Зоология | Жарқанаттар

 Зоология | Жарқанаттар

Мазмұны
I Кіріспе......................................................................................................................3
II Негізгі бөлім
2.1 Тағатұмсықты жарқанаттар тұқымдасы және олардың туысы...........4-5
2.2 Жалтыртұмсықты жарқанаттар...............................................................5-16
2.3 Найзақұлақты жарқанаттар...................................................................16-17
III Қорытынды..........................................................................................................18
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................19

I Кіріспе
Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ.
Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді.
Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. .
Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді. Қазба қалдықтары Европа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан табылған.
Қолқанаттылар зиянды түн насекомдарымен қоректеніп, үлкен пайда келтіруімен қатар, адам үшін қауіпті індеттер таратуда да алатын орны үлкен.
Қазақстанда бұл отряттың үш тұқымдасқа ( тағатұмсықты, жалтыртұмсықты, найзақұлақты жарқанаттар ) жататын 25 түрі мекендейді.
2.1 Тағатұмсықты жарқанаттар тұқымдасы және олардың туысы
Өкілдерінің тұмсығының алдыңғы бөліміндегі тері қатпары күрделі құрылысты, сырттай қарағанда тағаға ұқсайды. Ол танау тесіктерін алдына, екі бүйірінен және үстінен қоршап тұрады. Құлақ қалқандары жапырақ тектес, жұқа, кез- келген бағытта қозғала алады. Оның ішінде тері өсінді- түйме болмайды. Құйрығы жан-жағынан жарғақпен көмкерілген, ол отырған кезде арқасына қарай түріліп жатады. Ультрадыбыстарды мұрын арқылы шығарады. Төсінде екі емшегі бар; сол сияқты шатының арасында да емшек тәрізді қос өсінді болады. Оған жаңа туған балалары жабысып тұрады. Қазақстанда үш түр кіретін бір ғана туысы бар.
Тағатұмсықты жарқанаттар туысы.
Ол кіші тағатұмсық жарқанат. Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 30-42 мм, салмағы 5,1 – 10,8 гг. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 42 мм-ден аспайды. Қанаты жалпақ. Арқа түсі- қоңыр күлгін, бауыры ақшыл, ұшу жарғағының түсі- қоңырқай. Басқа тағатұмсықтылардан айырмашылығы дене мөлшері кіші. Ұшу бағытын жиі- жиі өзгертіп жемін аулайды. Өте сезімтал. Топ-топ болып жиналып тұрған жеріне адам жақындағаннан-ақ бірден дүр етіп ұша жөнеледі.
Таралуы мен сан мөлшері. Батысы Ирландиядан бастап Кашмирге дейін тараған. Қазақыстанның оңтүстігіндегі Өгем, Қоржынтау, Талас жоталарында кездеседі. Сан мөлшері онша көп емес.
Биологиясы. Тауларда әртүрлі үңгірлерде, күмбез, сарай қуыстарында жиі қоныстанады. Жазғы және қысқы қоныстары бір- бірінен 20-30 шақырым қашықтықта орналасқан. Үңгірлердің қабырғасы мен төбесінде әр-әр жерде бастары төмен салбырап, қанат жарғақтарына оранып қыстап шығады. Ымыртта ұйқысынан оянып, азығын- насекомдарды аулауға кіріседі. Жылына бір рет көбейіп, маусым- шілде айларында бір ғана сорғыш шыбын- Nycteribia integra табылған.
Халық шаруашылық маңызы. Түрлі қансорғыш насекомдармен қоректеніп пайда келтіруі мүмкін. Ғылым үшін үлкен маңызы бар.
Үлкен тағатұмсық жарқанат.
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 52-99 мм, салмағы 12,8-23,7 г. Қары сүйегінің ұзындығы 53 мм-ден аспайды. Арқасының түсі сұр теңбілдері бар көгілдір, бауыры ақшыл.Ұшу жарғағы қоңыр сұр, құлақ қалқаны сұрғұлттау. Ерекшелігі – денесі үлкен, ұшқанда қанаттарын жай қағып, 1,5-4 м биіктікте жемін аулайды.
Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның оңтүстік аудандарында, Орта Африкада тараған. Батыста Англиядан бастап, шығыстағы- Жапония аралдарына дейін кездеседі. Республикамыздың оңтүстігіндегі тау етектерінде, сонау Маңғыстау түбегінен Балқаш көлінің шығысына дейін мекендейді. Бұл жарқанаттың сан мөлшері жөнінен бізде деректер шамалы, тек Қазақстанның оңтүстігінде біршама бар.
Биологиясы. Тау етектеріндегі өзектердің жағалауларында мекендейді. Үңгірлерде, күмбез шаңырағында жалыз- жарым, кейде 30-40- тан топтанып тіршілік етеді. Қысқа қарай жылы жаққа ұшыып кеткді немесе кей жылдары жазғы үңгірлерінде де қалып қоятын кездері болады. Қараңғы түсе баспаналарынан ұшып шығып, жемін аулауға кіріседі. Қорегі – түн көбелектері, зауза қоңыздары мен шыбындар. Бұлар да қанатына оранып, басы төмен салбырап қыстап шығады. Мамырдың соңында бір ғана жас өсім туады.Оның көздері ашылмаған, денесінің әр жерінде қысқа жүндері болады. Анасының емшегін еме жүріп, өз бетінше қоректенуге біртіндеп көшеді. Үш жаста ғана жыныстық жағынан жетіліп, көбеюге қатысады. Үлкен тағатұмсықтың денесінен әртүрлі кенелер, қансорғыш шыбындар, паразит құрттар табылған.
Халықшарушылық маңызы. Қазақстанда саны аз болғандықтан аса көп зияны байқалмайды. Биологиялық түр есебінде ғылым үшін оның маңызы зор. Олар мекендейтін үңгірлерді сақтап, қорғау жұмыстарын қолға алған жөн.
Бұқар тағатұмсықты жарқанат.
Сыртқы пішіні. Дене мүлшері ірі, тұрқы 52-60 мм, салмағы 8,3-20,6 г. Қары сүйегінің ұзындығы 49-53 мм. Түсі біріңғай, ақшыл, тіпті ақ десе де болғандай.
Таралуы мен сан мүлшері. Орта Азия мен Қазақстанда ғана таралған. Республикамыздың тек оңтүстік аудандарында ғана кездеседі. Саны өте аз.
Биологиясы. Тек қана үңгірлерді мекендейді. Жазда ұрғашылары топтанып тіршілік етіп, маусым- шілде айларында 1 жас жарқанат өмірге келеді. Қыста терең үңгірлерге жиналып, сәуір айларында оянады. Жерге тым жақын ұшып, жемін аулайды. Негізгі қорегі- түн көбелектері. Тіршілігінің көптеген жақтары әлі белгісіз.
Халықшаруашылық маңызы. Ол туралы мәлімет жоқ.
2.2 Жалтыртұмсықты жарқанаттар
Дене мөлшері әртүрлі.Құлақ қалқанының ішіндегі түйме жақсы жетілген. Улььтрадыбыстарды аузы арқылы шығарады. Бірқатар түрлеріінде тепкілерінен құйрық жағына қарай эпиблема деп аталатын тері өсінді өсіп шығады. Тұқымдас өкілдерінің көбі – насеком қоректілер. Қазақстанда 8 туысы мекендейді. Оларға жарқанаттардың 21 түрі енеді.
Тун жарқанаттар туысы.
Сыртқы пішіні.қазақстанда мекендейтін жарқанаттардың ең ірісі. Дене тұрқы 62-73 мм , салмағы 16,2 -33 г, қары сүйегінің ұзындығы 52,8-61,9 мм.Арқасы көкшіл сұр немесе қара сұр бауыры сұр. Жүні ұйпақ- тұйпақ. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі қоңыр сұр, тұмсығы – қызғылт. Әуеде ұшып жүргенде басқа жарқанаттармен салыстырғанда әлде қайда үлкен болып көрінеді.
Таралуы мен сан мөлшері. Солтүстік Африкада, Евразияда тараған. Қазақстанда 1883 жылы Маңғыстау түбегінен Г.С.Карелин кездестірген. Республикамыздың оңтүстігі мен шығысындағы таулы аудандарда – Қаратаудан бастап Тянь-Шянь мен Алтайға дейін таралған. Топтанып тіршілік етеді. Қазіргі кезде Қазақстанда жеті жерде осындай үлкен топтар белгілі; Қаратауда – 2 , Боралдайда, Ұзынағашта, Жаркентте, Андреевкада және Маңырақта бір-бірден. Бұл жерлердегі сандары 250 – ден ондаған мыңға жетеді.
Биологиясы. Қазақстанда тау бөктеріндегі қуыс үңгірлерде, сол сияқты шағын елді мекендерде қоныстанады.Мекендейтін жерлрі шатырлар,табиғи үңгірлер мен олдан жасалған тас өткелдер. Жазда , қыста қоныстарын алмастырады. Бірақ қайда қыстайтыны белгісіз. Түн жануары, 6-7 сағат бойы жемін аулайды. Қорегі –қоңыздар, инелектер, аралар, шегірткелер, көбелектер. Ұшып жүріп насекомдарды қанатымен қағып, бауырына қарай жинап, сонан соң ұстап алып жейді. Көбеюге тамыздан бастап, келесі көктемге дейін қатысады. Шағылысуға қолайлы кезең – күз айлары. Көктемде туған жастары күзде көбеюге қатысуы мүмкін. Қыстаған қоныстарынан наурыздың соңында – көкектің басында қайтады. Жылына бір рет көбеюге қатысып, бірғана өсім береді. Оның көздері ашылмаған, денесінің түсі қызғылт, өте сирек қылшықтары болады, туғанда салмағы 5 граммға жуық, 10-15 куннен соң денесін жүн басып, анасының бауырынан ажырайды. Бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанат денесінен кенелер , бүргелер, қансорғыш шыбындар, ішкі паразит құрттар табылған.
Халықшаруашылық маңызы. Көптеген зиянды насекомдарды жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Сонымен қатар, тұрғын және әкімшілік үйлердің шатырында жазда үлкен топ болып мекендеп, қысқа қарай ұшып кеткен соң, кандалалар адамға жаппай шабуыл жасауы да ықтимал. Десе де, үшкірқұлақты жарқанат – қорғауды қажет ететін хайуанат.
Тоған жарқанаты.
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 51-73 мм, салмағы 15-22,5 г. Арқасы бозғылт сұр, қара қоңыр. Құлақ қалқанының ішіндегі түймесі қысқалау, ұзындығы құлағының жартысындай. Су қоймаларының үстінде өте төмен ұшып, жемін аулайды.
Таралуы мен сан мөлшері. Евразия құрылығында – Бельгия, Голландиямен Оңтүстік Швециядан бастап Енесейге дейінгі аралықта тараған. Қазақстанның батысында, солтүстік- шығысында кездеседі. Жазғы тобында саны 10- нан бірнеше мыңға жетеді.
Биологиясы. Жазық жердегі өзен мен көлдердің маңында тіршілік етеді. Үйлердің шатырында, қабырғаларының қуыстарында паналайды. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша тоған жарқанаты отырықшы, кейде жақын жерлерге қоныс аударады. Кешке қарай баспанасынан ұшып шығып, бірден жақын жердегі су қоймаларына бағыт алады; қалықтай ұшып жемін аулайды. Қорегінің құрамында түн көбелектері басым. Жылына 1 рет көбейіп, 1 ғана өсім береді. Елді мекендерде негізгі жауы – үй мысығы.
Халықшаруашылық маңызы. Маса, шыбын- шіркей тәрізді ұсақ қансорғыштары онша ауламайды. Сондықтан да оларды жоюда атқаратын орны онша емес. Десе де ғылым үшін маңызы үлкен. Үлкен тобын қорғап, тіпті бұл түрді Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізуді де ойлану.
Су жарқанаты.
Сыртқы пішіні.дене тұрқы 47 мм, қары сүйегінің ұзындығы 37,7-39,4 мм. Арқас көкшіл сұр, бауыры сұр түсті. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі- көкшіл. Құлақ қалқанындағы түйме кішкентай. Тепкісінде тері өсіндісі болмайды. Су қоймаларының үстімен өте төмен ұшып, ұшу бағытын жиі әрі шапшаң өзгертіп, жемін ұстайды.
Таралуы мен сан мөлшері. Евразияның орталық белдеуінде – Испания мен Франция жерлерінен бастап Камчатка мен Оңтүстік Сахалин аралығында тараған. Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс аудандарында кездеседі.
Биологиясы.Су қоймалары бар орманды тоғайлы жерлерде мекендейді. Ырғай мен қайың қуысында, үңгірлерде тұрғын үйлердің шатырында тіршілік етеді. Көшіп- қонуы белгісіз. Қорегі- майда қосқанаттылар, соның ішінде – масалар. Көбеюі жөнінде Қазақстанда деректер жоқ. Десе де көршілес аудандарда ұрғашылары 2 жаста ғана өсіп- өнуге қатысса, еркектері 11 айда жыныстық жетіліп, шағылысуға дайын тұрады. Жылына бір рет ғана ұрпақ береді. Тіршілігінің басқа жақтары жөнінде мәліметтер өте аз.
Халықшаруашылық маңызы. Сан мөлшері шамалы болғандықтан практикада алатын орны онша емес. Бірақ та ғылым үшін маңызы ерекше.
Үштүсті жарқанат.
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 41,7-44 мм, салмағы 8,8-10,6 г, қары сүйегінің ұзындығы 38,8-42,2 мм. Арқасы 3 түсті қылшығының түбі қара, ортасы ақшыл, ұшы – қоңыр. Бауыр жағы – сұрғылт. Жүні жібек тәрізді жұмсақ, бұйраланып тұрады. Тепкісінде тері өсіндісі жоқ. Құлақ түймесінің ұзындығы қалқаның жартысына жуық. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі жоғарыда айтығандай түгінің үш түстілігі. Ұшуы шапшаң, оңды-солды, жоғары-төмен бұрылыстары жиі.
Таралуы мен сан мөлшері. Мароккодан Бермаға дейінгі аралықта тараған. Қазақстанда Шақпақ асуы мен Қаратау сілемінде ұсталған. Саны көп емес. Қазіргі кезде белгілі жазғы мекендейтін жерлеріндегі топтарда олардың саны 60- тан асқан емес.
Биологиясы. Қазақстанда шөлді аймақтардағы тау бөктерлерінде қоныстарын аударып, түрлі үңгірлер мен мешіттерде мекендейді. Күн бата жемін аулауға шығады, қорегі- қосқанаттылар мен шегірткелер. Жылына бір рет көбейіп, бір ғана өсім береді. Қазақстанда әлі күнге дейін қыстайтын жері белгісіз. Жарқанат денесінен қан сорғыш шыбын Nycteribia табылған.
Халықшаруашылық маңызы. Сан мөлшері аз болғандықтан пайдасы шамалы., бірақ ғылымда алатын орны ерекше.
Мұртты жарқанат.
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 40-49 мм, салмағы 4,5-8,9 г. Қолдың қары сүйегінің ұзындығы 32-36 мм. Жүнінің түсі арқа жағында ақшыл, сарғыш, бауыры ақ немесе ақшыл сұр. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі- қоңыр, көкшіл сұр. Басқа жарқанаттардан ерекшелігі- дене мөлшері кіші, ұшуы шапшаң, ықшам, айқыш-ұйқыш қалықтап ұшады.
Таралуы мен сан мөлшері. Европа, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда тараған. Қазақстанда көптеген аудандарда, әсіресе, республикамыздың оңтүстік- шығысы мен шығысында көптеп кездеседі. Үлкен топтардың мекендейтін жерлері осы күнге дейін белгісіз. Дегенмен де кездестіру деректеріне сүйенсек, бұл жарқанаттың Балқаш өңірі, Зайсан ойпатындда, сол сияқты Ақтау мен Маңғыстауда сан мөлшері біршама деуге болады.
Биологиясы. Шөлде және шөлейтті аймақтарда, жазық далаларда, тау етектері мен тауларды, елді мекендерде кездеседі. Көбіне күмбездер мен қорғандардың жарықтары мен қуыстарында тіршілік етеді. Күн батып, іңір қараңғысы түсе жемін аулауға шығады. Р.Т.Шаймардановтың бақылауына қарағанда, баспанасынан шыға салысымен- ақ су қоймаларына қарай ұшып, бірден су ішеді. Қорегі – ұсақ насекомдар. Жылына бір рет көбейіп, бір ғана өсім береді. Балқаш өңірінде бұл жарқанат маусымның соңғы аптасында жаппай туады. 18-20 күн сүт еміп, шілденің екінші жартысында өз бетінше ұша бастайды. Денесінде майда кенелер, қан сорғыш шыбындар мен қандалалар паналайды. Тіршілігі жайындағы басқа деректер жоқ.
Брандт жарқанаты.
Сыртқы пішіні. Дене тұрқы 38,6-48 мм, қолдың қары сүйегінің ұзындығы 34,5-39,1 мм. Арқасы көкшіл, бауыры сұр түсті. Ұшу жарғағы мен құлақ қалқанының түсі – қоңыр сұр. Тепкісінде тері өсіндісі жоқ. Құлақ түймесінің ұшы үшкір. Оның ұзындығы қалқанының жартысынан артық.
Таралуы мен сан мөлшері. Палеарктиканың солтүстік бөлігінде Франциядан бастап, Приморье өлкесіне дейін және Сахалин аралында таралған. Қазақстанда тек солтүстік және шығыс аудандарда ғана кездеседі. Алтайда Бұқтырма өзенінің жоғарғы тұсында, Қатон- қарағай елді мекенінен, Бурабай курортынан табылған. Саны аз.
Биологиясы. Таулы, орманды және орманды – далалы жерлерді мекендейді. Түрлі үңгірлерде қыстап шығады. Тіршілігі толық зерттелмеген.
Халықшаруашылық маңызы. Ғылым үшін маңызы бар....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!