башқұрттарға кысым көрсете бастады, қолға түкен басқұрттардың көбі байлармен сұлтандарға бөліп берді. Кіші жүздегі саяси билік дағдарысы айқын болды .
Нұралының жағдайы жөнінде губернатор О.А. Игельстром 1785 жылы хабарламаларының бірінде қазақ ақсақалдарының ой-ниеттерін туралы былыай деп жазды.Олардың бірден-бір тілегі қазір өздерінің жалпы халықтың игілігі мен тыныштығы үшін Нұралы ханның олардың халқын басқарудан тайдыру болып отыр.
Қазақстанның Е.И.Пугачев көтерілісіне үн қосуына қазақ жүздеріндегі ішкі саяси жағдайда себеп болды. Нұралы хан тұсында кіші жүздегі қайшылықтар шиеленісе түсті. Қазақ жасақтарының үй шебіне шабуыл жасауы сирек кездеспейтін. 1774 жылдың жазындағы кіші жүз қазақтарының шабуылдары неғұрлым белсенді болды. 1775 жылдың жазынан бастап кіші жүздің қоныстарында көзге көрінбейтін адам немесе Көктемірдің пайда болуы туралы қауесет тарала бастады.
Кіші жүздегі ХVІІІ ғасырдың соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың үлкен тобы Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801 жылы Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді.
Бөкей ордасы шығыстан батысқа 300 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке 200 аумақты алып жатқан шағын хандық болды. 1812 жылы Бөкей сұлтан орданың ханы болып көтерілді. Бөкей қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823 жылы патша Жәңгірді хан етіп бекітті. Жәңгірден соң мұнда хан тағйындалмады .
Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Бұл дербестік қаржы-салық, жер бөлу, рулық-территортялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.Ордадағы билік негізінен ханның қолына шоғырланды. Ханның жанында 12 биден тұратын хан кеңесі құрылды. Хан кеңесі мүшелері хан ордасында тұрақты тұрып, хан аппаратының шылауына айналды.
Ханның арнаулы тапсырмаларын орындайтын 12 жасаулы болды. Баж салғын, сауда мәселелерімен «базар сұлтандары» айналысты. Хандықта ескі сұлтандар, билер басқару жүйесі тұрақты мемлекеттік аппаратпен ауыстырылды. Ханның қолында мемлекеттік істермен шұғылданатын арнайы кеңес құрылды.
Жергілікті басшылық ру басы, старшындардың қолына өтті. Старшындарды хан және Орынбор әкімшілігі тағайындады. 1827 жыл Үш: байбақты, ноғай және беріш руларында 34 старшынның тек үшеуін хан өкіметі тағайындаса, 1845 жылы осы рулардың барлық дерлік бөлімдерін «указды» старшындар басқарды. Ру басы, сұлтандар мен старшындардың есеп беріп отыру тәртібі енгізілді. Олар салық жинау, тәртіп мәселесіменде айналысты .
Олардың жанында есепші және тұрақты молда қызмет етті. Сот билігі ханның жерігілікті билернің хан депутаттарының қолына шоғырландырылды. Жергілікті жерде ұсақ істер қаралды. Бірақ ханның заңды құқықтары орыс заңдарымен шектелген болатын. Үкіметтік сенаттың 1837 жылы 15-қаңтардағы жарлығы бойынша ханға ордадағы азаматтық істер ондада 30 сомнан аспайтын істер қалдырылды. Барлық саяси және қылмыстық істер Ресей заңдарымен қаралатын болды. И.Таймановпен М.Өтемісов бастаған көтерліс кезінде Жәңгір хан көтерілісшілерді жазалау үшін қосымша құқықтар сұрады. ХVІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Кіші жүздегі қазақ халқының едәуір топтары Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағыстарының аралығына көшіп барып, 1801 жылы Кіші, яғни Бөкей (алғашқы ханы Бөкейдің есімімен) қандығын құрды. Бастапқыда Жайықтың оң жағасына бес мыңдай қазақ өтті. Одан кейінгі жылдарда хандық халқы Жайықтың арғы бетінен ағылып көшу есебінен өсе берді. Орынбор шекарлық комиссиясының есептеуі бойынша, 1828 жылы Бөкей хандығының халқы 10225 шаңырақ болған. Деректемелер бойынша, 1845 жылы мұнда 30 мыңнан астам шаңыраққа жеткен, 1860 жылы оның 26209 шаңырақтан тұрған.4
Ішкі орда қазақтары өмірінің жекеленген жақтарын суреттеген революцияға дейінгі тарихшылардың көпшілігі оның пайда болуын Бөкей ханның жеке басымен, Кіші жүзде болған өзара қырқыстармен және «аласапыранмен» байланыстырған.
Ішкі орданың (Бөкей хандығының) құрылу себептерін түсіндіруде қазіргі зерттеушілер арасында бірауыздылық жоқ.
Жайықтың оң жағына өткен қазақтар тең мөлшерде байұлына да, жеті руға да жатқан адамдардан тұрды, дегенмен де көшудің бастапқы кезеңінде алғашқылары басым болған. Қазақстан тарихын зерттеуші М.П.Вяткин Ішкі Орданың құрылуына шаруашылық құлдырауы, жердің тарлығы, қатаң шаруашылық дағдарысы және феодалдану үрдісінің тереңдеуі әкеп соқты деп санаған .
Оның пікірінше, қазақтардың Жайықтың оң жағасына, «мәңгілік болғандыққа» өтуі өз бастауын ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарынан, алатын үрдістің логикалық қортындысы болған, яғни ол жаңа қоныстарды игеру жолындағы жарты ғасырдай уақытқа созылған күреспен байланысты.
Әлбетте, патша үкіметінің отаршылдық саясатыны қазақ халқының қоғамдық және саяси өмірінде елеулі рөл атқарды. Жайықтың оң жағасына қазақтардың көшіп барып қоныстануы патша өкіметі саясатының бағытын қайшы келмеді, сондықтан да шекаралы өкімет орындары тарапынан белгілі бір өолдау тапты. Жаңа қазақ ордасы құрылуының шешуші факторы болған ол емес.
Қазақтардың Жайық пен Еділ өзендерінің аралығына көшуімен жайылым мәселесі де шешілген жоқ, жер қатынастарының күрделігі бұл жерде Кіші жүздегіден кем болмаған күйінде қалды. Топырақ-климаттық және өзге де табиғи-географиялық жағдайлары бойынша Бөкей хандығының аумағы қоныстанушылардың көшіп келеген жағдайындағы аумаққа қарағанда нашар болмаса, жақсы емес еді. Малшының өмірлік циклында қаншалықты айқындаушы маңызы болса да, қоныстанудың сол бір нақты жағдайларында жайылымдар туралы мәселе ең бірінші орынға қойылаған жоқ. Хандық құрылуның негізгі себебі отаршылдық саясатытың күшеюі салдарынан көптеген көшпелі қауымдардың бұрынғы көшіп жүретін орындарында қалуының мүмкін еместігі деп есептеу керек.5
ХVІІІ ғасырдың аяғына қарай хан билігіне қарсы жапапай қарулы бой көрсетуге бәсеңдеп кетті. Халық көтерлісінің найзасы қарсы бағытталған хандар, сұлтандар және олрадың төңірегіндегілер есін жиып, кек алу актілерін жүргізе бастады. Көтерліске қатысушыларды және оған тілектес болған руылық қауымдарды қудалап кең ауқым алды. Қашандағысы сияқты, мұндай жағдайларда рулардың үстем тобы мен Ресей әкімшілігі қазақ руларын өзара соқтығыстыруға, олардың арасындағы алауыздықтарды тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты . Көшпелілердің бір шама тыныштығы мен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Шаруашылық күйзелісінің, еңбекші бұқара шеккен азаптың терең болғаны сонша, «аман қалу» және осы бір ауыр кезеңнен «аман өту» мәселелері олар үшін ең басты мәселеге айналды. Граф 1806 жылы ішкі істер министрі Кочубейге былай деп жазды: Кіші жүз хандықтарынның кедейлігі «сұмдық және мұнда бір қырсық екіншісін туғызып отыр, Жақсы және тұтас киізбен жамылуға тиісті киіз үйлері мен күркелері жырым-жырым жамалған құрақ киізбен жамылған. Қазақтардың өздері алба-жұлба киінген». Шектен шыққан жоқшылы қазақтарды өз балаларын жеп тұрғандары мен хиуалық феодалдарға әйтеуір тірі қалсын ..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар тарих жобалар кур, Курстық жұмыс: Тарих | Жәңгірханның ішкі және сыртқы саясаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін