Едіге жыры


 

...Емді Едіге бір күнде түс көріп, шошып оянады.

 

—Әй, жеті дост, сүйінші! Түрегеліп киінші.

Беліңді қынай буыншы, Беті-қолың жуыншы.

Мен бүгін бір түс көрдім, Жақсылық түс сол болса, Жақсылыққа жорышы. Жамандық түс сол болса,


 

Осы он сегіз кісіні Төгеректеп қорышы. Мен бүгінгі күн түсімде Алтынды ер ақ боз ат

Жалынан тартып мініппін. Ақсұңқар құс болыппын, Көкке таман ұшыппын.

Көкте жүрген періште Аларға барып сөйлесіп, Андан аса ұшыппын.

Төбеде жүрген қоңыр қаз Көк үстінде іліппін.

Төр тауына қоныппын, Төс етіне тойыппын, Ол не болар, он жетім? Он жеті дос ұйлықты, Ұйлыққанның белгісі Бір-біріне сылықты.

Еш амалды таппады Тұрған енді бәрісі. Бір ақылды тауыпты,

Бар екен ішінде бір көп жасаған қарт:

—Алтынды ер ақ боз ат Түсіңізде сен мінсең, Ат мұратқа жеткенің. Көкке таман сен ұшсаң,

Жұрт алдына шыққаның. Көкте жүрген періште Аларға барып сөйлессең,

Ерендер қолтықтап жүргенің. Андан асып сен ұшсаң, Қызыр сүйеп жүргенің.

Төбедегі қоңыр қаз Көк үстінде алсаң сен, Төр тауына қонсаң сен, Төс етіне тойсаң сен,

Кеше сені жұртыңдан қуған Тоқтамыс


Соны быт-шыт қыларсың, Тояттап мейірің қанарсың...


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу

Ілмектер: Едіге, жыр