Тарих | Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты

 Тарих | Абылай ханның   ішкі  және сыртқы   саясаты

Мазмұны

Кіріспе .................................................................................................................
I - тарау Абылай хан дәуірі.
1.1 Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы...................................................
1.2. 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы.........................................

ІІ - тарау Абылай хан тұсындагы қазақ мемлекетінің саяси
құрылымы 1771-1781 ж.
2.1. Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты...................................................
2.2. Сегіз қырлы бір сырлы Абылай................................................................

Қорытынды .......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................

1.1 Абылай өмірінің тарихи сабақтастығы.
Абылай (азаншақырып қойған аты Әбілмансұр) 1711 жылы Түркістан билеушісі Уәлі сұлтанның шаңырағында дүниеге келген. Оның шыққан тегі төре тұқымынан. Арғы атасы атақты Жәңгір хан (1628—1680 ж.) ұрпағынан. Оның мұрагері - Түркістан әмірі Абылай сұлтан Әбілмансұрдың арғы атасы. Ол өз елін жерін қорғауда аянбай қызмет еткен, жауларына қатігез қаһарлы болғандықтан оны халық арасында «қанішер Абылай» деп атап кеткен көрінеді. Одан туған Уәлі сұлтан (Көркем Уәлі) — Әбімансұрдың әкесі 1723 жылы жаугершілікте қаза табады. Оны өлтірген жаулар сол кездегі ұғым бойынша артында кегін алатын адам қалдырмау үшін үрім-бұтағының бәрін қырған. Тек қана Әбілмансұр тірі қалған. Оны жасынан тәрбиелеген Ораз деген төленгіт өз жанын пида қылып аман алып қалады да жасырын Үргеніш асырады. Кейін, арасына жыл салып баланы ертіп Ораз қалың ел қазақ жүртын іздеп Сары Арқаға тартады. Ал жолаушылар болса әбден арып-шаршап Үйсін Төле бидің ауылына кез болады.
Исі қазаққа аты мәлім Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.) жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болған, ел бірлігі үшін аянбай қызмет еткен ірі тарихи түлға. Әбілмансұр сол бидің үйіне келіп одан бас пана беруді өтінеді. Төле би баладан аты-жөнін сұрағанда ол қауіп ойлап атын айтпай «сіз қалай атасаңыз солай болсын» деген көрінеді. Шашы өскен, алба-жұлба киімі бар балаға Төле би атың Сабалақ болсын дейді. Ол баланы қамқорлығына алып түйесін бағуға пайдаланады. Сол кездің өзінде-ақ Сабалақ басқа бақташыларға ұқсамайтын қылықтарымен өзіне Бидің от басының назарын аударады. Абылайдың өмірінің осы кезеңін Күміс көмей Үмбетей жырау:
"Жас күніңде, Абылай,
Үргеніштен мұнда кеп,
Сарыарқаны жерім деп
Қалың қазақ елім деп

Келмеп пе едің жаяулай
Төле биді тапқанда,
Күндіз түйе баққанда,
Жалғызбын деп шошымай
Еш малшыға қосылмай,
Қара жерге отырмай,
Күпіңді салып астыңа,
Жең жастанып басыңа
Қол аяғың төрт жақта,
Жатушы едің сол шақта... »-деп тамаша сипаттаған.
Кейбір деректерге қарағанда Әбілмансұр кейін Қарауыл руынан Дәулетбай деген байдың жылқысын бағады. Бірер жыл өткеннен кейін елде аттан жарияланғанда қалмақпен соғысуға Әбілмансұр да жиналады. Оның ойын құп алған Дәулетбай жылқысынан таңдап ат мінгізеді, Төле би батасын беріп шығарып салады. Жау тілеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ екі төбеге ошарылып, ортада Қалдан Сереннің жиені, әскербасы Қонтәжінің ұлы, Шарыш жекпе-жекке батыр сұрап тұр екен. Іркіліп қалған елдің ішінен суырылып шыққан Сабалақ ханнан бата алады да, "абылайлап" Шарышқа қарай тұра шабады. Әудем болмай қостай боп қоқиып тұрған қалмақ батыры төңкеріліп түседі. Қайтар жолда қазақ қаһарманы қарсыласының басын кесіп алып, "жау қашты" деп қалмақтарға қайтадан ат қояды. Не керек осы ұрыста "абылайлап" ұран сап "кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып" дұшпанның іргесін айрандай ірітіп, тозаңдай тоздырады. Бұл жөнінде Шоқан: «Этот-то выбранный конь был тот знаменитый Чалкуйрук (пламя-хвост) первый сподвижник похода молодого султана, Чалкуйрук, на котором Аблай составил себе имя батыра и уважение киргиз» . (қазақты айтады)—деп жазған.
1.2. 1771 жылы Абылайдың хан болып сайлануы.
Қазақ халқының тарихына XVIII ғасыр Абылай дәуірі болып кіруіне енді ешкімнің дауы бола қоймас дейміз. Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық таланты мен саяси көрегендігі қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының көз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи құылыс кезінде көзге түсті.
VIII ғасырдың 70-жылдарының басында Қазақстанда жаңа жалпы қазақ ханын сайлауға барлық жағдайлар қалыптасты. Бірден-бір лайықты кандидатура ықпалды Абылай сұтан болатын, ол 1740 жылдың өзінде-ақ, Ш.Уәлихановтың анықтауы бойынша, қазақ даласының ең беделді әміршісі болған еді. 1757 жылдың өзінде Цин империясымен ресми жазысқан хаттарында ол өзін хан деп атаған. 1770 жылы әбден қартайған Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай Қазақ хандығының шын мәніндегі бірден-бір билеушісіне айналды.
XVIII ғасырдың 60-жылдарының аяғына қарай Қазақ мемлекеті Абылайдың белсенді сыртқы және ішкі саяси қызметі арқасында біршама мықты әрі біртұтас мемлекетке айналды. 1770 жылы сұлтан қырғыз жерлеріне тағы бір жорық жасады. Шату асуы арқылы Қызылсу және Шамси өзендерінің аңғарына өтіп, қазақтар қырғыз жасақтарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Көптеген тұтқындар Орталық Қазақстанға көшіріліп, онда Абылайдың жеке вассалдары - төлеңгіттері құқығымен қоныстандырылды. Ресей билігінен Жоңғарияға қашқан еділ калмақтарын талқандағаннан кейін сұлтанның беделі бұрынғысынан да арта түсті. Ресейдің отаршыл әкімшілігі қазақтардан қалмақтардың қайтарылуына жәрдем көрсетуді талап етті, алайда Абылайдың өз ойлағаны бар еді.
Сол кезде Абылай Қытай мен Ресейдің қолдауына қол жеткізуге тырысып, халықаралық аренада белсенді эрекеттер жасады. 1768 жылдың өзінде-ақ ол цин императорының өзін «барлық қазақтар мен сұлтандардың бастығы» деп тануына қол жеткізген еді .»
Сонымен бірге 1769 жылдың аяғында ол Ресейден өзі үшін 10 мың адамдық армия бөлуді сұрап, оның орнына аманатқа өз балаларының бірін ұсынды. «Егер... бізге жау шабуыл жасаса, бізге бір сан (10 мың. — Ред.) немесе кем дегенде мың немесе бес жүз адам көмек көрсетілетін болады. Ал оның үстіне жоғарыда аталған бір сан әскер, менің тірі кезімде болсын немесе менің балаларымның тірі кезінде болсын, былайша пайдаланылар еді: алыстағы жаулар үшін бір сан, жақындағылары үшін - мың, ал егер онша көп болмаса -менің ішкі жауларыма қарсы - бес жүз» . Сол кезде Абылай өзінің аманат баласын генерал етуді сұрады, аманаттар сұлтанның өз таңдауы бойынша екі-үш жылдан соң алмастырылып отыратын. Әрине бұл талаптар ол кезеңде іс жүзінде орындалмайтын талаптар еді, мұны сұлтан жақсы түсінді. Бұл ретте Абылай шекаралық әкімшілікке өзінің қытайлармен, түсініліп жүргеніндей, әсте де онша жақын еместігін және Ресей протекторатынан әсте де бастартпақшы болып жүрмегендігін білдірген еді.
1771 жылы Абылайды жалпы қазақ ханы етіп сайлау үшін жағдай жасалды. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат сұлтандар , Нұралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақкиізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды. А.И. Левшиннің айтқанындай, ол «оған (атаққа) торғауыттарды жеңуі арқылы және Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін, барлық қырғыз-қазақ ордаларының ғана емес, түркістандықтар мен ташкенттіктердің де сайлауы арқылы ие болды». Сөйтіп Абылай Қазақ хандығының бірлігін қалпына келтіре алды.
2.1. Абылайдың ішкі және сыртңы саясаты.
Абылайдың стратегиялық мақсатпен қол күшін сақтап қалуы, екіншіден, Жоңғариямен ұзақ жылғы қиян-кескі ұрыстардан ес жию, "Қазақ ордасының төрт бұрышын түгендеу" Абылайдың көздеген мақсаты болатын .
Абылай Қытаймен сауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасқан" . Қытай жазба деректеріне сүйенсек, "1757 жылы Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің, Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, торғын, шай және фарфор ыдыстарын сатып алып қайтқан". Абылайдың өзі бүкіл Шыңжандағы сауданы қыздыруға ұйытқы болып, сауданың 70-80 пайызы осы екі қалада (Құлжа, Шәуешек) тек қазақтармен жасалғандықтан да, тарихта бұл саудалар "Құлжа-қазақ саудасы", "Шәуешек-қазақ саудасы", "Үрімші-қазақ саудасы" деп аталған".
"Екі алып мемлекет Қытай, Ресеймен сауда байланыстарын нығайтқан Абылай хан белгілеген (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының батысынан басталатын) яғни Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан сауда жолын халық "Хан жолы" деп атаған. Ел аузында "Шаңды жол", "Абылай жолы" деген аты қалған.
Абылайдың Ресей патшалығымен қарым-қатынасын тарихшылар көпке дейін бодандық аукымында қарап келді. "Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытайға қарай ойысып отырды", делінген Қазақ совет энциклопедиясында (120.356-6.). Демек, "Ресей мен Қытайдың империялық өктемсуі мен қазақ жерін иеленуден дәмеленіп, емексуі кезеңінде даулы мәселелерді әскери жолмен емес, саяси-мәмілегерлік тәсілмен шешуге бағытталған, Абылай саясаты мейлінше дұрыс еді". Қалай дегенде де Абылайдың Қытай мен Ресей патшалығына бас имей, дербес, тәуелсіз хан болғандығы айқын. Ел мүддесі жолында астарлы да айлалы саясат ұстанған сақ саясатын, көреген көсем белгілі бір тығырықтан шығу жолында ғана келісімге барып отырған. Мұны А.И.Левшин бүкпесіз шындық ретінде дәлелдеп береді: "Уверенный в своих достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и признавал себя, смотря по нужде, то поданным русским, то китайским; а на самом деле был властитель совершенно независимый..." (168. с. 264). "Қытай мен Россияға тәуелдімін дей отырып, шын мәнінде сол мемлекеттермен Абылай қалыпты, тәуелсіз саясат жүргізді" (78.175-6)."...Сол кезде Төле би мен Қазыбек билерді айтпасақ, Абылайға тең келер қазақ даласында адам табу қиын еді. Ол қазақ жерінің бәрін басқыншылардан тазартгы. Алтай, Тарбағатай маңындағы қалмақтар басып алған жерлерді қайтарып алды. Ол өте тапқыр саясат жүргізді деуге болады. Соның арқасында қазақ аузын айдаһардай ашқан батыстағы да, шығыстағы да жауларымызға алынбай келді," - дейді Қазыбек бек Тауасарұлы (253. 383-6.) Алайда отаршылдық пиғылдағы орыс үкіметі 1778 жылы оны Қазақ ордасының емес, Орта жүздің ханы ғана деп грамота беріп, Орынборға келуін талап етіп, хандық белгілерді тапсыруға шақырғанда, Абылай мұндай жымысқы саясаттың астарын аңдап, бармай қояды. Қазақ хандығын қалай қабылдағаны жөнінде сұрағанда, Абылай былай деп жауап берген: "что приобрел опыт победами над тургутами и по смерти Абулмамбета, избранием не только от всех орд Киргиз-казачьих, но и от Туркестанцев и Ташкентцев" (168. с. 264-265). Және осы бір тұжырымды жауаптан Абылай өзінің алдыңғы ата-бабаларындай ешкімге тәуелді болмай, дербес ел болуды мақсат еткенін аңғартады. Тіпті 1778 жылы 22 қазанда орыс императоры жіберген лауазымды сыйлардан бас тартуы да оның Ресей патшалығының көздеген ойын жете түсіне келіп, халқының болашағы жолында ұстанған батыл бағытынан таймағанын ұғынамыз. "Абылай на сем условием не согласился дать своей присяги верности. Он полагал, что - требования от него наружных знаков покорности имели целью сделать его сомнительным в глазах китайцев.
Дана да қайсар Абылай бұл жерде өзінің Қазақ ордасының ханы екенін, Қытай патшалығының әлдеқашан-ақ мойындағанын, енді орыс мемлекетінің бұл әрекеті сол сенімділікке селкеу түсіретінін бекерге ескертіп тұрған жоқ. Оның табандылығы мен айтқанынан қайтпайтын адуындылығынан Ресей патшалығы да қатты сескенген. Жоғарыдағы грамотадағы жазылған бұйрықта: "Если Аблай - этот упрямый, но в своей стороне знаменитый варвар откажется от приезда куда бы то ни было, то посылать к нему способного штаб-офицера для присутствования при торжестве, причем поручить привести Аблая к присяге, которую он должен принять, как и прежде принимал хан Нурали стоя, на коленях..." деп айтылғанындай, патша өкіметінің Абылайға Орта жүз хандығын күштеп тануға тырысқандығын байқатады. Алайда асқақ тұлғалы, асқар ойлы, алғыр да алып тұлға өзінің еңсесін түсірген жоқ, тізе бүгіп иілген жоқ. Орынборға ант беруге, хандық атақты алуға шақырғанымен, одан бас тартып, Петропавлдағы қамалында, яғни Ақсарайында қала берген.
Ол ол ма, Абылайдың орыс патшасына бас имеген қайсарлығы -қырғыздармен соғысқа қарсы орыс әскерінің жіберілуіне үзілді-кесілді қарсы шығуымен қоймай, өз ордасында Еділ қалмақтарымен соғысып қолға түскен орыстар мен түрікмендерді босатудан бас тартқандығы. 1778 жылы Орынбор губернаторы Рейнедорфтың тікелей жарлығы бойынша Сібір әскери шебінің генералы Огарев Орта жүздің ханы етіп Абылайдың орнына оған қас сұлтандардың біреуін бекіту жөнінде мәселе көтерген. Оны тұтқынға алып, Ресейдің ішкі жағына жібермек болған, яғни Оразмұхаммед сұлтанның тағдырын қайталамақ болған. Барақ сұлтанның баласы Дайыр Абылайды хан атағын әділетсіз алды деп Орынбор губернаторына хабарлама жасаған . Яғни, Абылайды билік басынан...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!