Ветеринария | Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

 Ветеринария |  Жүрек ұлпасының жіктелуі және құрылысы

Мазмұны
Кіріспе .....................................3
1 Ұлпалар туралы ілім
1.1 Ұлпалар туралы түсінік ...............................................................................4
1.2 Жүрек бұлшықеті .........................................................................................4
2 Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
2.1 Жүрек ұлпасының эмбриогендік дамуы.....................................................7
2.2 Жүректің құрылысы .....................................................................................8
2.3 Жүректің өткізгіш жүйесі ..........................................................................15
2.4 Жүректің веналары .....................................................................................18
Қорытынды .......................................................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................20

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Жүрек - қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе. Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Қан тамырлар жүйесі: қан мен лимфаның денеде үздіксіз қозғалыста болуын
қамтамасыз етеді; мүшелердің арасындағы гуморальдық байланысты реттейді, ішкі секреция бездерінің сөлін немесе гормонын мүшелерге жеткізіп жалпы дененің қызметіне әсерін тигізеді; оттегіні жасушаларға, олардан көмір қышқыл газын өкпеге тасымалдайды; тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған улы заттарды
сыртқа шығарады (мочевина, қандық азот т.б.); жылудың, су мен минеральды тұздардың денедегі тұрақтылығын сақтайды; қорғаныс қызметін атқарады.
Тамырлар атқаратын қызметі мен морфологиялық құрылысына қарай қан айналу жүйесінің тамырлары және лимфа айналу жүйесінің тамырлары болып екі топқа бөлінеді. Олардың орталығы — жүрек.
Қан айналу жүйесінің тамырлары атқаратын қызметіне, құрылысының ерекшелігіне қарап артерия, вена, капилляр қан тамырлары болып бөлінеді. Артерия, вена, капилляр қан тамырларынан тұйық қан айналу шеңбері пайда болады.
Қан айналу жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім — ангиология.
Артерия қан тамыры - қанды жүректен мүшелерге жеткізеді Ең үлкен артерия қан тамыры қолқа (аорта), екіншісі — өкпе сабауы.
Артериялар ірі, орта, майда және орналасуына байланысты мүшелердің сыртындағы жене олардың ішіндегі артериялар болып бөлінеді. Мүшелердің сыртындағы артерия сол мүшені қанмен қамтамасыз етеді және сол мүшенің атымен аталады, мысалы бүйрек артериясы, көкбауыр артериясы.
Мүшенің артериясы, оның ішінде артериолаларға дейін сақталады, капиллярларға жалғасады. Артерияның қабырғасы: ішкі, орталық және сыртқы - үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты (внутренняя оболочка) - эндотелий, эндотелий асты және серпімді жарғақты қабат. Серпімді жарғақ қабаты - артерия қан тамырына созылғыштық қасиет береді.
Орталықтағы қабаты (средняя оболочка) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы мен серпімді талшықтардан тұрады [1].
Сыртқы адвентиция қабаты (наглонная оболочка) құрамында жүйке талшықтары мен өзінің қан тамыры бар, борпылдақ дәнекер ұлпадан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты – жүрек ұлпасының құрылысымен, атқаратын қызметімен және қасиеттерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті – жүрек ұлпасының толығымен зерттеп, анықтау.
1 Ұлпалар туралы ілім
1.1 Ұлпалар туралы түсінік
Гистология – жануарлар организмдерінің түрлі ұлпаларының құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым.
Ұлпа дегеніміз белгілі функцияны атқаруға арналған құрылысы ұқсас тарихи қалыптасқан клеткалар мен клеткааралық заттардың комплексі. Ұлпалардың микроскопиялық құрылысы мен функциясын зерттеудің негізінде Франс Лейдиг 1853 жылы олардың бірінші классификациясын ұсынған болатын. Оның классификациясын Альберт Келликер 1855 жылы жарық көрген өзінің гистология оқулығында пайдаланған.
Лейдиг пен Келликер ұлпаларды төрт топқа бөлген:
1. Эпителиалдық ұлпалар.
2. Дәнекер ұлпалары.
3. Бұлшық ет ұлпалары.
4. Нерв ұлпасы.
Ұлпалардың осы төрт типін А.А.Заварзин екі топқа біріктіруді ұсынған:
1. Жалпы маңызды ұлпалар. Бұған эпителиалдық ұлпалар мен дәнекер ұлпалары жатады.
2. Мамандалған ұлпалар (бұлшық ет ұлпасы мен нерв ұлпасы). Эволюция процесінде алдымен жалпы маңызды ұлпалар пайда болған, «мамандалған ұлпалар филогенетикалық дамудың кейінгі кезеңінде бөлініп шыққан. Әрбір ұлпаның құрамыңда дамудың әр түрлі кезеңдеріндегі клеткалық элементтер кездеседі [3].
Шала жіктелген клеткаларды А.А.Заварзин камбиялық клеткалар деп атаған. Камбиялық элементтерден жоғары дәрежеде жіктелген, мамандалған элементтер пайда болады. Камбиялық клеткалар көбейе алатын болса, мамандалған клеткалар ондай қабілетінен айрылған.
1.2 Жүрек бұлшықеті
Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцетралдық жапырақшасынан дамиды. Жүрек етінің құрылымдық-функциялық бірлігі жүрек бұлшық ет клеткасы – кардиомицит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бірімен бірі жалғасып жататын бұлшық ет талшықтарынан тұратын симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп жүрек ет талшықтарының ұштарымен жалғасқан жеке клеткалардан тұратынын анықтады (Сурет 1).
Сурет 1 - Көлденең салалы бұлшық ет ұлпасының миофибриллаларының электрондық микрофотографиясы (2500 есе үлкейтілген)
1 – миофибриллалар;
2 – саркомер;
3 – диск И;
4 – диск А;
5 – М сызығы;
6 – Z сызығы;
7 – саркоплазмалық тор.
Жүрек еті өзінің жиырылған элементтерінің құрылымы жағынан көлденең салалы бұлшық етке ұқсас. Соңғылардікі сияқты бұлардың миофибриллалары көлденең сызылған. Сонымен бірге жүрек етінің құрылысында өзіне тән ерекшеліктер де бар. Оның бірі – бұлшық ет талшығында көлденең орналасқан «аралық жолақ» деп аталатын ерекше құрылымның болуы. Электронды микроскоп – аралық дискілердің жүрек еті клеткаларының шекарасына сәйкес келетінін көрсетті. Жүрек еті көлденең жолақты болғанымен оның жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Жүрек етінде митохондриялар көп болады. Саркоплазмада митохондриялар мен гликоген, Гольджи қапшықтары мен липид тамшылары саркоплазмада ядроның полюстерінде орналасқан. Ол вегетативтік нерв жүйесімен нервтенеді [5].
2 Жүрек ұлпасына жалпы сипаттама
1.1 Жүрек ұлпасының эмбриогендік дамуы
Жүрек басқа тамырлар жүйесі сияқты ұрықтық мезодерманың мезенхимасынан өте ерте пайда болып, шамамен үшінші аптада созылып, жиырылып қызметке кіріседі.
Жүрек алғашқы эмбриондық дамуда эндодерма мен ішкі жапырақша аралығында екі түтікше тәрізденіп басталады. Осы екі түтік ұрық ішегінің бас бөлімінің алдыңғы жағына ығысып, екеуі бірігіп сыңар түтікке айналады. Оның ішкі қабырғасы (эндокард) – мезенхимадан тұрады (мезодермадан шамалы қалыңдау), нәтижесінде жүректің миокард қабаты мен сір қабаты (эпикард пен үлпершігі - перикард) пайда болады.
Жүректің түтік тәрізді бастамысының ұшына қараған (каудольды) жағы кеңейіп, веналық қойнау (sinus venosis), ал бассүйекке қараған ұшы тармақталып артериялық бағана (truncus arteriorus) түзеді. Олардың веналық қойнауы денесіндегі веналық қанды қабылдайды.
Жүректің түтігі эмбрионалдық даму кезінде тез ұзарып, оның веналық және артериялық бөлімдерінің арасы жіңішкереді. Осы жіңішкерген жерден келешек жүректің жақтаулы қақпақшасы пайда болады. Веналық бөлімдері екі құлақ өсіндісі бар құлақшаға; ал артериялық бөлімі құлақшаның екі жағын қапталдай екі артериялық бағана түзіп, жүректің қарыншасына айналады.
Осылай веналық қойнауы, құлақша жақтаулы қақпақшасы (құлақша мен қарынша аралығында), қарыншасы және артериялық бағаналардан түзілген екі бөлімді ұрықтық жүрек пайда болады. Бұл балықтардың жүрегіне ұқсап, қызмет атқара бастайды.
Жүректің ішкі жағында бұдан былайғы эмбриондық дамуы нәтижесінде біртіндеп үш перде пайда бола бастайды. Олардың бірінші пердесі тез өсіп, құлақшаны екіге бөледі [6].
Бірақ бұл перде толық жабылмайды. Құрсақтағы нәрестеде сақталатын оң жақ құлақша мен сол жақ құлақшаны қосып тұратын сопақша тесік қалады. Демек, құлақшадағы қан бір-біріне араласып тұрады. Екінші перде екі артериялық бағана аралығында пайда болып, оларды қолқа және өкпе бағана тамырларына бөледі. Үшінші перде қарыншаны екіге бөліп, төменнен жоғары қарай өседі. Бұл бірінші және екінші пердеге келіп қосылады.
Оны қарынша пердесі деп атайды. Осылай үш перделер бір-бірімен, бірігіп, жүректі оң және сол жақ бөлімге бөледі. Сонда сол жақ қарынша қолқа тамырына жалғасып, оң жақ қарыншаның созындысы өкпенің қантамырына айналады.
Жүректің оң жағындағы құлақша мен қарынша арасында үш жақтаулы қақпақша және сол жағындағы құлақша мен қарыншаның арасында екі жақтаулы қақпақша түзіледі. Веналық қойнаулар жоғарғы, төменгі қуысты вена күретамырларының және жүрек веналарының тесіктеріне айналады. Жоғарыдағы айтқанымыздай, ұрықтың дамуы кезінде жүрек күрделі өзгерістерге ұшырап, ақырында төрт бөлікке бөлінеді.
Міне, осы төрт бөлімді жүрек алғашқыда ұрықтың мойын бөлігінде дамып, кейіннен көкірек қуысына қарай ығыса бастайды.
2.2 Жүректің құрылысы
Жүрек-сүйір, іші қуыс, бұлшық етті мүше. Оның артқы жоғарғы жағын негізгі, ал алдыңғы төменгі жағын жүректің ұшы деп атайды.
Жүрек көкірек қуысында екі өкпенің арасында, төс сүйектің астында көкетке дейін орналасады. Жүректің көкетке дейінгі төменгі жағы көкеттік беті, ал алдыңғы, жоғарғы төс-қабырғалық жағы жүректің төс-қабыртқалық беті деп аталады (Сурет 2). Жүрек көкіректің дәл ортасында емес, үштен екі бөлігі дененің орта сызығынан – солға, ал үштен бірі оңға ауып орналасқан. Оң жақ өкпе сол жақ өкпеден үлкен болады да жүрек сол жақ өкпеге сұғынып жатады. Жүрекке орта есеппен 250-300 см3 көлемде қан сыяды. Жүректің салмағы еркектерде – 300 г, ал әйелдерде – 250 г, орташа ұзындығы – 13 см, ені – 10,5, қалыңдығы – 7 см.
Көкіректің сыртынан есептегенде жүрек сол жақтағы емшектің тұсында, ұзындығы ІІ қабыртқа мен V қабыртқаның арақашықтығындай болады. Жүректің сыртындағы қабы үлпершек деп аталады (Сурет 3)....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?