Жеңілдеудің жеңіл жолдары

Жеңілдеудің жеңіл жолдары казакша Жеңілдеудің жеңіл жолдары на казахском языке

Адам бойында өкпе-реніш пен ыза-кек жиналған сайын ол ауыр жүкке айнала береді. Әлдекімге деген реніш санаңда сайран сала бастаса, одан тезірек құтылған жөн. Әрине, тек тура жолмен ғана. Адам баласының көңілі кейде нәзік жіптей, ал кейде үзілмес қыл арқандай. Ішіңдегі бұйымтайыңды айтамын деп жақыныңның көңілін суытып алмау үшін не істеу керек? Бүгін біз осы жазба арқылы ішіміздегі бар ауыртпалықтан арылып, жеңілдеуге тырысайық.

1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу

Оңашада ашуың келген адамның суретін қабырғаға іліп ап, оған ойыңа келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған өзі емес, жансыз суреті ғой. Қандай ренішің бар? Неге оған ашулысың? Көз алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыстанын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті жырт та, қоқысқа лақтыр.

2-әдіс: Жылап алуьотм и
Көз жасқа ерік бермей, бар қайғыны қабаттап іште сақтайтын жандардың жағдайы мәз емес. Қара өгіздей қабағы қатулы бос өксік тыныш өмір сүруге кедергі. Көзінің жасын сығып алатын адамдар жылай алмайтындарға қарағанда жеңіл өмір сүреді. Сондықтан қандай да бір жағдай жаныңызды жаралап, көңіл көмбеңіздің быт-шытын шығарып жатса, оңашада жылап алғаныңыз абзал. Көңілдегі бар кірбің көз жасымен жуылып кетсін деп тілеңіз. Іште жиналған өксік бір күні құйынға айналып өзіңізді де, өзгені де ренжітетіндей күшке ие болмасын десеңіз, жай ғана жылап алыңыз. Болды...

3-әдіс: Хабарлама немесе хат жазу

«Осылай айтып-айтып тастасам ғой» деп жинап жүрген ойларыңызды не қағаз бетіне түсіріңіз не SMS хабарлама етіп жазыңыз. Тек оны жолдаудың қажеті жоқ. Хатқа сол оқитындай ақтарылыңыз. Бәрін жазыңыз. Ештеңе қалып кетпесін. Жазып болған соң хатты жыртып тастаңыз. Жыртылған хатпен бар өкпе-ренішіңіз де кетсін. Ал жазылған хабарламаны не өшіріп тастаңыз, не сырыңызды білетін құрбыңызға жолдай салыңыз. Оған мұны шимай хабарлама екенін ескертіңіз. Хабарламадағы сөздер оған емес, басқа жанға арнап жазылғанын айтып қойыңыз. Әйтпесе тағы бір адамды ренжітіп жүрерсіз.

4-әдіс: Ағын суға ақтарылу

Санаңыздағы қоқыс ойлар мен шешімі табылмас мәселелер маза бермесе, сарылдап аққан судың көмегіне жүгініңіз. Ағын суға қарап отырған адамның мәселелесі түбегейлі шешіліп кетпесе де, айтарлықтай миы сергіп қалады.




KZ / Пайдалы кеңес жинағы, пайдалы Жеңілдеудің жеңіл жолдары кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Жеңілдеудің жеңіл жолдары, пайдалы Жеңілдеудің жеңіл жолдары кеңес кенестер советы на казахском пайдалы кенестер кыздарга полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер кенес кенестер жігіттерге ерлерге денсаулыкка арналған кенестер Жеңілдеудің жең, Жеңілдеудің жеңіл жолдары пайдалы кеңестер пайдалы кеңестер журналы пайдалы кеңестер қыздарға полезные советы на казахском языке Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер жігіттерге ерлерге