Курстық жұмыс: Әдебиет | Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы казакша Курстық жұмыс: Әдебиет | Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы на казахском языке

Кіріспе
Елдің тарихы, ел басûнан өткен -кішілі уақиғалар, тарихи қайраткерлер туралы деректер , ақылды-аталы сөздер мен өнеге-өсиеттер осылардың барлығы қағазда емес, халық жадында өлең, жыр, аңыз-әңгімелер болып сақталған, ел аузында өмір сүрген көпті көрген көзі хат, көкірегі шат қариялар, шежіре шешендер, мын мағынасында нағыз тарихшы, әдебиетші, т.б. ғалымдардың, оқытушы ұстаздардың міндеттерін атқарған. «Тілге ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді сөзі болмаған», – деп зерттеуші Сәкен Сейфуллин айтқандай түйіндей сөзді толғап, тебірене айтқан би-шешендер сөзі қазақ әдебиетінің алтын қорындағы асыл қазына іспеттес [1,67á].
Өнер-білім өмірдің сәулесі, бейнесі, кең даладағы қазақ шаруаларының тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің өзі ақындық-шешендік, сол сияқтû әíшілік-күйшілік өнердің өркендеуіне белгілі дәрежеде жетекші болған.
Көшпелі қазақ шаруалары алты ай жазға жері от, суы мол жайылым қуып кең сахараны кезіп, көшіп жүріп жер-суының қадір-қасиетін жетік білген жершіл болған, жайлы қоныс іздей жүріп өсімдік қасиетін мол байыптаған, табиғат құбылыстарына қаттû жақын болып, соларға деген сүйіспеншілігі арқасында олардың өлең-жырларында, ән-күйінде аққудың үні, тоты-құстың «тілі» бар.
Қазақ даласында шешендердің алатын орны ерекше оның мәнісі – шешендердің басым көпшілігі билер болды. Көбінесе, шешендік сөздер – жер дауы, жесір дауы, немесе елдің құнымен байланыстû айтылған билік-сөздер. Өйткені шешендік өнер көп жағдайда әíшлік, күйшілік, тіпті ақындық сияқтû өнер деп танымай кейбір таңдаулы адамдардың «жақсылар», мен «жайсаңдардың» жеке бастауының қасиеті ретінде бағаланған. Шешендердің шешендігі белгілі бір даулардың үстінде көрінген, шешендік-тапқырлық сөздері белгілі мақсат пен байланысты туған. Олардың дауласқан, айтысқан мәжілістеріне екінің бірі кірісе, араласа алмаған. Нағыз кедей мен жарлы-жалшыдан кейбір күміс көмей, жез таңдай халық шеøендері шығып әдеби тілімізді, тілдік қорымызды байыптауға, қалыптастыруға қатысқан [2,13á].
Ақындық-шешендік өнер ақыл-ой мен сене сезімнің толқыған, шалқыған, тебіренген кезінен шабыт алады, қатты күйініш-сүйініш шақтарда, әсіресе туған елге қатер төнген, елдің ар-намысына тигенде өнер адамы тебіренбей, үн қатпай отыра алмайды. Осыдан қиын-қыстау кезде Ақтайлақ биде дауды шешер әділ билігімен, шешендігімен қалың халықтың арман-тілегінен, үмітінен шыға білген.
Әрине, қазақ шешендік өнерінің қалыптасуы дамуы ең алдымен малмен шұғылданған көшпелі шаруашылық тұрмыс қажеттіліктерімен тûғыз байланысты. Өйткені «қойға өзінен басқаның бәрі жау», ал «жылқы айдаса жаудікі», ысқырса желдікі. Жалпы, аяқты дәулет – айтыс-тартыстың, дау-таластың айықпас көзі болған.
Сөйтіп, дала табиғатының тамашалығымен бірге, көшпелі елдің тіршілік ерекшеліктернің өзі ақындық-шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне себеп болған. Осындай өнерлі, îðäàëû, қасиеті қазақ даласында туып-өскен Ақтайлақ шығармаларында кісіні кісілікке, адамгершілікке, тіртіпке, тазалыққа, әділдікке, шақырған. Ақтайлақ шығармалары өзі өмір сүрген дәуірдегі, қоғамдағы халықтың болашағы жайлы түсінігіне қанықтырып, тұрмыс-салты мен дәстүрлі, өмір ағымына, әлеуметтік өзгерістерге байланысты танымдық ерекшеліктері мен ой-тұжырымдары туралы толғана жырлады. «Тасыма жігіт», «Нені айтамыз», «Не жетім», «Қадірін білсеңіз»,, т.б. өлеңдері философиялық ой-толғамдарға толы. Ал даналық сөздері әділ билікпен шешім айтуға, ел мен елдің татулығын жырлаған өсиетті, нақыл сөздер болып табылады. Мысалы: «Елдің құны екі елу», «Ақтайлақ би мен Нұрбек би», «Сырым батыр мен Ақтайлақ би», «Ат дауы», «Ақылды билік», «Ақтайлақ би мен Балпық би», «Ақтайлақ би мен Үміт қыз» т.б.[3,17-23á].
Ежелден ел арасына асқынған дау-дамай мен ер құнын екі ауыз сөзбен шеше білген ақын жанды халқымыздың нелер шешімді шешендер, көкірегі даңғыл көсемдер шыққан ғой. Өз кезінде ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген озық ойлы бабаларымыз басқа ұлт-өкілдерін, әсіðåñå ең мәдениетті саналған еуропалық ғұламалардың өздерін тамсандырып, таң қалдырады емес пе?! Осы орайда, «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген, сонау ықылым заманнан бергі айтылып келе жатқан қастерлі қағида тіл ұшында оралады. Ғасырлар қойнауына тереңірек үңілсек қасиетті топырағында сол Майқы би сияқты ел бірлігін сақтау жолында өрелі ойдан өрнекті сөз өрбітіп, өзекті іс тындырған от ауан орақ тілді билерді көптеп кездестіреміз. Олар қалдырған асыл мұралар мыңдаған жылдар бойы ауыздан-ауызға ауысып, ұрпақтан-ұрапққа жалғасып келеді. Осының өзі сөз Өнерін пір тұтатын зерделі, зерен халық екендігімізді білдірсе керек. Енді өйтсе, бабаларымыздың саф алтындай асыл сөздерінен үлгі алып, өнеге тұту, сол ізгі дәстүрдің ізін өшірмей одан әрі жалғастыру міндетіміз болмақ [4,19б].
Шешендік сөздердің үлкен бір мектебі қасиметті Семей өңірінде ерекше дамып, қалыптасқан. Атақты ақындарымыз Абай мен Шәкәрім, әлемге әйгілі заңғар жазушы Мұхтарды айтпағанда бұл өңірден бұрын-соңды кемел ойлы билер мен болыстар, ақпа ақын, төкпе шешендер, ақылды, білгір елағалары көп шыққандығы белгілі. Мәселен, Аякөз ауданын мекендейтін Найман ішіндегі Сыбан руының бір ғана Жаныбек тұқымынан ХҮІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың орта тұсына дейін белгілі-белгілі 17 арқалы ақын әділ әрі ділмар сегіз білікті би, ел ағалары шыққандығын айтсақ та жеткілікті. Олардың арасынан ең әуелі көп жылдар бойы Ташкенттегі бегі болған Жангөбекұлы Нартбайды айтамыз. Одан соң Нарынбай баласы қу дауысты Құттыбай, оның баласы Байқара, оның баласы Ақтайлақ билер. Ақтайлақтың ұлдары Сабырбай және Түбек, Сабырбай қызы, Төлеу ақынның шешесі Қуандық, бұларға немелре болып келетін ақындардың қазақ тіл өнеріндегі алар орны ерекше, Бұған Сыбанның басқа атасынан шыққан атақты батыр, әрі жырау, әрі ақын, Би Ақтамбердіні, Дулат, Омар және Сәдір ақындарды қоссақ, дүлдүлдер қатары әлдеқайда шоғырлана түседі.
1718 жылы Аякөз өзенінің бойында болған қианкесті ұрыста ерекше ерлік көрсеткен жас батыр Қабанбайға Құттыбай би қатты разы болып бата берді. Найман елі Қаратаудан Сарыарқаға қоныс аударғаннан кейін қайтыс болған. Бидің сүйегін Қожа Ахмет Ясауидің мазарына апартып жерлепті. Ал Байқара мен Ақтайлақ би қайрақты, жосалы, Ұзынқара, Балтатарақ, Бисимас, Қарашоқы, Сарыөзектің сол жағынан қатарласып ағып жатқан қайрақты – Балтақараөзенінің құйылысындағы қоңыртөбенің үстінде жатыр. Қайқара биде 9 ұл болған. Олар Елемес, Ақтан, Ақтайлақ, Жантайлақ, Байсал, Өтеп, Мәмбет, Түсіп, Сәмет, Әзірге күнде осы балаларының барлығынан да ұрпақтар бар. Ақтайлақтың бір анадан туған балалары 20 ауыл. Құттыбай жайында алғаш дерек қалдырған орыс елшісі А.Брянцев еді. Құттыбайды ол Аякөз жағасында кездестірген. Брянцев Құттыбайды өлген қазақтарды жинатып, жерлеп жүргенін, жоңғарлардың қазақтарды қуып кеткенін жазған. Құттыбай "Жеті жарғыны" жазуға қатысқан.
Аталары осындай асыл сөздің дүлдүлі болса, Ақтайлақта олардан асып тумаса, кемдік жері жоқ. Күллі найман елін аузына қаратқан Ақтайлақ әділ би, ақылгөй данышпан, төкпе ақын, филомсоф бола білді.
Ақтайлақтың бізге жетке мұралары көп болмаса да ақын заманына ақын қоғамын ақын жандүниесін көрсете алатындай ұлы шығарма болды.
Мен "Ақтайлақ бидің шығармашылық өмірбаяны" атты магистрлік диссертацияда Ақтайлақ мұрасын жан-жақты қарастырып, терең зерттеуге талпындым.
Тақырыптың өзектілігі: Адамзат тарихындағы жаңа қоғамдық құндылықтардың қалыптасу жолында өткен дәуірлердегі мәдени, тарихи процестерге жаңа көзқараспен қарауға зор мүмкіншілік туды. Соның ішінде қазақ әдебиеті тарихының ХҮІІІ ғасырдағы әдебиет пен өнер саласындағы тарлан тұлғалардың шығармашылық мұраларын қайтадан қарап, талдап, жарияланбаған еңбектерін халыққа насихаттауға қол жетті.
Жұмыста кештеу зерттеле бастаған ХҮІІІ ғасырда жыраулық, ақындық поэзияның ірі өкілі, әділ би, дәстүрлі айтыс өнерінің ақтангері атанған Ақтайлақ би Байырғаұлының шығармашылық әдеби мұрасы талданады.
Қазақ әдебиеті тарихында Ақтайлақ би тектес халық ақын, билерінің есімдері аталып, бірді-екілі мақалаларға, шағын жинақтарға арқау болғанымен, кеңес дәуірінде олардың шығармашылық өмірбаянын, әдеби мұрасы жайлы толыққанды түрде жүйелі ғылыми зерттеулер жоқтың қасы.
Диссертация жұмысының өкілеттілігі – Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын тұтастай қарап, оның әдебиеттегі орны мен бағыттарын анықтау. Ақынның әдеби мұрасы диссертациялық зерттеуге арқау болып, ақынның өзі өмір сүрген дәуірдегі тарихи-мәдени даму ауқымында саралануы тақырыптың зәрулігін анықтайды.
Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын түбегейлі зерттеп, оның басты ерекшеліктерін, атап айтқанда, ақындар айтысын дамуындағы көсбасшылық, жетекшілік ролін ақындық поэзиядағы шығармаларының маңыздылығын тереңірек зерделеу қажет.
Міне, жоғарыда айтылған мәселелердің негізінде қазақ әдебиеті тарихында арнайы ғылыми зерттеу арналмаған Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын толықтай зерделеп шығу тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Өз заманында әділ би, шешен төкпе ақын болған Ақтайлақ бидің әдеби шығармаларының алғаш рет жинақталып зерделенуі, өлеңдерінің құрылысы тақырыптың ғылыми сипатын көрсетеді.
Ақын мұрасын зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың жаңалықты тұстары төмендегі мәселелерден көрінеді.
1) Ақтайлақ бидің шығармашылық өмірбаянын біртұтас жүйеде қарастырылып, осыған дейін түрлі жинақта, баспасөз беттеріндегі әр қилы пікірлер сараланып, оған тұжырымды дәлелдер беріліп, ғылыми сараптамалар жасалды.
2) Ақынның тарихи-ғұмырнамалық деректері ақын шығармаларына деген көзқарас жаңа қырымен танылды.
3) Ақынның әдеби мұраларына жан-жақты талдаулар жасалып, ақынның поэзиядағы орны, өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі алғаш рет талқыланып, жаңа қорытындылар ұсынылды. Ақынның өнердегі басқа да қырларына зерделеу берілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген Ақтайлақ бидің әдеби мұрасын жинақтау, оның шығармашылығын қазақ әдебиеті тарихындағы дәуірлік сипаттарын айқындау және тақырыптық, көркемдік өрнектеріне таладу жасау тұтастай әдеби баға беру болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін осы диссертациялық жұмыста төмендегідей міндет қойылды:
• Ақтайлақ бидің өмір сүрген дәуірінің қоғамдық саяси-әлеуметтік сипатын саралай отыра, оның жекелей ғұмырнамасы мен ортасына баға беру.
• Би туралы әдеби-тарихи мағлұматтарды жинастырып, талдау жүргізу.
• Ақтайлақтың ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қосқан үлесін анықтау, шығармаларын ғылыми жүйелік негізінде жан-жақты талдау.
• Айтыстары мен өлең, талдауларының мазмұны, формасына қарай олардың әдеби теориялық құрылымын анықтау.
Зерттеу нысаны.
Диссертациялық жұмысқа алғаш нысан болған ақынның ұрпағы, филология ғылымдарының кандидаты Қоарабаевтың алғаш шыққан "Ақтайлақ би" деген жинағы. Сонымен қатар бидің мұраларын зерделеуге өзінің ұрпағы Мұхтар Айтқазиннің "Ақтайлақ шежіресі" жинағы, М.Әуезовтің, Ш.Уәлихановтың, М.Тынышбаевтың, С.Негимов, Б.Адамбаев, З.Ахметов, Қ.Жұмалиев, т.б. ғалым-жазушылардың ой-пікірлері, тұжырымдары, ғылыми еңбектері арқау болды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.
Зерттеу жұмысында ғалымдардың еңбектері, сын, зерттеу мақалаларындағы ой-пікірлері, тұжырымдары қарастырылып, оларға теориялық және әдістемелік негіз ретінде алынды.
ХҮІІІ ғ. қазақ әдебиетінің өкілдері зерттеген әдебиетші ғалымдардың еңбектеріне терең назар аударылды. Әсіресе, қазақ әдебиеті тарихының сан салалы бағыттарын зерттеп М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Адамбаев, С.Негимов тағы басқа ғалымдардың әдебиеттанудағы тарихи-теориялық , ғылыми-әдістемелік тұжырымдары басшылыққа алынды.
Жұмыстың ғылыми-практикалық мәні.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми маңызы Ақтайлақ мұраларының осыған дейінгі ғылыми тұрғыдан тұтастай ашылып, жан-жақтан жүйелі түрде зерттелуінде.
Зерттеу әдістері.
Ақтайлақ мұрасын салыстыру, текстологиясына назар аудару, түпнұсқалық негізін сұрыптау, жүйелеу тәсілі қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
Зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасалынды.
– Ақтайлақ Байғараұлы – ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан, оны жаңа белеске көтерген ақын, айтыс өнерінің майталманы, өнердегі ірі тұлі.
– Ақтайлақ өзінің әділ биіктерін, нақыл сөздерін Ресейге Еуропаға тереңірек танылуына себепкер болған өнер иесі.
– Сыбаннан шыққан он жеті ақынның бірі және көшбасшысы, ақылгөйі.
– шығармаларының педагогикалық жинақтарға, хрестоматияларға енгізілуі ақын мұрасының дидактикалық ерекшелігін молынан дәлелдемек.


Диссертация құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, "Ақтайлақ бидің өмірімен шығармашылығы", "Ақтайлақ бидлің әдеби мұрасының ерекшелігі мен өлең құрылымы" деген тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ

Ақтайлақ бидің өмірі мен шығармалары

Ел өміріндегі қиын-қыстау кезеңдердегі ұмыт бола жаздаған ата – мұрағаты төл тарихымызбен мәдениетіміздің, әдебиетіміз бен өнеріміздің асыл қазыналарына үңілуге, мол мүмкіндіктер алып берді. Халқымыздың елдігін, ұлан –байтақ жеріміздің тұтастығын сақтап қалу жолында ғасырлар бойы азаматтық күрес жүргізіп, елім деп еңіреген ел басшылары хандар мен қамал бұзған қас батырлар, аталы сөз айтып, заманның сыншысы, кеменгер ойшылы болған дуалы билер деген көзқарас өзгеріп, тарихымыздағы ірі тұлғалардың сыр-сипаты ашыла бастады.
Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін жете бiëумен қатар ел ішіндегі сөз таласын да шешендігімен, даулы істі қарауда тапқырлығымен, даналығы мен көзге түскен кеменгер билер ісі қазақта аз болған жоқ. Атақты тарихта қалған ұлы жүзде Төле, орта жүзде Қаздауысты Қазыбек, кіші жүзде Әйтеке тәрізді кеменгерлеріміздің мұрасы ұрапқтан- ұрпаққа аңыз болып тарап келді. Сол данышпан аталарымыздың бірі – Ақтайлақ Байқараұлының да артында қалған мұрасы аз емес еді. Шешендік дана сөздері мен билік айтыстары ,өлеңдері мен жыр талғаулары, әділ биліктері арқылы төкпе жыр мен суырыпсалма ақындықтың дүлдүл шебері атанған.
Ақтайлақ би Бұқар, Ақтамберді жыраулар сияқты қазақ әдебиетіндегі дара ақындық шығармашылықты жалғастырушылардың бірі болды. Қазақтың баяғы шешендік өнерін өлең, зерделеп, елінің ақылшы кемеңгері атанды. М.Әуезовше айтсақ, «тыныштық заманда қоюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып, қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын, бет нұсқайтын кеменгер, көргені болған» [5,22б].
Аталған сөздерімен іс-әрекеттерімен ел билігін сақтауға бар-күш қайрат жұмсалған Ақтайлақ бидің шыққан тегі қазақ тарихына билігі өнегелі орта. Бүгінде Семей облысының Жарма, Таскескен, Аякөз аудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі сыбан руының тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның жалғыз баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқап шешендігіне орай «қу дауысты Құттыбай» деген атпен белгілі болған. Абылай хан атынан Пекинге барған алғашқы елшінің бірі Құттыбайдан Байқара, Батқара, Боран, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге шешен жүйрік болғандықтан бұл төртеуін ел арасында бас ауыл деп атаған. Сол төрт құттыбайдың бай қарасынан туған Ақтайлақ, би заманында алдына жан салмай үлкен рулардың шешендерімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп ағысқанда бір ауыз мақалмен немесе жалғау-жырлармен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. (6,14-15б)
Билер әулетінде өз кезінде халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, көрнекті қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалым, этнограф Мұхамеджан Тынышбаев та назар аударып өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына байланысты материалдар» атты атақты кітабында Жаíкөбек дейтін найман ішінде ең атақты рудың бірінен саналады: Жанкөбектің ұлы Нарымбайдан бастап Жұмаханға дейін ата бойы аса көрнекті билер бірінен соң бірі болыпты. Бұның өзі қазақ тарихында болжаíған құбылыс. Жанкөбектің немересі Құттыбай аңыз бойынша Тәуке хан тұсында Ташкентті билеген оның ұлы Байқара болса, орта жүздің атақты биі арғын Қазыбектен кейін орта жүзде бірінші би саналған, оның ұлы Ақтайлақ би де атақты кісі болған, оның ақылды шешендеріне салт бойынша бекіген заң ретінде қарап, соңғы кезге дейін жүгінген деп ерекше атайды [7,73-75б].
Ақтайлақ би мен олардың бабалары .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы, курстык Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұм, Курстық жұмыс: Әдебиет | Ақтайлақ бидің әдеби мұрасы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін