Б әрпі туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар: 36

Бала мысықты ана мысық,Ана мысықты ала күшік.Ала күшікті қара күшік,Талаймын деп барады ұшып.
Барған жері Омбы болды,Омбы болғаны оңды болғаны.Омбыға барғаны жөнді болды,Омбыда жүріп әдемі тоңды болды.
Боламыз атама таң:Бір қызық адам атам.Мінеді атам атан,Мінді деп атан атам,Айтуға бата ма адам!
Бала бұл ең тентек,Күшіміз теп-тең деп,Күреспе тектен-тек,Құлайсың көптен-көп,Аяғың көктен кеп.
Бізге жүр, жыр жырлайық,Сізбен бір бір жырлайық.Баста енді жыр лайық!
Баланы қанағаттандыра алмадыңдар —Қалаға аттандыра алмадыңдар.
Басшы асшыға: «Есiк ашшы», – десе,Асшы басшыға: «Тұздығы да ащы», – дептi.
Базардан алып келген ала боқжама,Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды,Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды.
Берiп тай, лақты,Алдым тайлақты,Берiп тайлақты,Алдым тай, лақты.
Бүлдiргендi Бүлдiрген,Күлдiргендi күлдiрген,Күлдiргенде БүлдiргенБүлдiрiп ап күлдiрген,Дейдi екен ендi бүлдiрмен.
Балалар көп тентек,Күшiмiз теп-тең депКүреспе тектен-тек.Құлайсың көптен-көп,Аяғың көктен кеп.
Бұл кiсi қой аралар ма,Қой араламай қой алар ма?
Бұл қай арал?Қарғалы арал.Қамыс басын қайырып,Қарға ұялар.
Бізде «бес» ала алатындар да бар,Ән сала алатындар да бар.Мал баға алатындар да бар.Нан соға алатындар да бар.
Былдыр, былдыр, бүлдіршін,Бұл бір білгір бүлдіршін,Білгірлігін білдірсін.
Біздің ел – күрішті,Ырысты-күрішті.Күрішті оруғаЫрысты кірісті.