Ас туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 372
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 32
Жаңылтпаштар: 4
Нақыл сөздер: 24
Баталар: 4
Әңгімелер: 13
Ертегілер: 1

Құлақтай ет жеп,
Қырмандай сорпа іш.
Аш адам тұрып өлмейді,
Жүріп өледі.
Дастарқанында наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.
Кеспе көже күн батқанша,
Бидай көже ел жатқанша,
Тары көже таң атқанша.
Аштың ақылы — астан әрі аспайды.
Асты шашқанды —
Әбілет басады.
Елде болса, ерінге тиеді.
Татулардың талқаны, таусылмас.
Қымызы бар үйдің қызығы бар.
Жатақты жатақ бозаға шақырады.
Бозасы таусылса, көжеге шақырады.
Асы бар аяқ әдемі.
Сүйекті алып берген
Кісімнен көрейін бе?
Оны мүжи алмаған
Тісімнен көрейін бе?
Көженің көнеуі болса,
Қымыздың қызуы бар.
Тапқаным — тамағыма,
Жұтқаным — жұмырыма.
Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.
Қазан сапырғанның да буы бар.
Еңкейген екі асайды,
Еңсесі кеткен бір асайды.
Мешкей қазанның астына қарамай,
Үстіне қарайды.
Арықтың сорпасында
Дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде
Мән болмайды.
Күйісің жаман болса,
Тән азады;
Көңілің жаман болса,
Жан азады.
Үйінде асы жоқтың
Түзінде досы жоқ.
Үйінде асы жоқтың
Көңілінің қошы жоқ.
Арықтың жілігі татымас.
Бассыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.