Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісіндегі маңызы

 Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісіндегі маңызы

Қазіргі педагогикалық технологиялар пәнінен теорялық біліммен, 
тәжірибелік  іскерлік пен дағдыны игеру, болашақ бастауыш мектеп
педагогикасы және әдістемесі маманына қажет,  себебі пән базалық білім
беретін пәндер санын құрайды.
        Қазіргі  педагогикалық технологиялар пәні екі  бөлімнен
тұрады:                     
       Бірінші  бөлімде білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер туралы,
студенттің білім спасын жақсарту, кәсіби біліктілігін жетілдіру, өзіндік
позициясын қалыптастыру үшін «жаңа педагогикалық технология» пәнін
оқытудың қажеттілігі, «педагогикалық технология» туралы түсінік,
педагогикалық технологияның классификациясы, құрылымы, педагогикалық
технологияларды таңдап енгізу белгілері, педагогикалық процеске
қолданудағы болашақ мұғалімнің дайындығының қалыптасу жолдары
туралы сөз болады.
              Екінші  бөлімде түрлі педагогикалық технологияларға сипаттама
беріліп, мазмұны, мәні анықталып, қолдану жолдары қарастырылады.
Педагогикалық технология туралы түсінік алып ,зерттеген ғалымдар,
педагогикалық технологиялардың түрлі классификацияларымен, таңдап
енгізу белгілерімен, қажеттілігімен, мұғалімнің білімі, шеберлігі,
дайындығының қалыптасу жолдарын білу;
- түрлі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктерін , мәнін, мазмұнын,
қолдану жолдарымен танысу;
- жаңа педагогикалық технологияларды педагогикалық процеске қолдану
үшін болашақ мұғалімдердің білімдерін жетілдіріп, іскерліктерін асырудың
қажеттілігін түсіну;
-         Жаңа педагогикалық технологияларды педагогикалық процеске таңдан
енгізуде әртүрлі критерилермен танысып, енгізу жолдарын меңгеру;
-         Педагогикалық технология туралы білімдерін жетілдіріп отыру
арқылы, тәжірибеде іскерліктерін, дағдыларын арттыру.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның
артықшылықтары көп. Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл
анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды.
Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін
жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден

мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден
әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде
жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс – әрекетінің
түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр
мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу.
Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның
нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен
тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты –
оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету.
Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай
болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта
оқушылардың іс - әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықта.
Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке
табиғи шикі заттарды(мұнай, ағаш т. б.) өңдеу технологиясы немесе одан
алынған өнімдер жатады. Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп,
оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік
технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады.
Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы
бар. Басты айырмашылығы өндірістік технологияның нақты жүйелі
операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың
орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді. Әлеуметтік технологияда
түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан
басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты
іріктеліп процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік
технологияда кері байланыс орасан зор роль атқарады. Мұғалім
оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта - қайта тексеріп, оқу материалын
меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен
біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз.
Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана
қайталайды. Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталайды.
Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады.
Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік
технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір - біріне
жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді.
Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология»
ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік
технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері
байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар
істеу) болуында. Педагогикалық технологияның мақсаттары. Қазіргі
мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды
жан - жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы
дұрыс ашылмаған. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық
процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»-


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!