Маркетинг | Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу

 Маркетинг | Қазақстандағы кондитерлік  өнімдерінің нарықтық жағдайын маркетингтік зерттеу

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................3-4

1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі........5-8
1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері........9-10

2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы..................................................................................................
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы .......................11-12
2.2 Қазақстан нарығындағы кондитерлік өнімге жалпы шолу...13-18
2.3 Қазақстан нарығындағы кондитер өнімдерінің анализі...... 19-20

3 ААҚ «Рахат» кондитер фабрикасы және маркетингтік қызметі.....
3.1 ААҚ «Рахат» фабрикасының кондитер саясаты....................21-28
Қорытынды.........................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................30


1 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі

Маркетингті зерттеулер дегеніміз – компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарар жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қортындылар ұсыну.
Маркетингтік зерттеу міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтығы бәсекелестік позициясын анықтыу, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез – құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып – алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.
Маркетингтік зерттеулер – бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі. Мұндай зерттеулерді кәсвіпорындар маманданған және консаолтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімінің күшімен өткізеді. АҚШ компанияларының 75- ында осындай бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статисттер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді.
Қазақстанда маркетингтік зерттеулерді көптеген маманданған компаниялар жүргізеді. Оларға жататындар: «БРИФ» әлеметтік және маркетингтік зерттеу жүргізу агенттігі, Gallup Media, Amer- Nielsen, Asia Cessi Kazahstan,Seang Resarch,IGM,Сиар, Евразия, Эксперт консалт және тағы басқа компаниялар.

Қазақстандық компанияларының зерттеушілік қызметі*

Зерттеу түрлері Зерттеуші компаниялар және тфирмалар Зерттеу нәтижелері
1 2 3
Тұтынушы мінез-құлқын зерттеу. Нарықт ы және бәсекелестік ортаны зерттеу BISAM Central Asia
IGM
БРИФ
Комкон-2 Еуразия
Экспер Консалт Маркетингтік стратегияны жасау, фирманың нарықтық мүмкіндіктерін бағалау, мақсатты нарықтыарды, тұтынушы талғамын талдау
БАҚ түрлеріне мониторинг жүргізу, жарнаманы оқырмандар аудиториясына тиімділігін анықтау «Gallup Media Asia»
Комкон-2 Еуразия
BISAM Central Asia
«Болжау» ақпараттық талдау орталағы Жарнама компаниясының жоспарын және стратегиясын жасау. БАҚ рейтингін бағалау. Жарнаманы тиімді таратушыларды таңдау. Жарнамаға салынған салымдардың тиімділігін анықтау
Өнімді зерттеу, сауда маркасын позициялау, ораманы тестілеу, брендтерді жасау, байқау маркетингі BISAM Central Asia
IGM
БРИФ
Комкон-2 Еуразия
Экспер Консалт
«Аль-Куат» орталығы Сауда маркасын позициялау, тауардың тұтынушы талғамына сәйкестігін бағалау, өткізу және тауар қозғалысы стратегиясын жасау
Бөлшек сауданы, өткізу жұйесін, дистрибюцияны зерттеу BISAM Central Asia
БРИФ
Amer-Nielsen
Компанияның нарықтағы орнын, бәсекелестер позициясын анықтау, сатуды болжау, дистрибьюция тиімділігін бағалау
Нарықтың даму тенденциялары және сипаттамаларын анықтау BISAM Central Asia
БРИФ
Комкон-2 Еуразия
Нарықтың монополизациялану дәрежесін, нарық үлесін, бәсекелестік күрес стратегияларын белгілеу
Басқару консалтингі, өткізу саясатын зерттеу, реинжинериг IGM
Оңтайлы бизнес-үдерістері, тиімді тауарлық және өткізу саясатын анықтау
Инвестициялық консалтинг және маркетинг, бизнес- жоспар, франчайзингтік схемалар IGM
Экспер Консалт
Бұрынғы бизнесті кеңейту немесе жаңасын құру мүмкіндіктерін анықтау, инветсциялық салымдардың және франчайзингтің тартымды схемаларын жасау
Директ маркетингін, клиенттерді тарту бағдарламасын әзірлеу және жүрізу AVANPOST
«Азия Директ»
Мақсатты тұтынушыларды таңдау, жаңа клиенттерді үйіру, сату көлемін ұлғайту.
Өткізуді ынталандыру бағдарламаларын: сауда орындарындағы семпилингтер, промоушн-акциялар дайындау
* «Маркетинг товаров и услуг» журналының мәліметтері бойынша

Маркетинг мақсаты- сатып алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы арқылы сатушылардың пайдасын көбейту.
Кез- келген маркетингтік іс- әрекет басталады:
• аналитикалық- анықтамалық зерттеуден стратегиялық және ағымдық жоспарлау іске- асырылуы ;
• нарыққа жаңа тауар өндіру мен өқткізу программасын әзірлеу;
• өндірушілерден тұтынушыларға дейін тауарды жылжыту каналдарын анықтау;
• жарнама компаниясы құрылады және тауарды нарықта жылжыту шаралары маркетингтің барлық циклінде қолданылады;
Маркетингтік зерттеулер - компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатында, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес ақпарат жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қортындыылар ұсыну.
Маркетингті зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарықта жылжыту мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез- құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарларын, макроортаны талдау.
Маркетингтік зерттеулер – бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі. Мұндай зерттеулерді кәсіпорындар маманданған және консалтингтік фирмаларға тапсырыс жасау арқылы немесе өзінің маркетингтік бөлімдерінің күшімен өткізеді.
Маркетингтік зерттеу маркетинг циклінің ең бірінші қадамы, яғни ағымдағы қалыптасқан нарықтық жағдайды білмей, нарық механизімін білмей , маркетингтік басқару іс- әрекетін іске келтіру мүмкін емес.
1.1 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері
Маркетингтік зертеулерді бес кезеңмен өткізуге болады:
1. Зерттеу мәселесі мен мақсаттарын айқындау.
2. Зерттеу жоспарын құру.
3. Ақпарат жинау.
4. Жиналған ақпаратты талдау.
5. Зерттеу қортындылары туралы есеп.
Маркетингтік зерттеудің тұжырымдамасы – зерттеудің міндеттерін, обьектісін және мақсаттарын айқын белгілеу, жұмыс жоспарын жасау.
Маркетингтік зерттеу қалыптасқан пробемалардан
пайда болады, осы мақсаттарға жетуі анықтама алуға қол жеткізеді. Маркетингтік зерттеу Маркетингті зерттеудің мінезінің мақсаты зерттеу түрін алдын- ала анықтайды.
Зерттеу мақсаты, міндетті нақтылау және зерттеу мәселесі туралы бірінші түсінікті қалыптастыру болып саналады.
Маркетингтік зерттеудің бірінші кезеңінде оны әзірлеу талаптарын қалыптастыру және зерттеу мәселесін анықтау қажет. Мәселені анық баяндау – табысты маркетингтің негізі. Егер мәселе дұрыс тұжырымдалса, ол аздап шешілді деуге болады. Мақсаттар мен мәселелер неғұрлым анық және түсінікті белгіленсе, маркетингтік зерттеулер соғұрлым тиімді болдады. Ақпарат жинау - өте қымбатқа түседі сондықтан , мәселе бұлдыр немесе дұрыс белгіленбесе, қажетсіз шығындарға ұшыранады. Мәселелерді айқындау процедурасына мәселелер каталогы кіреді.
Әдетте, мәселелер өндірістік- өткізу қызметін талдау нәтижесінде және басшылар мен мамандардан сараптамалық пікір сұрау жүргізу арқылы анықталады.
Мәселелер анықталғаннан кейін мақсаттар қойылады. Егер мәселе (обьект) – бұл міндеттердің жалпы қойылымы болса, онда мақсаттар – зерттеу обьектісінен шығатын жеке міндеттердің жиынтығы болып табылады. Мақсаттар анық құрастырылып, олардың сандық өлшемі болуы қажет. Мысалы, тауар өлшемінің өткізу көлемді төмендей бастады. Осы құбылыстардың себептері мен факторларын анықтау зерттеулердің мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешуде маркетингтік зертеудің алдында мынандай мақсаттар қойылады : Өнімге сатып алушылар көзқарасын айқындау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестерінің тигізетін әсерін талдау; осы өнімді сату көлемінің өзгеруіне бәсекелестердің тигізетін әсерін талдау; тауар өніміне нақты сұранысы бар анықтау.
Менің курстық жұмысымның қарастыратын мәселесі « Қазақстандағы кондитерлік өнімдерінің қазіргі нарықтық жағдайына маркетингтік зерттеу жүргізу».
2004 жылы 31 .12 Қазақстан республикасының Премьер- Министр міндетін атқкарушы А. Есимов Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1448 бұйрығына қол қойды. « Кондитерлік өнімнің кейбір түрлерінің импортына уақытша қорғау шараларын енгізуді бастау» бұйрық басылымға шыққан күнінен бастап күшіне енді, яғни 2005ж 8 қаңтар.
Қорғау шараларын енгізу қазақстандық кондитерлерді теңсіз бәсекелестіктен қорғауға және мемлекет нарығында өз орнын сақтап қалуға көмектесуге тиіс болды бірақ бұл жағдайда енгізілген кондитерлік өнімнің қорғау импорт салықтары ішкі нарықта бәсекелестіктің төмендеуіне әкелді, соның нәтижесінде мемлекеттік ішкі нарықта баға көтерілді.
Салықты енгізіуден кейін, тек шет ел өндірушілерінің ғана емес, сонымен қатар отандық өндірушілердің кондитерлік өнімінің ассортименті азайды және бағасы өсті.





2 Кондитерлік өнімдерінің нарықтағы алатын орны мен жалпы жағдайы
2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы

Әлем нарығында кондитер өнімдері үлкен концентрациялық өткізу негізімен мінезделеді. Кондитер өнімдерін өндіруде 2004 ж. лидер болып саналады:

1. Mars Inc.
2. Nestle SA.
3. Hershey Foods Corp.
4. Cadbury Schweppes Plc.
5. Kraft Foods Inc.
6. Wrigley Jr. Co. William.
7. Ferrera SpA.
8. Phizer Inc.
9. Perfetti Van Melle Group.
10. Lotte Group.


Кесте 1. Ірі кондитер өнімдерін өндірушілер.

Аты
Мемлекет Жылдық сату көлемі
(млрд. АҚШ доллар)
Mars Inc АҚШ 14
Nestle SA Швейцария 7.2
Hershey Foods Corp АҚШ 4.12
Cadbury Schweppes Plc Ұлыбритания 0.97

Әлемде кондитер өнімдерінің ірі импортшы мемлекеттердің бірі АҚШ, Германия, Франция, ал экспортшылары - Ұлыбритания, Испания, Нидерланд, Бельгия, Италия.
Кондитер өнімдерінің әлемдік нарығы жылдан жылға өсуде, бұл өнімге өспелі сұраныс реакциясын көреміз. Дамыған елдерде кондитер өнімдерін тұтыну жоғары.
Солтүстік Еуропа елдерінде кондитер өнімдерін тұтыну деңгейі әлемде ең үлкен болып байқалады. Данияда жан басына шаққандағы көрсеткіш 16.6 кг жылына. Бұл әлемдегі кондитер өнімдерін ең көп тұтынатын ел. Ал Еуропа елдерінде орташа тұтыну жан басына шаққанда 9-12 кг құрайды. Ең көп тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 2002 ж. Швейцарияда, содан соң Португалияда, Данияда және Финляндияда белгіленген.
Диаграмма 1. Кондитер өнімдерінің тұтыну деңгейі (1адам басына шаққанда 1кг/ж )......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?