Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі

Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі

Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі казакша Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын орны................4
1.2. Қаржылық бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру............................6
ІІ. Қаржылық бақылау сыныптамасы
2.1. Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері..............................................15
2.2. Аудиторлық бақылау.....................................................................................20
ІІІ. Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру
3.1. Шетел мемлекеттерінің қаржылық бақылау қызметінің ерекшеліктері..24
3.2. Қаржылық бақылау ұжымдарын жетілдіру негізінде Қазақстан Республикасындағы индустриализациялау........................................................28
Қорытынды..........................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................31

Кіріспе
Қаржылық есеп беру-бұл кәсіпорынның есептік кезеңдегі қаржы шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі процессінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік жіне қаржылық қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы-ресурстардың қолда барын, орналастырылуын және пайдалануын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың (яғни, негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдырының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкінідік береді.
І. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы.
1.1. Қаржылық бақылау, оның рөлі және экономикада алатын орны.
- Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптас-тырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезіңде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығыңда
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңды тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен то-лымдылығын тексеру;
3) есеп жене есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, болудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро-немесе макродеңгейде жүргізіледі,
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін ыңғайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттаңдыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізіңде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық ныса-нындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
1.2. Қаржылық бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пай-даланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тындау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды ыңгайласпа тексеру, ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында са-лыстыру және басқалары.
Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары өзінің жұмысын жоспарлар бойынша жүргізді. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудит органдары өзінің жұмысын келісімшарттар негізінде жүргізеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақтамалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сон-дай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Ақшаны пайдаланумен, ал кей жағдайларда онсыз да (бас-па-бас айырбас мәмілелері, т.б) жасалынатын іс-жүзіндегі барық операциялар қаржылық бақылаудың сферасы болып табылады.
Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен шолып визуалды тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тиым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.
Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру — бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру — бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық - қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау — бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары — банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі — тексеріс - кейінгі келесі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар — жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына (мысалы, іссапардың шығындарын, әр түрлі нысаналы шығындар мен шығыстарды тексеру) бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіңдік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер.
Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті зандарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып-біліп, зерделейді; бұларға тексеріс пен тексерудің материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижиелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағ-дарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл процесі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілділіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты қызметкерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгендеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексерудің материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс акіпісі анықтамасы — бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкімет, жергілікті өкілетті органдар депутаттардың жиналыстары, жергілікті әкімшілік органдар. Бақылаудың бұл түрін Республикалық бюджеттің атқарылуына бақылау жасау жөніндегі есеп комитеті де жүргізеді.
Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің функциясы және бақылаудың тиісті түрі — парламенттік депутаттық бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:
мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;
бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкестігін тексеру кезіндегі;
бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттік шығыстар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 56 | 11.01.2019



Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылаудың мәні мен мазмұны
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметін жетілдіру
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан  Республикасының заңы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есепке алу туралы Қазақстан Республикасының заңы
Дипломдық жұмыс: Қаржы  | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының экономикадағы атқаратын рөлі
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының экономикадағы атқаратын рөлі
Презентация (слайд): Мемлекет аралық Бақылау майталманы
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Презентация (слайд): Мемлекет аралық Бақылау майталманы

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қаржылык бакылау жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар қаржы, Курстық жұмыс: Қаржылық бақылау | Қазақстан Республикасында Қаржылық бақылау қызметі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін