География | Қазақстан аумағындағы қорықтар

 География | Қазақстан аумағындағы қорықтар

Мазмұны

КІРІСПЕ .......................................................................................................... 3
1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА .............. 5
2. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ................... 9
2.1 . Ақсу – Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ………….............. 10
2.2 . Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ............................................... 18
2.3 . Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы ........................................... 25
2.4 . Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ........................................ 30
2.5 . Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығы .......................................... 36
2.6 . Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы ............................................ 41
2.7 . Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы .................................................. 47
2.8 . Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы ........................................ 50
2.9 . Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы ................................................. 54
2.10 . Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы .............................................. 60
ҚОРЫТЫНДЫ .............................................................................................. 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................ 66

Адам баласы ХХ-ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп-қатердің бірі - қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық, дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы халықаралық табиғат қорғау одағы (ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы-JUCN) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгілі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі - қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия (WCPA), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелері мен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады.
2003 жылы Дурбан қаласында (ЮАР) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қорытындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар (ҚТТ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориалдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды.
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және олардың көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12%-ынан көбі қорғалады, тек территорияның, 10%-ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған.
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи-мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттілігі одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделерімен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады. Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10%-ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.

1. ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫҚТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын территориялардың әлемдік жүйесінің дамуына маңызды рөл атқарады. Біздің мемлекетімізде қорық құру тарихы 1922 жылдан басталады. Бұл жылы мәдени және көне табиғи ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті құрылған, ол алғашқы рет сол аймақта қорық құру қажеттілік мәселесін көтерді. 1926 жылы Орта Азия мен Қазақстанда бірінші рет Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды. Бес жылдан кейін, яғни 1931 жылы Наурызым мен Алматы қорықтары, 1936 жылы Бурабай қорығы, ал 1939 жылы Барсакелмес қорығы құрылды. Одан әрі қорықтармен бірге, қорғалатын табиғи территориялардың басқада түрлері - геологиялық, зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, табиғи ескерткіштер және тағы басқа ұйымдастырылды. 1985 жылы біздің елімізде алғаш рет Баянауыл мемлекеттік ұлттық қорығы құрылды. /19/
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанның қорықтары, ұлттық бақтары, қорықшалары мен табиғи ескерткіштері құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан, үлкен мемлекеттік қорғалатын территорияларының біртұтас жүйесінде болатын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан ауыр экономикалық жағдайды бастан өткізді, бұл жағдай қорғалатын табиғи территорияларды зор шығынға ұшыратты. Қаржының жетіспеушілігі жұмысшы адамдар санын қысқартуға және табиғат қорғау жөніндегі көптеген жете зерттелген мәселелердің жабылуына әкелді. Жағдай тек соңғы 6-7 жыл шамасында ғана оңалып келеді. Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік экономикалық жүйеге одақтасуға және әлемдік бірлестіктің толық құқықты мүшесі болуға талпынып жатыр. Бұл мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық өмірдің көптеген жақтарын өзгертуді талап етеді. Осындай талаптардың бірі ҚТТ ұлттық жүйесінің дамуы болып табылады, оның көлемі мемлекеттің бар территориясының 10%-ынан жоғары, сонымен қатар қорғалатын табиғи территорияның жалпы жүйесіне енген болу керек. Осы жолда біздің мемлекетіміз айтарлықтай жетістіктерге жетті.
1997 жылдың 17 шілдесінде қабылданған "Ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөніндегі" ҚР Заңы негізін құрайтын заң шығару базасы жете дайындалды. Заң табиғат қорғау мемлекеттерін құру және олардың жұмыстары жөніндегі мәселелерді реттейді. Қазіргі заң шығаруға сәйкес ерекше қорғалатын табиғи территориялар - бұлар мемлекеттік табиғи-қорықтың қорын қорғау және қалпына келтірумен қамтамасыз ететін қорғаудың құқықты шаралар жүйесі немесе шаруашылық жұмыстардың реттелетін ережелері бар жер, су, орман және жер қойнауы байлықтары. Қорғаудың құқықтық шаралары төмендегідей бөлінеді: қорықтық, яғни қоршаған ортаның табиғи жағдайын бүлдіретін кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады; және қорықшалық, яғни мемлекеттік табиғи - қорықтық қор нысаналарын сақтауға қауіп төндірмейтін және олардың өсіп-дамуына зиян келтірмейтін шаруашылық және кез-келген жұмыстарға тек белгілі маусым мен уақытта рұқсат беріледі. Қазақстан Заң шығаруында ұйымдастырылу мақсатына қарай, қорғау шаралары мен нысаналарды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты қорғалатын табиғи территорияның 11 түрі бар:
- биосфераны қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар;
- мемлекеттік ұлттық бақтар;
- мемлекеттік табиғи қорлар;
- мемлекеттік табиғи бақтар;
- табиғи мемлекеттік ескерткіштер;
- мемлекеттік қорықтық аймақтар;
- мемлекеттік табиғи қорықшалар;
- мемлекеттік зоологиялық бақтар;
- мемлекеттік ботаникалық бақтар;
- мемлекеттік дендрологиялық бақтар;
- мемлекеттік табиғи қорықтар-сепартерлер.
Соңғы жылдары жаңа қорықтар мен ұлттық бақтар ұйымдастырылды. 2005 жылдың соңында Қазақстанның 113 қорғалатын табиғи территорияларының жалпы көлемі 21036283,2 га болды, яғни мемлекеттің бар территориясының 7,72%-ы. Қазіргі күнде біздің елімізде жалпы көлемі 1075498 га 10 мемлекеттік табиғи қорықтар мен жалпы көлемі 1456597 га 8 мемлекеттік ұлттық бақтар бар. Реснубликаның қорғалатын табиғи территориялар жүйесі даму үстінде және ҚТТ-ның жалпы және аймактық жүйесіне біртіндеп еніп жатыр. Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банкі және Жалпы Экологиялық Қоры қолдауымен Батыс Тянь-Шань мен Алтайда трансшекаралық қорғалатын территориялар мен экологиялық дәліздер құру жөніндегі жобалар іске асты. Қазақстан реформа жүргізе отырып әлемдегі дамыған мемлекеттер қатарына сеніммен кіреді. /24/
Мұндағы қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау болып табылады. (1-сурет.)

1-сурет
2. ҚОРЫҚТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ

Совет елінде қорықтар ұйымдастырудың негізіне ғылыми принциптер алынды. Оның мәні мынадай еді: 1) қорық үшін бұрын пайдаланылмаған табиғаттың тамаша орындары бөлінеді; 2) онда табиғаттың басқа да байлық көздерімен бірге, сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдіктер қорғалатын болады; 3) қорықтар табиғи-географиялық аймақтардың үлгісі (эталоны) қызметін атқаруға тиіс; 4) ондағы табиғи процестер сол қалпында өзгерместен жүргізілуге тиіс; 5) ең алдымен сирек ұшырасатын, жойылып кету хаупі төніп тұрған табиғи орындар қорыққа айналдырылады. Сөйтіп, қорық – табиғаттың бұрынғы қаз-қалпындағы қайталанбас сұлу көрінісі, соның үлгісі, табиғи лаборатория болып қалыптасады. /11/
Табиғат байлығын тиімді, дұрыс пайдалану дегеніміз – мүмкіндігінше оны рәсуа етпей, ыждағаттылықпен халық игілігіне асыру, қалпына келтірілетін түрлерінің қайтадан көбейтілуіне жол ашу деген сөз.
Табиғат – күрделі комплекс. Ондағы барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысты. Міне, осы байланыстардың бірі үзілсе, табиғатта белгілі шамада өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ, табиғат болжап білу едәуір қиын. Әсіресе, көлемді жерлерді игеру, су қоймаларын жасау және тағы басқа жұмыстарды жүзеге асырғанда бұл мәселе күрделіліне түседі.
Соңғы жылдары ғылым мен техниканың шарықтап өсуі, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, қала мен село санының өсуі қоршаған табиғи ортаны ластанудан қорғау проблемасын алға қойды. Демек, содан келіп, табиғат қорғаудың экономикалық қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау мен эстетикалық мәнінің де зор екендігі жайлы ұғым туады. Шынында да, орман құрылысқа қажетті ағаш, халық тұтынатын бағалы аң терілері мен жеміс-жидек қана беріп беріп қоймай, ол сонымен бірге тірі организмнің тыныс алуына қажетті оттегінің сарқылмас қоры болып табылады. Өзендер бізге тек кемелердің жүзуі мен су электр станцияларын салу үшін ғана қажет емес, сол сияқты олар пайдаланылатын ауыз судың да алып арнасы. Бізді қоршаған ортаның көптеген әсем көріністері ғасырлар бойы ақындардың жырына, композиторлардың әсем ырғақты әніне арқау болып келеді. Революцияның жалынды жыршысы Максим Горький «Мені қаңғыбастықтан құтқарған табиғат» десе, орыстың атақты ғалымы В.В.Докучаев «Біздің топырағымыз алтыннан да қымбат» деген болатын. Туған жер табиғаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы. /15/
Біз табиғатты халық үшін, бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін қорғаймыз. Табиғат – адамның ежелден бергі тіршілік етіп келген және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.
Қазақстандағы қорықтар – шаруашылыққа пайдаланудан алынған, әр түрлі географиялық аймақтарда орналасқан, табиғатқа тұрақты және комплексті зерттеу жүргізетін ғылыми мекемелер. Мұнда табиғи процестердің даму заңдылығы кеңінен зерттеледі. Жабайы жануарларға санақ жүргізу әдістері, орман және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресудің биологиялық әдістері, хайуанаттар қорының азайып-көбеюіне әсер ететін факторлар, сирек аңдар мен өсімдіктерді қалпына келтіру мәселесі терең талданып, қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді.

2.1. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Талас Алатауының батыс бөлігінде қорық ұйымдастыру мәселесін, Орта Азия мемлекеттік университетінің профессоры А.А.Бродскийдің ұсынысы бойынша, 1922 жылы ескі заман ескерткіштерін, табиғатты және өнерді қорғаудың Түркістан комитеті көтерген болатын. Осы комитеттің университетінің көрнекті ғалымдары профессор Д.Н.Кашкаров, М.Г.Попов, Е.П.Коровин, М.В.Культиасов, Н.А.Димо Ақсу мен Жабағылы өзендері ағысының, жоғарғы жағында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл өңір табиғатының сұлу көріністеріне, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне таң қалған олар Тянь-Шанъ тауының осы бөлігі қорыққа айналдыру керек деген қорытындыға келді. Жабағылы мен Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында қорық боларлықтай біраз артықшылықтар бар: мұнда тек осы өңірге тән, әлі ешқандай кәсіптік мақсатқа пайдаланылмаған өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі тіршілік етеді. Ландшафтысы сондай әсем, сәулетті және ғылыми тұрғыдан алғанда үлгі боларлықтай. 1926 жылдың 14 шілдесінде Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Бұл қорықты ұйымдастырудағы негізгі мақсат- Батыс Тянь-Шаньның ландшафтың сол табиғи қалыпта сақтап, осы тау жүйесіндегі табиғат комплекстерінің даму заңдылығын зерттеу. Міне, Қазақстандағы тұңғыш қорық дүниеге осылайша келген еді. Бұл қорықта хайуанаттар жүйесіндегі алғашқы ғылыми зерттеуді 1926 жылы А.П.Коровин бастады. Одан кейін бұл жұмысты Л.М.Шульмин жалғастырды.
Одан кейін бұл қорықта зерттеу жұмыстарын жүргізуге геологтар В.Г.Мухин, В.Б.Тризна, палеонтолог С.И.Сергулкова келді.
Ақсу-Жабағылы қорығы қазірде ЮНЕСКО жасаған дүние жүзілік қорықтар тізіміне енген. Күні бүгінге дейін Ақсу-Жабағылы қорығы Қазақстандағы ең жақсы қорықтардың бірі болып қалып отыр.
Жер бедері мен ауа райы. Ақсу-Жабағылы қорығы Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің біразын және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі территориясы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Леңгір және Алғабас аудандары жерінде орналасқан.
Қазірде қорықтың жалпы жер көлемі 74416 гектар, оның 20616 гектары Түлкібас ауданында, 50576 гектары Леңгір ауданында болса, 224 гектары Алғабас ауданының үлесіне тиеді. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясынан 18-20 шақырымдай жердегі Ново-Николаевка ауылында.
Ең биік шыңдары мәңгі мұзбен таласқан, ірі құзды Талас Алатауы шығыста Талас өзенінің жоғарғы ағысынан батыста Шыршық пен Келес өзендерінің жоғарғы ағысына дейін 250 шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр. /1/
Ақсу мен Жабағылы өзендерінің басталар жоғарғы жағынан жан-жаққа Жабағылы, Алатау, Балдыбірек және басқада біраз тау жоталары кетеді. Арнасын осы жоталардан алатын өзендер Арысқа келіп құяды. Жабағылы тауының ең биік шыңы теңіз деңгейінен 2915 м, Алатаудікі - 4042 м, Өгем ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады