Тарих | Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі

 Тарих | Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі

Мазмұны
Кіріспе
1. Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.
2. Қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі.
3. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қазақ тарихында алатын орны
4. Қазақ даласында өскен батырларға сипаттама, қазақ қоғамында батырлардың атқарған рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Қосымша деректер (сурет).

Қазақ қоғамында өмір сүрген батырлар мен билер.
Әлібекұлы Төле би (1663-1756 ж.ж)
Байбекұлы Әйтеке би (1664-1700 ж.ж.
Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1756 ж.ж.)
Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668-1791 ж.ж.)
Көтіұлы Есет (1667-1749 ж.ж.)
Сарыұлы Ақтанберді (1675-1768 ж.ж.)
Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1775 ж.ж.)
Сырымбетұлы Хангелді (1688-1763 ж.ж.)
Жылгелдіұлы Есгелді (1697-1780 ж.ж.)
Тауасарұлы Қазыбек (1692-1776 ж .ж.)
Тоқтыбайұлы Саңырақ (1692 жылы туылған)
Шақшақұлы Жәнібек (1751 жылы қайтыс болған)
Өтеғұлұлы Өтеген (1699-1778 ж.ж.)
Сартұлы Қойгелді (1702-1782 ж.ж.)
Қожағұлұлы Қабанбай (1703-1781 ж.ж.)
Наймантайұлы Байғозы (1705-1783 ж.ж.)
Хангелдіұлы Райымбек (1705 жылы туылған)
Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781 ж.ж.)
Толыбайұлы Олжабай (1709-1783 ж.ж.)
Датұлы Сырым (1712-1802 ж.ж.)
Қырбасұлы Жауғаш (1738-1787 ж.ж.)
Нұрмұхаммедұлы Жанқожа (1774-1860 ж.ж.)
Әлібекұлы Сыпатай (1782-11867 ж.ж.)
Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833 ж.ж.)
Тайманұлы Исатай (1791-1838 ж.ж.)
Қоңырбайұлы Ағыбай (18021885 ж.ж.)
Өтемісұлы Махамбет (1804-1846 ж.ж.)
Мырзағұлұлы Бекет (1750-1813 ж.ж.)
Әлменұлы Бөлтірік (1771-1834 ж.ж.)
Билер жөнінде бірер сөз. Халық аузынан.
Үш ұлы би тарихтың дәл мұндай тар өткелінде бірліктен қалған жұрттың Тірліктен де үміті үзілетінін ашық көрсетті. Қазақ батырларына үш жүзге сауын айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол ұлы бабаларымыз
болатын. Үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы, міне осындай қысталаң шақта ерекше білінді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып-өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.
Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен он сегізінші ғасырда өмір сүрген үш ұлы бидің өмірінен бүгінде біз алатын тағылым толып жатыр. Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып,
терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан мұнартқан Қаратауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынтымағы туралы кезек-кезек ой толғаған екен. Кейін айбынды Абылай хан, Қабанбай, Жәнібек,
Наурызбай, Райымбек, Есет, Бөгенбайлардай талай-талай мықты білек, түкті жүрек батырлар сонда айтылған армандарға түгел жетіп, қазақ даласының төрт тарабын да басқыншы жаудан түгел арылтып алғанын білеміз.
«Осы арада тағы да ұлы бабалар даналығын еске аламыз»..... «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме, ерінің сағын сындырса , ел мұратқа жетер ме ?! Есті еріңді ес тұтсаң - өзіңді өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден
жау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да зорларсың. Ел тірегі-ері ер тірегі елі бала білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Ел мұраты – көрешек, ер мұраты- келешек. Көрешегін күйттеген – түбі қоймас сүрінбей.
Жетелі ер адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой», -деген екен Әйтеке би Күлтөбедегі бір жиында.
«Біздің де аңсарымыз – еліміздің көсегесінің көгергені, дәулетті де сәулетті өсуіндегі Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би заманындағы басты мақсатта дәл сол.
«Ханда қырық кісінің ақылы болса, биде қырық кісінің ары, білімі бар». Тура сөзді «әділ жарғыға» сансыз адамның батасы тимекші, «Батамен ел көгереді», сондықтан қазақ сияқты көпшіл елде қашанда ханнан гөрі бидің
қадір киесі басым болды. Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қарағы биік бір жерге бас қосса, ондай ханды ел де сүйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады. Алты алашқа
мәлім ескі жолды Есім хан, қасқа жолды Қасым хан, тура жолды Тәуекел хан,жеті жарғылы Әз-Тәуке, ер Абылай бәрі де осындай хандық пен билікке қатар ие болған «қасиетті» адамдар. Бұдан біз бидің қазақ қоғамындағы құрметті
ханнанда жоғары тұрғандығын білеміз. Аумалы-төкпелі, аумағайып замандарды бастан кешкен ханның өзіндік
Басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жажайлаған шешендері, білімпаз билері болды.
Би ханның көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жаршысы. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділін қара қылды қақ жарып айтқан кісі
көтерілген. Би табиғи дарын, асыл текті ақын, арғыны көре білген көсем, ақпа-төкпе шешен. Халық қамын ойлаған, ерлікті тудырған замандар болған Әз-Тәуке, Әз-Жәнібектен, Абылайдан жеткен билік жүйесі болған. Халықта:
«Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы – Майқы би» - деген сөз қалған.
Қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтек билерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес. Осы қастерлі мұра, даналық пен қара қылды қақ жарған, әділдіктің айғағы шешендікпен айтылған билер сөзі ұмтылған жоқ.
Айта кетер бір жай: ер құны, жер дауы, жесір дауына байланысты әңгімелер көп сақталған. /1/
___________________________________________________
Қазақ қоғамындағы билердің атқарған қызметі. Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның
қиыннан қиыстыра, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнініде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Шешендігінің үстіне қазақ халқы-ақын халық.
Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа міннгенің алты ауыз өлеңі бар демекші, кез келген үлкен- кіші, әйел-еркек «ауылдың алты ауызын» , «қонақ кәде», «жар-жар», «беташар», «той бастарды» домбыраға қосып термелей жөнеледі.
Ал, аналар болса, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянып, бесік жырын тербейді. Ақын жыраулар болса, таң бозарып атқанша елін қорғаған батырлар, билер жөнінде және махаббат хикаясын шертіп, хисса дастан
толғайды.Демек, ақындық пен шешендік өнер егіз. Оны бір-бірінен ажырвта қарау әбестік. Ал, би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіп отырған. Шешкенде де хатсыз, харарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Ертедегі бір бидің өзі де осы күнгі соттың да, прокурордың да, милицияның да, ұйым басшыларының да қызметін атқарған. Билердің атқарған кесім, бітімі көпшіліктің көзінше, ашық аспан астында, айдан анық жария боп отырған. Ешқандай құпия, алдын-ала ымыраласу, пәтуаласу болмаған. Билер өзінің сөзін, билік шешімін, «Ал халайық бұған не дейсіңдер, ризамысыңдар?» деп көпшілікке салып, мақұлдасар еді. Бұдан артық қандай жариялылық, демркратиялық, адамгершілік пен гуманистік дегенінің өзі осы емес пе? Сондықтанда да халық өзінің өт ауызды, орақ тілді, қара қылды қара жара әділ билік айтатын шешен билерін ханнан да жоғары қадірлеп, сыйлап, олрдың
айтқан кесімді, бітімді сөздерін есінде сақтап келген. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би», «Төле би былай депті», «Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты», «Әйтеке би айтқан сөз екен» деп ауыздарынан тастамайды.
Осы күнгі ел басқарып жүрген басшы, хатшы, министр, төраға, ғалым,Заң қызметкерлері арасынан «Пәленше министр айтқан шешен сөз», «түгенше ғалым айтқан көсем сөз», «ана сот былай депті» деген шешен, тапқыр,
қанатты сөздер неге естілмейді? Осының барлығы өзіміздің ежелден келе жатқан ата-баба дәстүрін сақтамаудан, ана тілімізді ардақтай білмегендіктен, оның мүмкіншілігін ілгері дамыта алмаудан, тоқырау дәуірі кезінде жалпы
халықтық тіл болады мыс деген сарынға ілесіп, балашаға, тайшы таяғымызбен орысша сөйлеп, орысша жазып кетуімізден. Расында да әріп таңбасы үш рет өзгеріске ұшырағаны белгілі. Қазақ халқы өзінің ана тілін өркендетіп,
шешендік өнерін жетілдіре түсу орнына жан-жағына жалтақтап, есеңгіреп қалған жоқ па? Оның үстіне бай кулактарды конфискелеу, дінге қарсы атейстік на жүргізілген тұста елі, жері үшін еңірегенде етегі толған хандар, билер датқа болыстарды да құбыжыққа айнплдырған жоқпыз ба? Міне, енді демократиялық, жариялылық, адамгершілік, әділдік заманы қайта туды. Өлгеніміз тірілді, жоғалғанымыз табылды, енді қайтып
адаспайтындай сабақ алдық. Қазақ елі егеменді тәуелсіз атанды. Қазақ тілі .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!