Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары казакша Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................................2-8
Негізгі бөлім
1-тарау. Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғауларының
идеялық мазмұны........................................................................................................9-14
2-тарау. Бұқар жыраудың шығармашылығының көркемдік сипаты.........................15-22
Қорытынды...........................................................................................................................23-24

Кіріспе
ХҮІІІ ғасыр әдебиеті көрнекті өкілінің бірі Бұқар жырау – Абылай хан заманында өмір сүрген. Әкесі Қалқаман белгілі батыр.
Бұқар өмірін зерттеушілердің бір бөлігі ақынның өлеңдеріне сүйеніп, оны кедей шаруа тобынан шыққан деп жүр. Бұл пікірді академик жазушы С. Мұқанов пен Қ. Жұмалиев еңбектерінен ұшыратамыз.
С. Сейфуллиннің айтуынша, «Бұқар жырау Абылай ханның заманында ханның бірінші жыршы – шешен ақылшысы болған. Моласы Баянауылдағы Далба тауының ішінде» көрінеді. Асылы Бұқар кезінде жоқшылық зардабын тартып, басқаға мойын ұсынбаған, ата даңқымен болсын, не өз өткірлігімен болсын, әйтеуір тәуелсіз, ерен адам болып өскен. Өзіне біткен ақылы мен шешендік өнеріне байланысты ол елге тез танылдып, алғыр жырау ретінде атын алысқа жайғанға ұқсады. Кейін оның хан сарайы маңында да бедел алып, елге белгілі жырау, ақылшы би саналуы да тегін емес.
Бұқардың өлеңдері, өзі тұтас ақындармен салыстырғанда кейінге молырақ жеткен. Оның Абылай туралы өлеңін жазып алып, алғаш пікір айтқан Шоқан еді. Одан кейін жырау өлеңдерін жинап, ол туралы мәлімет берген – белгілі фольклорист, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Деректерге қарағанда, Бұхар – діни білімі бар, оқыған адам. Оның өлеңдерінде мұсылманшылық әсері айқын: «Діни кітаптардан оқыдым», «ақтан сия танытқан, дәуіт пенен қалам айт» деген сөздер кездеседі. Бұл сөздер тегін айтылмаса керек.
Бұқар жырау – қазақ жеріне ертеден мәлім. Оның бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді; ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. Оның кейбір ісіне наразылық білдіреді.
«Бұқар ақын ғана емес, - деді профессор Е. Ысмайылов, - Абылайдың қолшоқпар бітімші биі. Ол ХҮІІІ ғасырдағы қазақ елінің жоңғарға қарсы күресін дұрыс жырлағанымен, ішкі қоғамдық мәселеде Абылайдың жыршысы болды». [10,386-388]
Абылай тұсындағы тынымсыз жорықтардың ел берекесін кетіріп жатқан кезеңінде ханға айтқан жырау ақылдарының ең тиімдісі қазақтың өзара алыс – беріс жасап, жауласпай тату өмір сүруге үндеу болса керек.
Өлетұғын тай үшін,
Қалатұғын сай үшін,
Қылмаңдар жанжал, ерегіс –
деп, ол мал немесе жер үшін өзара жанжалдасуға қарсы шығады. Ағайыншылық – татулық – елді берекелі ететін ең қажет нәрсе деп біледі.
Сірә, бір кеңес құрыңыз,
Бірауыздан болыңыз...
Айнала алмай ат өлсін,
Айыра алмай жат өлсін,
Жат бойынан түңілсін,
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!
Ақын бірауызды, ынтымағы күшті елді осылай армандап, сондай елдің ғана болащағы мол болатындығына сенім білдіреді. «Ағайын тату болса, жат жанынан түңілер» деген халық мәтелін қоштай сөйлеп, ол тату – тәтті өмірді аңсайды.
Жақын жерден шөп жиса,
Жердің сәнін кетірер,
Ағайынның аразы, -
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы, -
Ауыл сәнін кетірер.
Бұқар өмір сүрген дәуірдің ұлы оқиғасы – жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі екенін біз жоғарыда айттық. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты Бұқар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге, ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. Абылай Бұқармен осы тұста қатты санасқан. [9,32-35]
Жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Бұқар өзінің арнау, толғау, термелері арқылы әлеуметтік, қоғамдық мәселені қозғайды. Бұл ретте ол, Ақтанберді жырау сияқты, феодалдық құрылысты, хандық жүйені қолдайды. Алайда ел өмірі, халықтың тыныштығы үшін жақсы басшылық керек екендігіне үлкен мән беріп, ақыл-кеңесін айтып, ағыл – тегіл жыр төгеді.
Сонау ХІҮ ғасырда өткен Сыпырадан бастау алатын жыраулық үрдісті кеңінен дамытқан сөз зергері Бұқардың әдебиетіміздегі орны жоғары деп бағаланады. Бұқар да өз шығармаларын толғау түрінде жасады. Толғаулардың әлеуметтік өмірдің өткені мен келешегін терең болжай, өз замандастарына ақылгөйлік етсе, кейінгілерге үлгі болардай идеялы пікір айтады. Бұқардың толғаған тақырыбы да әлеуметтік мәселе болады. Әлеуметтік өмірге үңіле қарап, зерттей келе сол жөнінде сүбелі сөз, ұстамды білік, күрделі пікір айтып, өзінше қорытынды жасайды.
Бұқардың азаматтық арымен тебірене толғаған ең негізгі мәселесі атамекеннің амандығы, ағайынның татулығы, бірлігі, халқының тыныш бақытты өмірін жырлау болды.
Хандық феодалдық қоғамда рулық талас – тартыс бойынша ел бірлігі бұзылып отырған. Содан келіп сырт дұшпанның қақпасына түсіп, қазақ халқының біртұтас мемлекет болып өмір сүруіне кесел келе берген.
Бұқар жырау қазақ халқының ауызбірлігін, ханның діл болуын, барша жұрттың сол бір тура басшыға бағынуын насихаттайды. Жырау осы идеясын қорғауда айбарлы хан Абылайдан сескенбей, оған талай ретте қатты ескерту жасайды. Абылай қанша ақылды хан болса да, жаугершілікке еліккен мінезі бойынша, ол егескен жауды талқандағаннан кейін, өз елінің батырларына, әлсіз руларға да соқтығады. Тіпті орыс патшасы орнатқан әскери қорғанға шабуыл жасап, соғыс ашпақшы болады. Міне, Абылайдың осындай өз халқын қырғынға ұшыратпақ пиғылын әшкерлеп, мінін бетіне басып, бүкіл халық атынан тыйым салады.
Жырау өзі өмір сүрген дәуірінің барлық бедерін суретке салғандай бейнелеп береді. Бұқардың шығармалары біздің әдебиетімізде өте құнды дүние деп бағаланады. [1,120-122б.].
І. Бұқар жыраудың жыр – толғаулары жайлы ой-пікірлер.
Бұқар жыраудың философиялық көзқарастары мен дүниетанымы жайында қазақ философтары көптен айналысып келеді. Бұл жөнінде бірінші сөз айтқан қазақ философиясының тарихын зерттеушілерінің пионері Қ. Бейсембаев. Ол кісінің жекелеген еңбектерінде, монографиясында бұл мәселе алғаш рет сөз болған. Бұдан соң Бұқар жыраудың дүниетанымы, көзқарастары туралы О. Сегізбаев та өзінің жеке мақалалары мен кейіннен шыққан «Қазақ философиясы» атты үлкен монографиялық еңбегінде тоқталып өтеді. Бұл зерттеушілердің айтуынша, Бұқар жырау өз заманының аумалы – төкпелі болып тұрғанын, жалпы мұндай қоғамға тән құбылыс екендігін дұрыс түсінеді, яғни адам қоғаммен, табиғатпен байланысты отырғандығы сөзсіз. Бұқар жырау өзінің толғауларында адам баласының азып, танымының тұсалап бара жатқандығын толғайды.[1,103б.].
Қазақ тәлім – тәрбие, ой – пікір тарихын 30 жылодан астам уақыт зерттеп келе жатқан профессор Қ. Жарықбаевтың «Қазақстандағы қазан төңкерісіне дейінгі педагогикалық ой дамуы» деп аталатын докторлық диссертациясында, сондай-ақ Бұқар жырау туралы жазған «Аталар сөзі ақылдың көзі», - деген монографиясында және соңғы шыққан «Қазақ психологиясының тарихы» тағыда басқа еңбектерңнде Бұқар жыраудың психологиялық көзқарастарын шама – шарқынша көрсетуге тырысқан. Өз зерттеулерінде Қ. Жарықбаев 1980 жылдардың басына дейін философия саласына байланысты Бұқар жырау жөнінде Құлмұхаметовтң «О политической воззрении Бухар жырау Калмаканулы» деген мақаласынан басқа ауыз тұшарлық еңбектің болмағанын ескерткен. Қ. Бисембиевтің «Очерки истории общественной мысли Казахстана» деп аталатын еңбегінде Бұқар жырауды еске алғанын атап кетеді де, бұл мәселеге біздің философтардың әлі де бармағанын, мұны зерттемей болмайтындығын, өйткені жыраудың педагогикалық, психологиялық, эстетикалық, эпикалық тағы да басқа ой толғаныстарын алдымен философиялық тұрғыдан пайымдай алмай тұрып, оған зерттеуге кірісудің қиын екендігін айта келіп, өзінше Бұқар жырауға байланысты мынандай философиялық тұжырымдар жасайды: «Зерттеуші Бұқар жыраудың шығармаларында бір кездегі Әбу Насыр Әл-Фараби секілді, сондай-ақ А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегідей белгілі бір жүйеде айта келіп, өзінше мынандай пікірлерді айтады: «Мұнда философияның сонау ежелгі грек жұртындағы қарапайым пайымдары, әсіресе Сократта Демокрит пен ұқсас ой-тұжырымдары байқалады», дейді.
Жырау сондай-ақ өзінің шығармаларында жастар психологиясына ерекше көңіл бөледі. Біз бұл жерде оған тәптіштеп бара бермей, әсіресе дана қариялардың жастардың психологиясын тәрбиелеуде қандай маңызы бар екені туралды бірер сөз айтайық. Жырау қарт адамдар өмірдің үлкен өткелінен өткен, көпті көрген, тәжірибесі тереңдіктен олардың ақылгөй, данагөй болатындығы, ақыл – кеңестері жастардың жақсы сана – сезімінің, өзіндік сана сезімінің, ой өрістерінің қалыптасуына зор ықпал ететіндігін ерекше түйіндейді. Бұқар жырау жас мөлшері шамалас адамдапдың психологиясы да түрліше болып келетиіндігі туралы, өзінің шығармаларында ерекше орын алған кейбір жасы келгендердің тез арада қартая қоймайтындығын да, ал жастарынан бос белбеу өз тізгігін жіберіп қойған кейбір жастардың күнінен бұрын маужырап, қалжыраған шал болып қалатындығын да топшылауларынан аңғаруға болады. Дала ойшылы адам психологиясындағы жағымсыз жақтарды, мінездердегі міндерді көрсетуге аса шебер.
ХҮІІІ ғасыр халқымыздың тарихына үлкен із қалдырған кезең болды. Бұл жоңғар билеп - төстеушілерінің қасиетті ата – бабамыздың қонысына шабуыл жасап, осының нәтижесінде ел-жұрт ата – қоныстан айырылып, қатты күйзеліске түскен кезең еді. Бұл жөнінде атақты ғұлама ғалымымыз Ш. Уәлиханов кезінде былай деп жазыпты: «Әрқайсысы әр тараптан жортуыл жасаған жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары және башқұрттар қазақ ұлыстарының ұйпа-тұйпасын шығарып малын айдап, жанын байлап әкете берді, қақаған қыс, жұт, ашаршылық олардың халін тіпті ауырлата түсті» /Қазақ әдебиеті тарихы. Алматы, 1961,1 кітап/.
Осы жайсыз тиген оқиға қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталғаны белгілі. 1728-1730 жылдары қазақ халқы күшін жинап, бір-бірімен бірлесіп, басқыншы жауға аяусыз соққы беруге уәделесіп, басқыншы жауға кеткен жерлердің біразын қайтарып алды, осындай ауыр кезеңде халқымыз Ресей империясының қол астына кіруге мәжбүр болды. Мұның өзі қазақ даласының ғасырлар бойы, бұрынғы бір зерттеулерде айтатындай, прогрессивтік құбылыс емес еді, мұның өзі сондай-ақ қазақ халқының томағы – тұйықтан айырыла бастауына, оның шаруашылығы мен мәдениетінің өркендей түсуіне себепкер болып жүрген қағидалар, бұл кейбір зерттеулерде үлкен орын алғанымен, сайып келгенде, біз амалсыздан үлкен елдің қол астына кіріп, жан сақтауымыздан болған дүние еді. Мұны бір кезде белгілі тарихшы Е. Бекмаханов 40-жылдардың аяғында айтып, докторлық диссертация қорғап, кейін онң замана ағымына келмейтіндігінен жиырма бес жыл арқалап барғаны да жұртшылықтың есінде.
Бұл мәселелерді айтып отырған себебім, қазіргі кездегі зерттеулерде осы мәселеге ерекше көңіл бөлініп жүр. Халқымыз ел басына күн туса, етігімен су кешер дегендей, ол кезде атқа мінуге жараған әрбір қазақ баласы басқыншы жауға қарсы күресте кір жуып, кіндік кескен жер мен туған халқы үшін шыбын жанын пида етуді өзінің негізгі мақсаты деп түсінді.[10,386-387]
Бұқар жырау бір кездері Тәуке ханның сарай төңірегінде ақылгөй болып ықпалды билерінің бірі болып арқалы жырау атанып, мемлекет істеріне елеулі үлес қосқан. Жырау өз өмірінің жан-жақты сырларын терең түсіне отырып, адам мен қоғам және жер туралы, адамның әр түрлі қасиеттері жөніндегі толғауларында философиялық тұрғыда көрсете білген. [13,45-46]
Бұқар жыраудың мұсылманша білім алғандығы жөнінде зерттеуші Ш. Қуғанбаев былай тұжырымдайды: «Ұлы жырау жас күнінен Бұхара, Самарқанд медреселерінде оқып, осы өңірде өскендіктен оған Бұқар аты тағылған». Оның бұл білімділігінің жырларына арқау болғандығы байқалады. Жырау Абылайдың қазақ халқының алдыңғы рөлін, сонымен қатар ханның батырларының ерлігін, олардың басқыншы жаулармен арпалысқан кездегі ерліктің психологиясын ерекше көрсете білгендігі байқалады. Ол ұрыс сәтіндегі батырлардың мінезінің тең өзгеріп, қатуланып, ерекше жігерленіп, айбарлана жауға қарсы шапқандығын сипаттаған толғаулары осы көріністерінің нақтылы куәсі. Сонымен қатар елдің, жердің басшысы әділ болып, халыққа жайлы болса қараша халықтың тұрмысы тәуір болатындығын философиялық тұрғыдан Бұқар жырау былайша тұжырымдайды:
Ханның жақсы болмағы, Қарашаның елдігі
Қараша халық сыйласа, Алтынна болар белдігі.
Жақсы жігіт ұл туса, Патшадан болмас кемдігі
Айтсам сөзім таусылмас, Тоқтатайын сөзімді.
Міне, ол бар эерде тірліктің болатындығын меңзейді. Ер жігіттің еліне қызмет етер пейілін және оның имандылықты бойына пір тұтқан халықшыл болуын тәлімдегені айдан анық білініп тұр. Ол қазақ халқының бірлігін, ұйымшылдығын, бірауызды болуын аңсаумен қатар елдің басы біріксе істелмейтін жұмыс, талұқандалмайтын жау болмайтындығын ескертеді. Оның жастарға үлгі тұтарлық ерекше мәні бар «Тілек» деген шығармасында ол жастарға негізгі он бір тілек ұсынып, осы тілектерді бетке ұстиап оларды орындасаң адам боласың деген ниет білдіреді. Яғни мұның прозасы аллаға адал болу, құдай жолын ұстау ол мұсылмандардың кодексі деп есептейді.
Бұқар жырау қазақ елінің, оның тау мен тасын, шалқар көлін, қырын, ойпатын, бәрін көзімен көрген уақыт пен кеңістік көлемінде түсініп бұлардың уақыты жеткен кездерде тозып жоқ болып, ал кейбір жағдайда пайда болып диалектикалық заңдылық негізінде дамитындығын қарапайым сөздермен аңдап байқай білгендігі таң қалдырады.
Бұқар жыраудың мұрасын зерттеумен айналысқан ғалымдардың қатарына әр түрлі білім тұрғысынан философия, этика, психология, әдебиет және тарих т.б. ғылымдар саласынан С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Хализов, Ә. Тәжібаев, Қ. Мұхамеджанов, М. Көпеев, М. Мағауин, Р. Сыздықов, М. Фетисов, М. Қозыбаев, Қ. Бисембаев т.б. с.
1-тарау. Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғауларының идеялық мазмұны.
Бұқар жөніндегі нақтылы тарихи дерек – ХҮІІІ ғасырдың екіннші жартысында хандық құрған Абылайдың кезінде өмір сүруі. Бір сөзінде Абылайды 11 жасынан бері білемін дегенді айтады. Ал Абылай өлгенде Бұқар жырау тірі. Өйткені, оның өлер алдында Абылайға көңіл сұрап келіп айтқан сөзі бүгінге дейін сақталған.
Бұқардың көп жасаған адам екендігін бірнеше өлеңдері дәлелдейді. Абылайдың дәуірлеп тұрған кезінде айтқан бір сөзінде:
Күнде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария
Енді саған табылмас.
десе, екінші өзі туралы айтқан сөзінде:
«Тоқсан бес» деген – тор екен.
Дүйім жанның қоры екен.
Қарғиын десең, екі жағы ор екен.
Найза бойы жар екен.Түбі жоқ терең көл екен.
Ел қонбайтын шө екен.
Келмейтұғын неме екен –
дейді. Бұқардың өмірі жайлы, әзірге белгілі мәліметтер осы айтылғандар.
Бұқардың бізге жеткен өлеңдері: «Ай, Абылай, абылай», «Керей қайда барасың?» «Айналасын жер жұтқан», «Бірінші тілек тілеңіз», Жал құйрығы қайда деп, «Сен он бір жасыңда», «Қалданменен ұрысып», «Кәрілік туралы».
Бұл өлеңдердің бәрі де жазбаша емес, ауызша сақталған. Бірақ бұлардың Бұқар жыраудікі екендігіне ешкім күдік келтірмейді. Өйткені, Бұқар өлеңдерінің жалғыз «Керей, қайда барасың?» деген өлеңінің бірен-саран ғана жолдарының басқаша айтылатыны болмаса басқалары Қазақстанның қай жерінде болсын өзгеріссіз, сөздері бірдей болып келеді. Әр облыс, әр адамнан жазып алынған нұсқаларын салыстырып қарағанда, өзгешілік жоқ, не жоқтың қасы. Оның негізгі бір себебі, Бұқар сөздерін тек жыршылар ғана емес, көпшілі білген де, жыршылардың еркін кете беруіне мүмкіндік болмаған. Бұзылмай сақталудың екінші себебі, оның сөздеріне тән дидактикалық сарын. Дидактикалық өлең-жырлар ойға, өмірді бақылай келіп, айтылған қорытынды пікірлерге құрылады. Қалай қортуы ақын – жыраулардың таптық көзқарасымен байланысты, олар өмір тәжірибесінен дұрыс та, теріс те қорытынды шығаруы мүмкін. Бірақ, бұл ойланып айтылған сөздердің тобына жатады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар қазақ ә, Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бұқар жыраудың Абылайға арнаған жыр – толғаулары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін