Денис Кузин

 Денис Кузин

Денис Кузин - конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық.

Денис Кузин 1988 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы коньки тебу секциясына баруды бастады. Алғашқы бапкері Пастушенко Николай Петрович болды

Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы.
Конькимен сырғанау спортына Денисті әжесі Светлана Григорьевна Карайченцева әкелген екен. Ол – ата-анасы қаза болғаннан кейін баланың тәрбиесін толықтай өз қолына алған спортшының ең жақын әрі қымбат адамдарының бірі.

«Конькимен жүгіру спортына мені әжем күштеп әкелді. Ол мені мұнда темекіге, ішімдікке әуестеніп кетпей, спортқа деген қызығушылығымды ояту үшін әкелгені анық. Соның арқасында конькимен сырғанау спорты менің жұмысыма, өмірімнің мәніне айналды. Бұрын жай ғана сырғанау, жаттығуға келіп-кету ұнаса, қазір менің дайындығым басқа дәрежеге көтерілді», - деген ойымен бөлісті спортшы

Чемпионның айтуынша, оның басты фанаты әжесі болған және болып қала бермек. Сол себепті ол өзінің барлық жетістіктерін тек қана әжесіне арнайды.

«Мен, әлбетте, барлық жеңістерімді әжеме арнаймын. Ол мен үшін мені мәпелеп, бағып-қағып, өз жолымды дұрыс таңдауға көмектескен ең қымбат адам. Ол Қостанайда тұратындықтан, жарыстарға қатысуға мүмкіндігі жоқ, ал негізгі жарыстардың бәрі өте қашық жерлерде өтеді. Соған қарамастан, ол теледидар арқылы бірде-бір жарысымды қалт жібермей, менің әрбір маңызды сәттерімді назардан тыс қалдырмауға тырысады. Біз үнемі байланысымызды үзбейміз, мен хабарласып, тікелей көрсетілім қайда және қашан болатынын айтам. Ол менің жағдайымды үнемі қадағалап отырады», - деп әңгімеледі Денис.
Денистің тағы бір жанкүйері – үш жасар қызы Ксюша. Ол барлық көрсетілімдерді интернет арқылы тамашалап, чемпион әкесін әркез қолдап-қолпаштап отырады.

"2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы құрамасына кірдім. 2012 жылы жарақатыма байланысты үзіліс алуыма тура келді. Емделіп келген соң, жаттықтырушымның өтінішімен спортпен айналысуды қайта жалғастырдым. Алты айдан кейін әлем чемпионатын жеңіп алдым" - дейді Денис.

Жетістіктері:
2010 ж. - Ванкувердегі (Канада) қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы;

2011 ж. - 1500 м қашықтықта VII қысқы Азия ойындарының жеңімпазы (Астана, Қазақстан);

2012 ж. - 1500 м қашықтықта Азия чемпионатының жеңімпазы (Астана, Қазақстан);

2013 ж. - 1000 метр қашықтықта әлем чемпионатының жеңімпазы (Сочи, Ресей);

2014 ж. - Сочидегі (Ресей) қысқы Олимпиада ойындарына қатысушысы; Әлем кубогының жеңімпазы; Әлем чемпионатында кіші алтын және кіші қола медаль иегері;

2017 ж. - 1000 метр қашықтықта өтетін VIII қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Саппородағы (Жапония) командалық жарыстың қола жүлдегері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі