Президент туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 47
Өлеңдер: 31
Нақыл сөздер: 10
Құттықтау, тілектер: 15
Әңгімелер: 9
Шығармалар: 10
Эсселер: 3

Президент бірінші
Президент бірінші, Қазақ елін басқарған. Елбасының есімі, Санамызда жатталған.
©  Тұңғыш президент күні
Тұңғыш елді басқарған
Тұңғыш елді басқарған, Президент атамыз. Шын жүректен рахмет, Деп біздер үн қатамыз.
©  Тұңғыш президент күні
Президент, Елбасы
Президент, Елбасы, Тұңғыш болған елімде. Сәтті елді басқарған, Нұрын сыйлап жеріме.
©  Тұңғыш президент күні
Президент күнінде
Президент күнінде, Әсем әнге саламыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жұлдыздайын жанамыз.
©  Тұңғыш президент күні
Елбасы біздің атамыз
Жетелеп елді заңғарға, Қуанышты таңдарға. Елбасы біздің атамыз, Балайтын ұлы хандарға.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент— Елбасы
Елім үшін жаралған, Ойында көп сан арман. Назарбаев — Елбасы, Халыққа жол таба алған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев — Елбасы
Назарбаев — Елбасы, Елдің қамын ойлайтын. Ең алғашқы президент, Тарихпен бірге толғайтын.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы біздің мақтанымыз
Қазақ үшін туған жан, Белін бекем буған жан. Халқы үшін Елбасы, Бар жақсыны қылған жан.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент — Елбасы
Елінің сүйген адамы, Оң болып басқан қадамы. Елімді бастап Елбасы, Жеткізді күнге бағалы.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президент ғажайып
Ең алғашқы — Елбасы, Президенті қазақтың. Елімді шыңға жетелеп, Тудырған жан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Тұңғыш президентіміз
Назарбаев, Нұр ағам, Халқын сүйіп, тыңдаған. Өлеңдетіп Елбасы, Туған жерін жырлаған.
©  Жібек Ысқақова
Назарбаев атамыз
Әр ісін жасар ұқыпты, Дана жан әрі дара жан. Назарбаев атамыз, Қазақ үшін жаралған.
©  Жібек Ысқақова
Елбасы — елдің ағасы
Елбасы — елдің ағасы, Қорғаны және панасы. Елімізді шет елге, Танытқан қазақ баласы.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаевқа тақпақ
Азаттық мәңгі орнасын, Жаратқан ием жар болып. Тоқаев ата қолдасын, Шырайлы атар таң болып.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз — Тоқаев
Шырқалып біздің әнұран, Көрінсін биік шыңдардан. Тоқаев ата аман боп, Орындалсын ізгі арман.
©  Жібек Ысқақова
Жасасын президентіміз — Тоқаев
Жасасын көк туымыз, Көк аспанда желбіреп. Президентіміз Тоқаев, Жасасын, тұрар елжіреп.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, біздің президент
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президент, елдің мақтаны. Халқымен бірге, дем беріп, Ататын елдің ақ таңы.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев туралы тақпақ
Тәуелсізгіміз жасасын, Отыз жылдықты еңсерген. Тоқаев ата жасасын, Қазағыма дем берген.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаевтай ер барда, Қазағым шығар заңғарға. Президентіміз жасасын, Жетелеп бізді таңдарға.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, президентке арналған тақпақ
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президентіміз жасасын. Бейбіт күндер жалғасып, Аталар берсін батасын.
©  Жібек Ысқақова
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына
Елбасыдан кейінгі, Президентіміз Тоқаев. Ел теңдігі жалғасып, Өтуде күндер ғажайып.
©  Жібек Ысқақова
Қасым-Жомарт Тоқаев, президентке тақпақ
Қасым-Жомарт Тоқаев, Президенті қазақтың. Президенттің арқасы, Жалғасып жатқан ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова