Экономика | Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалар

 Экономика | Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы құқықтық нормалар

Мазмұны

Кіріспе ................................................................................................2
І 1.1 Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар .....................................................................................................4
ІІ 2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері .........................................................................6
2.1 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы-құқықтық актілірі .........................................................................................................7
ІІІ 3.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы ........................9
3.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы .........................12
3.3 Аудиторлық бақылау (аудит) ..........................................18
3.4 Қаржылық бақылаудың әдістері ......................................21
3.5 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру .............................23
Қортынды .........................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................28


І 1.1 Қаржы құқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар.
Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржы құқығы – бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар – құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құқықтық нормалардың императивтік сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтымасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының – кәсіпорындардың, ұйымбардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқық бар.
Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мумкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауына болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-әрекеттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржы құқықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады.
Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының мемлекеттік-өкіметтік нұсқамалары, сондай-ақ ұсыныстары, келесулері қаржы-құқықтық реттеудің әдістері болып талылады. Қаржылық міндеттемелердің орындалуы көбінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың заңды сөзсіз орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне олардың құқықтарын әкімшілік сот тәртібімен немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының - өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдар актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.
ІІ 2.1 Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында білінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктерімен анықталады. Мемлекет әр түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай-ақ меншіктіңбасқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Сол немесе өзге функциялардың мазмұнына, рөліне және іс-қимылының ауқымдарына қарай қаржылық қызмет мемлекеттік билік немесе мемлекеттік басқару түрінде жүзеге асырылады. Мемлекеттің биліктің жоғары органы - Қазақстан Республикасының Парламенті, мемлекеттік биліктің жер-жердегі органдары – депутаттардың жиналысы – мәслихаттар. Атқарушы биліктің басшысы Президент болып табылады, атқарушы-өкімші қызметті Қазақстан Республикасының Үкметі, жергілікті жерлерде – басшылар және жергілікті әкімшіліктердің аппараты жүргізеді.
Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға:
Мемлекеттің іс-қимыл етуінің нақтылы кезеңдеріндегі оның міндеттеріне;
Қаржы құқығы субъектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына;
Мемлекет кірістерінің көздеріне;
Ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына;
Мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістермен жүргізіледі.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады:
1. Орталықтандырылған мемлекеттік қорларға: мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға сақтық және кредит қорларына төленетін міндетті және ерікті төлемдердің әдістері. Міндетті төлемдерге салықтар, қаражаттардың аударымдары. Ерікті негіздерде жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру, мемлекеттік қарыздар, ақшалай-заттай лотереялар, банктерге салынатын салымдар – депозиттер бойынша төлемдердің бір бөлігі жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттің ақша қаражаттарын бөлген кезде мына әдістерді ажыратады: қаржыландыру – қаражаттарды қайтарусыз және өтеусіз беру және несие беру – қайтарымдылық және өтеулілік негіздерде ақша бөлу.
3. Қаржы операциялары кезінде ақша қаражаттарымен қолма-қол ақшасыз және қолма-қол ақшамен есеп айырысу әдістері қолданылады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар басымырақ болуы тиіс, өйткені олар ақша айналысының шығынын қысқартады, мемлекеттің кәсіпорындармен, ішінара халықпен қатынастарында аайдаланылады.
Сыртқы экономикалық байланыстарда мемлекеттің қызметінің нысандары мен әдістері түрліше болып келеді.

2.2 Қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржы-құқықтық актілірі.
Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмсалдыру, бөлу, пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарын қолдану реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заңи акті ұзақ және тұрақты қаржы қатынастарын қамтып көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшін мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржы қызметінде іс қылады; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т.б.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорындар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын және басқаларын белгілейді.
Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалық актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президенттерінің Жарлықтары.
Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңға орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы рггандарының бұйрықтары, Қаржы министерлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министерлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмащылығы сол олар өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болды, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекет мекемелері шығындарының сметалары жатады.
Қоғамның саяси және экономикалық өмірін демократияландыру, экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық реформаның дамуындағы жаңа кезеңді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы, кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дауыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы, банктер және банк қызметі туралы, сақтық қызметі туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалары. Аталған заңдар қаржы қатынастарын да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша бұл заңдар нарықтық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржы қатынастарын дамытуға бағдарланған. Шаруашылық тіршілігі, экономикалық өзара қатынастар, қаржылық қызметі аймақтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың және шаруашылық жүргізуші басқа субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.
ІІІ 3.1 Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.
Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармент толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практкалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизімін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек , материал және қаржы ресурстарының қаржы жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1. қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражатарының тиімділігі);
2. қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражыттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3. есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізі қагидаттары мыналар болып табылады:
• бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
• бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
• әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
• бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
• бақылау органдары қызметкерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет қуқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
Қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
Қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттілігктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың редметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?