Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (1984 жылы 23 мамыр)

 Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев  (1984 жылы 23 мамыр)

Бейбіт Амантайұлы Кушкалиев (23 мамыр 1984 жыл Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген) — Қазақстандық поп әнші, композитор, биші.

Өмірбаяны
Ю. А. Гагарин атындағы №4 орта мектеп түлегі (1990-2001). Атырау Мұнай және Газ институтынн және (2001-2006) Нұр Мүбәрак Ислам университетін аяқтаған (2006-2011). 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән сайысына қатысып, "Көрермен көзайымы" наминациясын жеңіп, лауреат атанған. 2003 жылы Ренат Гайсинннің шақыруымен KZ тобында Рүстем Нұржігітпен өнер көрсеткен. 2007 жылы KZ тобымен "1" атты үнтаспа жазған. 2009-2010 жылы Египет елінде араб тілін дамытып және 2011-2012 жылы ағылшын тілін дамыту үшін Малазия елінде білім алған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, продюсер Ғалымбек Исмбергеновпен жеке шығармашылық бастаған. 2015 жылы Халықаралық Turkvision байқауының лауреаты. 2015 жылы бірінші "Қайтесің өзгені" атты бейнебаяны жарық көрген. 2015 жылы Muzzone арнасының санауы бойынша "Қайтесің өзгені" атты әні жылдың ең үздік маxаббат әні болып номинациясына иеленген. Кейін, "Аяқты қимылдат", "Елім деп соқсын жүрегің", "Лаула (бүйтіп биле)" бейнебаяндары жарық көрген. "2017 жыл таңдауы" наминациясының иегері. 2018 “Stars of Asia” номинация иегері. Отбасын құрған. Төрт баланың әкесі.

Шығармашылығы
Әнші ретінде 2002 жылы Республикалық Жас Қанат ән байқауында "Көрермен көзайымы" номинациясын жеңіп алған. 2003 жылы KZ тобының мүшесі болып ән айтқан. Продюсері Нұрлан Абдуллин мен Ренат Гайсин болған. 2014 жылы KZ тобынан кетіп, жеке шығармашылығын бастады. Осы уақытқа дейін көптеген жобаларға қатысып келеді. Қоржынында 4 бейнебаяны бар. 20 шақты жеке әндері бар. Қазіргі продюсері - Ғалымбек Исмбергенов.

Дискография
2006 жылы - #1 альбом
2019 жылы - #2 альбом
Жетістіктері
2002 жылы Жас Қанат ән байқауының "Көрермен көзайымы" номинациясы;
2014-2015 жылдары Халықаралық Түрквижн байқауының лаураты;
2015 жылы Love Radio толқынының "Ең үздік маxаббат әні";
2015 жылы EMA 2015 марапатында ұтып алған;
2015 жылы "Гакку әуендерінің" женимпазы;
2016 және 2017 жылы "Жыл Таңдауы" ұлттық байқауының марапатын алды;
2018 жылы Stars of Asia байқауының жүлдегері.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі