Әдебиет | Қазақ зиялыларының мұраларын оқу тәрбие процесі

 Әдебиет | Қазақ зиялыларының мұраларын оқу тәрбие процесі

Мазмұны

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
1. Қазақ зиялыларының мұраларын оқу – тәрбие процесінде жүргізудің әдіс – тәсілдері.
2. Қазақ зиялыларының педагогикалық еңбектері.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.


Ғасырдың басында тарихи сахнаға ағартушылардың , педагогтер мен жазушылардың жаңа буыны шықты (А.Байтұрсынов, М.Дулатов , М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедұлы және т.б.). Олардың шығармашылық мұралары тек тәуелсіздік алғаннан кейін халқымызға қайтарылып, осы бағытта диссертациялар қорғалып, кітаптар жарық көре бастады. Әрбір халықтың тарихи жадында сақталатын адам-символдар және оқиға - символдар бар болатыны баршаға мәлім. Адамдар арасындағы ондай тұлғалар дара жандар болған, тарихи үрдісте де мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Тұлға символдары мен оқиға символдар халық тарихындағы бір кезең Әбу - Насыр әл Фараби,Я. Коменский, Л. Толстой, К. Ушинский, А. Құнанбаев, олардың барлығы әрқайсысы өз жолын таңдап, адамзаттың дамуына септігін тигізген.
Ресейдің академигі А. Пискуновтың ойын басшылыққа алатын болсақ, тарихи педагогикалық жұмыстардың құндылығы, ең алдымен, нәтижеде олардың оқыту мен тәрбиелеу теориясына қалайша септігін тигізетінімен анықталады . Біз ғалымның ең бірінші кезекте ғылым феномендерінің генезисі, дамуы мен трансформациясын зерттеу,деген көзқарасымен келісеміз. Қазақстан үшін жаңа ғасыр талаптары мен сұраныстарына сай келетін тұлғалық универсумды қалыптастырудың жалпы адамзаттық мәселесі айрықша өзектілікке ие,себебі еліміз Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениетін сіңіріп, көптеген халықтардың тарихи тағдырларының тоғысында орналасқан және де қуатты әрі тұрақты өзегін қазақтардың дәстүрлі мәдениеті құрайтын көпмәдениетті, көпконфессионалды мемлекет болып табылады. Осындай алғышарттары бар қазақ жерінде Қазақстан түгіл жалпы адамзаттың тарихында өшпес ізін қалдырған зиялы буынның өсуі заңды құбылыс. Бұл кезеңге адамзат мәдениетінің екі тарихи үлгісі тән Батыстық және Шығыстық Білім беру феноменінің өзара байланысқан, бірақ ұйқаспайтын екі сипаттамасы айқындалады бір жағынан, өзін өзі рухани адамгершілік тұрғысынан тану (Шығыс), ал екінші жағынан, ағартушылық тәжірибені тарату, әлеуметтену, мәдени кодтар мен алгоритмдерді салаландыру (Батыс). Яғни білім беру күрделі әлеуметтік – мәдени құбылыс ретінде эллипстің екі: руханилық және ағартушылық полюстерін қамтиды.Және де әр түрлі полюстің болуы байқалады.
Қазақ зиялыларының жұлдыздар шоғыры арасында әйгілі журналист, дарынды публицист, әдебиеттанушы, тарихшы әрі педагог Міржақып Дулатов көзге ерекше түседі.Оның көзқарастарының кеңдігі замандастарын таң қалдырған. Өз дәуірінде өзінің ішкі рухани дүниесін сыртқы әлемге бейнелеп, керісінше, дүние жүзі тарихының оқиғалары оның өмірінде көрініс табады, яғни М. Дулатовтың шығармашылық жолын өзін - өзі танудан оның идеяларының түниетанымдық көзқарасына трансфомациялануына дейінгі жол арқылы қарастыруымызға болады. Оның публицистикалық және әдеби қызметін Қазақстан, Жапония, Украинаның әйгілі ғалымдары: Г.Дулатова, М. Әбсеметов, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғалиев, А. Крымский, Уямо Томихико зерттеген. Сонымен халықтың тарихи мәдениетін өркендету және педагогика тарихы дамуының келешегін айқындау көрнекті ғалым - педагог М. Дулатовтың шығармашылыған әрі жүйелеудің, оның идеяларын Қазақстанның педагогика саласындағы болашақ маман үшін қуатты, тәрбиелейтін, білім беретінәрі дамытатын әлеумет болып табылады.
Нақты болмысты анық түсініп бағалаған, ұлттың өзіндік сана мен қазақтың ділін ұстанған М. Дулатов ірі көрнекті ғалым – педагог және гуманист ретінде қалыптасқан.Міржақып қазақ педагогикасында алғаш рет қазақ оқушыларының гигиена мен әдеп, мінез – құлықтары жөніндегі шарттарды жазды. Өзінің « Қирағат » оқулығының «Денсаулық жайынан» атты тарауы осы мәселелерге арналған. 1914 жылы «Қирағат» оқулығы екінші рет басылып шығады. Кітаптың алғы сөзінде М. Дулатұлы былай жазады: « Сүйікті қазақ мұғалімдері, міне, сол сіздер керексінген қазақ тіліндегі оқу кітабының бірі осы кітап. Кемшілігі болса, көрсеткендеріңізге шын көңілмен рақмет айтамын». Одан әрі ол мұғалімдердің назарын бастауыш мектептің маңызына аударады: « яғни балаларды оқыту өз алдына бір ғылым – педагогика. Орыста учительский институт, учительская семинария, педагогический курстар көп. Сондықтан орыс учительдері көп жапа шекпейді. Біздің қазақ, ноғай мұғалімдері өздерінің тырысуымен тәжірибе қылып жүр. Мектеп бағдарламасында бірінші орын алған нәрсе қирағат, баяндап оқыту. Оқудан мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру. Тәрбие беру үшін қирағат кітабын оқытқанда құр қарасын ғана оқытпай, жоғарыда айтқанымыз секілді ішкі мағынасын да түсіндіру тиіс. Баяндап оқытудың мәнісін білмеген тәжірибесіз жас мұғалімдер қирағат оқытудың мақсат харфін танып, көрмей оқып кету деп кетеді».
Міржақып өз ұстазы Ыбырай дәстүрін осылайша жемісті жалғастыра білді. Міржақып өзінің әдістемелік нұсқауларында бастауыш сыныптағы білім беру жүйесінің ерекшеліктерін аша келіп, миссионерлердің, ұлы державалық шовинистердің неден аса сақтанғандығын да батыл ашып көрсетіп, болашақ мұғалімдерге кеңес береді. « Қирағат» оқулығы өзінің құрылысы жағынан бастауыш сынып оқушыларына жеңіл, түсінікті тілде, табиғатпен байланысты әңгімелерден жылдың төрт мезгілі, ел өмірі, тұрмыс – тіршілігі, т.б. тұрады, мұнда биология, экология, салт – дәстүрден хабар берген. Екінші бөлімде балаларды талаптылыққа, еңбек етуге, адамгершілікке баулитын әңгімелер топтап берілген. Мысалы, « Оқымысты бала» деген әңгімеде қаладан оқып келген баланың ауылға келген соң, еріншектік жасап, тырнауыштың сабын басып оны маңдайына соғып алып, « тырнауышты аяқ астына тастаған қандай ақымақ екен» деп ашулануын сықақ етеді. «Қонақ кәде» атты әңгімеде қазақтың әдет – ғұрпын сөз етсе, « Күлмеңіздер кәріге» әңгімесінде әке тілін алмай, өлшемі шал –кемпірді мазақтайтын әдепсіз балалардың қылығы айтылады.
М.Дулатұлының істі болу тарихын бейнелейтін материалдар жинақтап,өмірбаяндық деректер жазған жазушы Д.Досжановтың Абақты атты әдеби- көркем туындысының орны ерекше.Ал Міржақыптанушы ғалым М.Әбсеметов оның өмірі мен әдеби шығармашылығы туралы кандидаттық диссертациясын қорғап,ғылыми еңбектер жазды және ол бұрынғы Ақтеңіз-Балтық концлагеріндегі М.Дулатұлының қабірін тапты. Қорыта келгенде,ғалымның еңбектері көбінесе саяси,тарихи,әдеби жағынан зерттеху болғанымен,педагогикалық қызметі,оған жасаған ұшан-теңіз еңбектері әлі де өз зерттеушісін күтуде. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер,қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер М.Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы,тапжылмас темірқазығы-біркүндік даңқ,өтпелі дәулет,баянсыз шен емес,туған халқының бостандығы болғандығы күмәнсіз.
Астаң-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер,ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгерді. Мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. Ол В. Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан,А.С.Пушкин Л.М.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды, әдебиет, эстетика, сын саласына араласты, сан қилы проблемалық мақалалар жазды.
Көне оқыту жүйесі -өз кезең, уақытында маңызды міндеттер атқарды. Ж.Аймауытовтың «Комплекспен оқыту жолдары» еңбегі педагогикалық курс, техникумдарға арналғанымен, білім жүйесінің маңызды, күрделі қырларын қарастырады. Әсіресе жаратылыс, еңбек, қоғам мүшелері ерекше еске алынып, оқу-білімнің негізгі нысанасы етіледі. Оқу бағдарламасы бойынша оның әлгіндей үш арна – бағыттың бөліп алып, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім негізі етуі мәнді шыққан. Автор оқу жүйесін шәкірттердің таным-талғамымен байланыстырады, жас ерекшеліктері мен эстетикалық әсеріне де көп көңіл бөледі. Нәтижесінде- ұлттық ерекшеліктер, таным-білік мәселесі, тәлім-тәрбие өнегесі, ықпалы айрықша маңызға ие болады. Бұл реттен алғанда тәлімгер-ұстаздың жалпы адамзатқа, жас ұрпаққа қаратып айтқан Ізденіп талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт жоқ.Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмақ емес-дегенойлары өткеннің өнегесін, тағлымын танытумен қоса халық педагогикасының терең тамырларынан сыр тартады, ұлттық рух пен психологиямыздың алуан қырынан ой қозғайды, ақыл-парасатты үлгі етеді. Мұның өзі халық даналығына айналған Ескірген ескісін сақтайды, немесе Ақылды ұрпақ өсірсең, алып шығар құлдықтан-деген жүйелі ой мен сөзді, өмір-тәрбие тағылымдарын еске түсіреді.Кітаптың мақсат-мұратын айқындағанда «Комплекспен оқыту» - сабақты қазіргі әңгімемен өткізу емес, баланың өзін еңбектендіріп, өз бетімен білім тапқандай қылу екенін ашық көрсетеді. Кітап авторы бағдарламамен оқыту ісіне қатысты мәселелерді жүзеге асыру үшін –комплексті оқыту ісіне кеңінен тоқталады. Комплекс деген не деген сұраққа Өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді бір тақырып пен бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып, түйдектеп біріктіріп оқыту.
Автор комплекс жүйе ме, әдіс пе? деген сұраққа орыс оқымыстыларының көзқарастарын кеңінен пайдаланады. Қазақы көзқарас, танымға барлау жасалынады. Нәтижесінде-комплекс жүйесіне табан тірейді. Оның өзі пән жүйесімен салыстырылып, айырмасы, ерекшеліктері көрсетіледі. Бұл бағыттағы автор ойлары төмендегідей Комплексте бала өмірді, құбылысты бақылайды, сезінеді, тәжірибе қылады. Оқуды заманға тіреп, заманмен байланыстырып оқиды. Пәндерді бөлшектеп оқыту баланың жан жүйесіне жақсы. Бала нәрсені тұтас түрінде, іске пайдалы жағынан қарап оқып, біледі. Бөлшегін, тарауын, қимылын елемейді. Комплекс тұтас, түйдек ұқтырады. Баланың жан жүйесіне тура... Комплексте –сабақ үздіксіз, бірінен –бірі туып, біріне-бірі жалғасып отырады. Бір сағатта бітпеген нәрсе екінші сағатта зерттеледі...
Комплекс жүйесі- кешенді оқыту, жас ұрпаққа, таным дүниесіне қажетті дерек көздерін жүйелі жеткізу болып табылады. Бұл жүйенің еңбек тақырыбы төмендегіше түзіліс құрайды.
-оқудың бас қызығы еңбек болмақ;
-мектеп өмірінің, мектеп ұйымының бір басты бөлімі еңбек болмақ;
-өмірді зерттеуде басты әдістің бірі еңбек болмақ т.б. Бұл тұста автор оқу жүйесін, оған қатысты компоненттердің барлық үлгілерін- еңбек тақырыбымен байланыстырады;
-еңбек айрықша мәнге, құрметті орынға ие болатындығы кеңінен қарастырылады;
Ал комплекс тақырыптары орыс мектептеріндегі үлгілерімен салыстырыла беріледі. Сонымен бірге бір-екі жылдық тақырыптар, басты мәселелер т.б. кең көлемде орын берілген. Кітаптың басты тақырыптарының бірі- мұғалім мен шәкірт арасындағы байланыс. Нақтырақ айтқанда, мектеп баланың денесін,ақылын, сезімін ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?