![]() |
|
![]() |
Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш

Үшбұрыш пен Төртбұрыш тәжікелесіп қалды.
- Текке таласып қайтесің! Бәрібір сенен менің бір бұрышым артық! – деді Төртбұрыш.
- Одан не пайда? – деді Үшбұрыш. – Керісінше, бұрышың неғұрлым көп болса, соғұрлым өзіңе қиын болады.
- Міне бұл тауып айтылған сөз! – деді домаланған Жұмыр Шар. – Маған жұрт қай жағымнан келерді білмейді. Мысалы... «Сегіз қырлы, бір сырлы» болам деп армандаудың заманы баяғыда өткен. Меніңше қырлылар емес, қырсыздар бақытты бүгінде!
- Круглый Дурак! – деді ыза болған Төртбұрыш, қалай орысша сөйлеп кеткенін өзі де байқамай.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022
Пікірлер 1
Ілмектер: ғибратты сөздер, ғибрат сөздер, гибратты ангимелер, гибратты ангимелер вк, гибрат ангимелер Ғибратты әңгіме: Үшбұрыш пен Төртбұрыш