Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің принциптері

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің принциптері казакша Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің принциптері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе
1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің принциптері
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні және тәсілдері
1.2. Бухгалтерлік баланс, оның формасы мен мазмұны.
2-Бөлім Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі туралы ішкі және сыртқы пайдаланушыларына толық мағлұмат беретін ақпараттық жүйесінің көзі болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есепті оқып үйрену арқылы ғана басқарушылық шешім қабылдауды меңгеруге болады.
Ұйымның қызметін тиімді басқару үшін шикізаттар мен материалдарды үнемді пайдалану, өндіріс қалдықтары мен шығындарды азайту, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру және оның сапасын арттыру, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнын мүмкіндігінше төмендету қажет. Бұл міндетті шаруашылықты жүргізудің қазіргі жағдайында нақты қойылған есеп жүйесінің көмегімен ғана шешуге болады. Бухгалтерлік есептің нақты және толық экономикалық ақпараттарынсыз қазіргі күрделі экономикалық механизмді басқару мүмкін емес.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсының бағдарламасы студенттердің бухгалтерлік есеп негізін меңгеру үшін және осы алған білімдерін ұйымдарда іс-тәжірибеде бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қолдана білуді оқыту мақсатында жасалған.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы-жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге бухгалтерлік есептің негізін таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты-бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есептің қашан және қалай пайда болғандығы, оның даму тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды көздейді. Бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есептің негізі және ол курс қаржылық есептің бастамасы болып табылады. Бұл курсты оқыту барысында қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне шолу жүргізіледі.
Бұл бухгалтерлік есеп принциптері курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы экономика салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.
Бухгалтерлік есеп принциптері курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясына қатысты барлық сұрақтар, ал екінші бөлімінде бухгалтерлік есеп объектілерінің кейбір сұрақтары қарастырылады.
1-Бөлім. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қызметін бейнелейді. Жекелеген құрамдас бөліктері бухгалтерлік есептің объектілері деп аталады. Бухгалтерлік есептің объектілеріне мына процестер жатады;
1. қамтамасыз ету.
2. өндірістік.
3. өткізу.
Қамтамасыз ету- кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арада туындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып табылады.
Өндірістік- өнім дайындағанда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есептің объектілеріне болып табылады. Объектілер бухгалтерлік есепте жалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
Өткізу- бұл кезде өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсеткен қызметі үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді.
Кәсіпорынның шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, пайда болу көздері мен мақсаттары бойынша былай жіктеледі:
Құралдардың түрлері мен орналасуы бойынша жіктеу
Өндірісте бар, айналымдағы және өндірістік емес салдағы құралдар былайша бөлінеді:
Негізгі құралдар-бұлар өндіріс процестерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын жоғалтпай, өндіріс барысына бір жылдан астам уақыт қатысады. өндіріс барысында олар бірте бірте тозады, одан кейін күрделі жөндейді немес ауыстыруды қажет етеді. Сондықтан НҚ құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте тозу (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер-бұлар әкімшілік мақсатпен және басқа субъектілерге жалға берілуге, өндірісте ұзақ уақыт бойы қолдануға немес тауарларды өткізуге арналған, заттай мәні жоқ, ақшалай емес активтер. Бұларға фирманың бағасы, фирмалық марка, патент, лицензия, авторлық құқық, сондай-ақ рецептура, технологиялық регламент, ноу-хау (производственная новая технология, жаңа технологиялық өндірулер) құндары жатады. Олар ақшалай теңеумен бағаланады және баланста көрсетіледі, оның үстіне бұл активтерге де ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендетілуі есептелінеді.
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар- субъектінің басқа субъектілердің жарғылық капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивиденд немес процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.
Айналымдық қаржы- қаражаттың бір ғана айналымына қатысады және өзінің құнын өндірілген өнімге бірден және толығымен қосады. Олар айналымдық өндіріс құралдары мен айналған қаржыдан тұрады. Айналымдық өндірістік құралдарға өндіріс процесіне тікелей қатысатын (шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, бітпеген өндіріс) жатады. Айналатын процеске қызмет ететін құралдар айналу құралдары деп аталады. (банктегі шоттағы, субъектінің кассасындағы ақшалай қаржы, құнды қағаздар, әртүрлі дебиторлық борыштар).
Дебиторлық борыш- субъектінің басқа субъектілерде уақытша тұрған немесе белгілі бір мерзім өткен соң қайтарылуға жататын құрамдары болып саналады. Дебиторлық борыш ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінеді (қысқа мерзімді-1 жылға дейін, ұзақ мерзімді 1 жылдан астам уақыт). Пайда болу көздері мен мақсатты көздері бойынша шаруашылық құралдарын топтастыру негізіне оларды сол кәсіпорынға бекіту белгісі ретінде салынған
Кәсіпорын құралдарының пайда болу көздерін жіктеу.
Осы кестеде көрсетілген мәліметтерде, қаражаттың мынадай бөліктерге бөлінгені көрсетілген:
Меншікті капитал-бұл кәсіпорын қызмет еткен ұзақ уақыт пайдаланатын (жарғылық капиталы, резервтік капитал, бөлінбеген табыс).
Жарғылық капитал- құрылтайшылардың шаруашылық жүргізуші субъектіге оны ұйымдастырған кезде бөлген сомасы және жарғыда көрсетіледі. Оның мөлшері тұрақты және өзгермей қалады. Жарғы капиталының көбеюі немес азаюы тек қана құрылтайшы құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін құрылтайшылардың шешімі бойынша жүзеге асады.
Резервтік капитал-бұл пайдадан ақша аудару есебінен пайда болатын меншікті қаражат бөлігі, шаруашылық іс-әрекетке кететін шығында жабу, жарғы капиталын толтыру, дивиденттер мен субъектінің басқа шығындарын өтеу үшін қолданылады.
Бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын) –барлық шығыстар мен салық төленгеннен кейінгі шығарылатын кірістің қалған сомасы.
Қарыздық қаражат айналымдық қаржыға қосымша қажеттілікті, соның ішінде шикізаттың, материалдардың, отынның маусымдық қорларын жасауды жабады. Олар кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзімнен соң қайтарылуға тиісті.


1.1. Бухгалтерлік есеп тәсілі.
Бухгалтерлік есеп тәсілі деп-әдіс, амалдардың жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп тәсілінің мынадай сегіз элементтері бар:
1. Құжаттама
2. түгендеу
3. бағалау
4. калькуляция
5. шоттар
6. қосарлы жазба
7. баланс
8. есеп беру
Құжаттама –шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Құжат –бұл белгіленген тәртіппен ресімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
Түгендеу- мүліктің іс жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты- құралдың сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
Бағалау- белгілі бір уақыт ішіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және затқа айналған еңбекке жұмысалған шығындардың іс жүзіндегі бейнелеуін талап етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлық-материалдық қорларды өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау, жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде бұрмалаушылыққа әкеледі. Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымды есепте және баланста мынадай бағалармен бейнеленеді:
-негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен бағаланады;
-материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
- дайын өнім- нақты өзіндік құны бойынша;
-әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
Калькуляция- өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық аударудан құралады.
Шоттар- қаржы жағдай, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба құжаттар негізінде жасалады-бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
Қосарлы жазба- шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
Баланс- белгілі бір кездегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру әдісі. Бұл-субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды жүзеге асыру үшін қажет.
Есеп беру- кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай, тоқсан, жыл) ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Баланста, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін жасалады.
2-Бөлім. Бухгалтерлік баланс
2.1. Кәсіпорынның балансы, оның формасы мен мазмұны.
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қоытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс- бухгалтерлік есептің екі бөлімнен тұратын элементтерінің бірі. Біріншісі «Актив» деп, ал екіншісі –«меншікті капитал және міндеттемелер» деп аталады. Бірінші бөлімде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімде қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі көрсетіледі.
Актив МКМ
I. Ұзақ мерзімді активтер
1. материалдық емес активтер
2. негізгі құралдар
3. ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
4. инвестициялар
II. ағымдағы активтер
1. тауарлық –материалдық қорлар (материалдар, дайын өнім, туарлар)
2. ақшалай қаражат (касса, есепшот, валюталық шот)
3. дебиторлық берешек (есеп беретін адамдармен есептесу)
4. қаржылық инвестициялар
5. келешек кезең шығындары I. меншікті капитал
1. жарғы капиталы
2. резервтік капитал
3. қосымша төленген капитал
4. қосымша төленбеген капитал
5. төленбеген табыс (жабылмаған шығын)
II. ұзақ мерзімдік міндеттемелер
1. ұзақ мерзімді қарыздар
2. ұзақ мерзімді кредиторлық берешек.
3. салықтар
III. Ағымдық міндеттемелер
1. қысқа мерзімдік қарыздар
2. бюджетпен есептесулер
3. алынған аванстар
4. жалақы бойынша есептесулер
5. жабдықтаушылармен және мердігерлермен есептесулер
МКМ-дағы актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады. Бухгалтерлік баланс құжаттармен расталған, тексерілген бухгалтерлік жазбалар негізінде жасалады. Баланс жасау үшін Бас кітап, журнал-ордерлер, сондай-ақ талдау есептерінің регистрлері пайдаланылады.
Баланс 5 бөліктен тұрады:
1. Ұзақ мерзімді активтер МЕА, НҚ
2. ағымдағы активтер (1 жылдан кем)
3. меншікті капитал
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам)
5. Қысқа мерзімді міндеттемелер (1 жылдан кем)
2.2. Шоттар мен қосарлы жазба
Шоттарды құру мен олардың мазмұны
Кәсіпорынды оперативті басқару үшін белгілі бір кездегі шаруашылық ресурстары туралы бухгалтерлік баланс беретін мәліметтер жеткіліксіз. Шаруашылық қызмет пен жоспарлы тапсырмаларды орындауды бақылау үшін шаруашылық құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын, олардың шығу көздерінің өзгеруін, шаруашылық процестердің және т.б нәтижелерін күнделікті білу қажет. Шоттардың көмегімен есептің бір текті обьектілерін, сондай-ақ ағымдағы бақылау экономикалық топтастыруды жүзеге асырады. Шоттағы жазбалар ақшалай түрде жүргізіледі. Әрбір жекелеген шотта есепке алынған обьектінің бастапқы жағдайы, кейіннен оның өзгеруі (шаруашылық операциясы туғызған мен азайту) тіркеледі. Бұл экономикалық біртекті құлалдар құралы мен олардың шығу көздерінің, шаруашылық іс-әрекет процестері мен қорытындаларының жаңа жағдайын кез келген сәтте анықтауға мүмкіндік береді.
Шоттар баланыспен байланысты. Активтің немесе МКМ-нің әрбір бабына сол атаудағы тиісті шот ашылады.
Бухгалтерлік есептің шоттары баланыстық және операциялық болып бөлінеді.Операциялықтар қаражат айналымының кейбір фазаларына байланысты жекелеген немесе біртекті шаруашылық процестерін есепке алады.
Өзгерістерді (қаражаттың ұлғаюы немесе азаюы) бейнелеп көрсету үшін шот екі бөлікке бөлінеді.
Дебет шот атауы Кредит
Бухгалтерлік есептің барлық шоттары активтік және МКМ(пассивтік)болып бөлінеді.
Айдың басында шоттар алдағы айдың балансы негізінде ашылады. Шот ашу- қалдықты(сальдоны) ай басына жазу деген сөз. Активті шоттарда сальдо дебет бойынша, ал пассивте- кредит бойынша жазылады.
Шоттарда ағымдағы ай ішінде жазылатын сома айналымдық деп аталады. Дебеттік бөлімде жазылатын сома дебеттік айналымдар, ал кредиттегі- кредиттік деп аталады.
Ай соңындағы қалдық былайша есептелінеді:
1. активті шоттар Ст =Сб (Д-т)+ Айн (Д-т)-Айн (К-т).
2. пассивтік шоттар Ст =Сб (К-т)+ Айн (К-т)-Айн (Д-т)
Активті шоттардағы қалдық – дебеттік, пассивтегілер- кредиттік.
Активті шоттардың ұлғаюы дебет бойынша, ал азаюы- кредит бойынша
Пассивті шоттардың ұлғаюы кредит бойынша, ал азаюы- дебет бойынша жазылады.
Шоттардағы екі жақты жазба
Шаруашылық операцияларды бейнелеп көрсету тәсілі ретінде екі жақты жазба өндірісте болатын барлық шаруашылық процестерін есептеу үшін қолданылады. Екі жақты жазба ақшалай бағасы бар шаруашылық.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Бухгалтерлік есептің принциптері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Бухгалтерлік есептің принциптері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар бухгалтерлік есеп жобал, Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Бухгалтерлік есептің принциптері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін