👈 қаріп өлшемі 👉

Қатарынан қалған кәрі жетім

Қатарынан қалған кәрі жетім

Қазақта бір мақал бар ғой «Қатарынан қалған кәрі жетім» демекші қазіргі уақытта кәрі жетім болып қалған қаншама үлкен кісілер қарттар үйінде өмір сүріп жатыр. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен бәріміз бір қазақтың баласымыз. Тарихқа көз жүгіртіп көрсек біздің далада түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі деген ұғымдар болмаған екен. Қазір жағдай мүлдем басқа. Заманның дәмі сондай ма, жоқ әлде адамдардың санасы өзгерді ме кім біслін, әйтеуір қалаларымыз қарттар үйі мен жетімдер үйіне толы. Қариясын құрметтеп, жетімін жылатпаған елдің мұнысына күйінішпен қарайсың. Қанша дегенмен қолдан келер қайран жоқ. Қарт кісілеріміздің хәл жағдайын білу мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аға-оқытушысы Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызының бастауымен және 4 курс дінтанушы студенттерімен «Қайырымды қала» жобасы аясында «Почетный возраст» атты қарттар үйіне бардық. Қарттар үйіне студенттер өз өнерлерін көрсетіп, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарттардың көңілін көтеріп, батасын алу алға қойған мақсат еді. Концерт барысында өнерлі жастар өлең оқыды, ән салып, би биледі. Отырған жұрт көздеріне жас алып, ризашылықтарын батасымен жеткізді. Концерт аяқталған соң, ол кісілермен әңгіме-дүкен құрудың да сәті түсті. Студенттер әр бөлмені аралап, қарияларға арнап алған азын-аулақ сыйлықтарын табыстады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану мамандығының 4 курс студенті Ерікұлы Болат

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» “12 жастағылар үйленді”: Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды 20.01.2022
» Тұңғыш президент – Елбасы туралы заңға өзгеріс енгізіледі 20.01.2022
» "Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді 20.01.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы