Жаңа жыл туралы ✍️
Құрметті оқырман! "Жаңа жыл" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Жаңа жыл" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Жаңа жыл" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Жаңа жыл" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 12
Жұмбақтар: 13
Тақпақтар: 162
Өлеңдер: 140
Нақыл сөздер: 9
Құттықтау, тілектер: 165
Баталар: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 5
Ертегілер: 1
Шығармалар: 7
Анекдот, әзілдер: 10
Эсселер: 5
Құтты болсын жаңа жыл
Есік ашқан мінеки, Құтты болсын жаңа жыл. Ақшақармен ән айтып, Би билейік шашып нұр.
© Жаңа жыл
Ақшақар, ақшақар
Ақшақар кел, ақшақар, Жаңа жылды жетелеп. Құтты болсын жаңа жыл, Келген бізге еркелеп.
© Жаңа жыл
Ақшақармен қызықты
Жаңа жылды тойлауда, Ақшақар бар қылықты. Жаңа жылды бір тойлап, Өткізейік қызықты.
© Жаңа жыл
Аяз ата ақшақар
Аяз ата, ақшақар, Келді жаңа жылымыз. Ақшақардай әдемі, Болсын жаңа күніміз.
© Жаңа жыл
Аяз ата, жаңа жыл
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата барсыз ба? Жаңа жылды тойлатар, Бір ерекше жансыз ба? Сіз деп тақпақ айтамын, Тұрып алып қасыңа. Суретке бір түсейік..
© Жаңа жыл
Жаңа жыл құнды сенімен
Аяз ата келіңіз, Дайын сізге төріміз. Тақпақ айтам, ән айтам, Сыйлығымды беріңіз.
© Жаңа жыл
Аяз ата әнекей
Құтты болсын жаңа жыл, Аяз ата әнекей. Ән айтайық, билейік, Ал достарым қәнекей.
© Жаңа жыл
Келді жаңа жылымыз
Жаңа жылдың бейнесі, Аяз ата төрімде. Келді жаңа жылымыз, Бақыт сыйлап еліме.
© Жаңа жыл
Аяз ата келіңіз
Аяз ата келіңіз, Оң аяқпен еніңіз. Өнерлі бар балаға, Сыйлығыңды беріңіз.
© Жаңа жыл
Атсын жайнап таңымыз
Қоян жылы күлімдеп, Атсын жайнап таңымыз. Аман болып қазағым, Жана берсін бағымыз...
© Жаңа жыл
Тыныш болсын еліміз
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылды тойлайық. Тыныш болып еліміз, Жарқырайық, жайнайық.
© Жаңа жыл
Жарқыраймыз, жанамыз
Келді жаңа жылымыз, Жарқыраймыз, жанамыз. Қоян жылын қарсы алып, Әсем әнге саламыз.
© Жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл
Құтты болсын жаңа жыл, Қоян жылы келген бұл. Аппақ қоян сыйласын, Қуанышын берген күн.
© Жаңа жыл
Атты жаңа таңымыз
Қоян жылы келіп бұл, Атты жаңа таңымыз. Құтты болып жаңа жыл, Жарқырасын жанымыз.
© Жаңа жыл
Қоян жылы бақ болсын
Қоян жылы бақ болсын, Шаттығымен тербейтін. Қоян жылы болсын жыл, Жаманға жол бермейтін.
© Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнаңыз
Қоян жылы ашты есік, Жаңа жылмен үндесіп. Жаңа жылда жайнаңыз, Ынтымақта бірлесіп.
© Жаңа жыл
Келді қоян жылымыз
Құтты болсын жаңа жыл, Келді қоян жылымыз. Қоян жылы тыныш боп, Шықсын жарқын үніміз.
© Жаңа жыл
Мен қоянмын, қоянмын
Мен қоянмын, қоянмын, Иесімін бұл жылдың. Биыл менің жылымда, Таусылмасын ән, жырың.
© Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп қалды
Жаңа жылым кеп қалды, Ақ қоямен қараңыз. Қоян жылы бірлікте, Жайнай берсін арамыз.
© Жаңа жыл
Жаңа жылым кеп жетті
Ақ қоянын жетелеп, Жаңа жылым кем жетті. Ақ қоянның жылы бұл, Әлеуметті теңді етті.
© Жаңа жыл
Бақыт, шаттық орнасын
Қоян жылы ашты есік, Бақыт, шаттық орнасын. Жақсылықтар үн қосып, Таба берсін жалғасын.
© Жаңа жыл
Жаңа жылда жайнайық
Қоян жылын қарсы алып, Жаңа жылда жайнайық. Қанат байлап биікке, Қыран құстай самғайық.
© Жаңа жыл
Қоян жылы ашты есік
Қоян жылы ашты есік, Құтты болсын жаңа жыл. Аман болсын еліміз, Бақыт сыйлап жаңа күн.
© Жаңа жыл
Келді міне қоян жыл
Келді міне қоян жыл, Құтты болсын қазағым. Қоян жылы құлпырып, Арта берсін ажарың.
© Жаңа жыл