Түс жору

Біздің Түс Жору сайтымыз «Түс – түлкінің боғы» деген пікірмен келіспейтіндерге, əр заттың артында мағына жататынына сенетіндерге арналған. Өз түсіңізге қол сілтемеңіз! Олар – сіздің ішкі жан-дүниеңіздің айнасы, оның бағыт-бағдарын бағыңыз. Мұқият болыңыз, бүгінгі түсіңіз сізге қандай сыр жасырмақ?

Түнде түсіңізге кірген тылсым, құпия түстің мағынасын білгіңіз келеді ме? Біздің түс жорамалдарымыздың арқасында күнделікті түсіңіздің сырын ашып, бүгігіңіз бен ертеңіңізді зерттеп, ішкі уаймыңыз бен шешілмеген сұрақтарыңыздың жауабын табуыңызға болады.

ОРАҚ БИЛӘН МАМАЙ БАТЫРДЫҢ ХИКАЯСЫ

...Мамайдың қатыны жатып түс көрген. Қалмақтың ханы Темірхан Мамайды алып барып, жетпіс құлаш құдыққа салдыр- ды. Бұ Мамайдың Қарашаш деген қатыны бар еді, түнде жатып түс көреді. Тоқсан бесте Мамайдың шешесі бар еді. Мамайдың қатыны Қарашаш көрген түсін Қараүлек деген Мамайдың шешесіне жорытты.


 

Хан Мамайдың қатыны Түнде жатып түс көрді, Әжептәуір іс көрді.

Шошып оянып түсінде, Жатыр еді ұйықтап....

Түс жору
Толық

АХМЕТБЕК-ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ

...Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім, Әуелі мазмұнына өзің түсін,

Түсімде алтын жиған сарайыма Барыппын жалғыз өзім болып ісім. Толтыра бір табағын салып алып, Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын. Көшені сол бойыммен араладым, Әлі жоқ қасыма ерген....

Түс жору
Толық

Қобыланды батыр

...Ұйықтап жатып Құртқа түс көрді, Қиыншылық іс көрді.

Тұрып Құртқа жылады, Айтпаған нәрсе қалмады. Қайдағы нәрсе қозғалды, Көзінің жасы төгіліп.

Жағасының бауы сөгіліп, Өзінің туған анасы Ақзарбапқа барады, Барады да жылады.

Жылады да толғады:

—Бүгін түнде түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім. Кешегі кеткен балаңның Қанатына қаз қонып, Қайрыла алмай барады. Мұртынан мұз жауып, Бұрыла алмай барады.

Қараша таудай нас басып, Көтеріле....

Түс жору
Толық

Едіге жыры

...Емді Едіге бір күнде түс көріп, шошып оянады.

 

—Әй, жеті дост, сүйінші! Түрегеліп киінші.

Беліңді қынай буыншы, Беті-қолың жуыншы.

Мен бүгін бір түс көрдім, Жақсылық түс...

Түс жору
Толық

Алпамыс

...Өстіп өксумен өмірін өткізіп, кәрілікті басына жеткізіп, аңсаумен арып-ашып жүрген Байбөрі бір күні түс көреді. Тү- сінде ғажайып іс көреді. Аспандағы күн мен ай ағылып келіп....

Түс жору
Толық

Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі

Есүгей батыр Темүжін тоғызға келген кезде, Оелун шеше- сінің төркіні олхунауд еліне, нағашыларынан қыз айттыруға оны ертіп барады. Жол-жөнекей Цэгцэр мен Чихургу деген жер аралығында қоңыраттың Дэй шешеніне кезігеді. Дэй шешен бүй дейді:

—Есүгей құда, өткен түнде мен түс көрдім. Түсімде....

Түс жору
Толық

ХАРОН АР-РАШИД ПАТШАНЫҢ ТҮСІ

Менің естуімше, Харон ар-Рашид түс көріпті: түсінде оның аузындағы барлық тісі түгел түсіп қалған екен. Таңертең ол түс жорушысын шақырып алып:

—Бұл түстің жоруы не болмақ?—деп сұрайды. Түс жору- шысы былай дейді:

—Мұсылмандардың әміршісінің өмір жасы...

Түс жору
Толық