Дене шынықтыру | Балабақшадағы дене тәрбиесі

 Дене шынықтыру | Балабақшадағы дене тәрбиесі

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................5
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары..........................................
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі..........................................................6
1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау.............................................11
2 Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі....................................17
2.2 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен
анықтаудың жолдары......................................................................................23
2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және
спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану..............................................26
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық
мазмұнының ерекшеліктері.................................................................................29
Қорытынды...........................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер......

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру.
- Жылдық жоспар графигін құру ережесімен таныстыру;
- Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау;
- Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу;
- Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау;
- Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау;
- Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
- Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау.
Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.
...........................................................................
1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Бала туылғаннан бастап, мектепке барғанға дейінгі алғашқы жылдар адам өмірінде өте үлкен маңызға ие. Бұл кезеңде денсаулықтың іргетасы шыңдалады, әр түрлі қабілеттер дами бастайды бастайды, сапалы қасиеттері көрінеді және мінез-құлық ерекшеліктері қалыптасады. Осы жылдарда баланың қалай тәрбиеленуі, оның болашақтағы оқуына, жеке адамзат болып қалыптасуына негіз болады.
Баланы алғашқы жылдары жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі дене тәрбиесі болып табылады. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Үш жасқа дейінгі баланың тәуліктік қажеттілігі 6,5 локамация, ал жеті жастағылардікі 16-18 локамация. Қозғалыс ықпалымен жүрек-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсартады, трек-қимыл жүйесі жетіліп зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемдітаниды, оның психикасы, еркі, дербестігі, үлгерімі, ұйымшылдығы дамиды.
Әсіресе қол саусақтарының қимылы зор мәнге ие, болады. Мидың үлкен жарты шеңбер үлкен жарты шеңбер бөлігінің белсенділігін арттырып, тіл қозғаушы орталықтың дамуын реттейді. Сондықтан бала неғұрлым түрлі қимыл-қозғалыстарды меңгерсе, соғұрлым сезім, қабылдау және де басқа психикалық процестерді дамуын мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі мекемелерде 2 айдан 7 жасқа дейінгі балалар қатысады. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне, өмір шарттарына, тәрбиесі мен оқу біліміне қарай болып бөлінеді. Олар яслилік және мектепке дейінгі топтар болып бөлінеді. Ясли: нәрестелік жастағы бірінші топ (2 айдан 1 жасқа дейін) және нәрестелік екінші топ (1 жастан 2 жасқа дейін). Мектепке дейінгі: бірінші сәбилік топ (3 жастан 4 жасқа дейін), орташа топ (4 жастан 5 жасқа дейін), жоғары топ (5 жастан 6 жасқа дейн) және мектепке дайындық топ (6 жастан 7 жасқа дейін).
Қимылды дамыту ерекшеліктері. Бала үшін өмірінің алғашқы үш айы бір қалыпты өтеді. Ол ересектерге дыбыстау арқылы ғана жауап береді. Бала күлгенде «өміршеңдік кешені» деп аталатын қимылды қолдап көтермелеу керек. Бұл баланың барлық бұлшық еттерінің дамуына, ағзаны нығайтуға, жалпы өмір сүруге талпынысын арттырады. Қозғалысты меңгеру құбылысы өте тез өтеді. Бала екі айлығында жилжиды, жеті-сегіз айлығында отырып-тұра алады, ал он-он бір айлығында өз бетінше қимылдау белсенділігін арттыру керек және осы қимылдарды жүйеге түсірген жөн. Мысалы, оны алғашқыда отыруға, тұруға, жүруге үйрету қажет.
Өмірінің екінші кезеңінде баланы жүруге үйретуге баулу керек. Бала алғашқыда сенімсіз қимылдайды. Алайда, екінші жылдың соңында қарай ол бұл қимылдарды толық игеріп, 1-1,3 м. саты, текпешектерге шығып, түсе алады. Рахаттанып доппен ойнайды, әр түрлі беттерден асып өтеді. Сыртқы әр түрлі заттардың ықпалымен қолдың майда шеміршектері дамиды. Ол сөйлеуді, ойлауды, ойнау қызметтерін жетілдіруге септігін тигізеді.
Бала өмірінің үшінші-төртінші жылдарында қимыл тәжірибесі кеңейеді. Үш жасқа қарай допты қағу, лақтыру, бір орында секіру және жүгіру, сияқты гимнастикалық сатыдан өтуге талпынады. Төрт жаста тепе-теңдікті сақтай отырып шанамен сырғанайды, велосипед айдайды.
Бес жасында оның реттегіш үлкен бұлшық еттері қимылды нақты орындайды.
Алтыншы-жетінші жылдарында қимыл дамытуда мәнділік, дәлдік пайда болады. Балалар қимылды дұрыс орындамаса, талдау нәтижесінде өз қатесін түсінеді. Сөйтіп биіктік пен ұзындыққа секіруді, арқанға өрмелеуді, т.б. меңгереді.
Бала тәрбиесінің міндеттері
Бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйклі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.
1) Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2) Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3) Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу /адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б./.
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны
Жасына лайықты қимыл – қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады.
Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну – дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе.
Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысьы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Дене жаттығулары барлық жастағыларға ортақ. Нәрестелік жастағы балаларды шынықтыру кешеніне бәсең (аяқты бүгу, жазу, қолды кеудеге қысу, оны қапталдарға жазу), белсенді (отырып тұру, тұлғаны, бүгу т.б.) жатады.
Екі жастан жеті жасқа дейін әр түрлі жаттығулар пайдаланылады: 1) гимнастикалық: жүру мен жүгірудің түрлері, тереңдікке, ұзындыққа биіктікке және қапталдан жүгіріп келіп секіру, би қимылдары; 2) сюжетсіз қозғалыс ойындары (жалаушаға дейін жүгіру) және сюжетті («Аққулар мен қаздар»), спорт ойындарының элементтері (бадминтон, стол теннисі); 3) спорт жаттығулары: велосипедпен жүру, шаңғымен сырғанау, т.б; 4) қарапайым туризм: жаяу қыдыру.
Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.) түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.
Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).
Дене тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.
Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).
Дене тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.
Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.
Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.
Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.
Балалардың дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.
Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері.
Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.
Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.
Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта – ықыласын арттырады және баланың темппен ырғақты қабылдауына көмектеседі.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Бес жасар баланың эмоцианалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.
Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.
1) Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның
жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда
бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат
санына байланысты құрастырылады .
2) Сабақтың жылдық жоспары.
3) Күнтізбелік жоспар.
4) Сабақтың мазмұндама жоспары.
5) Сынақ алу құжаттары.
Жылдық жоспар графигін құру ережесі.
Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиешіі балабақшабасшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбие мынандай бөлімдерден тұрады:
1) білім негіздері
2)дагды
3) балаларга қойылатын талаптар
4)дагдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері (нормативтер).
Білім негіздері төменгідей тақырыптарга топтастырылды:
Дене тәрбие мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, сабақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш топтарда, гимнастика, қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.
Кесте - Жылдық жоспар
Бекітемін: Балабақша директоры:
Жылдық жоспар
Топ БАҒДАРЛАМА БӨЛІМІ 1- тоқсан. 2-тоқсан. 3- тоқсан. 4 - тоқсан.
І 1-19 1-14 1-20 1-15
Жеңіл атлетика. 1-10 1-10
Гимнастика. 1-14
Қозғал. ойындар. 11-12 1-20
Ұлттық ойындар. 13-19 11-15
ІІ Жеңіл атлетика. 1-11 7-15
Дала жарыеы. 12-15 3-6
Гимнастика. 1-8
Спорттық ойындар. 9-14 1-18

Ұлттық ойындар. 16-19 19-20 1-2
Жеңіл атлетика. 1-11 7-15
Дала жарысы. 12-15 3-6
Гимнастика. 1-6
Спорттық ойындар. 7-14 1-20

Ұлттық ойындар 16-19 1-2


1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау


Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесін балабақшаның жағдайына, өзінің және балабақшаның мүмкіншілігіне, балалардың дайындығына қарай дене тәрбиесі тәрбиеші жазады.(кесте-2)
Тақырыптың тоқсандық жоспар. (Дайындық топ)
І тоқсан (үлгі).
№ № Сабақтың тақырыбы Мөлшері Күні
1 19 Аңшылармен үйректер 1 9.11.2009
2 20 Жүру және жүгіру жаттығулары 1 12.11.2009
3 21 Доппен орындалатын гимнастикалық жаттығулар 2 16.19.11.2009
4 22 Доппен орындалатын гимнастикалық жаттығулар
5 23 Гимнастикалық қабырғада жаттығу 1 23.11.2009
6 24 Гимнастикалық орындықтарда жаттығу 1 26.11.2009
7 25 Көк жалаушамен жүгіру 1 30.11.2009
8 26 Гимнастикалық жалаушамен жүгіру 2 3.12.2009
9 27 Гимнастикалық жалаушамен жүгіру
10 28 Жүріп келе жатып жасалатын жаттығулар 1 7.12.2009
11 29 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар 2 10-14.12.2009
12 30 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
13 31 Допты ұста 1 17.12.2009
14 32 Лақтыру жаттығулары 1 21.12.2009

Сабақ жазба жоспары (үлгі)
Дайындық тобы.
Сабақтың тақырыбы: №31 «Допты ұста».
Сабақтың мақсаты: 1) Білім беру: Баланы «Допты ұста» ойынын үйретуде,
оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.
2) Тәрбие беру: Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.
3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде жүгірту, секірту мақсаттарында, ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.
Құрал жабдықтар: Ойын үшін екі валейбол добы.
Өтілу күні, орны: Спорт алаңы 17.12.2009ж
Топ: Дайындық тобы. Өткізген: Раимкуловава К
№ Сабақ мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқа
К
і
р
і
с
п
е

б
ө
л
і
м
і

Н
е
г
і
з
г
і
Қ
о
р
ы
т
ы
н
д
ы 1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.
2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.
3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.
4 Жүгіру жаттығулары;
а) қол желкеде аяқты сермей жүгір.
б) қол белде аяқты артқа тастай жүгір.
в) қол белде оң иықпен жүгір.
г) қол белде сол иықпен жүгір.
д) қолды алға созып тізені алақанға тигізіп жүгір.
5. Ж.Ж.Ж.-ы:
1) Б.қ. аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту
2) Б.қ. қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға қарай ию.
1. Арнайы жаттығулар.
2. Ойын: «Допты ұста» ойыны.
Ойнаушылар екі командаға бөлініп, эстафеталық сапқа тұрады. Әр команданың алдыңғы жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде капитан допты ұстап тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша капитан допты өз жағының бірінші ойыншысына лақтырады да өзі жүгіріп барып командасының соңына сапқа тұрады. Бірінші ойыншы доп қолына тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Т.с.с. капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады.

1. Топты сапқа тұрғызу.
2. Тыныс алу жаттығуларын орындату.
3. Бағалау
Толық тыныс алу....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады