Ертегі: Құламойын Құлеке

Ертегі: Құламойын Құлеке казакша Ертегі: Құламойын Құлеке на казахском языке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.

— Қыз туса да, ұл туса да серігім, әкем бұйрығын қайтып алсын, – дейді. Жігіттер қайта барып ханға айтса, хан оларға: «Құлекені де, әйелді де, қызды да өлтіріңдер!» – деп ашуға мінеді. Ханның қаһарынан сескенген Құлеке әкесінен: «Әкем менің жас жанымды, қасық қанымды бір сағатқа қисын, ел-жұртыммен қоштасайын», – деп рұқсат сұрайды. Бұйрық берілген күннен бастап хан тағынан жылжымайды, үйіне де келмейді. Құлеке бір сағат ішінде қырық кез Құламойынды ерттетіп мініп, жаңа туған жас қызды жалаңаш қойнына салып, беті ауған жаққа қарай қашады. Қырық кез ат бір аттағанда, бір айлық жерді алатын жүйрік тұлпар екен. Хан нөкерлерімен Құлекені қуғанмен жете алмай қалады. Құлеке сол қашқан бетімен қашып отырып, бір тауға келіп паналайды.

Қыз үлкейіп, Құлекенің тамағын істеуге жарайды. Ағасы аң атып, құс салып, тамақ табады. Құлекенің елден кеткеніне он екі жыл өтеді. Айтқанынан қайтпаған хан әкесі Құлекені өлтіруге іздеп шығады. Күннің көзін, жердің жүзін алып келе жатқан қолды көріп, Құлеке қатты сасады. Сол кезде жан серігі, аты, Құламойынға тіл бітіп, былай деп сөйлейді:

— Менің ер-тоқымымды алып, белімді тарт, көзіңді жұмып, қылышыңды қолыңа ал. Мен үш пысқырғанда көзіңді аш, – дейді. Ат үш пысқырғанда, көзін ашса, жер қайысқан қолдан бір адам қалған екен. Ол адамды Құлеке жекпе-жекте аттан жерге түсіреді. Өзінің үсті-басы қан екен. «Үйге барсам, қарындасым қорқар», – деп ойлайды Құлеке. Сол кезде қарындасы далаға шықса, сел боп аққан қан мен ыңырсыған адамды көреді. Жатқан адам: «Қарындас, саған мен лайықтымын, маған сен лайықтысың, жастық өміріміз бірге өтсін», – дейді.

Он бес жасар қыз жігітті үйіне әкеп, төсек астындағы қазылған орға жасырып бағады. Көңілдері қош болады. Сөйтіп жүргенде, қызға бала бітеді, іші білінуге жақындағанда, қыз не істерін білмей сасады. Құлеке сол уақытқа дейін еш нәрсе сезбейді. Сонда жігіт қызға ақыл айтады: «Құлеке жақында жорыққа шығады. Ол келгенше туасың, келе жатқанда, баланы Құлекенің жолына таста», – дейді.

Құлеке алты айлық жолға жорыққа шығады. Қыз ағасының келуінен бір ай бұрын ұл туады. Құлекенің келе жатқанын алыстан көріп, баланы жолына тастайды. Жалғыз өскен Құлеке баланы алып үйіне әкеледі. Қарындасы алдынан шығып, амандасады.

Ағасы: «Шырағым, мына баланы жақсылап бақ, сені де осындай шағыңда баққан едім, серік болсын, бағып күт, бұл да Алланың жазуы шығар. Өмірі екеуіңмен серік болсам, арманым жоқ», – дейді. «Жарайды, аға, сіз не айтсаңыз, сол болсын», – дейді қарындасы.

Қыз өз баласын өзі баға береді. Бала он алты жасқа келеді. Баланың әкесі өте палуан, маңдайында жалғыз көзі бар дәу екен. Бала күніне бір жасап, алыптарша өседі.

Осы кезде қыз күйеуімен екеуі ақылдасады. «Құлеке біздің бүйтіп жүргенімізді білсе, екеуімізді де өлтіреді, сондықтан оны өлтірейік», – деп келіседі.

Сөйтіп бір күні шырт ұйқыда жатқанда, Құлекенің аяқ-қолын байлап, қылышын енді сермей бергенде, бала оянып кетіп, екеуін екі жаққа лақтырып жібереді.

Сол арада Құлеке де оянып, қыздың басын қылышпен шауып түсіреді, дәуді өлтіреді.

Сөйтіп, Құлеке мен бала өлімнен аман қалады. Құлеке Айгүлсім деген қызға үйленіп, одан да ұлды болады.



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Ертегілер жинағы, ертегі Құламойын Құлеке туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Құламойын Құлеке для детей на казахском языке, балаларга Құламойын Құлеке арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер, ертегилер казакша оку, Құламойын Құлеке, ертегі Құламойын Құлеке туралы ертеги казакша сказка на казахском сказки Құламойын Құлеке для детей на казахском языке балаларга Құламойын Құлеке арналган кызыкты ертегилер 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер ертегилер каз, Ертегі: Құламойын Құлеке ертегі оқу Қазақша Ертегілер жинағы Қазақша Ертегі казакша ертегилер казакша ертеги сказки на казахском языке сказки на казахском языке онлайн