Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ..........................................................................................

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ.
1.1.Инвестицияға жалпы мазмұндама...........................................
1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының алғы шарттары........................................................................................

II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫН ТАЛДАУ.
2.1. Қазақстан Республикасының инвестиция тартудан әлемде алатын орны..............................................................................
2.2. Қазақстандағы Республикасының инвестициялық белсенділігін арттыру.........................................................................
2.3. Инвестицияны негізгі басым өндіріс салаларына тарту....

III БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.
3.1. Инвестицияны елімізге тарту және инвесторлар үшін жағдай жасау........................................................................................
3.2. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары..............................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:..........................

Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Мемлекеттің инвестициялық қызметі оның экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар мемлекет тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кез-келген мемлекет инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты» болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының ұстанатын инвестициялық саясаты, оның қызметін басқару, инвестиция тартудың күрделі мәселелерін шеше отырып елімізге тарту. Инвестицияны өз елімізге тартудың негізгі себептері, қиыншылықтары мен кедергілері, инвестицияны негізгі тетік көздеріне, экономикалық-қаржылық, стратегиялық және тактикалық маңызы бар басым салаларға бағыттау менің дипломдық жұмысымның басты мақсаты болып табылады. Нарықты зерттеп, еліміздің экономикасына тура баға беріп, жоспарлы стратегия негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.
Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары қарастырылады. Әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектей отырып кестелермен толықтырдым.
Үшінші тарау қазіргі таңдағы еліміздегі артта қалып қойған немесе дамымай қалған салаларды дамыту және сол салаларға инвестиция құю қызметімен, белсенділігімен, олардың инвестициялық қызметін қаржыландыру ерекшеліктерімен байланысты мәселелері және оларды шешудің жолдарына арналады.

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ.

1.1.Инвестицияға жалпы мазмұндама.

Инвестиция - лизинг келісімшартын жасасқан сәттен бастап, қаржы лизингі құралдарын қосқандағы мүліктің барлық түрі (жеке қолданысқа арналған тауарлардан басқа), сонымен қатар, заңдық тұлғалардың жарғылық капиталына инвестордың салатын оларға деген құқығы немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын тіркелген активтердің өсуі. Бағалы қағаздар нарығына сәйкес инвестиция деген акциялар, облигациялар және т.б. қаржы құралдарын алуды білдіреді.
Тікелей инвестициялар: тікелей инвестициялау кәсіпорны тікелей шетел инвесторына жай акциялардың немесе акционерлер дауысының кем дегенде 10 пайызы немесе осындай қатысудың баламасы тиесілі.
Портфельдік инвестициялар: Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздардың бағасын белгілеу баға белгіленетін акциялардың құнын түзету үшін қолданылады. Шетел инвестицияларын тіркеу, компаниялардың шоттары, сондай-ақ екі жақты көздер деректерді салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.
Қаржылық туынды құралдар: жүргізілген мәмілелердің көлемі аз және бөлек санатта көрсетілмеген («Портфельдік инвестициялар» бабы бойынша борыштық бағалы қағаздардың құрамында көрсетіледі).
Басқа инвестициялар: Басқа инвестициялар бойынша деректер, ең алдымен, банктер мен кәсіпорындардың сыртқы активтері мен міндеттемелері жөніндегі есеп нысанымен қамтамасыз етіледі. Есептің нысаны ТБ және ХИП компиляциялық талаптарына сәйкес әзірленді және баға мен бағам ауытқулары нәтижесінде операциялық өзгерістер мен құн өзгерістерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк инвестициялар: Индустриялық-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк инвестициялардың көздерi республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады.
Бюджеттiк инвестициялар басымдықтарының арасында индустриялық-инновациялық даму үшiн зияткерлiк және инфрақұрылымдық негiз құратын салалар қалуы тиiс. Бюджеттiк инвестициялар олардың болуы жоғары технологиялы өндiрiстiң қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын қажеттi базалық және әлеуметтiк инфрақұрылым дамытуға бағытталып, өңiрлерде iскерлiк және инвестициялық белсендiлiктi күшейтуге ықпал ететiн болады.
Бюджеттiк инвестицияларды тiкелей индустриялық-инновациялық сектор салаларына жiберу негiзгi қызметi несие капиталының сыртқы және iшкi рыноктарына қаражатын тарту болып табылатын қазiргi және құрылатын дамудың мемлекеттiк қаржылық ұйымдары арқылы, сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн институционалдық инвесторлар қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын болады. Әр өндiрiстiң әлеуетiн айқындағаннан кейiн инвестициялық саясатты Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес секторының барынша тар учаскесiне бағыттауға күш салу керек. Осындай жағдайда ғана өндiрушi сектормен бiрге ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстандық экономиканың негiзiн құрайтын бiрнеше жаңа қуатты салалар пайда болуы мүмкiн.
Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкiмшiлiк ресурстары шектеулi және барлық ресурстарды көптеген салаларға бөлшектеу қосылған құны жоғары, бiрақ салыстырмалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабiлетi жоғары eмec деңгейдегi орташа дамыған бiрқатар салалардың пайда болуына әкеп соғады.
Индустриялық - инновациялық дамуда мемлекеттiк индустриялық саясатты жүзеге асырудың басқа құралы ұлттық компаниялар болуы тиiс. Мемлекет экономиканың стратегиялық салаларында осы компаниялардың меншiк иесi ретiндегi оларды ресурстарын шикiзаттық емес сектордың жоғарғы технологиялы өндiрiсiн дамытуға инвесторлар, сондай-ақ өнiмдi тұтынушылар ретiнде де белсендi түрде тартуы тиiс.
- Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
- отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру;
- «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
- инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
- инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып түзетулер енгізу;
- инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.
Аталған шаралардан басқа инвестициялар және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, «инвестициялық кодексті» қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық саясаттың және инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты анықтауға мүмкіндік береді.

1.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының алғы шарттары.

Қазақстан біздің экономикамыздың дамуына инвестиция тартуға айрықша маңыз береді. Республикада даму үшін барлық қолайлы мүмкіндіктер жасалған, ал ол мүмкіндіктер жылдан-жылға жақсара түсуде.
“Глобал Инсайттың” жуырдағы есебіне сәйкес, Қазақстандағы саяси, экономикалық және қаржы тәуекелдерінің болжамы ТМД-ның барлық елдері бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарық экономикасы бар. Өткен бесжылдықта Қазақстан экономи¬касының орташа жылдық өсуі 10%-дай болды.
Өскелең экономикалық өсім мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағыттылығын елеулі түрде кеңей¬туге мүмкіндік берді, мұның өзі отандық экономиканың беріктігін дәлелдейді. Үш жылда ғана елімізде жан басына шаққандағы ІЖӨ 30%-ға өскен.
Экономика өсуінің жоғары қарқыны бізге 2008 жылдың өзінде ІЖӨ-нің өсуін 2000 жылмен салыс¬тырғанда 2 есе өседі деп жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының түрлі секторларында аса ірі трансұлттық компаниялар мен әлемге танымал брендтер ойдағыдай жұмыс істеуде.
Мәселен, швейцариялық “Корика Эйджи” компаниясымен бірлесіп, алюминий электролиз зауы¬тының құрылысын жүргізудеміз; “Базель” компаниясымен газ химиясы кешені салынатын болады; “Дженерал Электрик” локомотивтер жинастыруды жоспарлауда; “Самсунг” компаниясымен бірге сұр бетон өндіру жөніндегі жұмыстар басталды; “Хевен Хаус” тұрмыстық және офистік жиһаздар шығарады; “Шкода” маркасының автомобильдерін жинау конвейері жолға қойылды. “Пилкингтон” және “Штайнерт” секілді әлемдік компаниялармен бірлесіп, елімізде әйнек өндірісін салу көзделуде.
Мен қазір Қазақстанның мұнай-газ саласын инвестициялайтын аса ірі трансұлттық компанияларды атаған жоқпын. Әлемде мұнай-газ кешені Қазақстанға инвестициялар тартатын негізгі сала деп санау қабылданған. Бірақ та бүгінде біздің бюджетте осы сектордан түсімдер 25%-дан аспайды. Тау-кен өндірісі саласы, түсті және қара металлургия, феррохромды өндіріп, әлемдік рынокқа ұсыну қазіргі таңда еліміз табыстарының негізгі бөлігі болып табылады. Және бұл салалар тұрақты түрде дамып келеді. “Қазақмыс” компаниясының Лондон биржасына шығуына орай біздің тауарларымыз әлемдік рынокқа танымал болды.
1993 жылдан бастап тікелей шетелдік инвестициялардың бүкіл көлемі 50 миллиард АҚШ долла¬рына жуықтады. Елімізге шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде ұлғайып келеді: егер 2003 жылы 5 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция тартылса, 2005 жылы оның көлемі 1,5 есе ұлғайып, 6,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Осы тұста Мемлекет басшысы Қазақстан экономикасына бүгінгі таңда өзінің қаржы ресурстарын әлемнің 60-тан астам елі бағыттап отырғанын айтқан болатын. Инвестициялардың барынша үлкен ағыны АҚШ-тан, Нидерландыдан, Ұлыбританиядан, Италия мен Қытайдан бағытталған.
Осымен бір мезгілде ішкі инвестициялар да ұлғайып келеді. 2005 жылы ғана негізгі капиталға инвестициялар 20 миллиард АҚШ долларына шамалас болған. Үстіміздегі жылдың төрт айында олар 1,3 есе өскен.
Мұның бәрі - еліміздің осы заманғы экономикалық жүйе құрудағы табыстары мен одан әрі дамудың мол әлеуетін дәлелдейді. Бұл мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесі.
Бүгінде еліміздің алдында жаңа, өршіл міндеттер тұр. Қазақстанда әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру үшін барлық алғышарттар бар. Үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында ол осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияның басымдықтарын атаған болатын..
Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағыттан арылу үшін елімізде 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы әзірленді. Оны іске асыру ел экономикасын 3,5 есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін Қазақстанда Даму банкі, Инновациялық қор және басқа даму институттары құрылып, оларды капиталдандыруға мемлекеттік қаражаттан 1 миллиард доллардан астам жұмсалды. Мұнда да шетелдік инвестициялардың капиталы үшін қызметтің кең ауқымы бар. Мемлекет басым бағыттарда айрықша преференциялар жасауда.
Бұл, ең алдымен, Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “секірістерге” негізделген елді дәйектілікпен экономикалық жаңарту. Мұндай “секіріс” сыртқы дүниеге ашық ұлттық экономика жағдайында ғана қамтамасыз етіле алады, мұндай экономика әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының табысты да серпінді бөлігі бола алады және болуға тиіс. Бұл үдерісте біз халықаралық компаниялар тарапынан келетін инвестицияларға үлкен рөл жүктейміз. Сондықтан да елдің инвестициялық ахуалын жақсарту үшін тұрақты жұмыс істеудеміз.
Президентіміздің Қазақстандық III инвестициялық саммитінде мемлекет басшысы сегіз жыл бойы ойдағыдай жұмыс істеп келе жатқан Шетелдік инвес¬торлар кеңесінің кезекті отырысы болатынын еске салып өткен болатын. Біз әр кездесуде шетелдік инвесторлар үшін туындайтын барлық кедергілерді, соның ішінде салық және заңнамалық кедергілерді жою үшін елдің ішіндегі барлық проблемаларды егжей-тегжейлі талқылаймыз, деп атап айтты Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекеттің инвестициялық саясатында даму институттарына белсенді рөл жүктеледі, олардың қызметі 2015 жылға дейінгі Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға бағытталған.
Бүгінде бұл институттардың инвестициялық жобалар портфелі қаржыландырылуы мақұлданған 134 жобадан тұрады, олардың жалпы сомасы 4 миллиард АҚШ долларына жуық болса, даму институттарының қатысуымен 1,5 миллиард доллар болады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты, дипломдык Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыста, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін