Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Қаржы | Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері

Банк жүйесі- нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі.Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі- елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Тейлериоз індетімен күресу

 Аннотация  Дипломдық жұмыс сегіз бөлімнен тұрады. Кіріспе, әдебиетке шолу , өзіндік зерттеу, Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі , экология, экономика бөлімдері, бизнес жоспар, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі сияқты бөлімдер. Әдебиетке шолу дипломдық жұмыстың тақырыбы ...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау

Кіріспе
Қазіргі кезде термометр температураны өлшейтін тиімді құрал болып
табылады. Аналогты термометрмен температураны өлшегенде өлшеудің
нәтижесі әрдайым өзгеріп тұрады. Бұл дипломдық жобада портативті сандық
термометрді микроконтроллерлі базасында жобалау қарастырылды. Сандық
термометрдің ерекшелігі ол өлшеу нәтижесін дәл береді және бірнеше
секундтың ішінде мәлеметтерді бере алады, екінші жағынан әрдайым
жанымызда алып жүріп, кез -келген уақытта қолдануымызға болады.
Термометр Atmel фирмасының Attiny2313 микроконтроллерінің негізінде
жасалды. Бұл контроллер жылдамдығымен ерекшеленеді және кіріс - шығыс
порттар саны да қолданысқа жеткілікті.
Құрылғы төменгі және жоғарғы температураларда жұмыс жасауға және
де өлшеу нәтижесін еш ауытқусыз жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта, термометрлер көптеген түрлері бар: сандық,
электрондық, инфрақызыл, пирометр, биметалл, қашықтан, электрбайланыс,
сұйық, термоэлектрлік, газ, кедергі термометрлері т.б. әр бір термометрдің
өзіндік принціпі және қолдану сферасы болады. Содан бері, көп уақыт өтті, ал
осы уақыт ішінде термометр жақсарды және жаңғыртылды. Физиканың соңғы
жетістіктері арқасында температура өлшеу үшін жаңа әдістер әзірленді.
1 Техникалық бөлім
1.1 Термометр туралы тусінік
Термометр - температураны өлшейтін аспап: ауа, су, топырақ, адам
денесі мен басқа да физикалық органдар. Термометрлер метеорология,
гидрология, медицина және экономиканың басқа да ғылымдар мен
салаларында пайдаланылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Қатты дәнділіктегі бидайдың құрылымдық механикалық қасиеттері

МазмұныКіріспеI Әдебиет шолу.1.1. Дәннің құрылымдық-механикалық қасиеттері.1.2. Дәннің серпімді-созылымдылық және мықтылық қасиеттері.1.3. Дәннің микроқаттылығы.1.4. Бидайдың қаттыдәнділігі.1.5. Стандарттаудың ролі.1.6. Жұмыстың мақсаты және оның шешімі.I...
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі

Дипломдық жұмыстың мақсаты Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимін зерттеу болып табылады. Практикада су деңгейі режимдерін зерттеу үшін түрлі формулалар, соның ішінде эмпирикалық формулалар кең қолданылады.
Бізге берілгені метеорологиялық элементтердің, яғни жауын-шашынның орташа көпжылдық мәндері, ауа температураларының сәуір-қыркүйек айларындағы орташаланған мәндері және су деңгейлерінің көпжылдық максимум мәндері.
Осы үш параметрді өзара сәйкестендіру үшін А. Шренк, В.И. Коровин, А.В. Шнитников, Р.Д. Курдин, т.б. зерттеуші ғалымдардың Әрбір онкүндіктің соңына теориялық формула арқылы және Ф.И.Быдинның эмприкалық формулалары бойнша мұздың қалыңдығын анықтаймыз
Есеп жүргізу әдістерінің орташа қателіктерінің абсолюттік мәндерін есептегеннен кейін, қарастырылған формулалардың өзенің берілген пункіті үшін мұз қалыңдығының есептеуге қолдануға болатындығына немесе қолдануға келмейтіндігіне талдау жасаймыз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология ФакултетіЗоология және гистология кафедрасы БІТІРУ ЖҰМЫСЫЖайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы Алматы 2008 жРЕФЕРАТ Бітіру жұмыстың тақырыбы “Жайық өзеніндегі сазан және торта бал...
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының дамуы

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % - тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы - кластерлік жүйе.
Облыс орталығында іске қосылған «Қазақ-орыс тоқыма альянсы» ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылды. Сонымен қатар, әлемдегі озық технологиямен жасақталған «Ютекс» кәсіпорны да толық қанды жұмыс істеуде.
Еліміз егемендігімізді алғалы бері мақта шаруашылығының Қазақстан Республикасының экономикасында алатын орны ерекше. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақта шаруашылығын одан әрі дамытуға көптеген жағдайлар жасауда. 2005 жылдың 6 –шы шілдесінде «Арнайы экономикалық аймақты» аштырды және осы аймаққа байланысты мақтаның заң жобасына да ұсыныстар жасалынды. Сонымен қоса «Арнайы экономикалық аймақты» дамытуға инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі шаралар мен ережелердің жобасы жасалынған. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Қазақстан республиксының суармалы егіншілігі мен оның экономикалық тиімділігі туралы жазылған бұл бітіру жұмысы 55 беттен, 2 суреттен, 1 кестеден,3 бөлімнен 10 тараудан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер саны 16. бірінші бөлімінде суармалы егіншіліктің Қазақстанда пайда болуы,таралуы және дамуы,суармалы егіншіліктің жалпы жағдайы жазылса, екінші бөлімінде суармалы егіншілік үшін жарамды топырақ ресурсы оны дұрыс,өнімді,тиімді түрде пайдалану мен жақсарту мелиоративтік шаралары қарастырылған. Ал,үшінші бөлімінде суармалы егіншіліктің экономикалық тиімділігі және еліміздегі су көздері мен су ресурстары туралы мәліметтер келтірілген.
Зерттеу нысаны Қазақстандағы суармалы егіншілік
Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы суармалы егіншілік пен оның экономикалық тиімділігін зерттеу.
Қазақстанның оңтүстік облыстарында шөл және шөлейт аймақтар басым болғандықтан бұл өңірлерде егіншілікті қолдан суармайынша даму мүмкін емес,республикамыздағы суармалы егістің басым көпшілігі (85 проценттен астамы) жер, су жағдайлары қолайлы оңтүстіктегі төрт облыста, (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда) орналасқан. Бұл облыстарда техникалык дақылдардан мақта, қант қызылшасы, темекі, дәнді дақылдардан — бидай, күріш, жүгері, сонымен бірге жемісті дақылдар мен бақша дақылдары өседі.ал,қазіргі көлемі 1млн.гектар аумақты алып жатыр,бұрындары ол 2,5 млн.гектарға жеткен болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорындарда қаржыны басқару мәселелері

Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.
Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл – шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының несие жүйесі және оның қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. Экономиканың нақты секто рын, яғни өнеркәсіпті дамыту және халықаралық нарықтық жүйенің бәсекелестігінің қатаң талаптарына жауап бере алатын тұрақты экономиканың жүйесін құру, экономиканың несиеге деген қажеттілігін арттыруда. Осыған байланысты үкімет пен Ұлттық Банктің құрған бағдарламаларына сәй кес экономикаға несие 4,5 есе өсірілді. Сонымен қатар, ипотекалық несиенің қажеттілігінің артуына байланысты банктердің халыққа берген несие соммасы 8 милиард теңге ге жетті. Алайда, Қазақстанда табысы аз халықтардың үлесі жоғары болуына байланысты көп адамдар әзірге ипотека лық несиеге қол жеткізе алмайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық