Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу казакша Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ Ұлттық компания мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық нысаны ретінде
Ұлттық компанияларды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік компаниялардың меншіктерін басқару негізінде оларды реттеу қағидалары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ МЕН ДАМУЫН ТАЛДАУ («ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ МЫСАЛЫНДА)
Ұлттық компаниялардың қызметін экономикалық бағалау
Ұлттық компанияларды басқарудың қазіргі жағдайын талдау
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметі

ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ұлттық компанияларды басқаруды жетілдіру мәселелері
Қазақстан Республикасындағы ұлттық компанияларды дамытудың негізгі бағыттары
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілгендей: «... ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады» [1]. Осы орайда ұлттық компаниялардың алатын орны да ерекше.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде алға қойған міндеттер шешімін табады. Бірінші бөлімде - «мемлекеттік меншікті басқарудың теориялық негіздері». Мұнда меншік, мемлекеттік меншік категорияларының мәні, оның атқаратын қызметтері, мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесі және ұлттық компаниялар қызметінің маңыздылығы сипатталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген қоғамдық және саяси құрылыста мемлекеттік сектор елдің негізгі экономикалық тіректерінің бірі болып табылады және мемлекеттік басқарудың маңызды саласы болып табылады.
Қандай да болмасын көлемде кез келген ел экономикасына мемлекеттік сектор қажетті және әлемнің барша елдерінде мемлекеттік секторға маңызды орын берілетіндігі айқын көрсетілген.
Екінші бөлім - «Қазақстан Республикасындағы ұлттық компаниялардың дамуын талдау». Қазіргі таңдағы мемлекеттік мүлікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың жағдайы талданып, бірнеше ұлттық компаниялар қызметіне сипаттама берілген. Сонымен қатар, мұнай-газ саласында қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметін талдауға баса назар аударылған.
Үшінші бөлімінде - «Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру жолдары», мемлекеттік меншікті басқаруда мемлекеттің ролін анықтау, мемлекеттік меншікті басқарудың кешенді тұжырымдамасының қажеттілігі, сонымен қатар ұлттық компаниялар қызметіндегі кемшіліктер, оларды жою жолдары және де «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша талдау жасалып, жетілдіру жолдары көрсетілген.
Жұмыстың қорытынды бөлімінде Ұлттық компанияларды басқаруды мемлекет тарапынан реттеуге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды.
Диплом жұмысының өзектілігі - мемлекеттің әлемдік қауымдастыққа сәтті интеграциялануы оның барлық элементтерімен, және де ең алдымен оның негізгі субъектілері-трансұлттық корпорацияларының оңтайлы өзара байланыс механизмінің қалыптасуын болжайды. Ол үшін елдің ішкі рыноктарында сол трансұлттық корпорациялардың тарапынан болатын шетелдік бәсекеге төзе алатын ғана емес, сонымен қатар сыртқы рыноктарда да бекіне алатын мықты отандық экономикалық құрылымдарды жасау қажет болып тұр. Басқаша айтқанда, ірі қазақстандық корпорацияларды, соның ішінде трансұлттық бағыттағы корпорацияларды құру ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші факторы бола алады.
Ғаламдану процесі кең көлемде жүріп жатқан әлемдік экономиканың дамуында ерекше рөлді ірі трансұлттық корпорациялар ойнайды. Олар халықаралық еңбек бөлінісінің маңызды құралы болып табылады.
Мұндай жағдайда өтпелі экономикасы бар елдердің үкіметтері дұрыс ойластырылған және икемді макроэкономикалық саясатты жүргізуі тиіс. Ұлттық экономикалық құрылымдар әлсіз, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен және басқару кадрларының біліктілігі жеткіліксіз болған жағдайда бұл елдер үшін ғаламдану процесінен ұтылғандардың санатына қосылу қаупі жоғарылай түседі.
Қазақстан әлемдік шаруашылық байланыстарға тиімді қосылу мәселелерін шеше отырып, трансұлттық экономикалық қызмет жүйесінің барлық күрделілігін ескеруі керек. Бұл жерде Қазақстан әлемдік экономикада қандай орынды иемденгісі келетіндігі туралы орынды сұрақ пайда болады.
Үкіметке мемлекеттік активтерді басқарудың анық жүйесін жасау қажет. Мемлекеттік меншіктің инвентаризациясын жүргізіп, жалпы мемлекеттке бірегей мәліметтер базасын жасау керек. Мемлекеттік кәсіпорындардың банкроттығы немесе реабилитациялау туралы шешім қабылдағанда бірдей критерийлер қолданылу керек [2].
Перспективада мемлекеттік активтерді басқару саласындағы саясат шағын және орта бизнесті дамыту үшін экономиканың бәсекелестік секторларында мемлекеттің қатысуын азайтуға, мемлекеттік кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға және халыққа ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталады [3].
Халық саны аз Қазақстан секілді елдердің отандық компаниялары трансұлттық компанияларға төтеп бере алуы үшін ұлттық экономика масштабына бара бар көлемге ие болуы керек. Яғни ұлттық мүддені жүзеге асырушы компаниялар мемлекеттің бақылауында болуы тиіс.
Міне осындай мемлекеттік компаниялардың тиімді ұйымдық формасының бірі - ұлттық компаниялар. Олар арқылы мемлекет экономиканың жекелеген маңызды салаларында қызмет ете алады.
Ұлттық компаниялар барлық өндіріс процесі бойынша тігінен интеграцияланған компаниялар болып табылады және де ол өзге компаниялардан әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Ұлттық компаниялар республика қауіпсіздігінің мүдделері, мемлекеттің әлемдік рынокқа абыроймен шығу мақсаттары бірінші кезекте ескерілетін Қазақстан экономикасының жаңа деңгейде дамуы үшін жағымда жағдайлар жасауға бағытталған.
Диплом жұмысының ғылыми-әдістемелік базасы. Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, Ұлттық компаниялардың корпоративтік кодекстері мен нормативтік актілерінен алынған материалдар, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары пайдаланылды. Бұл дипломдық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияларда және «Бауыржан» Қайырымдылық Қоры ұйымдастырған ғылыми-тәжірибелік конференцияда, Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған ғылыми-зерттеу конференцияда қорғалып, арнайы басылымдарда шығарылды.
Дипломдық жұмыстың зерттелу жағдайы. Қазақстан Республикасының экономикалық әдебиеттерінде мемлекеттік меншік, әсіресе мемлекеттік кәсіпкерлік мәселелеріне жуырда ғана назар аударыла бастады және әзірше мемлекеттік меншікті басқарудың кешенді тұжырымдамасының негізі әлі жетік қалыптаспаған. Бұл оның ролі мен мәнінің әсер ету объектісі мен субъектісінің, сондай-ақ басқарудың негізгі принциптерінің мәнін жете түсінбеушілікке негізделеді.
Жұмыс барысында негізінен келесідей авторлардың еңбегіне сүйендім: Дж. М. Кейнс И.В. Дойников, В.И. Кошкин, А.К. Қошанов, Е.Б. Жатқанбаев, Қ.С.Мұхтарова, К.Е.Кубаев, Жұмамбаев С.К. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті-құқықтық актілері, республиканың статистикалық органдарының, министрліктердің және ведомстволардың материалдары қолданылды.
Жұмыстың негізгі мақсаты - мемлекеттік меншіктің объектісі ретіндегі ұлттық компаниялардың қалыптасуының, қызметінің теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізі және Қазақстан Республикасындағы қазіргі рыноктық экономикада мемлекеттік меншікті, оның ішінде ұлттық компанияларды мемлекеттік реттеу жолдары мен құралдарын анықтау.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
– «мемлекеттік меншік», «ұлттық компания» категорияларының және олардың республика экономикасын реформалаудағы маңыздылығын ашу;
– мемлекеттік меншікті басқарудың шетелдік тәжірибесіне зерделеу;
– стратегиялық маңызы бар салаларда қызмет ететін ұлттық компаниялардың бірқатарының қызметін қарастыру;
– мемлекеттік меншікті, сонымен қатар ұлттық компанияларды басқарудың тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының объектісі – Қазақстан Республикасындағы Ұлттық компанияларды басқару.
Диплом жұмысының зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы Ұлттық компанияларды басқаруды мемлекеттік реттеу барысындағы қалыптасатын қатынастар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, 4 кесте, 2 сурет, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 81 бет.





1 ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ұлттық компания мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдық нысаны ретінде
Рынокқа көшу шартындағы мемлекеттік меншіктің дамуы мен қызметі туралы өзекті сұрақтардың бірі - оны басқарудың пайдалылығын қамтамасыз ету, сонымен бірге рационалды және тиімді (эффективті) ұйым формаларының қызметі мен мемлекеттік меншікті басқару.
Өндіріс саласындағы өзіне тиесілі кәсіпорындар жиынтығы түріндегі мемлеккеттің экономикалық қызметінің мәселелері бүгінгі күні қазақстандық экономика үшін өзекті болып табылады. Қазақстанда мемлекекттік кәсіпкерліктің ұйымдық экономикалық нысандарының тізімі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен бекітілген. Кодексте мемлекеттік секторға қатысты келесілер бөліп көрсетілген [4, 76б.]:
1. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (медикаменттерді, емдеу препараттарын, өндіру және өткізу саласы, мемлекеттің монополияға жатқызылған салалар, энергия мен сумен қамтамасыз ету жүйелері және т.б.);
2. Жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, оларға жататындар: транспорт және инфрақұрылымның өзге де обьектілері, байланыс, білім беру, ғылым, мәдениет, табиғатты қорғау және т.б.;
3. Мемлекеттік акциялар пакеті 51% және одан да жоғары акционерлік компаниялар, сонымен қатар 51%-дан төмен, бірақ өндірістік қызметті бақылауды қамтамасыз ететін компаниялар;
4. Мемлекеттік акциялар пакетінсіз, бірақ алтын акциясы бар акционерлік компаниялар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік меншікті басқару тиімділігін арттыру мақсатында «Республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер тізімін» бекітті [5]. Республикалық меншікке барлығы 56 акционерлік қоғамдар жатқызылды. Мемлекеттік меншіктің негізі болып ұлттық компаниялар табылады. Олар арқылы мемлекет экономиканың жекелеген стратегиялық салаларында қызмет ете алады.
Ұлттық компаниялар барлық өндіріс процесі бойынша тігінен интеграцияланған компаниялар болып табылады және де ол өзге компаниялардан әлдеқайда мықтырақ болып келеді. Ұлттық компаниялар республика қауіпсіздігінің мүдделері, мемлекеттің әлемдік рынокқа абыроймен шығу мақсаттары бірінші кезекте ескерілетін Қазақстан экономикасының жаңа деңгейде дамуы үшін жағымды жағдайлар жасауға бағытталған.
Мемлекет рыноктық экономикаға көшердің алдында-ақ көптеген шешім қабылдады және рыноктық экономикаға көшкенде қалыптасуы мен құрамындағы этаптарға реалды көрініс беретін, оптималды және тиімді (эффективті) форманы іздеуде әртүрлі ұйымдық формалар қарастырылды. Алғашқыда салалық әкімшілік сияқты формалар қолданылды: концерндер, ал ликвидацияланған салалық әкімшілік базасында мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялар, т.б. құрылды. Соңғы жылдары мемлекеттік меншіктер объектілерін басқару мен қызмет жүргізудің негізгі ұйымдық формасы ұлттық банктер. 1999-2000 жылдардағы мемлекеттік мүлікті жекешелендіру және басқару бағдарламасында ұлттық банктерге қатысты мемлекет республиканың жеке маңызды стратегиялық салаларына қатысу керек делінген. Оған мұнайды алу, дайындау, тасымалдау, темір жол және әуе транспорты, электр энергиясын бөлу, уран шикізаты мен материалдарын өңдеу жатады.
Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялар мұнай-газ, электр энегетикасы және көлік салаларында көрінеді.
Әр ұлттық компания бойынша қарыз алудың инвестициялық жоспарларын, өндірістік қуаттарды жаңартудың көрсеткіштерін, тарифтік саясат әдістері (табиғи монополиялар үшін), өнімділіктің өсуінің, шығарылатын өнімнің артуының, өнімнің (қызметтің) өзіндік құнының төмендеуінің көрсеткіштерін, табысты, оны пайдаланудың негізгі бағыттарын, өзіндік капиталды арттырудың көздерін болжауды қамтитын дамудың орта мерзімді индикативтік жоспарлары бекітіледі.
Ұлттық компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін пайдалану және иелену құқығы салалық министрліктерге берілген. Мемлекеттік акциялар пакетіне билік ету бойынша шешім қабылдау құқығы тек үкіметтің құзырында.
Ұлттық компанияларды эффективті басқару критериі ретінде алғашқы рет Қазақстандық қор биржасында компаниялық меншікті алуды қарастырып жатыр.
Үкімет ұлттық компанияларды басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірінші басқарушылардың (топ менеджерлердің) сайлануын енгізеді. Мұнда екі әдіс қолданылады: сәйкес білімі, іскерлік репутациясы, бизнесте немесе мемлекеттік қызметте жақсы қызмет тәжірибесі бар жеке тұлғалар арасынан топ менеджерлерді конкурстық таңдау; заңды тұлғалар арасында бірнеше топ менеджерлерді тағайындау құқығына белгілі бір қаржылық және өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу кепілдігі бойынша конкурстық таңдау жүргізіледі. Мұндай конкурсқа отандық, сонымен қатар шетел компаниялары да қатыстырылатын болады [6].
Қазақстан Республикасында ұлттық компаниялар мемлекеттік меншіктің ұйымдық (организациялық) формасы болып табылады. Ұлттық компаниялар акционерлік қоғам ретінде қалыптасқан, оның 100% акциясы мемлекет меншігінде, ал акционерлік қоғамдардың өз кезегінде бірнеше компанияларды, мемлекеттік холдингті құру процесі өз бастауын алды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығымен, «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысын орындау ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Экономика дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу, дипломдык Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын, Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын мемлекеттік реттеу дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін