Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары

 Экономика | Шетел инвестициясын Қазақстан экономикасына тарту жолдары мен проблемалары

Мазмұны

КІРІСПЕ.....................................................................................................................

1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................…………...
1.1 Иивестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні……………..…...
1.2 Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеудің шетелдік іс-тәжірибесі…...

2 ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒА БЕРУ........................................
2.1 Шетел инвестициясын тартудың нысандары және олардың тиімділігі.......
2.2 Шетел инвестициясын пайдалануды талдау............................................

3 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ........................................................................................................
3.1 Шетел инвестициясын реттеу механизміне методологиялық тұрғыдан қарау......
3.2 Шетел инвестициялары және ұлттық экономикалық қауіпсіздік................

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады.
Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді.
Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді. Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында, екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз, үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге экономикалық және саяси жағынан толық тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер ұлттық табысының көп бөлігін несиенің пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де олардың қарыздары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Соңында экономикалық артта қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай қиындай түседі.
Дағдарыс жағдайынан шығу үшін елде негізгі салалардағы өндіргіш күштерді дамытып және оларды қазіргі заманғы талаптар деңгейіне көтеру, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу, ұлттық валютаны тұрақтандыру, бюджет көлемін өсіру және соның есебінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешу қажет.
Осындай көптеген шешілмеген шараларды шешу үшін Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестициясын тоқтаусыз түрде тарту қажет. Ол үшін оларға жағдай жасалу қажет, яғни шетел инвестициясымен қоса жаңа технологияларымен және ұзақ мерзімге келулері керек. Тек осындай әдіс арқылы шетел инвестициясы көмегімен негізгі өндіріс қорларын жаңартып алуға және өндірісті жаңа ғылыми-техникалық деңгейге көтеруге болады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде шетел инвестициясын тартумен байланысты сұрақтар батыстың экономикалық әдебиеттерінде кеңінен айтылады. Экономикалық өсудің және инвестицияларды тартудың қиындықтары мен алғы шарттары теориялық-методологиялық негізде келесідей ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді: Дж.М.Кейнс, А.Маршалл, П.Самуэльсон, Л.Абалкин, Я.Квашин, Д.Палтеров және т.б.
Өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың басымдықтарын айқындау, шетел инвестицияларын тарту сұрақтарын зерттеумен О.Б.Баймұратов, Ж.О.Ихданов, М.Б.Кенжегузин, А.К.Қошанов, Н.Қ.Мамыров, Қ.О.Оқаев, К.А.Сағадиев, П.С.Пасеченко, Н.Н.Хамитов, Б.П.Чумаченко, А.Д.Шелекбай сияқты Қазақстанның экономист ғалымдары айналысуда.
79айда осы көп қатпарлы мәселенің бірқатар сұрақтары өз шешімін таппады. Қазіргі кезде біздің мемлекетте, шетел инвестициясын тарту және оны пайдалану сұрақтары әлі де тереңірек зерттеуді қажет етіп отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты болып республикаға шетел инвестициясын тартудың және оларды тиімді пайдаланудың проблемаларын ашу және оларды шешу жолдарын қарастыру.
Қойылған мақсатқа сәйкес келесідей жұмыстарды шешу қажет:
 инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мағынасына экономикалық әдебиеттерде кездесетін көз-қарастар бойынша анықтама беру;
 экономикасы дамыған елдердегі инвестициялық процесстерді реттеудің іс-тәжірибесін қарастыру;
 елімізге шетел инвестициясын тартудағы және оны пайдаланудағы ең тиімді нысандарды айқындау;
 шетел инвестициясы есебінен инвестициялық жобаларды тиімді қаржыландыру механизмін қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері болып отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың шетел инвестициясын тарту және оны тиімді пайдаланумен байланысты еңбектері пайдаланылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің заңнамалары мен нормативтік актілері, Министрлер кабинетінің қаулылары, ведомстволардың материалдары, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер, республикалық және шетелдік статистикалық органдардың ресми ақпараттары тартылды.
1 ТАРАУ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инвестициялардың әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді. Қазіргі заманғы шарттарды ескере отырып анықтама берген Пол Хейн, оның жазуы бойынша: “Инвестициялау – болашақта табыс алу үшін алдын-ала белгілі-бір затты сатып алу керек. Осыдан, фирма станоктар сатып алған кезде инвестициялайды, дәл осылай сізде акциялар сатып алған сәтте инвестор боласыз” .
Көптеген анықтамаларда инвестицияларды ақшалай салымдарға теңестіреді. Мұндай түсінікпен менімше келісуге болмайды. Себебі, капиталды инвестициялау тек ақшалай түрде ғана емес, сонымен қатар басқа да нысандарда қозғалатын және қозғалмайтын мүлік түрінде, әр түрлі қаржы құралдары түрінде (бағалы қағаздар түрінде бірінші кезекте), материалды емес активтер түрінде, лицензия түрінде, ноу-хау және т.б.
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді . Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән “күрделі қаржы” ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициясы туралы” заңында “инвестиция” ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда : “Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы” . Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар (мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары). Осыдан Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициясы туралы” заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.
Менің ойымша, күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).
Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, “инвестиция” түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.
Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:
• нақты инвестициялар, яғни тікелей салынатын;
• портфельді инвестициялар, яғни қаржы құралдары арқылы салынатын.
Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?