Қырандар қанаттанған ұя Гурьев жаяу әскер училищесі


Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің

10 сынып оқушысы Байтүгел Маншук

Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің

жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі

Қуатова Жанат Қарақойшықызы

Мазмұны

І. Кіріспе.

1. 1 Ерлік елін сүйетін ерлердің мақтанышынан, ар - намысынан туады.

ІІ. Негізгі бөлім.

2. 1 Одессадан К Е Ворошилов атындағы жаяу әскер училищесінің

Гурьевке көшірілуі.

2. 2 Гурьев жаяу әскер училищесі - командалық құрам командирлерін

даярлайтын ұстахана

2. 3 Майдан даласындағы Атыраулық училище түлектері

2. 4 Майдан даласындағы училищенің өзге ұлт түлектері

ІІІ. Қорытынды.

3. 1 Ұласқан ұрпақтар сабақтастығы

Кіріспе

“Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар.

Қартаймас қас батырлар, тұлғасы бар”

М. Рәш. “Батыр дастаны”

Соғыс!

Осы бір қара бұлттай қаралы да, суық сөздің астарында ұлан - ғайыр қасіретті мұң - қайғының азалы даусы естілетін тәрізді. Адамзат баласы көз ашқалы өзара жауласудан талай рет бейбіт өмірдің шырқы бұзылды. Жер беті сансыз адам қаны төгілген алапат соғыстардың куәсі болған. Ресми деректер бойынша 60 млн - ға жуық адам қаза болған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең алапат, ең сұрапыл соғыс болып, тарихқа енді.

Миллиондардың қанымен, көз - жасымен келген Ұлы Жеңістің мәні мен маңызы ерекше болатыны да осында. Сұрапыл жылдар мен Ұлы Жеңістің де жаңғырығы алыстаған сайын, «Отан» деп, соққан жауынгерлердің жүрегінің үні мен жасаған қаһармандық ерлігі айқындала бермек. Соғыс тарихында шексіз ерлік пен қаһарман батырлық көрсетіп, ел намысын қорғауда ерекше көзге түскен қаһарман қалалар мен қаһарман батырлар көп болған. Солардың ішіндегі даңқты, ұрпақтар жадында мәңгі жатталған ұлы Сталинград шайқасы екеніне тарих куә. Сталинград шайқасы зор майдан ғана емес, екінші дүние жүзілік соғыс барысына түбірлі өзгеріс жасаған оқиға болды. Англияның көрнекті журналисті Уикхем Стид «Сталинградта күш сынасқан соғысқа тең келетін бұрын - соңды ешқандай майдан болған емес» деп көрсеткен.

Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941 - 1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл Армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды.»- дегенді айтады

1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1 - інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15 - інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.

Міне, осы теңдесі жоқ Сталинград шайқасындағы жеңістің аяқталғанының 70 жылдығын бүкіл әлем атап өтті. Яғни, 1943 жылы 2 ақпанда Сталинград шайқасы жеңіспен аяқталған еді. Бұл жеңіске бүкіл қазақстандықтар мен бірге Атыраулықтарда үлкен үлес қосты.

Атап айтқанда, 1942 ж ашылған Гурьев жаяу әскер училищесі мен оны бітіріп шыққан курсанттар - яғни жаяу әскер командирлері - сержанттар, аға лейтенант, лейтенант атағын алған офицерлер. Ұйымдастырылып, екі жыл ғана қызмет атқарса да Гурьев жаяу әскер училищесінен 2500 курсант бітіріп, Сталинград майданына аттанды, оның 200 - ден астамы Атыраулықтар болды.

Тарихқа үңілсек соғыс тарихындағы жеңіске жаяу әскерлер шешуші тұлға болған. Жаяу әскерлер - Армиядағы барлық әскерлердің ішіндегі негізгісі. Себебі шайқас кезінде жаумен бетпе - бет келіп қарсылық көрсетіп қана қоймай, қорғана отырып, жеңіске жетуде шешуші рөльді атқарады. Олар шайқас кезінде жергілікті жер қандай болса да, қандай ауа - райы болса да, қарлы боран, үскірік жел соқса да өз позициясын қорғауға тиіс. Ал командир - жаяу әскерлердің басшысы ғана емес, жан - жақты, жауапкершілігі мол, өз әскерлерін жеңіске жетелей алатын, қоршауда қалса алып шыға алатын ақылшы, батыл, батыр тұлға.

2012 жылы Гурьев жаяу әскер училищесіне 70 жыл, 2013 жылы Сталинград шайқасының жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толды. Сондықтан да мен бұл ғылыми жобамды Сталинград шайқасындағы жеңіске шешуші бетбұрыс жасап беріп, сапалы командирлер әзірлеген Гурьев жаяу әскер училищесінің тарихына оны бітіріп, есімдері тарихта мәңгі аңызға айналған курсанттарға, командирлерге арнаймын.

Гурьев жаяу әскер училищесінің тарихы қысқа, бірақ мәңгі тарихта алтын жазулармен жазылып қалды. Училище 1942 ж қатаң соғыс жылдарында құрылды. Училище Одессада құрылған К Е Ворошилов атындағы жаяу - әскер училищесінің жалғасы еді. 1941ж 18 шілде айына дейін осы училищенің 2 батальоны майдан даласында соғысып жатқан еді. Одессадан Чистопель қаласына эвакуацияланып, 1942 ж басында Гурьевке көшірілген. Училищенің негізгі міндеті - Сталинград майданы үшін командирлер даярлау. Осы училищені қысқа мерзім ішінде Атыраулықтардың өзінен 200 адам бітіріп, майданға аттанды. Олар майданда да ерлік көрсетіп, кейін бейбіт өмірде де еңбек ерлері атанды.

Майданның Сталинград түбіне келуіне байланысты «Атырау соғыс жағдайында»деп жарияланды. Гурьев жаяу әскер училищесі 1941 жылы соғысып жатқан Армия қатарына жатқызылды.

Себебі, Гурьев жаяу әскер училищесі Сталинград майданына кіші лейтенанттарды - Қызыл Армияның негізін – офицерлер құрамын әзірледі. Жаяу әскерлерді бастаған кіші офицерлер Сталинград майданының окоптарынан бастап Курск доғасы, Днепр, Днестр, Висла, Дунай, Одер өзендерінен өтіп Берлинге дейінгі майдан жолдарынан өтті. Олар қан майданның ортасында болды. Өз рота, взвод, батальондарын басқара жүріп, жеңіс туын желбіретті. Статистика бойынша майданда әрбір екі апта сайын жаяу әскер командирлері ауыстырылып отырған, себебі қаза тапқан немесе ауыр жаралы болған. Майдан даласында 4000 - ға жуық жаяу әскерлердің кіші лейтенанттары ерлікпен шайқасты. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде командирлердің тағдыры да әр түрлі қалыптасты.

Гурьев жаяу әскер училищесінің тарихы туралы, онда сабақ берген командирлер мен ұстаздар туралы, бітіріп шыққан курсанттардың ерлігі мен тағдыры туралы зерттеулер жоқ, мәлімет аз, толық зерттелмеген, зерттеуді керек етеді

Негізгі бөлім

Қырандар қанаттанған ұя - Гурьев жаяу әскер училищесі.

Екінші дүниежүзілік соғыста ержүрек отандастарымыз жауынгер ата - бабаларымыздың даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екендігін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын - байрақ, намысын - найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты, -

Н. Ә. Назарбаев.

Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында, 1942 жылы 26 ақпанда КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің №0106 қаулысына сәйкес Оңтүстік Орал әскери округы штабының шешімімен Гурьев қаласында жаяу әскер училищесі құрылды. Училищенің негізгі міндеті: - Сталинград майданы үшін командирлер дайындау болатын, облыстық атқару комитетінің шешімімен Гурьев жаяу әскер училищесінің ашылуына барлық жағдай жасалды. 1942 жылы 2 наурызда Гурьев облыстық атқару комитетінің шешімімен Гурьев жаяу әскер училищесіне оқу мекемесін, шаруашылық жұмыстары мен соғыс өнеріне үйретуге, атуға үйренуге, дайындалуға жер учаскесін беру туралы арнаулы шешім шығарды. Оқу орны етіп сол кездегі ең жақсы мекеме - Ленин және Куйбышев атындағы орта мектеп корпусы, қалалық больница, су арнасы, автобустар мекемесі, су жолы вокзалы, яғни Жайық - өзені жағалауынан жер берілді.

Алғашқы кезеңде көптеген қиындықтар кездесті. Қиындыққа қарамастан

1942 жылы наурыздан бастап 1923, 1924 жылы туған жастар әскер қатарына шақырылып, олардан жаяу әскер училищесі жасақталып, сабақ басталды.

Жаяу әскер училищелері, неміс фашистері окупациялаған аймақтарда болғандықтан үнемі жаңа жерлерге көшіріліп, жаңа дивизия, жаңа рота, взводтар құрылығандықтан, оның командирлерін дайындап, майданға аттандырып отырған.

Гурьев жаяу әскер училищесі негізіне Одессадан Ворошилов атындағы училище көшірілгендіктен мұғалімдер мен командирлер де Одессалықтар болған. Командалық құрам мүлдем жетіспеді.

Гурьев жаяу әскер училищесінің түлегі – аға лейтенант Войцехович Владимир Викторович өз естеліктерінде «Сабақ берген ұстаздар мен командирлер өте тамаша жандар болды. Өте білімді, білікті, жауынгерлік тәжірибесі мол еді.

«Біз, курсанттар ұстаздар мен командирлерге қарап бой түзедік, сапалы білім алдық»-, деп жазды. Училищеде: 1942 жылы взвод командирі лейтенант Авраменко, комиссар Пархоменко, старшина Сибяроков, комиссар Пряхин, Д. Авсаджанов қызмет еткен.

Д Авсаджанов - қазіргі кезде дизайнер - суретші, ұстаз Ұстаздар курсанттарды шыдамдылыққа, төзімділікке үйретті. Оқу - жаттығу жұмыстарын жүргізді. Жеделетілген он айлық курс графигі өте қатал тәртіппен жүрді. Сабақ таңнан кешке дейін жүрді.

Училищенің 1944 жылы курсанты - Ладейщиков Владимир Федорович - қазіргі кезде Ресейдің мемлекеттік кеңесшісі. РФ прокуратурасының құрметті қызметкері " Младшей лейтенант пехоты" атты кітабында Гурьев жаяу әскер училищесінің тарихы мен өмірі туралы жазып ", "Курсанттарды сағат 6: 00 - де тұрғызатын, қатарға тұрып, ән салып, ертеңгі асқа баратын едік. Асхана алдында тартылатын турник болатын. Әрбір курсант асханаға кірер алдында 3 реттен тартылуға тиіс болатын. Содан кейін полигондағы сабаққа 6 км жол жүріп баратын едік"-, деп еске алады. Училищеде 5 батальон: пулеметшілер, минаметшілер, атқыштар болғандықтан, сабақ алғашқыда барлық курсанттарға ортақ бағдарлама бойынша өтті. Түске дейінгі уақыттарда соғыс ісіне, яғни тактикалық, топографиялық жаттығулар жасалатын, одан кейін қатарға тұрып жаттығу, физкультуралық жаттығулар мен жекпе – жек ұрыс өнеріне де үйретті. Тіптен курсанттарды билей білуге де үйретті. Сабақ 14 - 15 сағатқа жалғасатын жаттығу кезінде жүгіруге, бауырмен жүруге, 16 кг топырақ толы қапшықты иыққа салып, 60 см окоптан секіруге, оттан секіругеде, тіптен штыктасуға да үйретті. Жаттығу кезінде курсанттар екі топқа бөлініп, екі жақ бірін - бірі тұтқынға алып, «тіл» алып келуге, атысуға үйренген. Жаттығудан кейін қалаға дейін жүгіріп баратын болған. "Түскі ас тәтті болған. Үнемі борщ, солдат кашасы, нан, соғысқа аттанатын курсанттарға ақ үлпілдек нан беретін, бірақ біз әрі жас, әрі үнемі қозғалыста, жаттығуда болғандықтан, бізге аздық ететін" -, деп жазды В. Ф. Ладейщиков.

Түскі астан кейін азғантай бос уақытта хат жазып, баян тартып, демалыс ұйымдастырған. Содан кейін қайта жаттығу басталады. Әскери қаруларды шашып, қайта құрауға үйретіп қана қоймай, тіпті көздерін байлап қойып та револьвер, винтовка, пулемет т. б құрауға, шашып, қайта жинауға үйреткен.

Сағат 11: 00 - де ұйқыға дейін өзін - өзі даярлау, саяси жұмыстар жүргізілген. Курсанттар екі қатарлы солом салынған матрацтар төселген нарда ұйықтаған. Алғашқы кезде 64 адам бір бөлмеге орналасқан, ал кейін 1944 жылы 25 адамнан орналасқан.

Гурьев жаяу әскер училищесі курсанттарды әр түрлі жағдайға бейімделуге оқытып қана қоймай, білік, икем дағдыларын да қалыптастырып, шыңдалған командирлерді әзірледі. Курсанттар «жауынгерлік уставты» жатқа білген, «жауынгерлік ант» қабылдаған. Курсанттарды тек соғыс өнеріне ғана емес, взвод, рота, батальон, дивизия командирлерін басқаруға үйретті. Шайқасты жүргізе білуге, жауапкершілік ала білуге үйретті. Учелищедегі әскери – қатал тәртіп, әскери соғыс өнері курсанттарды Отанды сүюге, қорғауға, үйретті. Оларды ерлік жасауға тәрбиеледі. Арын - ту етіп, намысын – найза еткен ерлерді тәрбиеледі. Ержүректілік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен қаһарман батырларды тәрбиеледі. Алғашқы курсанттар ұлты жағынан әр түрлі болды. 1923 жылы қабылданған курсанттардың көпшілігі - орыс, татар, 6 молдаван, белорустар, қазақтар болды. Ұлты әр түрлі болғанымен, барлығын бір мақсат, бір мүдде біріктірді. Ол – Отанға деген сүйіспеншілік еді. Сталинград майданының қауіпті болуына байланысты 1923 жылы туған курсанттар оқуын аяқтамастан, 1942 жылы тамыз айында Сталинград майданына аттандырылды, оларға «сержант» атағы берілді.

Алғашқы «сержант» атағын алып, майданға аттанған Атыраулықтар бар. Атыраулық алғашқы «сержант» атағын алғандардың бірі - Орынбасар Қарасаев. Атыраудың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері. 1942 жылы Гурьев жаяу әскер училищесін аяқтай алмай қалған түлегі. 1942 жылы Ленинград қорғанысына аттанды. Денсаулығына, ержүректілігі байланысты атақты 13 теңіз бригадасының десант әскеріне алынып Қиыр шығысқа аттанды. Танк ротасының бөлімшесінде механик - жүргізуші болды. Жапон милитаристеріне қарсы күресіп Кореяның екі қаласын азат етуге қатысты. Осы операция үшін «За боевые заслуги» медальімен марапатталған. Жапонияны жеңгеннен кейін әскери қызмет атқарып «офицер» атағын алды. Туған жерге оралған О. Қарасаев қоғамдық, комсомолдық қызметтер атқарып, партия жұмыстарында адал еңбек етті. Соңғы 20 жылда ардагерлер кеңесін басқарды.

Мұхит Әбілхасов - Гурьев жаяу әскер училищесін аяқтамастан 1942 жылы мамыр айында Сталинград майданға аттанды. М. Әбілхасов өзі басқарған жауынгерлермен үлкен ерлік көрсетті. Ауыр жарақат алып Камышино, Пенза қалаларындағы госпиталдарда емделді. 1943 жылы гвардиялық танк дивизиясының құрамына алынып, Орёл - Курск доғасын, Брянск, Белоруссяны, Балтық бойын азат етуге қатысты. «Қызыл Жұлдыз», «За отвагу» медальдарымен марапатталды. Бейбіт өмірде де саналы ғұмырын кәсіподақ ұйымына арнап, алғашқы мұнайшы болып еңбек етті.

Құрманбай Досымбетов - 1942 жылы 15 мамырда Доссордағы аудандық әскери комсариаттан майданға шақырылып, Гурьев жаяу әскер училищесіне жіберілген. Өз естеліктерінде ардагер « Біз Ленин атындағы мектепте тұрдық. Емтиханға әзірленіп жатқан кезде Сталиннің бұйрығы бойынша Сталинград майданына аттандық. Шайқас қызу өтті. 35 - гвардиялық дивизия неміс фашистерімен бірге Италия десанттарына да қарсы соғысты» -, деп жазды. «За отвагу» медальімен тағы басқада ордендермен марапатталған.

Дауылбай Сарманов - «сержант» шенінде 1942 жылы мамыр айында бітірген Гурьев жаяу әскер училищесінің түлегі. Ол Есбол ауылындағы Қызыл үй мектебін бітірген. Гурьевтегі педагогикалық училищенің орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып жатқан кезде, Гурьев жаяу әскер училищесіне қабылданған.

1942 жылы 14 тамызында қолына қару алып, Сталинград майданында соғысып, одан әрі Орёл, Тула, Воронеж, Белгород қалаларын азат етуге қатысты. Бірінші және Екінші Украйна майданында барлаушылар взводна жетекшілік етті. Д. Сарманов басқарған барлаушылар взводы аталған соғыста Ұлы жеңісті жақындатуға айтарлықтай үлес қосты.

Мәлік Мавлюдов - Ақтөбе облысының Ойыл ауданында туған. Майданға Қобдадан аттанған, Аудандық әскери комиссариат оны Гурьев жаяу әскер училищесіне жіберген. «Училищеде қазақ және башқұрт азаматтары көп оқыды. Оқу мерзімі - 6 ай. Бірақ толық аяқтау мүмкін болмады. 3 айдан соң Воронеж бен Сталинградқа жіберді. Мәскеуде 110 км жерде Можайск қаласында 258 дивизиясына қосылып, 999 атқыштар полкінде командир болдым. Воронеж түбінде 2 күн соғысып Сталинградты бетке алдық»-, деп жазады өз естеліктерінде. Гурьев жаяу әскер училищесі армия үшін командалық құрам кадрларының нағыз ұстаханасына айналды.

Алғашқы «лейтенант» шеніндегі бірінші түлектерін 1942 жылдың 20 желтоқсанында даяр етті. Офицерлік атақ алып алғаш рет погон таққан 300 бітіруші командирлер 1942 жылдың 25 желтоқсаны күні эшалон мен Сталинградқа, одан әрі Ростовқа аттанды.

1943 жылдың ақпан айы басында алғашқы жас лейтенанттар Ростов пен Батаиск қалаларын жаудан азат етіп жауынгерлік тұсауларын кесті. Ерлік пен батырлақтың үлгісін көрсеткен 300 курсанттың 108 майдан даласынан оралмады.

Гилязетдинов Тазетдин Багаутдинович - Кеңес Одағының Батыры. 1942 жылы желтоқсанда «лейтенант» атағын алған Гурьев жаяу әскер училищесінің түлегі. ұлты татар. Уфа губерниясынан майданға аттанған. 2012 жылы 14 тамызда дүние салған.

665 атқыштар полкінің командирі болған Гилязетдинов Украйна майданында, Қырымды жаудан азат етуде ерекше көзге түсті. 1944 жылы 7 - 9 сәуірде оның армиясы неміс дзотының - 3, ауыр минометтің 3 батариясы, танкіге қарсы қолданылатын 3 пушканы жойып жіберген, ауыр жаралансада 2 танкіге, 2 штрум жасайтын қаруларды, 1 танк жойған.

1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағы Батыры атағы берілген. «Ленин» ордені, Отан соғысы І степень, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.

Насип Асадуллин - 1942 жылы желтоқсанда «лейтенант» атағын алған Гурьев жаяу әскер училищесінің түлегі. «Алексей Невский» орденінің иегері, ұлты башқұрт. «Алексей Невский» орденімен Кеңес Одағында 40 000 адам марапатталған. Бұл орден операцияны сәтті аяқтап, аз шығынмен шыққан, жеке басы батырлық, ерлік көрсеткен адамдар ғана марапатталған. 1942 жжылы 18 желтоқсанда Гурьев жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін, 1943 жылы тамызда Львов қаласын, 1945 жылы Чехославакияны азат етуге қатысты.

1942 жылы желтоқсанда Гурьев жаяу әскер училищесін лейтенант Войцехович Владимир Викторович Москвадағы Жеңіс парадына қатысушы және кіші лейтенант Асхат Файзуллин - Ақтөбе облысынан екеуі бірге аяқтап, Стаалинград майданының 19 гвардиялық дивизиясының минометшілер взводының командирі болып бірге жолдама алды.

Пустарнаков Владимир Павлович - Гурьев жаяу әскер училищесінің 1942 жылы түлегі, пулемет взводының командирі. Майданда жараланып, 1945 жылы Ульянов оқу дивизиясын басқарған. Бар болғаны 21 жаста болған, қазіргі кезде атақты суретші, дизайнер, ұстаз, Ресей мемлекетінде «Жыл адамы» атағын алған.

Есенов Жоламан Есенұлы -«Қазақстан мұнай өңдеу саласының қарлығашы»атты еңбектің авторы.

1923 жылдың 14 сәуірінде Гурьев (қазіргі Атырау) облысының Балықшы ауданына қарасты Теңдік - өзекте туған. Ұлы Отан соғысы басталардың алдында Гурьев педагогикалық учлищесін тәмәмдап, мектепте мұғалім боп еңбек етеді. Соғыс жылдарында Гурьев жаяу әскер училищесін бітіріп, Сталинград түбіндегі Балашов, Калач қалаларындағы ұрыс майдандарына қатысады. 1945 жылдың қарашасында елге оралады.

1946 жылдың қаңтарында Есенов Ж. Е. Гурьев (Атырау) мұнай өңдеу зауытына,

№441 зауытқа нормалаушы болып қабылданып, кейін еңбек жөніндегі экономист қызметін атқарады. Губкин атындағы мұнай және газ институтын тәмәмдаған ол еңбек бөлімінің бастығы болып тағайындалып, біріккен еңбек және мамандармен жұмыс бөліміне жетекшілік етеді. 33 жыл Гурьев (Атырау) мұнай өңдеу зауытының экономикалық және мамандармен қызмет бөлімдерін басқарды.

Облыста жоғары білікті экономист, алуан түрлі экономикалық семинарлар мен симпозиумдарда топ жара сөйлейтін дәріскер ретінде танылды. Кешкі уақытта Қазақстан КП ОК жоғары партия мектебінің бөлімшесінде, марксизм – ленинизм университетінде дәріс оқыды.

Есенов Ж. Е. – зауыт тарихында алғашқы қарлығаш болды.

Есенов Ж. Е. – зауыт тарихында екі бірдей құрметті атақ - «Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген экономисі», "КСРО - ның құрметті мұнай химия маманы» атағын алған бірден - бір маман.

Майдандағы және еңбектегі үлесі үшін «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Құрмет белгісімен» және медальдармен марапатталған. Ол экономика саласының майталманы, шебер ұйымдастырушы, ізгі азамат еді.

Есенов Ж. Е. – «Қазақстан мұнай өңдеу саласының қарлығашы» кітабының авторы. Бұл кітаптағы құндылықтардың бірі – автордың тарихи деректерге, өзі қаламына арқау еткен адамдардың өміріне асқан мұқияттығы.

«Қазақстан мұнай өңдеу саласының қарлығашы» кітабы – осының бастауында тұрған азаматтар туралы естелік, еңбек эстафетасын жалғастырушы жас ұрпаққа жолбағдар болды.

Сейдеғали Дүсіпов - Новобогат ауданында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылады. 1942 жылы наурыз айында Гурьев қалашығындагы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберіледі. 1942 жылы желтоқсанында үздік бітіріп, «лейтенант» шенін алып майданға аттанады. 1943 жылы Орлов - Курск иініндегі 127 - атқыштар дивизиясының құрамында болған. Гвардия лейтенанты С. Дүсіповтың взводы Миус өзені арқылы Донбасқа шабуылдап өтуде ерлік танытты.

Взвод командирі С. Дүсіпов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады. «Қызыл Жұлдыз І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен» марапатталады.

Орынғали Құлжанов - Гурьев болысы Бақсай ауданының 8 - ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып Гурьев жаяу әскер училищесіне оқуға алынады. Алты айдан соң Сталинград майданының соғысына аттанады. 1945 жылы Берлин қаласында соғысты аяқтайды. 1947 жылы елге оралып, партия, кәсіподақ ұйымдарында қызмет атқарады

Есенов Жоламан Есенұлы - Балықшы ауданында дүниеге келген. Гурьев педагогикалық училищесін бітіріп, мектепте мұғалім болып қызмет еткен.

1942 жылы Гурьев жаяу әскер училищесін бітіріп, Сталинград түбіндегі майданға аттанған. 1945 жылы майданнан елге қайтқан. Губкин атындағы мұнай институтын бітіріп, облыстың мұнай өндіру саласында еңбек еткен. Отан соғысының орденнің ІІ степень «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Георгий Ковругин - 1943 жылы 10 сәуірде Гурьев жаяу әскер училищесін бітіріп «лейтенант» атағын алып, майданға аттанды. Оңтүстік Орал әскер окгругінің мергендер бригадасының командирі. Кейін 4 - атқыштар армиясының құрамына қабылданды. Г. Ковругин басқарған рота Полоцк қаласына бір түнде 50 км жүгіріп, шабуыл жасаған. Неміс фашистерін талқандап, қаланы аман алып қалған. Осы ерлігі үшін рота және Георгий Ковругин «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Прибалтиканы азат ету кезінде ауыр жараланып, елге қайтқан.

Александр Смыслов - 1943 жылы 10 сәуірде Гурьев жаяу әскер училишесін бітірген түлегі. Мергендігіне сай, пулемет взводының командирі. Өз жауынгерлерін әрдайым алға бастап, майданда соңынан ерте болды. Мелитополь қаласы үшін болған шайқаста ауыр жарақат алып, елге оралды.

1944 жылы мамырда Гурьев жаяу әскер училищесін 337 адам аяқтап, «кіші лейтенант» атағын алып шықты. 337 адамның:

І разряд бойынша - 9 адам бітірген. Олардың ішінде:

Королев П. Т - 1924 жылы туған Ростов облысынан.

Тютинник Вл. Макаревич - 1925 жылы туған Полтава облысынан.

Санников Д. А - 1925 жылы туған.

ІІ разряд бойынша - 37 адам аяқтап шыққан.

ІІІ разряд бойынша – 291 адам аяқтап шыққан. Олардың ішінде де сан түрлі ұлттың өкілдері оқып, «лейтенант» атағын алып майданға аттанған. 1944 жылы училищеге Башкирияның Баймақ ауданынан - 22 адам келген.

Трифонов Владимир Фёдорович, б/п, Утейский с/с.

Киселев Александр Петрович, б/п, М. Александровский с/с.

Ртищев Петр Алексеевич, ВЛКСМ, М. Александровский с/с.

Шаров Семен Ильич, ул. ВЛКСМ, ул. Советская, 20.

Лисицын Иван Григорьевич, б/п, ул. Советская, 25.

Елисеев Борис Тимофеевич, б/п, ул. Бехтерева, 5.

Федотов Михаил Петрович, б/п, ул. Станционная.

Абанин Виктор Григорьевич, б/п, М. Александровский с/с.

Власов Петр Афанасьевич, б/п, М. Александровский с/с.

Макаров Иван Павлович, б/п, М. Александровский с/с.

Кузнецов Евгений Николаевич, б/п, М. Александровский с/с.

Лысенков Иван Федорович, б/п, М. Александровский с/с.

Иванов Валентин Александрович, б/п, Белебееский р - н.

Дмитриев Николай Алексеевич, б/п, ул. Трудовая.

Махаев Анатолий Александрович, б/п, ул. Ямашевская.

Панин Алексей Васильевич, б/п, ул. Красноармейская, 40.

Карпушев Сергей Николаевич, б/п, ул. Красноармейская.

Юдин Юрий Александрович, б/п, ул. Речная, 4.

Ладйщиков Владимир Фёдорович, ВЛКСМ,

Хаер Рафик (не разборчиво), татарин, б/п, Трудовая, 24.

Связинский Дмитрий Николаевич, ВЛКСМ, Белебей, БПК им. Ленина.

Шустов Филипп Фомич, б/п, Екатериновский с/с.

Солардың ішінен Ладейшеков Владимир Федорович - 1925 жылы туған, Пермь облысынан. Гурьев жаяу әскер училиищесін 1944 жылы аяқтап, бітірген түлегі. Майданда көрсеткен ерлігі үшін «За боевые Заслуги», «Отан соғысы», ІІ степень ордені, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған. Кейін Хабаровск қаласындағы заң институтынына түсіп, юрист мамандығын алған. Бүгінде РФ прокуроры, мемлекеттік кеңесші. Өзі жүріп өткен Ұлы Отан соғысының тарихына, өзі оқыған Гурьев жаяу әскер училищесін, оның курсанттарын, олардың ерлігін іздестіріп, зерттеп, «Младшей лейтенант пехоты» атты кітабын жазған.

1987 жылы Гурьев қаласында Гурьев жаяу әскер училищесін бітірген курсанттар 45 жылдығын атап өтуге жиналды. Осы мерекеде училище түлектері әрбір 5 жыл сайын жиналып, атап өтуге шешім шығарды. Училищенің 50 жылдық мерекесін атап өтуге Кеңес Одағының бұрыш - бұрышынан 122 курсант жиналды. Атырау облысымен оған жақын облыстардан 42 курсант жиналды.

2002 жылы 17 курсант.

2007 жылы 9 курсант жиналған.

Гурьев жаяу әскер училищесін бітірген 5 курсант қалған еді. Олар:

Мұхит Әбілхасов

Құрманбай Досымбетов

Орынбасар Қарасаев

Александр Смыслов

Георгий Ковругин

Биыл 2014ж ардагер Мұхит Әбілхасов дүниеден өтті.

Міне, бұдан 70 жыл бұрын Гурьев жаяу әскер училищесін бітіріп, Ұлы Отан соғысында Жеңісті жақындатуға үлес қосқан, он сегіз жасында от кешкен Атыраулық ардагерлер осындай.

«Қазақтардың жүрек жұтқан, қайсар ұлдары мен қыздары тек Кеңес Одағын ғана емес, әлемді фашизмнен құтқаруға үлес қосты. Сол жеңіс болмағанда, онда Еуропа концентрациялық лагерге айналған болар еді. Қазақстанда сондай лагерлер қалпына келіп, біз екінші сорттағы адамдарға айналар едік немесе қырылып қалатын едік. Мұны біздің балаларымыз, біздің немерелеріміз білулері тиіс!» болатын Нұрсұлтан Назарбаев. Демек, Қазақстанда кейінгі ұрпақ та Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, соғыс ардагерлеріне үнемі ізет, үлкен құрмет көрсетіп отыруы қажет. Олардың әрбіреуінің өмірі, ерлік жолы үлгі болуы керек. Себебі, біз - жеңімпаз әкелердің балаларымыз!

Қорытынды.

Ұласқан ұрпақтар сабақтастығы

Мемлекет қауіпсіздігін, оның байлығын қорғау қастерлі міндет. Ата - бабаларымыздан ұрпақтан – ұрпаққа аманат болып қалдырылып келе жатқан туған жерімізді, баға жетпес байлығымызды қорғауқазіргі жастардың еншісінде.

Н. Ә. Назарбаев.

От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде. Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әкелеріміз бен аталарымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.

Ерлікті елдіктің туы етіп аға ұрпақ кең байтақ туған жерді кейінгі ұрпаққа аманат етті. Сол аманат арқылы тәуелсіздікке қол жеткіздік Тәуелсіздік тұғырын биіктетіп мәңгілік ету үшін Айбынды Армия керек. Алаштың үнін, елдің туын, мәртебесімен абыройын биіктететінде, асқақтататында айбынды сарбаздар.

«Қазақстанның қазіргі армиясының сонау жеңімпаз армияның ең үздік әскери дәстүрлерін жалғастырған лайықты мұрагер екендігін айта кеткен жөн. Қазақстанның жоғарғы дәрежедегі қорғанысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету - біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің ең маңызды басымдығы болып табылады».

деген болатын Н. Ә. Назарбаев.

Әскери офицер болу – қасиетті де, қастерлі мамандық. Соңғы жылдары елімізде офицер кадрлерді даярлауға ерекше көңіл бөлініп келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінің офицер кадрлары жоғарғы оқу орындарында даярлауда. Атап айтқанда:

- Алматыда құрлықтағы әскерлердің институты.

- Алматы радиоэлектроника және байланыс әскери институты.

- Ақтөбе әскери авиациялық училищесі.

- Ақтаудағы әскери - теңіз академиясы

Елбасы - Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазіргі әлемде саны көп Армиялардың қажеті шамалы. Ыңғайлы, ұшқыр, жақсы жабдықталған, әзірлігі мол Армия керек. Армия халқымыз мақтанатындай болсын. өйткені – ол Қазақстан халқының Армиясы» деп ерекше баға берді.

Гурьев жаяу әскер училещесінің тарихы мен түлектері туралы зерттеген Ладишенков В. В. «Младший лейтинант пихоты» атты кітабын жазған. Атыраулық белсенді топ мүшесі Т. Ильясов Гурьев Жаяу әскер училещесі туралы деректі фильм ғана түсірген. Гурьев жаяу әскер училещесі туралы бұрын тарихы зерттелмеген, тың тақырып болғандықтан ғылыми жұмыс одан әрі әліде зертеуді, жинақтауды талап етеді. Тек қала, облыс көлемінде ғана емес, Республика көлемінде талқылап, таратуға болады. Мұрағат материалдарында әлі де болса беті ашылмаған құжаттар бар. Тарихшыларымыз, өлкетанушыларымыз осы тақырыпта деректі фильмдер, жинақтар шығарса деген ұсынысым бар.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Жеңісті жақындатқан жандар «Неміс самолетін құлатқан мерген» 90 - 91 бет

«Гвардия лейтенанты О. Құлжанов» 80 - 81 бет. «Өлке» 2005 жыл.

2. «Отты жылдар» Атырау 2005 жыл.

3. В. Ф. Ладейщеков «Младшей лейтенант пехоты». М.- 1990 г.

4. С. Дүсіпов «Қырандар қанаттанған ұя», «Атырау» газеті №5. 2002 жыл.

5. Л. Монастырьская «Как мы Сталинград отстояли, ты этого, друг, не забудь»

2. 02. 2013 жыл.

6. «Отты ғұмыр кешкен» Атырау. 7. 05. 2013 жыл.

Атырау энциоклопедиясы Алматы - 2000 жыл.

7. Марина Қуанышева «Подвиг лейтенанта» Прикаспийская комунна.

Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу